I қаржылық есеп 5B050800 «Есеп және аудит»


(g) из внутренней отчетности явствует, что экономическая эффективность актива хуже или будет хуже, чем ожидалось



бет10/16
Дата09.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#72751
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
I ?àðæûëû? åñåï 5B050800 «Åñåï æ?íå àóäèò»

(g) из внутренней отчетности явствует, что экономическая эффективность актива хуже или будет хуже, чем ожидалось.

1.6 Ұйымның міндеттемелерінің есебі

Жәрдемақы – жұмыскердің еңбегінің нәтижесінде қызығушылық тудыратын қажетті қаражат, оның өндірістілігі, дайын өнім көлемінің өсуі, ассортименттің және оның сапасының жақсаруы. Еңбек есебі және жалақы еңбектің сапасын және санын, қаражаттың қолданылуына төленетін еңбек қорының түзетілуін, оперативті бақылауды қамтамасыз ету қажет. Есептің негізгі мақсаттары және оның төлемі болып:



    • өндірістік еңбек шығындарын дұрыс анықтау және жалақыны есептеу;

    • жұмыс уақытының рационалды қолданылуын, еңбек дисциплинасының жағдайын және бөлімшелері бойынша еңбек төлем қорының дұрыс қолданылуын бақылау.

Жалақы есебі бойынша негізгі құжаттар болып: «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық», «Демалысты ұсыну туралы бұйрық», «Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрық», «Жұмыс уақытын есептеу табелі ,кесімді жұмыс жүктелімі, рапорттер, маршруттық беттер, тізімдемелер» табылады. Алғашқы құжаттарда шығын баптары бойынша жалақыны топтауды және есептеуді қамтамасыз ететін реквезиттері болуы қажет, сонымен қатар өндірім нормаларын орындау есебі, тегі, аты-жөні, табель нөмірі, жұмыскердің тобы, жұмыс орны, жұмыс тобы және атауы, уақыт нормасы және өнім немесе жұмыс бірлігіне баға беру, жалақы сомасы және норма бойынша жұмысқа кеткен уақыт саны.
Кәсіпорын өз еркімен жұмыскердің еңбек төлем жүйесін және нысандарын тұжырымдайды. Еңбек төлемінің екі нысаны қолданылады.
Кесімді – жалақы нысанының табыс сапасын, қиындығын және еңбек шартын ескеретін өндірілген өнім бірлігінің санына байланысты.
Уақытша – жалақы нысаны еңбек шартына және жұмыскердің квалификациясын есекере отыра кеткен уақыт сапасына байланысты.
Кесімді нысан келесі жүйеге бөлінеді:

  • тура кесімді;

  • кесімді – сыйлықақылы;

  • аккорттық;

  • кесімді – ілгерілі.

Уақытша нысан келесі жүйеге бөлінеді:

  • жай уақытша;

  • уақытша – сыйақылы.

Еңбек төлемі негізгі және қосымша болып келеді.
Негізгі төлемге кәсіпорында жасалған жұмыс уақытына есептелген: тарифті стафкалар бойынша төлем, кесімді бағалау; жұмыскердің кінәсінсіз жасалған қателік төлемі, түнгі уақытта жасалған жұмыс үшін қосымша төлем және т.б. жатады.
Қосымша төлемге кәсіпорында жасалмаған жұмыс уақытына есептелген: жыл сайынғы демалыс, қоғамдық және мемлекеттік міндеттерді орындау, еңбек сіңірген жылдарына сыйақы, сонымен қатар ұсынылған пәтерлер құны, коммуналдық қызметтер және т.б. жатады.
Еңбек коллективінде әр жұмыскердің жалақысы келесі үш әдіспен анықталады:

  • еңбектік қатысу коэфициентін қолдана отырып, жалақыны бөлу;

  • жұмыстың пропорцианалды коэфицент – сағатының жалпы сомасымен жалақысын бөлу;

  • бригадалық табысты есептік коэфициент негізінде бөлу.

Ынталандырушы төлемдер кәсіпорынның өз еркімен және бар қаражат мөлшерінде туындайды. Олардың төлемдерінің мөлшері және шарттары ұжымдық шарттармен анықталады.
Қосымша жасаған жұмыс үшін төлемдер, тоқтап тұрған үшін төлем, жарамсыз үшін төлем, жағдайы бар жұмыстан ауытқуға байланысты төлем арнайы құжаттардың және заңды органдармен орнатылған нормаларға сәйкес жүзеге асады.
Еңбек заңдылығына сәйкес жұмыскерлерге де, қызметкерлерге де жасалмаған жұмыс күндері төленеді. Соманың есеп негізіне орташа жалақы жатады.
Жұмыскердің есептік кезеңімен орташа жалақысын есептеу үшін арнайы төлеммен байланысты 12 күнтізбелік айлар болып келеді. Осы ұйымда бір жылдан кем жұмыс жасаған жұмыскердің орташа жалақысы нақты жасалған уақытымен анықталады. Орташа жалақыны есептеу әр кәсіпорынға және ұйымдарға олардың нысандарына қарамастан таратылады және келесі жағдайларда қолданылады:

  • жұмыскердің арнайы, негізгі немесе қосымша демалыста, сонымен қатар оқуда болуы;

  • босату кезінде қолданылмаған демалысы үшін өтемақы төлемі;

  • уақытша еңбекке қабілетсіздік үшін жәрдемақы төлемі.

Егерде орташа жалақыны заңдылықпен арнайы орнатылған есептеу тәртібімен орнатылған еңбек заңдылығына сәйкес жұмыстың бірінші жыл үшін демалаысы осы кәсіпорында үзбесіз 11 ай жасауы үшін беріледі. Одан кейінгі демалыс күндері демалыстың есептік кестесіне сай кез келген уақытта ұсынылады. Демалыстың негізгі және қосымша жалғастығы жұмыскердің кәсібіне және кәсіпорынның коллективті шарттарымен ескертіледі.
Қолданылмаған демалыс үшін демалыс төлемі және жәрдемақы төлемі есептеледі:
Есептелген жалақы сомасын 12 есептік кезеңіне бөлу арқылы орташа жалақы анықталады;
Орташа жалақыны 25,42 (жылына жұмыс күндерінің есептеудегі орташа саны) бөлу арқылы орташа жалақы анықталады. Демалыс сомасы орташа күн жалақысын бұйрық бойынша демалыс күндерінің санына көбейту арқылы анықталады. Демалысты есептеу үшін орташа жалақыны анықтау кезінде келесілер ескертілмейді:

  • уақытша еңбекке қабілетсіздік үшін жәрдемақы төлемі;

  • жұмыскердің міндетіне немесе қызметін кірмейтін жұмыс үшін төлем;

  • материалдық көмек ретінде берілетін ақшалай жәрдемақы;

  • жалақының қорына жатпайтын төлемдер;

  • қолданылмаған демалыс үшін өтемақы;

  • босату кезіндегі шығу жәрдемақысы;

  • құнды қағаздар бойынша алынған дивидендтер;

  • оқушыларға, қызметкерлерге, аспиранттарға стипендия.

Уақытша еңбекке қабілетсіздік үшін жәрдемақы төлемі ауруханалық бет арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке қабілетсіздік үшін жәрдемақы төлемі демалыс күндері және мейрам күндері төленбейді.
Еңбектену кезінде жарақат алған еңбекке қабілетсіз болып қалған жұмыскерлерге 100 % жәрдемақы төленеді.Жұмыс өтіліне қарамастан жүктілік және босануы бойынша жәрдемақы толық төленіледі.
Жәрдемақы есебіне жалақыны барлық түрлері үстеме, қосымша төлеу, жыл қорытындысы бойынша сыйақы төленеді.
Уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақыны есептеу үшін жалақыға келесілер қосылмайды:

  • қосымша жұмыс істегені үшін жалақы;

  • негізгі жұмысымен қосымша жұмысын араластыруы бойынша;

  • жұмыскердің міндетіне және қызметіне кірмейтін жұмысы үшін қосымша төлем;

  • тоқтап тұрған күндері үшін жалақы, негізгі және қосымша демалыстары;

  • өндірістік ісімен байланысты емес біржолғы сыйақы;

  • қолданылмаған демалысы үшін компенсация;

  • демалыс күндері жасаған жұмыс үшін.

Кәсіптік ауруымен немесе еңбектену кезінде алған жарақаттардан басқасы уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақыны есептеу үшін 15 айлық есептік көрсеткішінен аспайтын сомада нақты жалақы есептеледі.
Уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақыны есептеу.
Есептелген жалақы сомасын 12 есептік кезеңіне бөлу арқылы орташа жалақы анықталады;
Жыл ішіндегі жұмыс күндерінің орташа айлық санды орташа жалақыға бөлу арқылы орташакүн жалақысы анықталады;
Уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы орташакүн жалақысын орнықтырылған жұмыс өтіліне байланысты қабілетсіздігі бойынша төленетін күндер санына және пайызға бөлу арқылы анықталады.
Заңнамаға сәйкес жалақыдан келесі ұстап қалулар және шегерулер өндіріледі:

      • жеке табыс салығы;

      • міндетті зейнет ақы жарнасы;

      • орындай парақтары бойынша;

      • келтірілген материалды зияны;

      • кеткен жарамсыздыздық;

      • уақытында қайтарылмаған есептеуге алынған сомалар.

Жеке табыс салығын ұстап қалу.
Әр жұмыскердің салық міндеттерін анықтау базасы болып есептелген жалақымен минималды жалақының және міндетті зейнет жарнасының айырмашылығымен есептеліп салынатын табыс келеді.
Жеке табыс салығы заңнама тәртібі бойынша ұсталынады.
Алименттер азаматтардың алиментті өз еркімен төлейтіні туралы өтініш хаты, орындаушы парақ негізінде жалақыдан ұсталынып қалады.
Алименттер негізгі және қосымша сома жалақысынан, жеке табыс салығы ұсталғаннан кейін есептік кезеңге есептелген уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақысынан ұсыталынып қалады.
Еңбек төлемі бойынша жүргізілген есептер туралы мәліметтерін қорытындылайтын құжаттар есепті және есепті-төлем тізімдемесі болып келеді.
Есепті-төлем – есептелген еңбек төлемдерінің және жұмыскерлерге төлем, сонымен қатар ұстап қалу және шегерудің барлық түрлерін қорытындылайтын жиынтық құжат.
Жалақы өзіндік құнның бір элементтерінің бірі болып келеді. Жалақыны есептеу бірегейлі болып келеді және бағытталған шығындарға бөлінуі. Тізімдемеде жалақы құрылымдық бөлімшелерде, ұйым қызметтерінде, төлем түрлерінде көрсетіледі.
Персоналдың еңбек төлемдерінің синтетикалық есептеу есебі «Еңбек төлемі бойынша персонал есебі» 3350 шотында жүргізіледі. Пассивті шот. Сальдосы кредитті кәсіпорынның еңбек төлемі бойынша жұмыскерлер, қызметкерлер алдында қарызын көрсетеді. Кредитті айналым еңбек төлемі, жәрдемақы және зейнетақы бойынша есептеуін көрсетеді. Дебеттік айналымы еңбек төлемінің есептелген сомасын ұстап қалуын, жұмыскерлердің арнайы срмаларын көрсетеді.
Шоттың үлгілік жоспарында лауазымдық тұлғаның есептілігін есептеу үшін лауазымдық тұлғаның есептеулерін ескеретін «Лауазымдық тұлғалар бойынша қарыздар» 3350 шоты енгізілген. Оларға: басқарма мүшелері және төрағалар, кеңес бақылаушылар мүшелері және тексеру комиссиясы, кәсіпорын диреторлары жатады. Халықты әлеуметтік қорғауы үшін бюджетке еңбек төлемінен 12 % мөлшерінде әлеуметтік салық, жұмыскердің табысынан 10 % мөлшерінде жиналған зейнетақы қоры аударылады.
Жұмыскерлерге жыл ішінде демалыс әр түрлі беріледі. Осы шығындардың жыл ішінде өзіндік құн өнімділігін орнықты қосылуы үшін демалыс төлемдеріне резерв құру қажет. Демалыс төлемдеріне резервін қалыптастыруы үшін жыл ішінде осы айда нақты есептелген жалақының жоспарлы пайызы мөлшерінде оның қай айда төленетіне қарамастан өндірістік шоттарға жатқызу қажет.

Кесте 11 – Еңбекақы төлеу бойынша корреспонденциялар





Шаруашылық операцияның мазмұны

Дебет

Кредит

Жалақының есептелуі:

  • негізгі өндірістің жұмыскерлеріне

  • қосымша өндірістің жұмыскерлеріне

  • көліктер мен жабдықтарға қызмет көрсеткен жұмыскер, мамандар, жетекшілік еткен және цех жұмыскерлері;

  • тауарды іске асырумен айналысатын жұмыскерлерге;

  • әкімшілік қызметкерлер

8110

8310

8410

7110

7210


3350

3350

3350

3350

3350




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет