Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


  Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата06.03.2017
өлшемі0,56 Mb.
#7712
1   2   3

2.2 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы 

мектеп және отбасы өзара іс-әрекетінің шетелдік тәжірибесі 

 

Білім  беру  саясаты  білім  беру  саласындағы  жалпыхалықтық  мүддені 



білдіреді  және  сонымен  қатар,  әлемдік  дамудың  жалпы  үрдісін  ескере  отыра 

оларды  әлемдік  қауымдастыққа  ұсынады.  Жаңа  өркениеттік  талаптар  заңды 

түрде  көптеген  елдерді  жаңа  «білім  беру  дүмпуіне»,  білім  жүйесінің  терең 

реформалар толқынына әкелді. Бұл АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Шығыс Еуропа 

елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Америка және т.б. елдерде өтуде. 

Шет  елдерде  өткізіліп  жатқан  білім  реформалары  қоғамның  ағымдағы  және 

20 

 


алдағы  қажеттіліктеріне,  ресурстарды,  соның  ішінде  білім  беру  жүйелерін 

тиімді пайдалануға бағытталған. 

Әр елдің білім беру жүйесі бірегей, себебі түрлі елдердің білім беру жүйесі 

қандай  да  бір  дәрежеде  түрлі  мақсатты  көздейді,  сонымен  қатар,  оларға 

қайталанбас сипат беретін, қалыптасуы мен дамуының өзіндік тарихы бар [13]. 

Финляндия – дүние жүзінде білім берудегі бірден бір көшбасшы ел. Қазір бұл 

мемлекет функционалдық сауаттылық деңгейі (93%) мен орта және жоғары оқу 

орындарына  қабылдау  (тұрғындардың  1  мың  адамына  103)  бойынша  әлемде 

жетекші орында. АҚШ үшін сәйкес көрсеткіштер – 82% және 95 адам.  

Финдердің  40,6%  –  орта  тоғызжылдық,  36,1%  –  лицейлік,  23,3%  –  жоғары 

білімі  бар.  2001  жылы  Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымы 

(ЭЫДҰ) Еуропаның 32 елінде 15 жасар оқушылар арасында олардың ХХІ ғасыр 

талаптарына қаншалықты даяр екенін анықтау мақсатында зерттеу жүргізді. Жас 

финдер тек жалпы сауаттылық бойынша ғана емес, сонымен қатар математика 

және жаратылыстану ғылымдары бойынша көшбасшылардың бірі болды. ЭЫДҰ 

2003  жылдың  шілде  айында  дүние  жүзі  өнеркәсібі  дамыған  43  елдің  арасында 

өткізген «Әлем ертең» атты жаңа зерттеуі бұл үрдісті дәлелдеді. 

ХХ ғасыр барысында фин білім беру жүйесі айтарлықтай өзгеріске ұшырады. 

1921 жылы жалпыға ортақ және тегін білім беру туралы заң (принциптің өзі 1919 

жылы  конституцияда  жазылған  болатын)  қабылданған  сәттен  бастап  70-

жылдарға дейін мұндай білім берудің негізі алтыжылдық (бастауыш) халықтық 

мектептер болды. Фин балалары мектепке дейінгі мекемелер жүйесінде білімге 

бейімделеді. Ол негізінен балалар бірінші сыныпқа қабылдар алдындағы бір жыл 

бойы  балалар  тәрбиеленетін  мектептер  мен  балабақшаларда  жүргізіледі. 

Қолданыстағы  заңға  сәйкес  муниципалитеттер  алты  жастағы  барлық  балалар 

үшін  тегін  ұйымдастыруы  тиіс.  Кішкентай  финдердің  75%  мектепке  дейінгі 

оқумен  қамтылған.  Оларды  жаңа  білім  және  білікке  ойын  әдістерінің  көмегі 

арқылы оқытады. Бағдарлама 700 оқу сағатына есептелінген. Алдыңғы орынды 

1964  жылы  Хельсинкиде  ашылған  Фин-орыс  мектебі  алған.  Жекеменшік  фин-

орыс бала-бақшасы мектеппен байланыста жұмыс жасауда. Жұмыс жасау тілдері 

– 

фин  және  орыс  тілдері.  Жай  мектептерде  алатын  білімнен  басқа,  мұнда 



балаларды  орыс  тіліне  және  ресейлік  мәдениетті  жақсы  білуге  оқытады. 

Оқушылардың 15% үшін орыс тілі ана тілі болып саналады [14]. 

2009  жылғы  PISA  зерттеуі  негізгі  мектеп  оқушыларының  оқудағы 

функционалдық  біліктерін  бағалауға  бағытталды,  математикалық  және 

жаратылыстану-ғылыми  сауаттылығы  төменірек  дәрежеде  бағаланды.  Ал  енді, 

эстондық оқушылардың нәтижелері бұрынғыша өте жоғары көрсеткіште қалып 

отыр.  Еуропа  елдері  арасында  эстондық  оқушылар  функционалдық  оқу 

саласында  2006  жылғы  зерттеумен  салыстырғанда  баллмен  есептегенде  

8  орыннан  5-орынға  көтерілді,  математикалық  сауаттылық  бойынша  −  7,  ал 

жаратылыстану-ғылыми  сауаттылық  бойынша  2-орынды  иеленді.  Әлем 

бойынша функционалдық оқудан 13-орын, математикалық сауаттылық бойынша 

− 17, ал жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 9-орында.  

21 


 

Пайыздық  бөлінуде  оқушылардың  87%  функционалдық  оқуда  базалық 

немесе  одан  жоғары  деңгейге  қол  жеткізді.  Сәйкес  көрсеткіштер  негізінде 

еуропалық  елдер  арасында  эстондық  оқушылар  функционалдық  оқудан  

2-

орында,  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылық  бойынша  −  2  және 



математикалық сауаттылық бойынша 3 орында (2009 жылғы зерттеу бойынша). 

Әлем  бойынша  эстондық  оқушылар  функционалдық  оқудан  7-орын, 

жаратылыстану-ғылыми  сауаттылық  бойынша  −  5  және  математикалық 

сауаттылық  бойынша  10  орынды  иеленді.  Сонымен,  эстондық  оқушылардың 

басым  көпшілігінде  қоғам  өміріне  толыққанды  қатысуы  үшін  қажет  базалық 

білім және дағдылары бар. Функционалдық оқу бойынша орташа нәтижелердің 

негіздемесінде Шанхай (Қытай), Корея, Финляндия, Гонконг (Қытай), Сингапур 

және Канада оқушылары ең үздік нәтиже көрсетті.  

Эстония,  Финляндия,  Норвегия,  Жапония  және  Канада  –  оқушылардың 

әлеуметтік-экономикалық жағдайына нәтижеліліктің тәуелділігі өте төмен елдер 

болып  саналады  –  көрсеткіш  10%-ға  жуық.  Ең  төмен  сәйкес  көрсеткіш 

Исландияда – 7% [15]. 



Сингапур елі білім жүйесі әлем бойынша ең үздіктердің бірі болғандықтан, 

білім беру саласындағы сарапшылардың назарын өзіне ерекше аударып отыр.  

Білім беру процесінің тиімділігін арттыру мақсатында 1979 жылы жаңа білім 

беру  жүйесі  қабылданды.  Ол  бастауыш  және  орта  мектепте  балалардың  білім 

баспалдағы  бойынша  өз  қабілеттеріне  сәйкес  жылжуына  мүмкіндік  беретін, 

сатылы  оқытуды  қарастырды.  Оны  енгізудің  басты  мақсаты  –  әр  балаға  орта 

мектепті  бітірте  отыра,  одан  әрі  қарай  кәсіптік  оқуы  мен  жұмысқа  орналасуы 

үшін базалық білім алуына мүмкіндік беру.  

Сингапурдағы  білім  беру  жүйесі  заманауи  кезеңінің  негізгі  мақсаты  –  әр 

адамды  өмір  бойы  оқуға,  жаңа  білім  және  дағдылар  алуға,  технологияларды 

меңгеруге, инновация және кәсіпкерлік рухын дамытуға, тәуекел ету және өзіне 

жауапкершілік пен міндеттеме ала білуге уәждейтін ынталандыру ортасын құру 

болып  табылады.  Кезеңнің  мәнін  қысқаша  мектептегі  білім  беру  кезеңнің 

әрқайсысында  баланың  қабілеттерін  және  дарынын  анықтау  мен  дамытудың 

институционалдық механизмдерін жасау ретінде сипаттауға болады. Түрлі білім 

беру  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыруға  ықпал  ету  үшін  үкімет  Edusave 

ынталандыру  гранттық  жүйесін  әзірледі,  ол  оқушыларға  оқуға,  соның  ішінде 

қосымша білім мен шетелге іс-сапарына байланысты барлық шығынды өтеуіне 

мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ата-аналар балаларын мектепке жібере отыра, 

оларды  туған  мәдениетіне  менсінбей  қарауға  тәрбиелемейтініне  және ана  тілін 

оқитынына сенімді болуы тиіс. 

Сингапурдың  білім  беру  жүйесіндегі  басты  жетістіктер  ретінде  келесі 

фактілерді атауға болады: Сингапур – функционалдық сауаттылық деңгейі әлем 

бойынша ең жоғарылардың бірі (Progress in International Reading Literacy Study); 

сингапурлық  мектеп  оқушылары  математика  және  жаратылыстану  ғылымдары 

бойынша салыстырмалы халықаралық тесттерде (TIMSS) үздік нәтиже көрсетіп 

отыр;  2008-2009  жылдары  сингапурлық  білім  жүйесі  әлем  бойынша  ең  тиімді 

деп  аталды  (McKinsey);  Сингапурдың  білім  жүйесі  ғаламдық  экономика 

22 

 


талаптарына барынша жақсы бейімделген (IMD World Competitiveness Yearbook 

2007).  1997  жылдан  бастап  сингапурлық  білім  жүйесі  білімге  негізделген, 

ғаламдық  экономика  үшін  жұмысшы  күшін  дайындауға  бағытталған  дамудың 

жаңа сатысына көтерілді. Білім беру жүйесінде келесі реформалар өтті: 

 

 



Екі сатылы бастауыш білім енгізілді: 4 жыл – негізгі бастауыш, қосымша 

2 жыл – бағдарлы оқыту; 

 

 



Бастауыш  мектепті  бітіру  емтихандар  жүйесі  өзгерді.  Олардың 

қорытындылары  бойынша  оқушыларға  орта  мектептегі  таңдау  бойынша 

ұсыныстар беріледі; 

 



 

Орта  мектеп  кезеңінде  және  оны  бітіргеннен  кейін  техникалық  және 

кәсіптік  білім  алу  мүмкіндіктері  пайда  болды.  Техникалық  білім  беру 

институтының негізі қаланды. 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығы  –  бұл  мектеп  оқушыларының 

оқу әрекетінде және одан тыс жағдайда тиімді әрекет етуіне мүмкіндік беретін, 

басты  құзыреттілікті  меңгеру  деңгейін  көрсететін  белгілі  бір  дәрежедегі 

білімділік деңгейі [16]. 



Америкалық  мектепте  функционалдық  сауаттылыққа  оқытуда  оқушы  ерте 

балалық  шақтан  бастап  сөйлемнің  ғана  емес,  тұтас  шығарманың  құрылымын 

меңгереді. Кез-келген пән бойынша орта мектептегі шығарма (essay) тек кіріспе, 

талқылау  және  қорытындыдан  ғана  тұрмайды.  Ондағы  әр  сөйлемнің  орны, 

арналуы  және  көлемі  бірнеше  рет  практикалық  қайталаудан  соң  айқындалады 

және  бекітіледі.  Жоғары  мектепте  шығармашылық  жазу  сабағында  (осындай 

таңдау пәні бар) балалар күніне бір беттен еркін мәтіндер немесе апта сайын бір 

әңгіме жазады.  

SAT  – 

бұл  «сын  тұрғысынан  оқу»  (critical  reading),  оқушылардың  мәтінді 



талдау,  көбінесе  түрлі  авторлардың  ұқсас  тақырыпқа  жазған  екі  мәтінін 

салыстыру  қабілеттерінен  тұрады;  жазу  (writing)  –  ойды  жеткізудің  тиімді 

құралдарын  таңдау  білігі,  жеке  алғанда,  25  минут  аралығында  кіріспе  және 

қорытындымен бірге бес параграфқа шығарма жазу; математика негіздері. Төрт 

мүмкін  нұсқадан  таңдалған  бір  тапсырмадан  бөлек,  SAT-та  еркін  формадағы 

жауапты  талап  ететін  тапсырмалар  да  бар,  ал  тапсырмалардың  күрделілігі  әр 

түрлі.  Ол  3  сағат  45  минутқа  созылады,  және  уақыт  үнемі  жеткілікті  бола 

бермейді.  

Мектепте  шығатын  журналдардың  беттерінде  оқушылардың  үй 

тапсырмаларынан  берілген  әдеби  шығармалары  және  суреттері  басылады. 

Мектеп  кітапханасы  бірнеше  ғылыми  басылымды  қосқанда,  140  журнал 

жазғызып  алады.  Холлдар  мен  дәліздерде  мектеп  оқушылары  еңбектерінің 

көрмесі  бірін  бірі  алмастырады,  мектеп  оркестрлерінің  концерттері,  басқа 

қалашықтармен  өткізілетін  спорттық  сайыстар  көпшілікке  танымал,  бірақ 

жылдың  ең  басты  оқиғасы  –  мюзикл  қойылымына  мектептегілердің  барлығы 

дерлік  жиналады,  тіпті  мұғалімдер  мен  оқушылар  арасында  өтетін  баскетбол 

матчы да осынша көрермен жинамайды [13].  

Америка Құрама Штаттарының әрбір ірі мектебінде ата-аналар мен ұстаздар 

қауымдастығының  жалпыхалықтық  филиалының  жұмысы  назар  аударарлық. 

23 


 

Ата-аналар  –  мектеп  реформаларының  белсенді  қатысушылары.  Кей 

мектептерде  ата-аналар  комитетінің  пікірі  оқу  процесін  ұйымдастыруда,  тіпті 

бағдарламалар мен әдістерді таңдауда басым рөл атқарады [17]. 

Шетелдердің  тәжірибесі  көрсеткендей,  бүгінгі  таңда  тұлға,  отбасы,  білім 

беру  мекемесі  мен  қоғамның  іс-әрекеті  –  ғаламдық,  жалпыәлемдік  проблема 

болып отыр. Отбасы рөлінің төмендеуі және кей жағдайларда оның өз қызметін 

орындауының объективті түрде мүмкін болмауы – даусыз мәселе. Қазіргі отбасы 

бала  дамуы  мен  тәрбиесі  бойынша  барлық  салмақты  өзіне  алуға  даяр  емес. 

Қалыптасқан дәстүр бойынша, педагог отбасы тәрбиесіне жетекшілік, басшылық 

жасауы, өз тәрбиеленушісіне және оның ата-анасына қоғам атынан талап қоюы 

тиіс болды [15]. 

Бүгінгі  ахуал  педагог  алдына  көрсетілген  көзқарастарды  қайта  қарау 

қажеттілігін  қойып  отыр.  Педагогтар,  тәрбиешілер  мен  ата-аналар  баланың 

әлеуметтену процесінің біртұтас аясында серіктестер ретінде қарастырылуы тиіс.  

Отбасы саласындағы мемлекеттік саясат тікелей отбасымен жұмыс жасайтын 

мамандарға сүйенуі қажет, қазіргі таңда оларға деген қажеттілік өте жоғары. Сол 

себепті,  әр  тәрбиеші,  педагог  өзінде  бар  кәсіби  білімі  мен  педагогикалық 

тәжірибесіне  сәйкес  ата-анаға  баланың  дамуы  мен  тәрбиесіне,  олардың 

әлеуметтік-мәдени  бейімделуіне  көмек  көрсетуге  міндетті.  Бұл  педагогтың 

отбасымен тиімді ынтымақтасуына дайындалу сапасын көтеруді талап етеді. 

Отбасы мен білім беру мекемесінің серіктестік пен өзара көмек тұрғысынан 

басымдық 

бағыттардағы 

баланың 


әлеуметтену 

процесінде 

тиімді 

ынтымақтасуына көңіл бөлу маңызды. Отбасы мен отбасылық тәрбие моделінің 



әлеуметтік-психологиялық диагностикасы қажет.  

Отбасы проблемасының, оның әлеуметтік-мәдени рөлінің пилоттық талдауы 

бұл  институт  әлеуметтік  құндылық  болып  есептелінетінін  көрсетті,  ол  бала 

дамуы,  оның  өздік  өмірге,  кәсіби  бағдарлануға  дайындалуы  үшін  жағдай 

тудыруы  керек.  Мысалы,  отбасы  және  мектептің  өзара  іс-әрекетінде  әлемнің 

көптеген  елдерінің  білім  беру  мекемелерінде  құрамына  ата-аналар  кіретін  ата-

аналар комитеті немесе мектеп кеңестері бар. Бірақ бұл органдардың құрамында 

негізінен, тұрмысы жақсы оқушылардың ата-аналары болады. Қиын балалардың 

ата-аналары мектеппен тұрақты байланыс жасамайды.  

Шет  мемлекеттер  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру  бойынша  отбасы  мен  мектептің  өзара  әрекеттесуі  түрлі 

бағыттарда жүзеге асырылады: 

– 

ата-ананың  педагогикалық  мәдениетін  (педагогикалық  жалпыға  міндетті 



оқу,  ата-аналар  үшін  лекторийлер,  педагогикалық  оқулар  және  т.б.)  көтеру 

есебінен бала тәрбиесін оңтайландыру; 

– 

ата-аналарды ішінара оқу-тәрбие процесіне (мектептің және сыныптың ата-



аналар комитеті) қатынастыру; 

 



өзара  іс-әрекетке  қатысушылардың  ерекше  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыру 

үшін  қолайлы  жағдайлар  (демалысты  ұйымдастыру,  кәсіптік  бағдарлық 

кеңестер,  факультативтік  сабақтар,  спорттық  туристік-өлкетанулық  қызметтер 

және т.б. ) жасалғандағы өзара серіктестік іс-әрекет.  

24 

 


Ресей  Федерациясында  бала  тәрбиесінде  отбасы  белсенділігі  артуда.  Ата-

аналар  балаларымен  мектептегі  табысты  оқуына  қажет  біліктерді  меңгеру 

даярлығын  қамтамасыз  ететін  іс-әрекет  түрлерімен  көбірек  айналыса  бастады. 

Олар мектеп таңдау ісіне зор жауапкершілікпен қарауда, балаларының бастауыш 

сыныптардағы  оқуына  қолдау  көрсету  ісіне  көп  көңіл  бөлуде.  Негізгі  мектеп 

сатысында балаларының біліміне деген ата-аналар мүддесінің төмендеуі заңды 

да, есесіне, мектептің жоғары сатысында отбасылардың қосымша білім қызметі 

мен репетитор қызметін төлеуге даярлығы артқаны байқалады. Отбасыларында 

кітап, журналдар, компьютерлердің болуымен жағдай жақсарды. Тәрбиелеу және 

білім  беру  міндетіне  бағытталған  әртүрлі  ата-аналар  клубтары  мен 

қауымдастықтары дамуда.  

Жапон  қоғамында  отбасы  және  мектептің  өзіндік  ерекше  педагогикалық 

қызметі бар: отбасы тәрбие ұясы, ал мұғалімдер – басты білім тасымалдаушы деп 

саналады.  Жапон  ғалымдары  отбасы  –  тұлғаның  өзін-өзі  тануының, 

әлеуметтенуінің,  адамгершілігі  қалыптасуының  басты  көзі  деп  есептейді.  Бұл 

көзқарасты  көптеген  ата-аналар  да  қостайды.  Жаппай  сұрау  кезінде  ата-

аналардың  64%  бала  тәрбиесінде  басты  рөл  атқаратынын  айтса, 

респонденттердің  қалған  бөлігі  бала  тәрбиесі  толығымен  ата-ананың  ісі  деп 

санайтынын  білдірген.  Жапонияда  отбасы  мен  мектептің  тәрбиелік  қызметі 

нығая түскен, әсіресе мектептің рөлі барынша мәндірек бола түсуде. Осы пікірді 

сұралған  ата-аналардың  75%  қолдаған.  Отбасының  тәрбиелеу-білім  беру 

қызметінің төмендеу себебін көрсете отыра ата-аналар бала тәрбиесіне мүдделі 

болмауы  мен  отбасылық  міндеттерді  репетиторға  аудара  салу  үрдісі  туралы 

айтқан. Алайда, жапон мектебінде оқшаулану дәстүрі сақталуда. Ата-аналар үшін 

оқу  процесі  (бағдарламалар,  оқытудың  әдістері  мен  тәсілдері)  тыйым  салу 

аумағы болып қала береді.  

Францияда  жалпы  білім  беретін  оқу  мекемелері  ата-аналарының                     

3  жалпыхалықтық  бірлестігі  бар:  екеуі  –  қоғамдық  және  біреуі  –  жекеменшік 

білім беру саласында. Қоғамдық мектеп оқушыларының ата-аналар федерациясы 

саны жағынан ең көп және белсенді болып табылады. Ата-аналар бірлестігінің 

мүшелері түрлі білім беру құрылымына: мектептік және сыныптық кеңестерге, 

стипендиялық комиссияларға т.б. кіреді. Кейбір мектептерде ата-аналар балалар 

үйірмелеріне, клубтарға жетекшілік етеді, кітапхананы меңгереді, шет тілдерінен 

факультативтік  сабақтар,  спорттық  үйірмелер  жүргізеді,  оқу  саяхаттарын  және 

т.б. ұйымдастырады [13]. 

Жалпы,  Еуропа  елдері  өз  мектеп  оқушыларының  функционалдық 

сауаттылығын – мектепте алған білімді өмірде қолдану, жанрлары жағынан түрлі 

мәтіндерден  ерекше  ақпаратты  табу  және  оған  өз  көзқарасын  тұжырымдау 

білігін – жоғары бағалайтынын айта кетуге болады.  

 

 

 

 

25 


 



Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудағы 

отбасы және мектептің өзара әрекеттесу түрлері

 

 

Өскелең  ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруды 



тәрбиелеу  процесінде  отбасы  мен  мектептің  ынтымақтастығына  үлкен  рөл 

бөлінеді. Отбасы мектепке оқушылардың іс әрекетін ұйымдастыруында «Білім 

туралы»  Заңды  ойдағыдай  жүзеге  асыруына  көмек  көрсетеді.  Алайда  ата-

аналардың  педагогика  негіздерін  нашар  білуі  қазіргі  кезеңде  әлеуметтік 

тәрбиелеу мен мектепке бейімдеу ісіне кедергі келтіріп отыр. Сондықтан дәл 

қазір отбасы мен мектептің өзара әрекетін нығайту, бала тәрбиесіндегі әкелер 

мен аналардың жауапкершіліктерін арттыру қажет. Және бұл шараны мектеп 

ұйымдастыруы  тиіс.  Осыған  орай  бұл  істі  ұйымдастыруда  мектеп  мұғалімі, 

психологы,  әлеуметтік  педагог  жұмысының  маңызы  артады,  көптеген 

маңызды мәселелер мен сұрақтардың шешімі осыған байланысты. 

Тікелей  балалармен  жұмыс  жасайтын  әлеуметтік  педагог,  өзінің  кәсіби 

қызметіне орай, отбасын нығайту ісіне өзіндік үлесін қосуы керек. Мектепте 

отбасы мен сынып жетекшісінің бірлескен жұмысын ұйымдастыра отыра, ол 

соңғы  нәтижеге  –  әр  баланың  барынша  тұлға  ретінде  дамуын  қамтамасыз 

етуге  ұмтылады.  Әлеуметтік  педагог бүгінгі  күні отбасын  тұлғаның балалық 

шағындағы  даму  жағдаятын  анықтайтын  әлеуметтік  орта  ретінде 

қарастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік педагог қазіргі кезеңде қандай да бір 

проблеманың  мәнін  белгілеуде,  жөнсіздіктің  себебін  анықтауда  қиындықтар 

көреді. 

Сынып  жетекшісі  деген  арнайы  мамандық  болмағандықтан,  сыныпқа 

жетекшілік  жасау  міндетін  оқу  жүктемесі  бар  пән  мұғалімдері  атқарады,  ал, 

кейбіреуі  жарым-жартылай  орындайтыны  да  жасырын  емес.  Сол  себепті, 

әлеуметтік педагог мұғалім, отбасы мен баланың өзара әрекетін ұйымдастыру 

бойынша  білім  беру  мекемелерінде  ата  аналардың  тәрбие  процесіндегі 

белсенділігін арттыруда қажет өзекті формалары мен әдістерін ашуда олармен 

жұмыс жүргізеді. 

Сынып  жетекшісінің  міндеті  −  ата-аналарға  көмектесу.  Ата-аналар  кез-

келген сұрақтың жауабын білетін, өз тәрбиеленушілерін жақсы көретін, яғни 

мектеп  оларға  екінші  үй  болатындай  барлық  мүмкіндікті  жасауға  дайын 

сынып жетекшісін көргісі келеді. 

Сынып  жетекшісінің  негізгі  міндеттерінің  бірі  –  отбасы  мен  мектепті 

біріктіруге  күш  салу,  сыныптың  оқу-тәрбие  жұмысының  міндеттерін  шешу 

үшін олардың іс-әрекетін үйлестіру отбасы мен мектептің тығыз ынтымақтасу 

жолдарын анықтау, «отбасы-мектеп» бірыңғай тәрбие кеңістігін қалыптастыру 

болып табылады. 

Ал ата-аналар – отбасында бала тәрбиесіне қажет қолайлы жағдай тудыру 

және  отбасылық  тәрбиеде  қателікке  жол  бермеу  үшін  белгілі  бір 

психологиялық-педагогикалық  білімдерді,  педагогикалық  іс-әрекеттің 

практикалық  дағдылары  мен  біліктерін  толық  көлемде  меңгеру  бойынша 

жұмыс жүргізеді.  

26 

 


Қойылған  мақсатқа  орай,  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру  бойынша  мектеп  және  отбасының  өзара  әрекеттесу  формасын 

анықтау міндетін шешу қажет. 

Отбасымен,  оқушылардың  ата-аналарымен  байланыс  орнату  – 

барлығының  бастауы.  Отбасына  «ену»  қажет қана емес,  сонымен  қатар, ата-

аналардың  барлық  арман-тілегінің  басты  шарты  –  өз  баласының  тәлімгері 

бойынан  ең  алдымен,  өзіндегі  қымбатты  сеніп  тапсыруға  болатын  Адамды 

көргісі келетіні.  



Педагогтардың ата-аналармен қатынасындағы қағидалар: 

– 

ақыл  үйретпей,  кеңес  беру  керек.  Бірлескен  іс-әрекеттер  туралы  бірге 



ойласу, кеңесу;  

– 

ата-аналармен  қарым-қатынас  жасай  отыра,  олар  бізге  қажет,  біздің 



одақтасымыз, олардың көмегі мен кеңесіне мұқтаж екенімізді көрсету; 

– 

ата-аналық сүйіспеншілік пен құрметке үндеу;  



– 

балаларды сипаттай отыра, ең алдымен бала туралы жақсыны ғана айту 

қажет; 

 – 


ата-аналардың  тұлғасына,  олардың  еңбектегі  жетістіктеріне  жоғары 

құрмет көрсету; 

– 

ынтымақтастық, ортақ шығармашылық. 



Мамандар  баланың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудағы 

отбасымен  іс-әрекеттің  барлық  түрлерін  пайдалануды  ұсынады.  Педагогтар 

ата-аналарға  іс-әрекеттің  бірдей  түрлерін  күштеп  ұсынбастан,  негізінен,  ата-

аналарды  шыдамдылықпен  мектеп  және  сынып  жұмыстарына  қатыстыра 

отыра,  олардың  қажеттіліктеріне,  сұраныстарына,  отбасылық  тәрбиенің 

ерекшеліктеріне  бағдарлануы  қажет.  Отбасымен  жұмыстың  негізгі  түрлері  – 

дербес және топтық жұмыстар.  

Отбасымен жүргізілетін жұмыстың дербес түрі. 

Жұмыс  жоспарына  оқушылардың  отбасына  бару,  ата-аналармен 

жүргізілетін  жеке  әңгімелер,  оқушыларды  дамытудың  келешегі  мен 

құралдарын  бірге  анықтау,  педагогикалық  консультациялар,  дербес 

тапсырмалар кіргізіледі. 

Ата-аналармен  жүргізілетін  дербес  жұмыс  отбасы  мүшелерінің 

әрқайсымен  тікелей  қатынас  орнатуға,  бала  тұлғасы  дамуына  ықпал  ететін 

жолды іздестіруде үлкен түсіністікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.  



Отбасымен жұмыстың топтық түрі. 

Өзара іс-әрекеттің топтық түрін қолдана отыра, ата-аналардың жекелеген 

топтарын келесі белгілері бойынша саралауға болады: 

 



ата-аналар активі (сыныптың, мектептің); 

 



 

мүдделері 

бойынша 

ұйым 


жұмыстарының 

жетекшілері-

ұйымдастырушылары (үйірме, секция жетекшілері); 

 



мектепте,  немесе  сыныпта  қандай  да  бір  мәселені  әзірлейтін  және 

шешетін ата-аналар; 

 

бала тәрбиесінде ұқсас проблемалары бар ата-аналар



 

қыз (ұл) балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар; 



27 

 


 

жалғыз (көп) бала тәрбиелеуші ата-аналар; 



 

дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылығы бар баланың ата-аналары. 



Жақсы  отбасы  көрсеткішінің  бірі  –  ондағы  қолайлы  ахуал  болып 

табылады. Дегенмен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық  білім академиясының 

жоғары  сынып  оқушылары  арасында  «Біз  өз  балаларымызды  білеміз  бе?» 

тақырыбында жүргізген сауалнама нәтижелері қуантарлық емес. «Отбасында 

біз  күн  сайын  отбасылық  өмір  мәселесі,  мектептегі  істеріміз,  күнделікті 

оқиғалар туралы ой бөлісеміз бе?» деген сауалға респонтенттердің 62% «иә» 

десе,  38%  «жоқ»  деп  жауап  берген.  «Каникул  кезінде  отбасымен  бірге 

демаламыз  ба?»  сауалына  жоғары  сынып  оқушыларының  18%  –  «иә»  десе, 

қалған 82% – «жоқ» деген және т.б. [18]. 

Мектептің  отбасымен  өзара  іс-әрекет  формалары  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын,  бала  мен  ата-ана  арасындағы  қарым-

қатынасты нығайту  мен  сауықтыру  үшін  қажет іс-әрекеттің  оңтайлы  түрлері 

мен әдістерін қалыптастыруда белгілі қызмет атқарады. 

Бұл  үшін  отбасында  бала  тұлғасының  қалыптасуына  және  дамуына  кері 

әсер  ететін  әлеуметтік-педагогикалық  және  психологиялық  проблемаларды 

диагностикалау және анықтау қажет.  

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудағы  іс- 

әрекеттің  негізгі  басым  бағыттары:  отбасына  практикалық  көмек  және 

педагогикалық  қолдау  көрсету;  ата-аналарды  отбасы  тәрбиесі  мәселесі 

бойынша оқыту, бала тәрбиесіндегі оң тәжірибемен таныстыру; отбасындағы 

сәтсіздіктің  себептерін,  отбасындағы  балаға  деген  қарым-қатынасты  зерттеу; 

қамқоршы,  қабылдайтын  отбасыларын  және  т.б.  құру  бойынша  ақпарат 

тарату, көмек көрсету. 

Бұл үшін қажет: 



Тиімді  технологиялар:  балалар  мен  ата-аналардың  тұтынушылық- 

құндылық  аясы  туралы  деректер  банкін  құру,  топтық  кеңестер  жүйесі, 

мақсатты  конференциялар,  іскерлік  ойындар,  баспасөз-конференциялары, 

бейнежазбалар талдауы, отбасыішілік қатынасты ұйымдастыру. 



Ерекше  жағдайлар  мен  ерекшеліктер:  ата-аналардың,  мектепке  дейінгі 

мекемелерінің  тәрбиешілері,  әлеуметтік  педагогтары,  практикалық 

психологтары,  мектеп және басқа  оқу  орындары педагогтарының,  қоғамдық-

мемлекеттік мекемелері мен социум қызметінің күшін біріктіру.  

Аса  маңызды  мәселе  –  мектеп  және  отбасы  тәрбиесін,  білім  алушылар 

тәрбиелілігін  және  функционалдық  сауаттылығын  диагностикалау.  Бұл 

мәселелер бойынша диагностика бірнеше қызмет атқарады: 

 



белгілеуші (ақпараттық); 

 



болжамдаушы (мектеп-отбасы өзара әрекеттесуінің дамуын болжау); 

 



құндылыққа-бағдарланған (бағалаушы); 

 



дамытушы (тәрбиелік). 

Оқушылардың  тәрбиелілігін  және  функционалдық  сауаттылығын 

диагностикалау  әдістері:  бақылау;  сауалнама  жүргізу;  тест  өткізу; 

тәрбиеленушімен әңгіме; педагогтармен әңгіме; ата-аналармен әңгіме; қызмет 

28 

 


нәтижелері мен өнімдерін талдау; социометриялық әдістер; аяқталмаған тезис; 

педагогикалық консилиум. 

Мысалы,  балалардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру 

мақсатында  ата-аналардың  осы  мәселе  бойынша  сұраныстары  мен 

қажеттіліктерін зерттеу үшін сауалнама жүргізіп, қойылған сұрақтар бойынша 

талдау жасауға болады: 

1.  Сіз  заманауи  білім  берудегі  маңызды  міндеттердің  бірі  – 

функционалдық сауаттылықты қалыптастыру екенін білесіз бе? 

2.  Сіздің  балаңыз  қосымша  білім  беру  мекемелеріне,  музыка  мектебіне, 

спорттық-сауықтыру мекемелеріне барады ма? 

3. Сіздің балаңызды не қызықтырады? Оның қызығушылығы тұрақты ма? 

4. Сіз балаңыздың ерекше қабілеттері бар деп ойлайсыз ба?  

5.  Сіз  мектепте  қосымша  (ақылы)  қандай  қызмет  алғыңыз  келеді  (екінші 

шетел тілін оқыту, пәндерді тереңдете оқыту, жаңа пәндерді (курсты) оқыту)?  

6. Сіз білім беру процесін ұйымдастыру туралы қандай қосымша ақпарат 

алғыңыз  келеді  (мектеп  әкімшілігінен,  мұғалімнен,  педагог-психологтан, 

әлеуметтік педагогтан, медицина қызметкерінен)? 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  процесінде 

педагогтардың кәсіби қиындықтарын анықтау үшін сауалнама: 

1.  Сіз  жаңа  буын  стандарттары  туралы  жеткілікті  дәрежеде  хабардарсыз 

ба? 

2.  Сіз  оқытуда  жүйелік-іс-әрекеттік  тұрғыдан  жүзеге  асыру  біліктерін 



пайдалана білесіз бе? 

3.  Сіз  білім  алушылардың  өзіндік  шығармашылық  іс-әрекетін 

ұйымдастыру әдіснамасын меңгеруде қиналасыз ба? 

4.  Сіз  басқа  мұғалімдердің  шығармашылық  іс-әрекетін  жинақтауға  және 

пайдалануға қабілеттісіз бе? 

5.  Функционалдық  сауаттылық  деңгейін  арттыру  үшін  Сізде  өз  кәсіби 

деңгейіңізді көтеру қажеттілігі бар ма? 

6.  Сіз  педагогикалық  қызметте  стереотиптерден  бас  тартуға  және 

вариативтілікті қолдануға қабілеттісіз бе? 

7.  Сіз  оқыту  әдістерін  таңдауда  және  оқыту  әдістерін,  тәсілдері  мен 

түрлерін үйлестіруде қиналасыз ба?  

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудағы  мектеп 

және отбасының өзара іс-әрекеті  түрлері  туралы  талдау  жүргізуде қолдануға 

болатын сауалнамалар үлгісі А және Ә қосымшаларында берілген. 

Диагностика нәтижелеріне дұрыс талдау жасау маңызды. Оларды белгілеу 

формаларына:  кестелер,  диаграммалар  құрастыру;  сипаттамалар  құрастыру; 

диагностикалық карталар, күнделіктер жүргізу жатады. 

Еліміздің  білім  беру  ұйымдарында  өскелең  ұрпақтың  сауаттылығын 

қалыптастырудағы  мектеп  және  отбасы  өзара  іс-әрекеттерінің  тиімді  де 

нәтижелі сан қырлы түрлері қолданылады. 

29 


 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудағы  мектептің 

отбасымен өзара іс-әрекеттерінің түрлері:  



Ата-аналар 

жиналысы. 

Бірлескен 

әрекеттерді, 

педагогикалық 

көзқарастарды  келісу,  проблемалар  туралы  бірін  бірі  хабардар  ету,  қол 

жеткізген нәтижелерді талдау. 



Педагогикалық  практикум.  Шынайы  тәрбие  жағдаяттары  арқылы  ата-

аналар  мен  педагогтардың  тәжірибелерін  пайымдау,  тәрбие  әрекетіндегі 

олардың білім, біліктерін келісу. 

Отбасыларына  бару.  «Отбасы»  рейдін  ұйымдастыру.  Баланы  және  ата-

ананы  отбасы  жағдайында  зерттеу,  отбасы  ахуалымен  танысу.  Қажет  болған 

жағдайда құзыретті мекемелерге ақпарат жеткізу (ата-аналар комитетіне, құқық 

бұзушылықтың  алдын  алу  кеңесіне,  кәмелетке  толмағандар  істері  жөніндегі 

комиссиясына, немесе инспекциясына). 

Психологиялық-педагогикалық  кеңестер.  Отбасыларға  проблемалық 

жағдаяттан  шығар  жол  іздеуде  көмек  көрсету,  ата-аналардың  психологиялық 

мәдениетін  көтеру,  жауапкершілігін  арттыру  және  оның  әлемді 

шығармашылықпен меңгеруге даярлығын қалыптастыру.  



«Сенім телефоны» қызметі. Телефон арқылы шұғыл, кәсіби, құпия көмек. 

Абоненттерге  дағдарыс  жағдайынан  шығуы  үшін  шығармашылық,  тұлғалық, 

рухани және дене бітімі жағынан дамытудағы көмек. 

Психологиялық-педагогикалық  консилиум.  Бала  дамуы,  оның  мінез-құлқын 

түзету проблемаларын шешу бағдарламасын әзірлеуде ұсыныстар, көзқарастар 

мен іс-әрекеттерді келісу мақсатында бала тұлғасының ерекшеліктерін бірлесе 

отырып талқылау.  



Баспасөз  конференциясы.  «Сұрақ-жауап»  түріндегі  қатынас,  ата-аналар 

және  педагогтардың  психологпен,  әлеуметтік  педагогпен,  құқық  қорғау  және 

әділет органдары өкілдерімен кездесуі.  

 

Дөңгелек үстел. Өзара түсіністікке, бір немесе бірнеше проблема бойынша 

педагогикалық келісімге қол жеткізу (қатынастың дискуссиялық түрі). 

Тәжірибе алмасу. Нақты тәрбие мәселесін талқылау.  

 

Клубтың отырысы. Психологиялық-педагогикалық ағарту, ата-аналардың 

демалысын ұйымдастыру.  

 

Педагогикалық  ринг.  Педагогтар  мен  ата-аналардың  зияткерлік, 

педагогикалық шеберлігі мен білігін көтеру. 

 

Ата-аналар лекторийлері. Ата-аналардың психологиялық- педагогикалық, 

функционалдық, құқықтық және т.б. сауатын көтеру. 

 

Ата-аналар  хабаршысы.  Мектеп  оқушыларының  даму,  оқу,  отбасы 

тәрбиесі мәселелерін баяндау. 



Ашық  есік  күні.  Танысу,  тәжірибе  алмасу,  ата-аналарды  мектептегі  оқу- 

тәрбие процесіне қатыстыру. 



Кіші  педагогикалық  кеңес.  Мектептің  өзекті  мәселелерін  шешу  ісіне  ата-

аналар жұртшылығын тарту. 

30 

 


Ата-аналар  комитеті.  Ата-аналарды  мектептің  оқу-тәрбие,  мәдени-

көпшілік және  шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру проблемасын шешуге 

қатыстыру. 

Мектеп  кеңесі.  Жұртшылықтың,  ата-ана,  педагогтік  және  білім  алушылар 

ұжымдарының  мектепті  басқару,  мектептің  тиімді  жұмыс  жасауы  мен  дамуы 

үшін қажет көмек көрсету, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде мемлекет және 

қоғам қойған маңызды талаптарды жүзеге асыру ісіне қатысуы. 



Бірлескен  мәдени-көпшілік  шаралар.  Бірлескен  мәдени  демалыс 

ұйымдастыру, саяхат–ойын, мектептік туристік слет және т.б. өткізу.  

Ата-аналар  конференциясымен  толық  оқу  жылына  сайланған  білім  беру 

ұйымының  педагогикалық  кеңесі,  ата-аналар  комитеті  және  әкелер  кеңесімен 

өзара іс-әрекет жұмыстың ерекше де басты түрі болып табылады [19]. 

Ата-аналар  активі  –  бұл  педагогтардың  тірегі,  өзара  дұрыс  іс-әрекетте 

олардың ойының жолбасшысы болады.  

Жұмыстың топтық түрінен біз ең тиімдісі деп ата-аналар жиналысын атай 

аламыз.  Әр  ата-аналар  жиналысы  мұқият  дайындалады,  ол  қызықты  да,  ата-

аналардың  белсенді  қатысуы  жағдайында  өтуі  үшін  арнайы  «сценарий» 

әзірленеді. 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектептің 

отбасымен өзара іс-әрекеттерінің жоғарыда аталған түрлері: 

 



педагогтарға, оқушылар мен ата-аналарға бірін бірі жақсы білуіне; 

– 

отбасылардың бала тәрбиелеудегі мүмкіндіктерін анықтауға; 



 

педагогтық  ұжым  мен  ата-аналардың  өзара  іс-әрекетінің  міндеттерін 



анықтауға;  

 



ата-аналардың педагогикалық көзқарастарын түзуге; 

 



ата-аналардың педагогикалық оқытуын ұйымдастыруға; 

 



оқушылардың ата-аналарын оқыту-тәрбиелеу процесіне қатыстыруға; 

 



мектептегі өзін-өзі басқару органдарының жұмысына оқушылардың ата-

аналарын қатыстыруға; 

 

оқушылардың  сапалы  білімін  қамтамасыз  етуде,  балалардың  саналы 



түрде  кәсіп  таңдауында  кәсіби  мүддемен  даярлығын  дамытуда,  адамгершілік 

және  мәдени  мінез-құлқын,  салауатты  өмір  салты  қажеттілігін  тәрбиелеуде, 

мектеп  оқушыларын  отбасылық  өмірге  дайындауда  педагогтар  мен  ата- 

аналардың бірдей көзқарасын қалыптастыруда; 

 

оқушыларды  тәрбиелеу  процесінде,  біртұтас  педагогикалық  көзқарас 



негізінде мектеп және отбасының өзара іс-әрекетін ұйымдастыруда педагогтар 

мен ата-аналардың шынайы ынтымақтастығын құруға көмектеседі. 

Еліміздің  көптеген мектептерінде  тәрбиенің әлеуметтік  институты  ретінде 

отбасымен  өзара  әрекеттесудің  формалары  және  әдістерінің  жүйесі 

қалыптасқан.  Тақырыптық  ата-аналар  жиналысы,  ата-аналар  комитетінің 

мәжілістері,  ата-аналар  университеттері,  ата-аналармен  мақсатты  кездесулер, 

«Сенім  телефоны»  қызметінің  жұмысы,  ата-аналар  үшін  психологиялық-

педагогикалық 

кеңестер 

олардың 


психологиялық-педагогикалық, 

функционалдық және құқықтық сауаттылығын арттырады. 

31 

 


Қорытынды 

 

Қазіргі  таңда  білім  тұлға,  қоғам  және  мемлекет  дамуының  басты 

стратегиялық ресурсы ретінде қарастырылады. Заманауи жағдайлардағы оның 

мақсаты  –  шығармашылыққа,  өзгермелі  заман  жағдайында  өз  тағдырын  өзі 

шешуге қабілетті әлеуметтік құзыретті тұлға қалыптастыру.  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  әйелдер 

қоғамының  өкілдерімен  кездесуінде: «бізге  ойшыл,  жауапты,  елін  сүйетін 

азаматтар қажет. Мұның барлығы тек тәрбиемен беріледі... Тәрбие беру ісінде 

мектеп  ата-ана  жауапкершілігі  жөнінде  айтады,  ата-ана  мектепке  сілтейді. 

Дұрысында, тәрбие үшін барлық жауапкершілік жүгі отбасына да, мектепке те 

жүктелуге  тиіс.  Мұғалімнің  рөлін  білімді  тек  қана  «таратушы»  деңгейіне 

түсіруге болмайды. Бізге мүлде басқа педагогика керек», − деп атап көрсетті. 

Мектептің  тәрбиелік  әлеуетін  күшейту,  әрбір  білім  алушының  дара 

психологиялық-педагогикалық  сүйемелдеуін  қамтамасыз  ету  –  заманауи 

мектептің  жетекші  басымдықтары  ретінде  көрсетілген.  Патриоттық,  мораль 

және  адамгершілік  нормалары,  ұлтаралық  келісім  және  толеранттылық,  дене 

бітімі  және  рухани  даму,  заң  сыйлаушылық  сияқты  құндылықтар,  меншік 

түріне байланыссыз, барлық білім беру мекемелері қалыптастыруы тиіс. 

Авторлар  осы  әдістемелік  құралда  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығы  мәселелерінің  әдіснамасын  анықтады.  Анықталған  әдіснама 

негізінде  функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  бойынша  мектеп  және 

отбасы  әрекеттестігінің  мазмұны  ашылды.  Осы  бағыттағы  назар  аударуға 

тұрарлық  және  қызығушылық  тудырып  отырған  шетелдік  тәжірибелер 

құралдың екінші бөлімінде талданған. 

Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  мақсатындағы  мектеп  және 

отбасы  әрекеттестігі  бойынша  Қазақстан  Республикасы  білім  беру 

ұйымдарында  да  нақты  жұмыстар  атқарылды.  Оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын  қалыптастыру  бойынша  мектеп  және  отбасы  әрекеттестігінің 

талдауы  мен  республикадағы  бар  тәжірибелерді  зерттеу  қазіргі  таңда 

педагогтар ата-анамен байланыстың мазмұны, түрлері мен әдістерін жеткілікті 

дәрежеде толық меңгермегенін көрсетті. 

Сондықтан 

бұл 

жұмыс 


білім 

алушылардың 

функционалдық 

сауаттылығының  ғылыми-теориялық  базасын  пайымдауға,  осы  бағыттағы 

отбасы  және  мектептің  әрекеттестігінің  жаңа  формалары  мен  әдістерін 

айқындауға  және  әдістемелік  негіздеуге  бағытталғандықтан,  педагогтар  мен 

ата-аналарға практикалық көмек болады. 

 

 

 

32 


 

А қосымшасы 

Мұғалім үшін сауалнама 

Құрметті 

әріптес, 

оқушылардың 

функционалдық 

сауаттылығын 

қалыптастырудағы  мектеп  және  отбасының  өзара  іс-әрекеті  түрлері  туралы 

талдау  жүргізуде  Сіздің  көмегіңізге  сенеміз.  Ұсынып  отырған  сауалдарға 

қатысты пікіріңізді білгіміз келеді. 

1. 

Сіз қалай ойлайсыз, оқушылардың функционалдық сауаттылығын 

қалыптастыруда мектептің отбасымен өзара іс-әрекет етуі қажет пе? 

(екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)  

а) 

Иә 

 

ә) 

Жоқ  

 

б) 

Кейде (қажет кезде ғана). 

 

в) 

Басқа  

 

2. 

Төменде келтірілген пункттерді оқушылардың функционалдық 

сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекеті 

түрлеріне жатқызуға болады ма? (екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)  

а) 

Ата-аналар жиналысы 

 

ә) 

Психологиялық-педагогикалық кеңестер 

 

б) 

«Сенім телефоны» қызметі 

 

в) 

Басқа  

 

3. 

Сіз келтірілген пікірлердің қайсысымен келісер едіңіз? 

(екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады) 

а) 

Мектептің отбасымен қарым-қатынасы әр тараптың 

қызығушылықтарын ескеру негізінде құрылуы тиіс 



 

ә) 

Ешқандай арнайы қарым-қатынас орнатудың қажеті жоқ, себебі қажет 

деген адам мектепке өзі келеді, ал қалғандарын «күштеп әкелудің» қажеті 

жоқ  

 

б) 

Барлық отбасылар мектеппен жүйелі түрде қатынас орнатуы қажет 

 

в) 

Басқа  

 

4. 

Қалай ойлайсыз, оқушылардың функционалдық сауаттылығын 

қалыптастырудағы мектеп жүргізіп отырған жұмысты барлық ата-аналар 

қолдайды ма? (екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады) 

а) 

Көп жағдайда, иә 

 

ә) 

Көп жағдайда, жоқ 

 

б) 

Жоқ  

 

в) 

Басқа  

 

5. 

Сіздің ойыңызша, оқушылардың функционалдық сауаттылығын 

қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің біртұтас жүйесі 

бар ма? 

а) 

Иә  

 

ә) 

Жоқ, ол қажет те емес  

 

б) 

Жоқ  

 

в) 

Басқа  

 

33 


 

Ә қосымшасы 

 

Ата-аналар үшін сауалнама 

1. 

Сіз қандай құндылықтарды оқушылардың функционалдық сауаттылығын 

қалыптастырудағы мектеп және отбасы шығармашылығының басым түрлері деп 

атар едіңіз? (екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)  

а) 

отбасы 

 

ә) 

денсаулық 

 

б) 

білім беру 

 

в) 

басқа 

 

2. 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және 

отбасы шығармашылығының түрлері туралы біліміңіз жеткілікті деп санайсыз 

ба? 

а) 

Иә  

 

ә) 

Иә, жеткілікті деуге болады 

 

б) 

Жоқ  

 

в) 

Жоқ , жеткіліксіз деуге болады 

 

3. 

Сіз қалай ойлайсыз, оқушылардың функционалдық сауаттылығын 

қалыптастыруда мектеп қандай міндеттерді атқаруы тиіс, ал отбасы – қандай? 

(екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)  

Мектеп міндетті: 

а) 

оқытуға 

 

ә) 

тәрбиелеуге 

 

б) 

денсаулықты нығайтуға ықпал етуге 

 

в) 

басқа 

 

Отбасы міндетті: 

а) 

тәрбиелеуге 

 

ә) 

қамтамасыз етуге 

 

б) 

денсаулықты нығайтуға ықпал етуге  

 

в) 

басқа 

 

4. 

Мектеп және отбасы ынтымақтастығы аясында оқушылардың функционалдық 

сауаттылығын қалыптастырудағы ақпаратты қандай дереккөздерінен аласыз? 

(екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)

 

 

а) 

бұқаралық ақпарат құралдарынан (ТВ, радио, газеттер, журналдар) 

 

ә) 

білім беру мекемесі жетекшілерінің ақпаратынан, хабарламаларынан  

 

б) 

білім беру ұйымдарының сайтынан  

 

в) 

басқа 

 

5

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы отбасы және 

мектеп ынтымақтастығына кедергі болатын маңызды мәселе қандай, атаңыз 

(екіден артық емес нұсқаны таңдауға болады)  

а) 

ата-аналардың қызығушылығының болмауы  

 

ә) 

ата-аналардың ақпараттан хабардар болмауы 

 

б) 

проблемаларды білмеуі 

 

в) 

басқа  

 

34 


 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

 

1.

 



Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми 

мәтін. Астана: Әділет, 2012. – 14 б.  

2.

 

Назарбаев,  Н.  Ә.:  Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға 



Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  жиырма  қадам  /  Н.Ә.  Назарбаев  //  Егемен 

Қазақстан. – 2012. – 10 шілде. 

 

3.  Назарбаев,  Н.  Ә.  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан 



дамуының  басты  бағыты»  Қазақстан  халқына  Жолдауы  /  Н.Ә.  Назарбаев  // 

Егемен Қазақстан. – 2012. – 28 қаңтар. 

4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 

арналған  Мемлекеттік  бағдарламасы  /  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы // ресми мәтін. – Астана, 2012. – 

114 б.  


5. 

Крупник,  С.А.  Функциональная  грамотность  /  С.А.  Крупник,  

В.В. Мацкевич. − М.: Педагогика, 2010. 

6

.  Сметанникова,  Н.  Н.  Грамотность.  Единственное  или  множественное 



число? / Н.Н. Сметанникова. − М.: Баласс, 2002. 

7

.  Леонтьев,  А.А.  От  психологии  чтения  к  психологии  обучения/  



А.А. Леонтьев. − М.: УМЦ «Школа 2100», 2011. 

8.  Байтажикова,  К.А.  Материалы  августовской  конференции/  

К.А.  Байтажикова.  Научно-практический  центр  «Дарын»  МОН  РК  –  /  

10-


12 августа, 2012. //Электронный ресурс. – Режим доступа: http://daryn.kz. 

9. 


Рауандина,  А.К.  Қазақ  тілін  оқытуда  оқушылардың  функционалдық 

сауатгылығын 

қалыптастыру 

әдістемесі 

(орыс 

тілді 


мектептердің  

5-6-


сыныптары):  педагогика  ғылымдарының  канд.  ...  дис.  авторефераты: 

28.12.2010 қорғалды / А.К. Рауандина. – Алматы, 2009. – 32 б.  

10. Бунеев, Р.Н. Понятие функциональной грамотности / Р.Н. Бунеев. – М.: 

УМЦ «Школа 2100», 2003. 

11. Перминова, Л.М. Минимальное поле функциональной грамотности (из 

опыта С.-Петербургской школы)/ Л. М. Перминова. – С.-Пб.: Педагогика, 1999. 

– 

№2.  


12. Нарикбаева, Л.М. Подготовка будущего учителя к работе с одаренными 

детьми:  метод.  пособие  /  Л.М.  Нарикбаева,  С.И.  Калиева.  –  Алматы:  Изд-во 

АГУ, 2001. – 45 с.  

13

.  Джуринский,  А.  Сравнительная  педагогика  /  А.  Джуринский  // 



Школьное воспитание: уч. пособие для студентов. – М: Просвещение, 2007. – 

Гл. 1. 


14

. Дерябин, Ю.С. Сравнительная педагогика. Педагогика / Ю.С. Дерябин // 

2004. – 

№ 4. 


15 

Результаты  Международного  исследования  PISA  2009  в  Эстонии 

//Электронный ресурс. – Режим доступа: ttp://www.hm.ee/index.php?2512166. 

35 


 

16.  Алишев,  Т.Б.  Система  образования  в  Сингапуре  /  Т.Б.  Алишев,  

А.Х.  Гильмутдинов  //Электронный  ресурс.  –  Режим  доступа:  my-volga.ru/ 

content/ sistema-obrazov.  

17

.  Уроки  американской  школы.  Об  обучении  функциональной 



грамотности  в  американской  школе  /  Курс  «Развитие  навыков 

функционального  чтения»  //Электронный  ресурс.  –  Режим  доступа: 

hij.ru/read/articles/view/243/. 

18

.  Кусаинов,  А.  К.  Знаем  ли  мы  своих  детей?  /  А.К.  Кусаинов,  



К.Ж. Кожахметова, М.Е. Демеуова. – Алматы: Изд-во РОНД, 2004. 

19.  Байбородова,  Л.  В.  О  работе  классного  руководителя  /  

Л.В. Байбородова, В.П. Сергеева, Е.Н. Степанова, М.И. Рожков. – М.: Владос, 

2001. – 274 

с.  

 

36 


 

Мазмұны 

 

Кіріспе..................................................................................................................    3 



Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мәселелерін  

зерттеу әдіснамасы....................................................................................... 

 

  5 



Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы  

мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны............................. 

 

13 



2.1 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы  

мектеп және отбасы өзара іс-әрекетінің Қазақстан Республикасы  

білім беру ұйымдарының тәжірибесі......................................................... 

 

 

15 



2.2 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы  

мектеп және отбасы өзара іс-әрекетінің шетелдік тәжірибесі................. 

 

20 



Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы  

отбасы және мектептің өзара әрекеттесу түрлері..................................... 

 

26 



Қорытынды......................................................... .................................................  32 

Қосымшалар.................................................. ................................................... 

33 

Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................  35 



 

 

 



 

 

37 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы  

мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері 

 

Әдістемелік құрал 



 

 

Басуға 19.04.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84 



1/

16

. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс. 



Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 2,3. 

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК 

010000, Астана қ., Достық көшесі 20, «Санкт-Петербург» с.-і. о., 13-қабат. 

 

 



38 

 

Document Outline

  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 38 б.
  • Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.
  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалд...
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында стратегиялық жаңғырту барлық саланы, сонымен қатар, білімді де түрлендіруді қажет ететінін атап ...
  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау бойынша нақты міндеттер Мемлекет басшысының 2012 жылдың 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында бе...
  • Ел үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның ынталылығы, шығармашылықпен ойлауы мен дәстүрлі емес шешім қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы білім алуға даярлығы – оның басты функционалдық қасиеттері болып...
  • Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет