Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет9/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
«Кімнің тісі таза» ойын-жаттығуын жүргізуге болады.  

Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету. 

Қысқаша  сипаттамасы:  ауызды  аздап  ашып  тұрып,  тілді  оңға-солға 

жылжытып, тілдің ұшымен жоғарғы тістерін іш жағынан «тазалайды».  

Ерін жымиған  күйінде, астыңғы, жоғарғы тістері көрініп тұрады. Тіл ұшы 

жоғарғы тістердің түбінде орналасады.  

Осы  кезеңде  артикуляция  мүшелерін  жүйелі  жаттықтыру  қажет,  қажетті 

қалып беру мақсатында, тілдің бұлшық еттерін жаттықтыруға, еріннің, жақтың 

қозғалмалығына бағытталған, ауа ағынын, дұрыс тыныс алуды қалыптастыруға 

бағытталған жаттығулар жүргізіледі. Сөйлеу аппаратын дайындау мақсатында 

алуан  түрлі  ойын  түрінде  жүргізілетін  жаттығулар  қолданылады,  бұл  өз 

кезегінде оларды бірнеше рет қайталау үшін жағдай жасайды.  

Екінші  -  тіл  дыбыстарының  қалыптасуы  немесе  дыбысты  қою  кезеңі  – 

дыбыстың  жеке  айтылуын  қалыптастыратын  ойын  жаттығулары  арқылы  іске 

асады. Дыбыстарды қою артикуляциясы бойынша оңай дыбыстардан басталады 

және  аса  қиын  дыбыстармен  аяқталады  (бағдарламада  көрсетілгендей); 

олардың  бірізділігі  фронтальды  және  жеке  жұмыс  үшін  сақталады  (ызың, 

ысқырық,  р,л,ң).  Дыбыстың  толыққанды  болмауы  немесе  оның  тұрақсыз 

дыбысталуы көпшілік мектепке дейінгі жастағы балаларда жиі байқалады, бұл 

жағдайда баланың зейінін тіркеу жеткілікті. Бұл еліктеу бойынша дыбысты қою 

болып  табылады. Мысалы  «Р»  дыбысы  бойынша  дыбысты  қою  кезеңі  «ұшақ 

ұщуға  дайындалады»,  «мотоциклдің  моторы  жұмыс  істеп  тұр»,  «иттің  және 

күшіктің ырылдауы» сияқты ойын-жаттығулары арқылы жүргізіледі.  

Үшінші  -  дыбыстарды  бекіту  және  автоматтандыру  кезеңі.  Дыбыстарды 

автоматтандыру - бұл дыбысты буын, сөз, сөйлем ішінде дұрыс айтқызу. Бала 

дыбысты  жеке  тұрған  күйінде  дұрыс  айтқанымен,  сөйлеу  тілінде  оны  басқа 

дыбыстармен  шатастырып,  кейде  түсіріп,  кейде  қате  айтуы  кездеседі. 

Дыбыстың сөз, сөйлем ішінде дұрыс айтылуын қалыптастыру жаңылтпаштар, 

жұмбақтар,  мақал-мәтелдер,  түрлі  тапсырмалар  орындау  бағытындағы  ойын 

жаттығулар  бойынша  жүргізіледі.  Мысалы,  р  дыбысын  буын,  сөз,  сөйлем 

ішінде айтқызып жаттықтыруда (сергіту сәті ретінде қимылмен орындалады)  

Ра-ра-ра – ұшып келді ара, 

Ар-ар-ар – тауға жауды қар 

Ыр-ыр-ыр– шаршап қалсаң отыр. немесе  

     

Омар ора алар, 

     

Омар  ора  алмаса,  Орал  ора  алар  сияқты  жаңылтпаштарды  пайдалануға 

болады. 


Төртінші кезеңде дыбысталуы бір-біріне жақын, шатастыратын дыбыстарды 

ажырату  бағытында  жұмыстар  жүргізіледі.  Дыбыстарды  ажырату  бойынша 

жұмыстар  шатастыратын  екі  дыбысты  баланың  кез  келген  үйлесімде  дұрыс 

айтпауынан  басталады,  сонымен  бірге,  әрдайым  дұрыс  қолданыла  бермейді 

және  басқа  дыбыспен  алмастырылады.  Балалар  жаңа  дыбысты  бірқатар  ұқсас 

16 


 


  

дыбыстардан  айыра  алмайды  және  оларды  шатастырады  (тарақ  –  «талақ», 



қар– «қал», «қай»). 

Алайда,  тілдің  дыбыстық  жағын  қалыптастыру  жұмысының  осынша 

мәнділігіне  қарамастан,  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  мектепке  баратын  әрбір 

баланың таза сөйлеуі үшін барлық мүмкіндіктер пайдаланылмай келеді. Зерттеу 

материалдары  бойынша  дыбыстарды  дұрыс  айтуы  жетілмей  мектепке  келген 

балалардың  15-20  %  балабақшадан  келген  балалар,  бес  жасында  мұндай 

балалар 50% шамасында. Сондықтан да бүгінгі күні тіл  дыбыстарын меңгерту 

мәселесі өзекті болып қала береді.   

Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден-бір жолы – 

өзара  тілдік  қарым-қатынас  болғандықтан,  ол  әр  баланың  табиғи  қабілетін 

ескере  отырып,  балаға  көмекші  әрі  сүйемелдеуші  болып,  әрдайым  жанында 

достық қарым-қатынаста  болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-

тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады.  

Мектепке  дейінгі  балаларға  қазақ  тілді  үйретудің  басты  шарттары  топқа 

жағымды  психологиялық  климат,  мейірімді  орта,  қазақ  тілінде  тілдесудің  

қуану сияқты факторлары өз септігін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың 

сөздік  қорын  дамыту,  сөздіктерінің  белсенділігін  арттыру,  күнделікті  өмірде 

қолдана  білуіне  бағыт  беру,  қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды  дұрыс  айтуға 

жаттықтырып,  тіл  мәдениетін  жетілдіру,  сөйлем  құрап,  сөйлесу  тәжірибесін 

ұдайы ұйымдастыру балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады. 

Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен 

қажеттісін  таңдап,  оқу  іс-әрекеттің  әр  кезеңінде  тиімді  қолдану  жолдарын  да 

білу  қажет.  Мәселе  технологияларды  кеңінен  пайдалану  емес,  бастысы  - 

тұлғаны  нәтижеге  бағыттай  білім  беруде.  Қазіргі  таңда  көрнекілік  әдісі  мен 

техникалық  құралдарды  қолдану  әдісін  ақпараттық-коммуникативтік 

технологияның  бір  өзі  атқара  алады.  Ақпараттық  технология  –  ақпараттарды 

жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер 

мен  өндірістік  және  бағдарламалық-технологиялық  құралдардың  жиынтығы 

болып  табылады.  Қазақ  тілін  оқытуда  жаңа  технологияларды,  техникалық 

құралдарды  оқу  іс-әрекетте  жан-жақты  қолдану,  педагогтың  көптеген 

қиындаған  қызметтерін  жеңілдетіп,  осы  іскерліктің  ұстанымды  жаңа 

тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. 

Осыған орай, ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану арқылы әдетте 

шынайы  өмірлік  жағдайлар  келтіріліп,  балалардың  салыстыруға,  өз  ойларын 

сол  тақырыпқа  сай  жеткізе  білуге  машықтандыра  отырып,  онлайн  желісінде, 

балаларға арналған «Балапан» телеарнасында тікелей эфирде жүргізіліп жатқан 

бағдарламаларды:  «Бала  тілі-  бал»,  «Он  саусақ»,  «Күлегеш»,  «Ғажайпстанға 

саяхат»,  «Санамақ»,  «Дәрумен»  «Мыңнан  жүйрік,  жүзден  тұлпар»  сияқты 

көптеген бағдарламаларына қызықтыру, насихаттау қажет.  

Ақпараттық  технология  арқылы  оқу  іс-әрекеттерін  түрлендіріп,  жаңаша 

ұйымдастыра  алуға  мүмкіндік  туады.  Тақырыпқа  байланысты  бейнежазба 

көрсету  арқылы  балардың  оқу  іс-әрекетке  деген  ықыласын  көтеріп, 

17 

 



  

белсенділігін  арттыруға  болады.  Ақпараттық  технологияның  көмегімен 

жүргізілетін шараларда – бала өзін белсенді және еркін ұстай алады.  

Балалардың  сөйлеу  тілін  жетілдіру  үшін,  яғни  қазақ  тіліне  тән  тоғыз 

дыбысты айтуға төмендегі жаттығулар арқылы үйретуге болады.  

Ә; І; Ң; Ү; Ұ; Қ; Ө; Ғ; Һ  

Оқу іс-әрекет барысында «Жеті лақ» ертегісімен танысатын болсақ 

1. Оқимыз. 

2. Ертегіні аудио таспа арқылы тыңдаймыз.  

3. Ертегіні интерактивті тақтамен көру. 

4. Ертегіні кейіпкерлерге бөлу. 

5.  Ертегідегі  (қасқыр,  лақ)  сөздеріндегі  «Қ»  әрпіне  тілдерін  жаттықтыруға 

арналған жаттығулар жасату. 

Мысалы: Қ-дыбысының айтылуын. Қа; Қо; Құ;Қы; Қи; Қу; 

Айнамен жаттығулар орындату дыбысты таза, анық айтуға жаттықтыру. 

1. Ертегіні сахналау 

2. Саусақ театры арқылы ойнату 

Тілдік  қарым-қатынаста  түсіну  дағдыларын  дамыту  (тек,  қазақ  тілін  де 

түсіндіру). 

«Сөзбен  ойнау  арқылы  ғана  бала  -  тілдің  нәріне  ғана  сусындайды,  оның 

сазды үнін жанына сіңіреді» - деген ұлағатты қағида бар. 

Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды оқу іс-

әрекетте  жан-жақты  қолдану,  педагогтың  көптеген  қиындаған  қызметтерін 

жеңілдетіп,  осы  іскерліктің  ұстанымды  жаңа  тәсілдерінің  пайда  болуына 

мүмкіндік туғызады. 

Қазақ тілін үйретуде ойын элементтерін қолдану өте тиімді. Ойын арқылы 

бала бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады.  

Сондай-ақ, балабақшадағы  әрбір педагог қазақ тілін үйрету үшін өз үлесін 

қосуға тиісті.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет