Кіріспе
Қазақстан - әлемдегі көп ұлтың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасап
келе жатқан мемлекеттердің бірі. Осындай көп ұлтты мемлекеттердің ұлттық
саясатының діңгегі, тәуелсіздіктің тірегі, барлық ұлтты біріктіруші басты
факторы - мемлекеттік тіл болып табылады десек, біздің мемлекетіміздің
барлық ұлтты біріктіруші басты факторы- қазақ тілі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бiз барша қазақстандықтарды бiрiктiрудiң басты
факторы болып табылатын қазақ тiлiнiң одан әрi дамуы үшiн барлық күш-
жiгерiмiздi салуымыз керек»,- деп айтып өткен болатын[1]. Сондықтан да
мемлекеттік тілді өз мәртебесіне сай қоғам өмірінің күллі салаларына енгізу,
қолданыс аясын кеңейту- бүгінгі күннің өзекті де келелі мәселелердің бірі
болып отыр.
Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа жолдарын іздеу қоғамдағы әлеуметтік
өзгерістерге байланысты әр кезеңде өз дәрежесіне сай сұраныста болды.
Елімізде бүгінгі күнге дейін мемлекеттік тілді үйретудің баршаға ортақ
стандарты, тұжырымдамасы, бағдарламасы жасалынбағандықтан да тіл үйрету
балабақшада өзгеше, мектепте бөлек, жоғары оқу орындарында басқаша,
ересектерді оқытуда да әртүрлі бағыттар бойынша өткізілді[2]. Әйтсе де, қазақ
тілін оқыту, оның әдістемесін жетілдіру мәселесі күн тәртібінен түспей келді.
Еліміздің алдына қойған мақсат-ұстанымдарына қарай 2011 жылдың 29
маусымында «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасы» қабылданды.
Бұл бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық
этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы
ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу
орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік
саласында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажеттілігіне
айналдыру.
Құжатта: «Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру арқылы
Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру
жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. Бұл жүйенің өзегінде
үшқұрамды негіз бар - мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру,
оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және мемлекеттік тілді меңгеру процесін
ынталандыру», [3]- деп көрсетілген.
Қазақ тiлiн оқыту әдiснамасын жетiлдiру үшiн, ең алдымен, оқытудың тиiстi
стандарттарын жетiлдiру және үздiксiз бiлiм беру моделiн жасау арқылы
мемлекеттiк тiлдi меңгеру деңгейiн бағалау жүйесiн енгiзу қарастырылып отыр.
Ал осы үздiксiз бiлiм беру моделi арқылы қазақ тiлiн оқытудың стандарты
негiзiнде шығармашылық педагогикалық iзденiстiң және оқытудың жаңа
әдiстемелерiн әзiрлеудiң тұрақты процесi сөзсiз қажеттiлiкке айналатын
болады.
3
Аталып отырған бағдарламаның басты ерекшелігі- оны балабақшадан
бастап орта мектепте, ЖОО-ларда мемлекеттік тілді оқытудың үздіксіз жүйесін
жасау, ал екінші ерекшелігі- барлық мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ
халықпен тікелей қоян- қолтық жұмыс істейтін кәсіп иелеріне мемлекеттік тілді
белгілі бір дәрежеде білу мәселелері де көзделгендігінде болып отыр.
Қазақстан Президентінің дәстүрлі жолдауында мемлекеттік тілге қатысты:
«Қазақстандықтардың өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға бастап бара
жатқан туған жерге атауын берген, мемлекеттік қазақ тіліне құрметпен және
лайықты оқып үйрене бастағандығын атап өтудің өзі қуанышты. Бұл
тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі. Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай
мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға жеткізу. Ал 2020
жылға қарай олар кемінде 95 пайыз құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп
бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады» деп
нақтылап өткен. Бұл «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының» ең басты нәтижесі болмақ», [4] –деп
айтылған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік тілдің дамуына зор көңіл бөлінуде.
Орталық және жергілікті атқарушы органдарда, республика өңірлеріндегі
жоғары оқу орындары жанынан қазақ тілін оқыту орталықтары құрылды,
міндетті оқыту курстары енгізілді, қазақ тілінде іс жүргізу, негізгі және орта
жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту
енгізілді [3].
Түптеп келгенде, бағдарламада көрсетілген мақсат-міндеттер - қазақ тілінің
мемлекеттік тіл мәртебесінде ұлықталуы үшін орындалуы міндетті әрі парыз
болып саналатын қастерлі мұрат болып табылады.
4