И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет47/149
Дата01.04.2022
өлшемі10,59 Mb.
#29557
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   149
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

пай мақтанба (Абай). Интернатта оқып жүр талай қазақ бала- 
сы (Абай). Иығымда сіздің шаш, Айқайласып тайталас (Абай). 
Осы  сөйлемдердегі  бөлініп  көрсетілген  сөздердің  формасы 
мен грамматикалық мағыналарына көз жіберейік:  Мәскеу осы 
сөйлемде  ешбір  грамматикалық формасыз  қолданылған,  бірақ 
соған  қарамастан  қимылдың  (барудың)  бағытын  білдіріп,  ба- 
рыс септіктің мағынасын беріп тұр: Мәскеуге бардым. Ғылым 
сөзі  ешбір  көрсеткішсіз  тура  объект  болып,  табыс  септік 
мағынасын  білдіріп  тұр:  ғылымды  таппай.  Кел,  мақтанба 
етістіктері негізгі түбір  күйінде және  өздік етіс пен  болымсыз 
түлғада, 2-жаққа қаратылып, бүйрықты мағынада қолданылған, 
бірақ соңғы мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық фор- 
ма  жоқ.  Қазақ  сөзі  иелік,  меншіктілік  мағынада  жүмсалган, 
бірақ  оны  білдіретін  ілік  септік  жалғауы  жоқ.  Шаш  сөзі
43


керісінше  тәуелділік  мағынаны  білдіріп  тұр  сіздің  шашыңыз. 
Ол  мағынаны  білдіреген  тәуелді  жалғауы  түсіп  қалған.  Міне, 
осы  көрсетілген  сөздерді;  бәрі  де  берілген  сөйлемдерде  ешбір 
түлғасыз-ақ (нольдік  формада)  белгілі  грамматикалық мағына 
білдіреді,  ол  грамматикалық  мағына  сөздің  түбірі  білдіретін 
мағынадан  бөлек.  Сондай-ақ  бүл  қүбылыс  қазақ  тілінде  анда- 
санда ғана кездесетін кездейсоқ жайт емес. Әйтпесе бұл жайын- 
да сөз қозғаудың қажеті де болмас еді...
Сүрақ.  Нольдік  форма да грамматикалық  форма  болып  са- 
нала ма?
Жауап.  Нольдік  түлға  өзінше  грамматикалық  форма  бола 
алатынын  тіл  зерттеуші  ғалымдар  атап  көрсеткен  болатын. 
Бірақ  нольдік  түлғаға  нелер  жатады  деген  мәселеге  келгенде, 
ғалымдардың пікірі бір жерден шықпайды.  Мысалы,  академик 
И.  И.  Мещаников  “Бір  топтағы  сөздердің  нольдік  түлғалары 
морфологиялық  көрсеткіштері  түлғаланған  түріне  қарама- 
қайшы оларды жеке бөліп қарауға критерий бола алады”, -  дейді 
(М-22). Сондай-ақ О.П. Суник те атауыш сөздердің негізгі түбір 
күйінде  формасыз  түлғалардың  бәрін  нольдік  грамматикалық 
форма  дейді,  -   “Мысалы,  іс  сөзі  іс  деген  түбір  зат  есім  мен 
бүл  жерде  жекешелікті  білдіретін  нольдік  форма  тудырушы 
қосымшадан түрады. Сөздің бүндай структуралық типі барлық 
алтай тілдерінде ғана емес, индоевропа тілдерінде де бар:  орыс 
тіліндегі стул, қол сөздері түбір мен еркек тектің (мужской род) 
атау септік нольдік формасында түр” (МСС, 66, 77).
Ал В. Г. Жирмунский де, Б. А. Серебренников те атау септік 
формасын  нольдік  формаға  жатқызуға  болмайтынын,  бүлай 
анықтау шындыққа үйлеспейтінін айтады. В. Г. Жирмунскийдің 
көрсетуінше,  орыс  тіліндегі  нольдік  формаға  бірінші  (первое 
склонение)  септеудің  көпше  түріндегі  ілік  септік  түлғасын 
жатқызуға  болады,  өйткені,  мысалы,  роз  түлғасын  розы,  ро- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет