И. А. Зимняя педагогикалық психология


Жас ерекшеліктік кезеңдерге бӛлу – оқу іс-әрекеті



Pdf көрінісі
бет97/229
Дата02.12.2023
өлшемі2,21 Mb.
#131392
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   229
Байланысты:
И.А. Зимняя Педагогикалық психология (2) 3

Жас ерекшеліктік кезеңдерге бӛлу – оқу іс-әрекеті 
субъекттерін жеке ыңғайдан қарастыру негізі ретінде 
 
Жас ерекшеліктік кезеңдерге бӛлу
 
психологиядағы кҥрделі және 
бір жақты шешілмейтін проблемалардың бірі болып келеді (А. Валон, 
Ж. Пиаже, В. Штерн, П.П. Блонский, Л.С. Выготский және т.б.). Білім 
берудің және ең алдымен мектептік жҥйенің тҥрлі сатыларындағы 
типтік субъектті анықтау ҥшін бастапқы болып табылатын, жас 
ерекшеліктік кезеңдерге бӛлу
 
деген келістерді қарастырайық.
Л.С. Выготский келістердің, немесе осы проблеманы шешу 
схемалардың ҥш тобын анықтады. Бірінші топ шегінде, биогенетикалық 
ықпалды есепке ала отырып, балалық шақтық кезеңдерге бӛлу
 
филогенетикалық даму кезеңдеріне негізделген. Л.С. Выготский осы 
топқа, сондай-ақ, тәрбиелеу мен білім беру сатыларында негізделген
кезеңдерге бӛлуді
 
жатқызады. Мҧндай схеманың жалпылығы жайлы 
айта отырып, Л.С. Выготский келесі жағдайды мойындайды: осы 
сатыларды жас ерекшеліктік ӛзгерістермен теңестіретін, білім берудің 
орасан зор практикалық тәжірибе салдарында 
«балалық шақты 
педагогикалық принцип бойынша бӛлшектеу бізді балалық шақты 
жекеленген кезеңдерге шынайы бӛлшектеуге ӛте жақындатады»
[49, 
244 б.]. Келістердің екінші тобы (ӛте кӛп) кезеңдерге бӛлу
 
негізі ретінде 
қандай да бір (кӛбінесе сыртқы) белгінің ӛзгеруін алады, мысалы тіс 
жару мен алмасу (дентиция), сексуалды жетілу және т.б. келістердің 
ҥшінші тобы базальдыны, дамудағы мәндіні мысалы, дамудың ішкі 
қарқыны мен ырғағын айқындауға бағытталған.
Отандық психологияның психикалық дамуды психикалық және 
тҧлғалық жаңақҧрылымдардың пайда болуымен байланысты процестің 
ішкі қарама - қайшылығы ретінде тҥсінуі арнасында (ІІ бӛлім, 2 тарау, 
2§ қараңыз), Л.С. Выготский, П.П. Блонскийдан кейін, белгілі бір 
дәуірлерді, 
сатыларды, 
фазаларды 
даму 
ӛзгерістері 
немесе 
дағдарыстарының жалпы схемасында қарастырады. Бҧл жерде оларды 
шектеу ӛлшемдері ретінде, біріншіден, әр жастың мәнін сипаттайтын 
жаңа қҧрылымдар болады. 
«Жас ерекшелік жаңа құрылымдар деп– 
берілген жас сатысында алғаш рет пайда болатын және негізінен 
баланың санасын, оның ортаға деген қатынасын, оның ішкі және 
сыртқы ӛмірін, берілген кезеңдегі оның бүкіл даму барысын 
анықтайтын, тұлға құрылуының және оның іс-әрекетінің жаңа типі, 
психикалық және әлеуметтік ӛзгерістерді түсінген жӛн» 
[49, 248 б.].
Екінші критерий ретінде Л.С. Выготский бір кезеңнен екінші 
кезеңге ӛту динамикасын есептейді, бҧл динамика шҧғыл, қиын және 


160 
баяу, біртіндеп, созылмалы
болуы мҥмкін. Осыған сәйкес Л.С. 
Выготский жас ерекшелік дамудың келесі тиянақты және қиын-қыстау 
кезеңдерін бӛледі: нәрестелік дағдарыс, сәбилік жас (2 ай – 1 жыл ), 

жас дағдарысы, ерте балалық (1 жыл – 3 жас), 3 жас дағдарысы, 
мектепке дейінгі жас (3 жас –7 жас), 7 жас дағдарысы, мектеп жасы (8-
12 жас), 13 жас дағдарысы, пубертатты жас (14-18 жас), 17 жас 
дағдарысы. Осы схемада ӛзіне назар аудартатыны – мектепке дейінгі 
және мектеп жасы (педагогикалық схема бойынша), пубертатты (бір 
белгі схемасы бойынша) кезеңдерді бӛлу негіздерінің тҥрліше болуы. 
Алайда, екі ӛлшемдерді біріктіру келісінің ӛзі осы кезеңдерге бӛлуді
 
(Д.Б. Эльконин бойынша кӛпсимптоматикалық сияқты) ең кең таралған 
және ӛнімділердің бірі қылады. Мысалы Д.Б. Эльконин Л.С. Выготский 
схемасын бастапқы ретінде қабылдай отырып, 7 жас дағдарысынан 
кейінгі кезеңдерді келесі тҥрде анықтайды: 7 жас дағдарысы, кіші 
мектеп жасы, 11-12 жас дағдарысы, жеткіншектік балалық шақ (ерте 
жастық шақ кезеңі де бӛлінетінін елей отырып). Бҧл схема жалпы 
тҧтастай педагогикалық негізде қҧрылған.
Жалпы педагогикалық психология ҥшін және білім беру жҥйесінің 
әр сатысындағы ҥйренушінің типтік «психологиялық портретін» 
анықтау ҥшін Д.Б. Эльконин тҧжырымдамасы маңызды: 
«қиын-қыстау 
кезеңде сәйкес жаңа құрылымдардың пайда болуын тудыратын нәрсе, 
ӛз тарапынан тиянақты кезеңдегі ары қарай дамудың бас желісі 
болып табылады» 
[238, 45 б.]. Педагогикалық схема бала дамуындағы 
ӛзгерістердің соңынан «ілесе алмауы» мҥмкін (Л.С. Выготский), 
нәтижесінде қиын тәрбиеленбеу, ҥлгермеу әсерлері пайда болады, 
олардың себептерінің бірі бала қалыптасуының динамикасында болуы 
мҥмкін.
Ж. 
Пиаже 
[173] 
тҥрлі 
жастағы 
субъекттердің 
типтік 
ерекшеліктерін анықтауға оның интеллектінің дамуы позициясынан 
келді. Ол ӛз теориясының бастапқы ахуалдарына негізделді: а) 
функциялар арасындағы (бейімделу, ассимиляция, аккомодация) 
арасындағы ара қатынасты қамтамасыз ететін, интеллектуалды даму 
ҧмтылатын бӛлшектер мен тҧтас арасындағы тҧрақты қатынастар 
ретіндегі тепе-теңдік принципіне және б) қҧрылымдыққа, мҧнда 
қҧрылым дегеніміз 
«ақыл-ой жүйесі немесе тұтастық, олардың 
белсенділік принциптері осы құрылымды құрайтын бӛлшектердің 
белсенділік принциптерінен ӛзгеше» 
[150, 22-23 б.]. Ж. Пиаже, 
интеллект дамуының тӛр негізгі кезеңдерін бӛледі, олар сенсомоторлық 
интеллект қҧрылуынан және тілдің пайда болуынан кейін жҥреді, 
немесе тілді меңгеруді мҥмкін қылатын «символдық функциялар» пайда 


161 
болғаннан кейін, ал бҧл 1,5-нан 2 жасқа дейінгі аралықта болады. 
Осыған сәйкес:
-
1,5-нан 2 жасқа дейін
«4 жасқа дейін созылатын кезең 
басталады және бұл ол символдық және түсініктерге дейінгі ойлаудың 
дамуымен сипатталады; 
-
4-тен 7-8 жасқа дейінгі кезеңде алдыңғыға сүйене отырып 
интуитивті (кӛрнекі) ойлау құрылады, оның прогрессивті буындасуы 
тікелей операцияларға әкеледі; 
-
7-8 ден 11-12 жасқа дейін нақты операциялар қалыптасады, 
яғни манипуляциялауға болатын және интуицияда қамтуға болатын 
обьекттерге жататын ойлаудың операционалдық топтасулары; 
-
11-12 жастан және бүкіл жастық шақ кезеңінде формалды 
ойлау ӛндіріледі, олардың топтасуларын кемелді рефлексивті 
интеллект сипаттайды» 
[173, 177 б.].
Ж. Пиаже мен Л.С. Выготский схемаларында тҥрлі негіздерде 
жҥргізілген кезеңдер шекарасын салыстырса, мысалы мектепке дейінгі 
және кіші мектеп жасын, онда олар сәйкес келуі ықтимал. 

4-тен 7-8 жасқа дейін 
Мектеп жасы 
3-тен 7 жасқа дейін 
7-8-ден 11-12 жасқа 
дейін 
Мектеп, немесе кіші 
мектеп жасы 
8-ден 12 жасқа дейін 
Кӛріп отырғандай, бҧл шекаралар ең алдымен, балаларға білім 
беру мен олардың әр сатыға ішкі психологиялық дайындығын 
теңестірудің, ӛркениеттің генетикалық санасында тарихи қалыптасқан, 
әлеуметтік мәдени тәжірибесімен анықталады. Л.С. Выготский әділ 
белгілегендей, педагогикалық схема немесе, басқаша айтқанда, жас 
ерекшелік дамуды кезеңдерге бӛлудің әлеуметтік мәдени және тарихи 
негізі зерттеушілердің барлығы дерлік формалды бӛлетін, негізгі болып 
табылады, әсіресе кезеңдерге бӛлудің кӛпсимтоматикалық негізін 
ҧстанғандар тарапынан.
Бҥкіл дҥние жҥзінде ҥйренушілерді, олар оқитын (оқушылар, 
гимназистер, реалистер, студенттер) білім беру жҥйесінің сипатына 
сәйкес атайды. Осы атаулардың ішінде оқытудың жасы мен сатысына 
сәйкес одан да бӛлшекті белгілеулерді ажыратады. Бҧл бір, ҥйренушінің 
субъекттік болмысын әлеуметтік мәдени және жас ерекшеліктік 
кезеңдерге бӛлудің негізінде жатқан, мәдени-тарихи дифференциация. 
Ол баланың мемлекеттің қоғамдық институттардағы (мекемелердегі) іс-
әрекет сипатымен байланысты. Осыдан білім беру сатыларындағы 
кезеңдердің атауы да шығады – мектепке дейінгі, мектеп жасы (кіші, 


162 
орта, жоғары), студенттік. Бҧл субъекттік болмыстың 6-дан 22-23 жасқа 
дейінгі жас сатысындағы кезеңдерге бӛлудің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет