“Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы” Ы.Алтынсарин
Өмірбаяны
Өмірбаяны:
•Туған жері: Қостанай облысы, Затабол ауданы
•Шын аты: Ибраһим
•Атасы: Балғожа
•Мектепте ол алғаш татар тілінде оқиды
•Кейін орыс тілінде аяқтайды
•Жеті жылдық мектепті бітіреді
•Балаларға арнап мектептер ашады
•Қыздар үшін де мектептер ашады
Отбасы
•Жұбайы: Айғаным
•Балалары: Абдолла, Әбдірахман,Шарипа.
•Әбдірахман мен Шарипа жас кезінде қайтыс болған.
•Абдолланның Нағима атты қызы – Ыбырай Алтынсариннің жалғыз немере қызы.
Алтынсариннің қызметі мен өмірі туралы даталар
•1850 – 1857 жылдар арасында Орынбордағы орыс мектебінде оқиды;
•1857 – 1864 Орынборда тілмаштық қызмет атқарған;
•1879 Орыс әріпімен қазақ әліппесін;
•1880 – 1889– Оқу хрестоматияларын бастырып шығарды;
•1888 – Алтынсариннің ұсынысы бойынша мұғалімдер мектебі ашылды.
•1976жылы – Алтынсариннің Арқалық қаласында мемориалдық педагогикалық мұражайы ашылды.
Жаңашыл педагог
Ыбырай Алтынсарин дүниежүзі педагог классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оқу-ағарту тәжрибесіне енгізген тұңғыш педагог болды. 1860-1879 жылдар арасында Ыбырай Алтынсарин мұғалімдік, ағартушылық қызметі мен қатар басқада қызметтер атқарды. 1868-1874 жылдары Орынбор генерал губернаторының арнай тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы, 1876-1879 жылдары Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болды. Инспекторлық қызметке кіріскен кезден бастап, Ыбырай Алтынсарин зайырлық мектептер ашуды қолға алды. Ең алдымен,ол облыстық, уез орталықтарында училищелер ашуға шешім қабылдады.