ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША МҰҒАЛІМНІҢ ЖИНАҚ ПАПКАСЫ
2020-2021 оқу жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.
Мақсаты: Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау мақсатында тақырыптарды оңай әдістермен түсінікті жеткізе отырып оқулықпен өз бетінше дайындалуға үйрету.
Міндеті: Оқушылардың тест жұмыстарын шешуде ақпарат, мәліметтерді өз бетімен қолдануын ұйымдастыру;
ҰБТ-ны сәтті тапсыру үшін Қазақстан тарихы пәнінен білім деңгейін анықтау;
Өтілген материалды жан-жақты меңгеруге жағдай жасау;
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Қазақстан тарихы пәні бойынша тестті сәтті тапсырады, берілген тапсырманың мазмұнын түсіне алады, өздігінен білім алуға үйрену қызметі қалыптасады, алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйренеді