1.8 Капитал мен резервтер есебі
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған ккезде оның капиталы ҚР заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жарғылық капитал – арнайы органдардағы меншіктіктің пайда болдыру және тіркеу кезіндегі кәсіпорынға салынатын сома қаражаты.
Жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін жарғы капиталы оның құрылтайшыларымен енгізілген қаражатынан алынады. Жарғы капиталы қатысушылар салымынығ сомасына тең немесе акция жазылымына жүргізілу сомасында құрылтайшылар құжаттарында тіркелген. Жарғы капитал салымы көлеміне ақша қаражаттары, материалды емес активтер, негізгі қаражаттар, тауар материал қорлары және басқа да активтері қабылданады. Акционерлік қоғамның жарғы капиталы өткізілген акциялардың номиналды құны бойынша бағаланады. Типтік жоспар шотындағы жарғы капиталының жағдайы және айналымы туралы ақпараттардың қорытындылануы үшін 50 бөлімше шоты арналған: «Жай акциялар» 5010 шоты; «Артықшылықты акциялар» 5020 шоты; «Салымдар және үлеспұлдар» 5030 шоты. 5010, 5020 шоты акционерлік қоғамдарда жарғы капиталын есептеу үшін арналған. 5030 шоты серіктестік жарғы капиталына енгізілетін активтерді есептеу үшін арналған. 5010-5030 шоты бойынша сальдосы кәсіпорынның құрылтайшылық құжаттарында тіркелген жарғы капиталының мөлшеріне сәйкес келуі қажет. 5000 бөлімше шотындағы өзгерістер жарғы капиталы мөлшерінің қайта тіркеу және нақты тәртіпте жүзеге асатын жарғы капиталының азаюы немесе өсу жағдайлары кезінде өндіріледі. Құрылтайшы құжаттарында қарастырылған қатысушылар салым сомасында кәсіпорынмен оның жарғы капиталын тіркеуден кейін «Төленбеген капитал» Дт 5110 өткізбесінде көрсетілген, Кт 5010-5030.
Резервтік капитал – келешекте болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан бөлінген меншіктік капиталыныңбір бөлігі.
Резервтік капиталдың мөлшері мен ұйымның жарғысында қаралады.
Бөлінбеген пайда – кәсіпорынның жалпы кірісінен барлық жұмсалған шығындрды басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |