Ы. Алтынсарин – қазақ педагогикасының негізін салушы, ағартушы


Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі



бет2/4
Дата24.05.2023
өлшемі368,73 Kb.
#96349
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
психология пед ответы

Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі

Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық қызметi 1895 жылдан басталады. Көп уақыт бойына Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерiнде ауылдық, уездiк және екi сыныптық училищелерге сабақ бередi. 1895–1909 жылдардың аралығында ол тек ұстаздық етiп қана қоймай, белсендi революциялық қызметке араласады. 1910-1912 жылдары қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, «төте жазу» әліпбиін құрастырды. А.Байтұрсыновтың ағартушылық ой-пікірлері 1911-1915 жылдары шыққан "Айқап" журналы мен 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан "Қазақ" газетінде (ол 5 жыл бойы осы газеттің жауапты редакторы болған) жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастады. А.Байтұрсынов 1926 ж. "Әліпбидің" жаңа суретті түрін кітап етіп кайта бастырып шығарды. А.Байтұрсынов методикалық бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 ж. қазанда "Баяншы" деген атпен тілді оқытудың методикасына арналған әдістемелік құрал шығарды.



  1. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық көзқарастары

60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына көмектесті. . Осы қоғамдық – педагогикалық қозғалыстың әсерімен 1857-1958 ж.ж. “Тәрбие үшін журналда” өзінің “Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы”, “Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы”, “Мектептің үш элементі” және басқа да орыс педагогикасына құнды үлес қосқан мазмұнды мақалаларын жариялады. Бұл мақалалар Ушинскийдің есімін бүкіл педагогикалық жұртшылыққа таныта бастады.Бұл жерде Ушинский өзін педагог, ұйымдастырушы және зерттеуші ретінде өзінің күші мен қабілетін жан-жақты көрсете білді. Ол оқу орнының оқу жоспары мен бағдарламаларына өзгерістер енгізді, оқыту үрдісін ұйымдастыру мен әдістемесіне көптеген жаңалық енгізді. Бұл кезеңде жоғарыдағы аталған бірнеше мақалалары жазылған болатынды.

  1. Мұғалімнің біліктілігін арттыру және аттестациялау

XXI ғасыр заман талабы бойынша мұғалімнен жүйелі креативті ойлау, ақпараттық және коммуникативтік мәдениет, бәсекеге қабілеттілік, көшбасшылық қасиеттері, оң имидж қалыптастыру қабілеті, белгісіздік жағдайында тәуелсіз әрекет ету және күйзеліске қарсы дағдыларын меңгеру сияқты кәсіби қабілеттер талап етіледі. Жаңа типтегі оқу орындарының құрылуы, білім беру мазмұнының жаңартылуы мен кәсіптік қызметтегі басқару аспектілерін айқындалуы мұғалімдердің кәсіби және педагогикалық біліктілігін арттыру қажеттілігін анықтайды. Педагогикалық кадрлардың сапалық деңгейі білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені барлық басқа бөлшектерді енгізу тікелей білім беру жүйесіндегі адами ресурстарға байланысты. Мұғалімдер өздерінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқылы және міндетті. Біліктілікті көтеру көрсеткіші мекеменің аттестациялау және мемлекеттік аккредиттеу кезіндегі бағалауының маңызды бөлігі болып табылады.
Мұғалімдерді аттестациялау- мамандық шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал. Аттестацияның негізгі мақсаты педагог қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет