І аралық бақылаулар мен емтихандардың сұрақтары: Тарихи деректану ұғымы



бет14/21
Дата04.05.2023
өлшемі52,11 Kb.
#89858
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
І аралы ба ылаулар мен емтихандарды с ра тары Тарихи деректан

21. Кеңес статистикасы
22. Демографиялық статистика. Халық санақтары(1897,1920,1923,1926,1939,1959,1970.1979,1999)
Ресей халқының, сонымен бірге Қазақстан халқының, бірінші санағы 1897 ж. қаңтар айында өткізілді. 1895 жылдың 5-маусымдағы заң бойынша, бүкіл империя халқы жынысына, жасына, тұрмысына, діни көзқарасына, ұлтына, қай елдің азаматы екеніне байланыссыз түрде санаққа қатысуға тиісті болды.Бұл санақ бойынша Қазақстан халқының саны 4,3 млн адамды құрды, соның ішінде-3,9 млн. Қазақ халқы болды.
Келесі санақ, 1926 ж өткізілді, бұл санақтын негізгі құндылығы, алғашқы рет «қазақ» және «қазақ ұлты» деген ғылыми-анықтама еңгізілді. Жалпы, бұл санақ бойынша Қазақстанда 6198 мын адам болды, соның-3628 мыңы, қазақтар, немесе, ол 58,5% құрды.
1937 ж өткізілген жоспарлы санақтын ерекшелігі, ол бір күндік санақ деп аталды. Себебі, бұнда тек қана сол күнге бар адам ғана есепке алынды. Бірақ, жиналған мәлімет ойлаған санды көрсетпеген сон, бұл санақ нәтижесі халыққа жарияланған жоқ.
Сол себептен, 1939 ж қосымша санақ өткізіліп, Қазақстан халқының саны-6082 мың, болса соның ішінде-2314 мың, немесе 38,0% қазақтар құрды.
Отан соғысы, келесі санақтын өткізуін 1959 ж қалдырды. Бұл санақта, «сауатты » деген кестесі еңгізілмеді. Халық саны-9283 мынды құрды, соның ішінде—2787 мың қазақ.
Келесі 30 жыл ішінде санқтар үш рет өткізілді- 1970, 1979, 1989 жылдары. Оның көрсеткіші кестеде берілді:

1970ж. жалпы халық саны Қазақстанда

Соның ішінде қазақтар

1979ж жалпы халық саны Қазақстанда

Соның ішінде қазақтар

1989 ж. жалпы халық саны Қазақстанда

Соның ішінде қазақтар

13009 мың

4238мың

14684мың

5293 мың

16537 мың




1999ж Қазақстан Республикасының алғашқы Ұлттық санағы өткізілді. Ол санақ бойынша, халық 23 сұраққа жауап берді. 1999ж санақ бойынша, жалпы Республика халқының саны- 14953 мың болса, соның ішінде қазақтар-7985 мың, немесе-53,4 % құрды. Қостанай облысының тұрғындары-1018 мың, соның ішінде қазақстар- 315 мың, немесе- 30,9 % құрды.
«2021 жылы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 42,1 мың адам, оның ішінде қала халқы - 11 миллион 287,4 мың (59,3 пайыз), ауыл халқы - 7 миллион 754,7 мың адам (40,7 пайыз). 2020 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда халық саны 257,1 мың адамға немесе 1,4 пайызға өсті», деп хабарлады.
2021 жылғы қаңтар-тамызда халықтың табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-тамызбен (162,5 мың адам) салыстырғанда 10,1 пайызға өсті және 178,9 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 14,14 пайыз болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет