223
және де оны басқа ережелермен салыстыру кезінде ол есте әдейі
ырықты жаттап алуға қарағанда берік сақталынып қалады.
Барлық зерттеушілер меңгерудің компоненттілігін атап кӛрсетеді,
бірақ компоненттердің ӛзі тҥрліше аталынады. Оқу (меңгеру)
теориясының негізгі массивін
жҥйелік талдау негізінде И.И. Ильясов
шын мәнінде келесілер ғана бӛлінеді деген қортындыға келеді:
«1)
обьект және онымен әрекет жайлы меңгерілген білімдерді алу және де
2) білімдер мен әрекеттерді игеру, ӛңдеу»
[79, 76 б.]. Тӛменде И.И.
Ильясов мҧндай қорытындының
шынайылығына куә болатын
аргументтер келтірген. Мысалға, И.И. Ильясовтың пікірінше, әр тҥрлі
тҧжырымдамаларда екі компоненттің ішінен біріншісі мен екіншісі
ретінде келесі макрокомпоненттер бола алады: тҥсіну мен жаттап алу
(Коменский); тереңдету (айқындық, ассоциациялар, жҥйе) мен әдіс
(Гербарт); білімді табу мен бекіту (Дистервег);
қабылдау, қайта ӛңдеу
және әрекетте кӛріну (Лай); алу мен бекіту (Ушинский); алу, қайта
ӛңдеу және қолдану (Каптерев); қабылдау, алаңдау, және іс-әрекетте
тексеру (Лесгафт); байланыс орнату және байланысты нығайту
(Торндайк); табыс және ес (Коффка); селективті қабылдау мен кодтау,
сақтау, орындау (Гэгни);
бағдарлану мен машықтандыру
(Лингарт);
зейін, тҥсіну және ес, моторика (Бандура және т.б.); бағалау, әрекет
тәсілін таңдау және жҥзеге асыру (Пэрис пен Кросс); қабылдау, тҥсіну
және орындау, тексеру (Леонтьев); анықтау, бағдарлану және жаттығу
(Гальперин); қабылдау, мағыналау және әрекетте бекіту (Рубинштейн);
тҥсіндірмені ҧғыну және әрекетте бекіту (Кабанова-Меллер); қабылдау,
іздеу және жаттау (Ительсон); қҧралдарды саналы тҥсіну және жаттығу
(Щедровицкий); іс-әрекетті когнитивті меңгеру және практикалық
әрекет (Шадриков) [79, 76 б.].
Сонымен қатар, С.Л. Рубинштейн бойынша меңгерудің
тереңдетілген талдауы оның компоненттерінің сапасы мен атауын ғана
емес, шартқа енетін барлық процестер – қабылдау,
есте сақтау,
ойлаудың бәрі «оқыту барысында қалыптасатынын» тҥсінгенді
ҧйғарады. Олар оқытудың екі жақты процесінде орналасады, ол жерде
мҧғалім–оқушы және оқу материалы ӛзара байланысты және ӛзара
шартталған. Бҧл, С.Л. Рубинштейн бойынша, осы процестердің ӛзінің
оқу іс-әрекетінде және тҧтастай меңгеруде дҧрыс тҥсіндірілуінің
бірінші және негізгі принципі.
С.Л. Рубинштейн ізімен меңгерудегі осы психикалық процестердің
барлығының ӛзара шартталғандығын, ӛзара қабысуын атап ӛту керек.
«Білімді меңгерудің беріктігі кейінгі оларды бекітудегі арнайы
жұмысқа ғана емес, материалды алғашқы қабылдауға да байланысты,
224
ал оның саналы түсініліп қабылдануы – онымен бірінші рет тануға
ғана емес, тұтастай онымен жұмыс істеуге байланысты»
[ 194, 2 т.,
85 б.]. Меңгеру ҥшін маңыздысы оның қорытынды, нәтижелік кезеңі
болып табылады – практикада қолднау, пайдалану немесе Д.Н.
Богоявленский, Н.А. Менчинская атап кӛрсеткен білімдердің
экстериоризациясы. Осы тҧрғыдан оқу материалын меңгеру сатыларын
қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: