Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарының жаңартылған білім мазмұнымен сабақтастығы
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді көшбасшысы қазақ ғылымы мен мәдениеті, оқу тәрбие ісі тарихына сіңірген орасан зор еңбектерінің тарихтан өшпес орын алатынын бүгінгі демократия мен әділеттілік салтанат құрған дәуірде өмір шыңдығы дәлелдеп отыр. ХХІ ғасырда білім сапасы жалпыға ортақ, рухани – этикалық басымдылық негізінің мән құраушылық және шығармашыл, жаңашыл сипатына ие, сонымен қатар ғылыми негізде шынайы құрылған, сан қырлы, адамзат пен мемлекеттің мәдени ескерткіштеріне сай негізделген, этномәдени, әлеуметтік – кәсіптік және конфессионалды топтардың жан – жақты қажеттіліктерін, сондай – ақ жеке тұлғалардың рухани сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған болуы қажет. [1] Осы бағытта Ыбырайдың игілікті ісін ықыласпен қолдап, оны егемен елдің білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиенің озық нобайы ретінде жандандырып, инновациялық сипатта әр бере отырып, тиімді қолдану оқыту міндеттерінің талабы болған абзал. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайреткері, азатшыл Алаш мұрағаттарына ұласқан ұстанымдардың негізін салушы ұлт тұлғасының бірі - Ыбырай Алтынсарин. Ұлттың рухани-экономикалық, әлеуметтік тұрғыда өсіп - жетілуі білімнің мазмұндылығы мен маңызына, оған деген көзқарасқа тікелей қатысты. Ал жеке тұлға мен қоғам кұндылықтарын калыптастыру барлық кезеңдерде өзекті мәселе болып келгені мәлім. Олай дейтініміз, осы рухани - адамгершілік құндылықтардың мәні, тәрбиелік маңызы туралы ұлы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин өз еңбектерінде құнды ой-пікірлерін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған. [2] Осы бағытта Ыбырайдың игілікті ісін ықыласпен қолдап, оны егемен елдің білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиенің озық нобайы ретінде жандандырып, инновациялық сипатта әр бере отырып, тиімді қолдану оқыту міндеттерінің талабы болған абзал. [3]
Ы.Алтынсарин Қазақстандағы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешудің басты жолдары мен негізгі ұстанымдарын ұсынды. Іргесі қаланбақшы алғашқы мектеп құрылысын, тұңғыш берілетін білімнің бағыт - бағдарын айқындады, қалың бұқараға оның мазмұны мен маңызын түсіндірді, бастауыш мектепке қажетті оқу-құралдарын дайындады. Мұғалімнің бүгінгі таңдағы ұстанымы қалай жалғасуда? Мектептегі оқушыларға сапалы білім беру нәтижесі мұғалімнің ұстанымына байланысты. Ұстаным дегеніміз не? Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Социологтар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы есебінде атап көрсетеді. [4] Оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің ұстанымы-оның көзқарасы, қабылдаған шешімі мен іс-әрекетінің негізі. Педагогикалық ұстаным – бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез – құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Оқыту ұстанымдары – оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын негізгі жағдайлар. Ы Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде. Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және ой еңбегіне үйретуге тиіс, олардың білімге деген ынтасын мейлінше арттыруға тиіс. [5]
Қазіргі мектептерде оқытылып жатқан жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнынынан кешегі Ыбырай салған жолмен ілгері жылжуды бақылауға болады. Бүгінгі заман талабына сай білім беруде мұғалімнің алдына қойған басты мақсаты, өз мүддесі мен қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, зиялы, адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жеткіншек тәрбиелеу. Оқушылардың санасына туған халқына деген патриоттық сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру. Сондай – ақ, ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт дәстүрін меңгерту. Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту Ыбырай еңбегімен үндесіп жалғасын тауып отырған іс деп қарауымызға болады.
Ы.Алтынсариннің міндеттері мұғалім туралы нұсқаулары - олардың қалай оқу керектігі - оның өз заманындағы методиканы терең және жан- жақты білгенін көрсетеді. Ауызша әңгіменің ойлау мен жазбаша жаттығулардың көптеген әдістері туралы түсіндірмесінде ол балалардың әрбір еңбегінің құр босқа ойсыз жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек екенін жазды. Әрі қарай ол балаларды тәрбиелеуде үстіртін және мардымсыз түсініктердің, шалағайлықтың болмауы керектігін ескертті. Ол нашар оқыту мен нашар қарым- қатынас балалардың басын қатырып, шатастыратын ал, керісінше балалар сергек, олармен қарым- қатынас неғұрлым жақсы оқушылардың көңіл- күйіне әсер неғұрлым көп болса, сабақ соғұрлым табысты болатынын нақтылы мысалдар арқылы түсіндірді. [6]
Білім беру саласында мұғалімнің алдына қойған қазіргі мақсаты- Ыбырай Алтынсарин атамыздың салып кеткен сара жолымен, оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие және білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті, сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру-әрбір ұстаздың абыройлы борышы деп санаймын.«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім» деп Стронг айтқандай, ұстаздық білімділікпен қоса ізденпаздықты, дарындылық, ұйымдастырушылық, тағы да көптеген құндылықтарды талап ететін маман иесі. Шығармашылық қабілет баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз-оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету. Ол үшін мұғалім ғылымда болып жатқан жаңалықтармен үнемі танысып,өз біліктілігін үнемі арттырып, толықтырып отыруы керек.
Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық идеясы мен қазіргі білім берудегі сабақтасып келеді. Ол жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл аударды, сол жолды біз жалғастырып келеміз. Қазақ даласындағы аумалы-төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлаған ғалым еңбегі өлшеусіз, қазіргі білім беру саласына үлкен өзгерістердің негізін Ыбырай сол кезде болжап кеткендей. Жас ұландарға айтарым, халқымыздың жақсы қасиеттерін, өнегелерін өзімізге үлгі тұтайық, себебі, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді, салт-дәстүрлерімізді құрметтеу–ұрпақтың борышы. [7]
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ы.Алтынсарин тағылымы. Алматы 1991 ж
2. «Қазақ тілі мен әдебиет » журналы. 2008ж, № 4,5
3. Бес ғасыр жырлайды. Алматы, «Жазушы», 1989 І том
4. «Өзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006ж
5. Ы. Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар» Алматы, 1989ж
6. Ы.Алтынсарин . Таңдамалы шығармалары.320 бет
7. Ы.Алтынсарин тағылымы. Құрастырған М.Жармұхамедов
Достарыңызбен бөлісу: |