І аралық бақылаулар мен емтихандардың сұрақтары: Тарихи деректану ұғымы


Қашқари М. «Диуани-лұғат-ат-түрік»



бет18/21
Дата04.05.2023
өлшемі52,11 Kb.
#89858
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
30. Қашқари М. «Диуани-лұғат-ат-түрік»
Махмұт Қашқари (11ғ) – түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты-жөні – Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхаммед. Туған жері – қазіргі Қырғызстан жері, Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.
Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк » атты еңбегі 1072 жылы 25 қаңтарда басталып, 1074 жылы 10 ақпанда жазылып біткен. Еңбектің түпнұсқасы бізге жетпеген. Оның жалғыз көшірмесі 1266 жылы жазылған. М.Қашқаридің еңбегі туралы алғашқы деректер ХІV ғасырдан басталады. Еуропаға тараған М.Қашқари еңбегі туралы алғашқы хабарлардың бірі – 1904 жылы Венгер академиясы жариялаған лингвистикалық жинақтағы мәлімет. М.Қашқари еңбегінің шын мәнінде зерттеу обьектісіне айналуы оның үш томдық түпнұсқасы 1915-1917 жылдары Стамбулдағы Ахмет Фирхат баспасынан шығу кезеңінен басталады.
Диуани лұғат-ат-түрк — Махмұд Қашқари 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. Түркілердің тарихы, жағырапиялық таралуы, тайпалары, диалектілері және дәстүрлеріне бойынша қосымша мәліметтер берілген.
Классикалық араб лексикографиясының қағидалары бойынша дайындалған бұл сөздік Қашғарлы Махмұттың түркі тілі туралы білімінің ауқымдылығын ғана емес, араб филологиясы ғылымы бойынша дайындығының да көлемді екендігін айғақтайды.
31. Бақырғаны С. «Бақырғани» кітабы
“Бақырғани кітабы” — түркі тілдес халықтардың 12 ғасырдан сақталған сопылық ағымдағы әдеби ескерткіштердің бірі. Авторы, сопылық ағымның ірі өкілі — Сүлеймен Бақырғани. Бақырғанидың сопылық мазмұндағы хикмет-өлеңдері кезінде ұлан-ғайыр Қыпшақ даласы мен Орталық Азияның түркі тілдес халықтарының арасында кеңінен тарағаны тарихтан жақсы мәлім болғанымен, ақын мұрасы тек 19 ғасырда ғана толық жинақталып, Қазан және Ыстамбұл баспаларынан “Бақырғани кітабы” деген атпен бірнеше рет (1846, 1877, 1882, 1898 жылдары) басылып шықты. “Бақырғани кітабы” — бес бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімі — көңіл-күй жырлары;
екіншісі — сопылық идеясын насихаттауға арналған дидактикалық философиялық хикмет-өлеңдері;
үшіншісі — Алланы мадақтауға арналған жырлары (“Меғрожнаме”);
төртіншісі — “Ақыр заман көріністері” дастаны;
бесіншісі — “Бибі Мариям” толғауы.
“Бақырғани кітабының” басты идеясы — оқырманын ізгілікке, имандылыққа, рухани тазалыққа үндеу. Ақынның айтуынша, әрбір адам рухани тұрғыдан кемелденген дәрежеге жетуі үшін Алланы (Хақты, абсолюттік рухты) толық танып-білуі тиіс. Ал, бұл биік мақсатқа жетуі үшін адам алдымен төрт асудан сүрінбей өтуі керек. Олар: шариғат (ислам заңдары мен әдет-ғұрыптарының жинағы), тариқат (сопылық ағымның идеясы, мұрат-мақсаты), мағрифат (мұсылмандықтың қағида-шарттарын танып-білу) және хақиқат (Хаққа жақындау).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет