Байланысты: І аралы ба ылаулар мен емтихандарды с ра тары Тарихи деректан
32. Кеңес өкіметі тұсындағы газеттер Қазақ халқының әлеуметтік-саяси және мәдени өмірінде ХХ ғасырдың бас кезінде болған елеулі уақиғалардың бірі –«Айқап» журналының баспадан шығуы. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. «Айқап» өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырып, ілгері дамытқан журнал болды. Оның редакторы демократ-жазушы Мұхаметжан Сералин (1872-1929) болды. Журнал 1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Орынбор губерниясының Троицк қаласында ай сайын шығып тұрды. Алайда ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың бас кезінде шығып тұрған осы мерзімді баспасөз басылымдары түрлі себептермен жабылып қалды.
1913 жыдлан бастап Орынбор қаласында Алаш қозғалысының, кейін Алаш партиясының «Қазақ » деген газеті шыға бастады. Бұл газеттін бас редакторы Ахмет Байтұрсынов болса, басушы ретінде- Мустафа Оразбаев болды. «Қазақ» газеті қоғамдағы негізгі саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістер мен даму жолдарын сараптап отырды. Газет Алаш партиясының негізгі халықпен байланыс жасайтын органы болды. Газет беттерінде кең көлемді мәселелер талқыланды. Соның ішінде: «Дума мен қазақтар», «Дума және соғыс», «Қазақтар және жер мәселесі», «Білім туралы» т.б. Бұл орган қоғамның өзекті мәселесін талқылау арқылы Алаш партиясының ұстану саясатын көрсете білді.
Ақпан революциясынан кейін қазақ даласында жергілікті басылым органдары да жұмыстарын бастады, соның ішінде, Семей қаласында, Халил Аббасов пен Рахимжан марсиковтың басшылығымен, 1917 ж маусым айынан «Сары Арқа» газеті жарық көрді. 1920 ж бастап жер-жерде басылымдар шыға бастады, ол- Түркістан кедейлері, Еңбекші жастар, Тілші т.б. Бұл газеттер беттерінде Кеңес органдарының декреттері мен социалистік қоғамның басты мәселесі жарияланып тұрды.
Жалпы, 1917-1920жылдары шығарылған газеттердің саны 20-дан асты. 1989 жылы Қазақстан бойынша баспадан 450 түрлі газет пен 94 журнал және журнал типіндегі басылымдар шығып тұрды.