І аралық бақылаулар мен емтихандардың сұрақтары: Тарихи деректану ұғымы



бет6/21
Дата04.05.2023
өлшемі52,11 Kb.
#89858
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
І аралы ба ылаулар мен емтихандарды с ра тары Тарихи деректан

7. Грек-Рим авторларының еңбектері
Қазақстанның ежелгі дәуір тарихын оқып-білуде антик тарихнамасы неғұрлым мазмұнды болып табылады. Қазақстанның сол кезеңдегі тұрғындары туралы мәліметтер ертедегі Грекияға Парсы елі арқылы, сондай-ақ Қара теңіз өңіріндегі грек отарлары арқылы жетіп тұрды. Геродоттың (б.з.б. 484-425) «Тарих» деген еңбегінің төртінші кітабында скиф тайпаларының орналасу географиясы, олардың тарихы, рухани мәдениеті, әдет-ғұрыптары туралы баяндалады. Геродот хабарларының негізінде деректі материалдар да, Қазақстан мен Орта Азияның сақ (скиф) тайпаларына барып тірелетін ауызша фольклорлық дәстүр де алынған.
Ктесийдің «Парсы тарихы» деген шығармасында Ахеменид әулеті кезеңінің тарихы жөнінде бірқатар құнды деректер жиналған. Бұл еңбекті Диодор (б.з.б. І ғ.), Үлкен Плиний (б.з.-ң І ғ.), Клавдий Элиан (б.з.б. ІІ-ІІІ ғғ.) сияқты авторлар дерек ретінде пайдаланған. Неғұрлым кейінгі авторлар Ктесийдің «тарихи романның атасы» деп атайды. Ктесийдің әңгімелерінде кейде анахронизм сарыны сезіледі. Дегенмен, ежелгі грек жазушысының ақпаратында ертедегі Қазақстан этностары, олардың орналасқан жерлері, қоғамның саяси ұйымдастырылуы туралы анық деректердің жекелеген маңызды ұшықтары әр жерде шашырап жатыр. Ктесийдің бірқатар қызықты новеллалары шын мәнінде жергілікті халық дәстүрінен мәліметтер береді.
Қазақстан тарихын зерттеу үшін грек тарихшыларының Александр Македонский жорықтарын суреттейтін шығармаларының бірсыпыра маңызы бар, олардың арасында Диодорды, Помпей Трогты, Полибийді атап өткен жөн. Олардың көшпелілер мен Парфия, Грекия мен Бактрия арасындағы кейбір қақтығыстар туралы жеткізген мәліметтері ерекше маңызды. Алайда, оларда Қазақстанның ертедегі тайпалары туралы нақты ақпарат көп емес. Оларда айтылған этностарды басқа деректердің мәліметтерімен ұқсастыру өте қиын.
Ертедегі Қазақстан тарихы үшін географиялық антик әдебиеті маңызды дерек болып табылады. Оның көрнекті өкілдерінің бірі – Страбонның (б.з.б. І ғ. – б.з.-ң І ғ.) «Географиясында» Қазақстан мен Орта Азияның табиғи жағдайлары мен халықтарының тұрмыс-салты туралы мәліметтер олардың саяси тарихының әр түрлі оқиғаларымен ұштастырылды. Страбон географиялық әдебиетті үстірт бағдарға ала отырып, кейде нағыз географиялық жағдайды онша біле бермеді. Мәселен, ол Каспий теңізін тұйық бассейн емес, мұхит шығанағы деп санады және Арал теңізі жөнінде ешнәрсе білмеді, мұның өзі, әлбетте, жалпы көріністің бұрмалануына әкеп соқты. Птолемейдің (б.з.-ң І ғ. аяғы – ІІ ғ.) «География» атты шығармасы күрделі болса да, бағалы дерек болып табылады. Мәтінде қалалардың, өзендердің, тау тізбектерінің, көлдердің географиялық орындары беріліп, әр түрлі аймақтардың, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстанның шекаралары көрсетілген. Птолемей сақтар елімен (Қазақстанның оңтүстігі, Сырдария алабының бойы болар) қатар Скифияны да біледі, ал Еділден Балқаш көліне дейінгі кең-байтақ жер Скифия деп қарастырылды. Бұл мәліметтердің құндылығы өте зор болғанымен, оларды абайлап пайдалану қажет, өйткені Птолемейдің түрлі деректерден алынған мәліметтерді сын көзбен байыптап тексеріп алмай, қоса салатыны да кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет