Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет7/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57
Байланысты:
халықаралық стандарт

Тыңдалым  –  дыбысталып  жатқан  сөйлеуді  бір  сәтте  қабылдау  қызметі. 

Тыңдалым оқушының сөйлеу әрекетінің дамуына стимул бере отырып, оқыту 

үдеріс  дұрыс  басқаруды  қамтамасыз  етеді.  Оқушы  тыңдалым  арқылы  жаңа 

тілдік,  сөйлеу  және  елтанымдық  материалдармен  танысып,  сөйлеу  әрекетінің 

барлық түрлеріне қатысты дағдысы мен шеберлігін дамытады.  

Оқылым  –  мәтіндегі  жазылған  ақпаратты  алуға  бағытталады,  яғни  

жаттығуды  оқи  отырып,  тапсырманы  түсіну  үшін  қажет.  Сондай-ақ  мәтіннің 

мазмұнын  айту  үшін,  ең  алдымен,  оны  оқу  керектігі  белгілі.  Жалпы  алғанда, 

оқылым – тілді меңгерудің бір тәсілі, сөздік қорды көбейтудің құралы; оқылым 

– 

грамматикалық  құрылымдарды  есте  сақтауға  мүмкіндік  береді;  сол  тілде 



сөйлеуге, айтылымды жетілдіруді қамтамасыз етеді.  

Айтылым  –  қабылдау  және  сөйлеудің  туу  үдерісімен  байланысты.  Барлық 

адамның сөйлеу ағзалары бірдей болғанымен, артикуляциялық базасы түрліше. 

Мұнда  орфоэпияға  көп  көңіл  бөлген  жөн,  өйткені  қазақ  тіліндегі  сөздердің 

барлығы жазылуына қарай айтыла бермейді.  



Сөйлесім  (тілдесім)  –сөйлеу  әрекетінің  түрі.  Тыңдалымға  кері  үдеріс.  Бұл 

ретте  коммуникативтік  дағдыға  үлкен  назар  аударылуы  керек,  яғни  қарым-

қатынасты  бастау,  өз  серіктесіне  қарым-қатынастың  жалғасын  табу  үшін 

стимул беру.  



Жазылым  –  айтылған  мәтіндегі  сөздер  мен  сөйлемдерді  сауатты  жазуға  

бағытталады. Жазылым арқылы оқушылардың сөздік қорын көбейтуге болады. 

Сондай-ақ, оқушылар өзінің жеке басына қатысты хат жаза білуге; құжаттарды 

толтыруға  үйренеді;  ұсынылған  тақырып  көлеміндегі  мәселелер  бойынша  өз 

ойын қысқаша жазбаша білдіре алады.  

Осындай  сөйлеу  әрекеттері  арқылы  қазақ  тілін  өзге  ұлттарға  үйрету 

барысында  балалардың  психологиясына  да  назар  аудару  қажет,  өйткені  тіл 

дамыту  мәселесі  психологиямен  тығыз  байланысты.  Тілді  қатысымдық 

тұрғыдан меңгерту  бірнеше психологиялық факторлар арқылы жүзеге асады.  

      


Тілдік  қатынастың  психологиялық  негізі  тіл  арқылы  ойды  айту,  жеткізу, 

қабылдау,  сезіну  құбылыстарымен  байланысты  болғандықтан,  сыртқы 

объективтік  шындықтың  әсерінен  адамның  есту,  көру  сезімдері  дамып, 

адамның ойлау қабілеті артады. Ойлау тіл арқылы сыртқа шығып, тіл адамның 

ойын екінші бір адамға жеткізеді. Белгілі бір тілде сөйлеу үшін сол тілдің тілдік 

құралдарын саналы дұрыс қолдана білуі керек. Оны дұрыс қолданудың басты 

11 

 



  

ережесі  көзбен  көру,  құлақпен  есту,  мимен  ойлау  арқылы  іске  асады.  Тілдік 

коммуникацияның  психологиялық  негізі  күрделі,  себебі  ол  адамның  ойлау 

жүйесімен байланысты.  

 

Тілдік  және  қатысымдық  тұлғалар  ойлау  жүйесінің  нәтижесінде  дұрыс 



қолданылып,  тілдегі  сөйлесім  әрекеті  арқылы  жүзеге  асады.  Сондықтан  тілді 

үйрету барысында әрбір баланың жеке қабілетін, саналығы еске алынып, жан-

дүниесі  ескеріледі.  Тіл  үйретуші    оның  ойлау  дағдысын  бекітуге  күш  салуы 

қажет.   Тілдік қатынастың психологиялық негізі – тілді оқыту барысында тіл 

үйренушінің  сана-сезіміне  әсер  етіп,  оның  қажеттігі  мен  маңызын  түсіндіріп, 

пәнге деген дұрыс көзқарас қалыптастырады.     

  

Психологтардың ойынша, тіл дамыту әрекетінің барлық сатысында қарым-



қатынас  жасау,  пікір  алысу  болу  керек.  Қарым-қатынастың  түпкі  негізі  – 

адамдардың  бір-бірімен  пікір  алысуында.  Адамдардың  арасындағы  қарым-

қатынасты қамтамасыз ету ең алдымен тілге байланысты. Яғни, тіл – адамдар 

арасындағы  қарым-қатынастың  негізі  болуымен  қатар  пікір  алысатын 

құралы[9]. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет