Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет25/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57
тыңдалым: сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді, жеке 

басына  байланысты  айтылған  мәліметтерді,  сұрақтарды  түсіну;  отбасы 

мүшелерінің  сөйлеу  тілі,  киім,  өзінің  сүйікті  ісі,  мектептегі  үйірмелер, 

Интернет,  т.б.  туралы  үнтаспадан  тыңдаған  қысқа  хабарлардың  дұрыс, 

бұрыстығын  түсіну;  қазақ  тілін  үйренуге,  денсаулықты  сақтауға  қатысты 

айтылған  сөздерді  түсіну;  қысқаша  айтылған  жарнамалар  мен 

хабарландырудағы ақпараттарды түсіну дағдыларын; 

оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мәтіндерді  түсіну;  өзіне  таныс 

тақырыптар  бойынша  күнделікті  қолданылатын  сөйлемдерді  тауып  оқи  алу; 

мәтінді оқу түрлерін (мәтінді шолып оқу, таныса оқу, ізденіп оқу, зерттей оқу); 

мәтіннен  өзіне  қажет  мәліметтерді  іріктей  алу;  тақырып  көлеміндегі 

мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты оқып түсіне білу; мәтіннің тақырыбы мен 

берілген  қосымша  суреттер  бойынша  мәтіннің  негізгі  мазмұнын  анықтай  алу 

дағдыларын; 

айтылым:  қажетті  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  қолдана  отырып,  өз  отбасы 

және  басқа  адамдар  туралы,  олардың  өмірі,  оқуы,  мектебі  жайлы  айта  алу; 

өзінің қазақ тілін үйренуі, денсаулығына қатысты ой айту; белсенді лексикалық 

қорды пайдаланып сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастыру; 

балаларға арналған компьютерлік ойындар, Интернет туралы хабарлама жасау; 

мектептегі  үйірмелердің  жұмысы,  Астананың  сипаты,  т.б.  туралы  әңгімелеу; 

оқыған мәтін бойынша өз ойын жеткізе білу дағдыларын

жазылым:  сурет,  сызба,  кесте,  карта  бойынша  шағын  мәтін  құрастырып 

жаза  алу;  жеке  басы,  отбасы  туралы  мәліметті  қажет  ететін  іс  қағаздарын 

толтыра  білу;  жоспарланған  іс-шара  туралы  хабарландыру  жазу,  оларды 

сипаттап  жаза  алу;  біреуге  жазбаша  түрлі  мәліметтерді  жеткізе  алу;  оқыған 

мәліметтерді  жазу;  өзіне  ұнайтын  мәселелер  туралы  мәліметтерді  қосып,  хат 

жазу;  тірек  сұрақтарға  сүйене  отырып,  берілген  тақырыпта  шағын  шығарма 

жаза алу дағдыларын; 

тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  өзіне  таныс  тақырыптар  бойынша 

қысқаша  сөйлесе  білу;  күнделікті  тұрмыста  қолданылатын  сұхбаттарды 

қысқаша  сөйлемдер  арқылы  қолдай  алу;  әңгімені  бастау,  жалғастыру  және 

аяқтау  жолдарын  ажырата  алу;  диалог  түрлерінің  құрылу  жолдарын  тауып 

(мысалы,  сұрақ-жауаптан  тұратын  диалог,  іс-әрекетке  итермелейтін  диалог, 

жаңа  хабарды  білуге  бағытталған  диалог  т.б.),  өз  мақсатына  қарай  орынды 

46 

 



  

пайдалану;  жағдаятқа  сай  келісім  білдіру,  алғыс  айту,  кешірім  сұрау,  өтініш 

жасау дағдыларын меңгеруі тиіс.  

8- 


сынып оқушылары сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша: 

тыңдалым:  нақты  айтылған  ойды,  әдеби  нормаға  сай  сөйлемдерді  түсіну; 

мектепке,  жазғы  демалысқа,  тамақтануға,  Қазақстанның  қалалары  мен 

табиғатына,  т.б.  қатысты  тақырыптар  бойынша  берілген  ақпараттарды  түсіну 

және  қолдана  алу;  сөйлеушілердің  анық  және  асықпай  айтқан  ойларын, 

пікірлерін толық түсіне алу дағдыларын; 

оқылым:  күнделікті  және  өзінің  жеке  өмірі  мен  мектеп,  қоғам  өміріне 

байланысты  мәтіндерді  дұрыс  оқып  түсіну;  отбасындағы  сыйластыққа, 

жазушылардың  шығармашылығына,  Қазақстанның  тарихы  мен  бүгініне 

қатысты,  электрондық  байланыстар  жүйесін  пайдалануға  байланысты 

мәтіндерді оқып түсіну; мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал- 

мәтелдерді  таба  алу,  оларды  қарапайым  жағдаяттарда  өз  сөздерінде  орынды 

қолдану;  болған  жағдайға  байланысты,  сезімге  әсер  ететін  сөздер  мен 

сөйлемдердің мағынасын ұғына алу; 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет