«Ы. Алтынсариннің педагогикалық іс-әрекеті» тақырыбына баяндама


Ыбырай Алтынсарин жазған “Қазақ хрестоматиясы”



бет3/5
Дата09.05.2022
өлшемі37,36 Kb.
#33077
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 тапсырма

Ыбырай Алтынсарин жазған “Қазақ хрестоматиясы”1879 жылы яғни 137 жыл бұрын жазылған бұл оқулық Орынбор қаласында жарияланған. Орыс әліпбиіне негіздеп жазған, бұған дейінгі қазақ кітаптары татар тілінде шығарылып, арап, парсы сөздерінің араласуымен жазылған әрі оқушыға түсініксіз болған. Ыбырай Алтынсариннің өз сөзімен алғанда: “... Азия халықтарының ешбірінде жоқ екенін еске алып, біз мұндай жетекші оқу құралдарын жақын жердегі орыс тілінен іздеуге мәжбүр болдық; сондықтан шығарғалы отырған кітабымыз көздеген мақсатына сәйкес болып, орыстың ғылыми және жалпы пайдалы кітаптарына тікелей жол салып беру үшін, осы кітабымызды орыс әрпімен бастырғанды жөн көрдік”- дейді. Шынында да осы кітап негізінде оқушыларға арналған оқулықтар шыға бастады. Бұл кітаптағы шығармалардың адамгершілік, еңбексүйгіштік, әдептілік пен инабаттылық , зейінділік пен зеректік, ата-ана, ел мен жұртқа деген сүйіспеншілік, құрмет идеялары ескірмейтін асыл мұра. Сан мәрте жаңалап басылған кітап әр кезеңнің оқырманына түсінікті жазумен басылуда. Кеңес дәуірінде орта мектептің әдебиеттік оқу құралдарында және жеке жинақтарда бірнеше рет басылды. Социализм кезіндегі идеологиялық саясатқа байланысты, автордың кейбір сөздері (Құдай, пайғамбар) сөздері алынып тасталды. Алғашқы атауы“Киргизская хрестоматия” болды. Кітаптың тұңғыш редакторлары орыс азаматтары болғандықтан қазақ сөздерін қалай естісе солай бұрмалап басқан. “Қалай болғанда да , бұл кітап қазақ кітап бастыру тарихында таза қазақ тілінде алғаш рет жарияланған кітап. Еліміздің рухани алтын қорындағы әдеби мұра болып саналады” делінген 2007 жылы “Білім” баспасынан шығарылған “Қазақ хрестоматиясы” кітабында. Мұнда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми қызметкерлері.

Кітаптың ішінде Ы.Алтынсариннің өнер білімге шақыратын, табиғат туралы өлеңдері бар, олар бастауыш сынып оқушыларына мазмұны жағынант үсінуге жеңіл, әрі жаттауға оңай. Аударма әңгімелер, Ыбырайдың өзінің де жазған әңгімелері бар, мақал-мәтелдер де жазылған. Тәрбиелік мағынасы балаларды әңбексүйгіштікке, адалдыққа, мейірімділікке бастайды. Бүгінгі білім бағдарламасы да оқу материалдарының оқушының жас ерекшелігіне сай болуын талап етеді. Бүгінгі күнмен сабақтастығы да осында.

Орыс тілін қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал” — орыс графикасына негізделіп жасалған ең алғашқы оқулық. 1879 жылы Орынбор қаласында шыққан. Бұл орыс тілі грамматикасы қысқаша курсын қамтитын оқу құралы. Оқулықта жеті бөлім бар:

1) Нәрселердің аттары (зат есім). Имя существительное; 2) Зат-мақұлықтың қасиетінің аттары (сын есім); 3) Есеп аттары (сан есім). Имя числительное; 4) Местоимение деген сөздің бөлімі (есімдік); 5) Ақыры өзгерілмейтін сөздер (үстеу, демеу). Наречие и союз; 6) Предлог деген сөздің бөлімі (жалғау); 7) Глагол деген сөздің бөлігі (етістік). Қазақшадан орысшаға көшіруге арналған сөздер. Оқулықтың алғы сөзінде оқу құралын қалай оқыту жөнінде әдістемелік нұсқау берілген (оқыту әдісі бөлімдерден кейін де көрсетіліп отырады). Әрбір бөлім сөздіктен тұрады. Әрқайсысынан кейін орыс грамматикасының негізгі, басты ережелері ұсынып отырады (мысалы, септік жалғаулары, көпше, жекеше түр, род, реңк мәнді жұрнақтар, зат есімнен жасалатын сын есімдер, шырай түрлері, етістіктің шақтары, райлары т. б.). Ережелер қабылдауға оңай нұсқауда келтірілген. Сөздердің тізбесін, грамматикалық ережелерді беруде арнайы әдістемелік мақсат көзделінген: оқушы әдебиеттік оқуды меңгермес бұрын, жекелеген сөздердің тобымен, бастапқы, негізгі ереже түрлерімен таныс болады, жүйелі дайындық курсынан өтеді. Оқулық бірде-бір орыс сөзін білмейтін қазақ баласына тіл үйрену неден қалай басталуы керек деген мәселені қояды. Бұл — сол кезеңдегі орыс грамматистері мен әдістемешілері де қолға ала қоймаған күрделі жұмыс. Тіл үйрену үстінде бала екі бірдей дағдыны қатар игереді.     

Оқулықта орыс тілі мен қазақ тілі грамматикасын салыстыра оқыту қажеттігі басым айтылған. Бұл оқу құралы сол кезең үшін де және қазіргі талап тұрғысынан да терең негізгі лингвистикалық-әдістемелік еңбек болып табылады. Мұнда шет тілін жаңадан бастап үйренуге арналған оқу құралының сипаты қандай болуы керек деген мәселе шешімін тапқан. Сонымен бірге екі тілдің грамматикасы үйлестіре оқыту мәселесі де алғаш рет Алтынсарин заманында қолға алынған. Шет тілінде дұрыс жазуға үйрету, тіл ұстарту мәселелері көтеріледі. Алтынсариннің оқу құралы тіл үйренудің лингвистикалық негізгі тілдің лексикалық жүйесіне негізделуі керек деген қортындыға әкелді.

Алтынсариннің пікірінше, мектептерге арнап жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің, халық даналығының бай қазынасына негізделуі тиіс болды.

1868 жылы Орынбор генерал-губернаторлығы екіге бөлінді: бірі-Торғай, екіншісі-Орал облысы, осы кезде Ы.Алтынсарин Торғай уездік сотының уақытша қызметкері болды. Осы қызметте істей жүріп қазақ даласында болып жатқан небір әділетсіздікке куә болды. Қорғансыз қарапайым халыққа көмек жасады. Айта кететін бір жай очерктер қатарына кіретін “Жұт туралы” шығармасында шұрайлы жерінен айырылған қазақтар отырықшылыққа мәжбүрленді, егін егуге, мал бағуға қолайсыз тастақ жерде тырбанып тіршілік етіп жатқан қазақтардың өмірі, құрғақшылықтан халықтың жұтқа ұшыраған аянышты халін суреттеп, ақ патшадан халыққа көмек сұраған халықшыл азаматтың бейнесін көреміз.

Алтынсарин өз мақалаларында жерді пайдалану, қазақтардың отырықшылыққа көшуі, т.б. мәселелерді көтерді. Ресей империясының қазақ даласын отарлау, қазақ еңбекшілерінің шұрайлы жерлерін мемлекет қорына тартып алу жөніндегі заң жобасына 1880 жылы «Оренбургский листок» газетінде өз наразылығын білдірді. Этнографиялық очерктер де жазды. Мұнда қазақы салт-дәстүрлер адам өліміне қатысты ғұрыптарды, құда түсу дәстүрін егжей-тегжейлі баяндады

 Ағартушы жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосты. Ол қазақ жастарын, ең алдымен, оқу, өнер, білім, техниканы игеруге шақырды Автор оқу, білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлық қажет екенін ескертеді. 








Ы.Алтынсарин жазба әдебиетке тән проза жанрының да негізін қалады. Ол - тұңғыш рет балаларға арнап әңгіме жазған жазушы. Ыбырай әңгімелерінің басты ерекшелігі-жақсы мен жаманды салыстыра отырып әңгімелеу арқылы балалардың санасына ой салу, тәрбиелеу. Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Ы.Алтынсариннің «Екі жолдас», «Бір уыс мақта», «Қисық ағаш», «Таза бұлақ», «Шеше мен бала», «Ақымақ дос», «Тазша бала», «Қыпшақ Сейтқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Талаптың пайдасы», «Бақша ағаштары», «Асыл шөп», «Байұлы», «Мейірімді бала», «Дүние қалай етсең табылады», «Жиренше шешен», «Бай мен жарлы баласы», «Әке мен бала», «Мақта қыз бен мысық» және т.б. әңгімелері бар.

Ы.Алтынсариннің мектептерінен қазақ қоғамының белгілі азаматтары білім алып шықты. Олар:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет