І аралық бақылаулар мен емтихандардың сұрақтары: Тарихи деректану ұғымы



бет17/21
Дата04.05.2023
өлшемі52,11 Kb.
#89858
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
І аралы ба ылаулар мен емтихандарды с ра тары Тарихи деректан

28. Жылнамалар дерек ретінде
Жылнама — оқиғалардың болған жылы, күні бойынша баяндайтын аса маңызды жазба деректер. Ерте заманда абыздар, тарихшылар, дін қызметкерлері, патша хатшылары жыл ішінде болған елеулі тарихи оқиғалар мен тарихи құбылыстарды рет-ретімен тіркеп, кітапқа жазып отырған.
Ертедегі жылнамашылар, көбінесе, патшалардың іс-әрекеттерін дәріптеп, солардың беделі мен үстемдігін нығайтуды көздеген. Қазақстан тарихына байланысты Жылнамалар, негізінен, парсы және түркі тілдерінде жазылған. Бұлардың көрнектілері "Шайбанинама", "Тарихи Әбілхайырхани", "Тарих-и-Рашиди", "Бабырнама", "Шежіре - и турк", тағы басқа.
29. Баласағұн Ж. «Құтадғу білік»
«Құтадғу білік» (Құтты білік) — Жүсіп Баласағұни (Баласағұн) шығарған дидактикалық поэма.
Бұл көне түркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы.
Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады. Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы.
Жүсіп Баласағұни «Құтты білікті» 1069—1070 жж. Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қоғамдық әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық этикалық бағдарламасы іспеттес бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту еткен. Түркі халықтарының тарихында бұл кезең исламның ресми қабылдауымен ерекшеленеді. [1]Құтадғу Біліг [2]– Жүсіп Баласағұнидың еңбегі. Түркия ғалымдары 1942–43 ж. «Құтадғу Білігтің» үш нұсқасын да Стамбұлдан үш томдық кітап етіп шығарды. Дастанды зерттеу ісіне, әсіресе, түркі ғалымдары Р.Р.Арат, М.Ф.Кепрюлд және А.Дильгар, т.б. көп еңбек сіңірді. «Құтадғу Біліг» дастаны орта ғ-ларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет