Елдігіміздің белгісі-Еркіндік. Ғасырларға куә-Тарих,Ерлік,Елдік



Дата24.05.2023
өлшемі19,03 Kb.
#96505

Елдігіміздің белгісі-Еркіндік.
Ғасырларға куә-Тарих,Ерлік,Елдік.
Рухы биік Ұрпақ!
Ордалы Отан!
Тәуелсіз ел Қазақстан!
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Егеменді елдің күміс қоңырауы 31 жылдың қуаныш дабылын қағып тұр. Ұлық мерекекміз- Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын!
Көк туымыз желбіреп
Биіктен көз тартады.
Жас Ұлан ол ержүрек
Болашақтың қорғаны
«Назар аударыңыз!..» «ҚР мемлекеттік туы енгізілсін!»
ҚР Әнұаны орындалады

Бірлік барда көрмес елім,


Сабақтасып жылдар жатты жылдарға.
Сыр бойының тірлік дәні көгеріп,
Сол жылдарға көз жүгіртіп көрелік
31 жылдық жеңістер туралы видеоролик көрсетеміз.

Бейбіт тандар арайланып атады


Туған жерді аймалайды шырағы
Байтақ елім- ұлы Қазақстаным
Ең бақытты балалардың Отаны- деп кезекті Сейітхан Динаның орындауындағы Ұлт көсемі әніне береміз.
Ендігі кезекте оқушыларымыздың тәуелсіздік жайлы мәнерлеп оқуын қабыл алыңыздар.
9 сынып оқушылары
Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 
Кеңейттім кең әлемге керегемді. 
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар 
Таныды тепе - тең деп тереземді. 
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, 
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. 
9 сынып оқушыларының орындауында Желтоқсан желі хор
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Ендігі кезекте Атенбай Зураның тәуелсіздік жайлы монологын тыңдауға рұқсат етіңіздер!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан — жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!
Қадірбекова Толғанай Туған ел әні
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!……
Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар…
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!….
Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді….
Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ….
9 сынып қыздарынан би
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой — қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық
Эркинов Нұрсұлтаннан Аққу күйін қабыл алыңыздар

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз — өзінен жүрегім ән салады.
Дей келе 9 сынып оқушыларының атынан Мен қазақпын әнін қабыл алыңыздар. Хормен

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңым атқанда» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет