«Ы. Алтынсариннің педагогикалық іс-әрекеті» тақырыбына баяндама



бет5/5
Дата09.05.2022
өлшемі37,36 Kb.
#33077
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 тапсырма

Ахмет Байтұрсынов бүкіл қазаққа рухани мектеп болды. Жаңа мектептер ашудың жолдарын көрсетті. Ол – ағартушы, ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы.Ыбырай бстаған игі істі тағы да Ахмет жалғастырды. Қазақ халқының тарихында тұңғыш рет ол қазақ тілі және әдебиеті бойынша «Тіл құралы», «Сауат ашқыш» және «Әдебиет танытқыш» үш томдық көлемді де салмақты еңбек жазды.

Біләл Аспандияров– көрнекті педагог, ғалым, Қаз.КСР-нің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі. Қостанай облысы Қарабалық ауданында туған. Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған екі кластық және Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. Ауылдық мектеп мұғалімі, Қостанай педагогикалық техникумның ұйымдастырушысы, жоғары оқу орындарының оқытушысы, Қаз.КСР ҒА тарих, археология, этнография институтының аға ғылыми қызметкері болды. Қазақ мектептеріне арналған орыс тілінің алғашқы оқулықтары мен әдістемелік құралдардың, тарих, педагогика, психология ғылымдары саласындағы «Русская книга для казахских школ», «Уроки русского языка для начальной школы», «Учебник русского языка для начальной школы», «Учебник русского языка для военно-обязанных казахов» деген еңбектерінң авторы. Аса көрнекті педагогтардың шығармаларын, «Логика» оқулығын қазақ тіліне тұңғыш рет аударды, алғашқы «Орысша –қазақша сөздік», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» авторларының бірі болды.

Нұрғали Құлжанов пен Нәзипа Құлжанова Ыбырай жолын қуып, халық ағарту саласының дамуына үлкен үлес қосты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет