И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет75/149
Дата01.04.2022
өлшемі10,59 Mb.
#29557
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   149
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

(л,  м,  н,  ң) 
және з, 
ж 
үяң дыбыстың біріне біткен сөздерге жуан буыннан кейін -дар, 
жіңішке буыннан кейін -лер, қатаң дыбыстар мен 
б, в, 
г, д үяң 
дауыссыздарының  (қазақ  тілінде  бүндай  дыбыстарға  сөздер 
аяқталмайды,  ал  кірме  сөздердің  осындай  соңғы  дыбыстары 
айтылуда қатаңданып, олар 
п, ф,  к, т 
болып өзгеріліп айтыла- 
ды)  біріне  біткен  сөздерге  жуан  буыннан  кейін  -тар,  жіңішке 
буыннан  кейін  -тер  жалғанады.  Осының  өзінен  дауыссыздар- 
ды  үн  қатысына қарай  үнді деп  бөліп  берілетін  дыбыстардың 
сипаты біркелкі емес  екенін  көруге  болады.  Бүндай  ерекшелік 
септік жалғауларының жалғануынан да байқалып отырады.
Сұрақ.  Көптік  жалғау  таза  көптік  мағынадан  басқа  мәнде 
жұмсала ала ма?
Жауап.  Көптік  жалғаудың  негізгі  грамматикалық  мағы- 
насы  -   заттың  көптігін  білдіру:  ауыл-дар,  үй-лер,  кі-тап-тар, 
адам-дар,  бала-лар,  т.  б.  Осы  негізгі  мағыналарымен  бірге 
көптік жалғау басқа да мағыналық реңктерді, мәндерді білдіруі
78


мүмкін:  1)  сан  есімге,  үстеуге  жалғанып,  сол  сөз  білдіретін 
үғымның жалпы мөлшерін, болжамын білдіреді:  жасы қырық- 
тарда, ертеңдер барып қалар (бүл жерде қырық та, ертең де көп 
емес; 2) абстаркты зат есімдерге жалғанып, оның көптігін емес, 
әр түрлілігін немесе салмақ, мөлшер, көлем өлшемін білдіреді: 
ой-лар,  сәуле-лер, су-лар,  ойын-дар, күлкі-лер, т.б.  ;  3) даралық 
мәндегі зат атауларына, жалқы есімдерге жалғанғанда, олардың 
өзінің көптігін емес, көпке ортақ екені және онымен бірге топтау 
үғымын (және басқалар деген сияқты) білдіреді: әке-лер, шеше- 
лер, Абай-лар қасындағылар), т.б.; 4) заттың өзінің көптігін емес, 
көпке  ортақтықты  да  білдіреді:  астарыңды  ішіңдер  дегенде 
астьщ көптігі емес, оны ішетін адамның көптігін білдіреді. Сол
сияқты
тарыңды тезірек  бітіріңдер,  т.б.  Осьгадай  әр  жақты  мағьгаада, 
мағыналық реңкте жүмсалатындықтан, көптік жалғау әр түрлі 
стильдік қызмет те атқарады. Көптік жалғау кейде зат есімнен 
басқа  сөз  таптарына  (мысалы,  сын  есім,  сан  есім,  етістіктің 
есімше  түрі,  т.б.)  жалғанса,  оларға  заттық  мағына  үстеп, 
субстантивтендіріп  түрады.  Көптік  жалғаудың  бүл  қасиеті 
әрқашан  дүрыс  түсініле  бермейді.  «Көптік  жалғауының  бүл 
жердегі қызметі (яғни басқа сөз таптарына жалғанып, оны зат- 
тандыру -  И.С.) жүрнақ қызметімен пара-пар дерлік» -  деу (ҚГТ, 
52-53)  жалпы  жалғаудың  табиғатына  терең  үңілмегендіктен 
туып отыр. Біріншіден, басқа сөз таптарын заттандыру қасиеті 
тек  көптік  жалғауда  емес,  септік,  тәуелдік  жалғауда  да  жиі 
кездесіп  отырады:  еріншектің  ертең  таусылмас,  Білімдіден 
шыққа сөз, талаптыға болсын кез (Абай), т.б. Екіншіден, көптік, 
тәуелдік және септік жалғауларының бүндай қасиеті, басқа сөз 
таптарьгаа жасалғанда, оларды заттандырып жіберу қасиеті, бүл 
түлғалардың зат есімге тән түрлену жүйесі екендігін, зат есімнің 
таза грамматикалық категориясы екендігін дәлелдейді.
Қазақ  тілінде,  көптік  мағына  болса  да,  көптік  жалғаудың 
жалғанбайтын  да  орындары  бар.  Көптік  жалғау  бірыңғай
79


мүшелердің  кеиде  соңғы  сөзіне  ғана  жалғанады:  қалам, 
қағаздарыңды  алыңдар.  Жекеше,  көпше  мағынаға  талғаусыз 
қарайтын  абстракт,  дерексіз  зат  атауларына  да  көптік  жалғау 
жалғанбайды.  Егер  ондай  сөздерге  көптік  жалғау  жалғанса, 
онда  көптік  жалғау  сол  сөз  білдіретін  заттың  көптігін  емес, 
басқа стильдік мән үстейді: айталық, заттың әр түрлілігін неме- 
се соған қатысты екінші бір басқа заттардың көптігін білдіреді: 
достық-тары, күлкі-лері, адамгершілік-тері, т.б. Бүл жерде көптік 
жалғау  достықтың,  күлкінің,  адамгершіліктің  көптігін  емес, 
достықтың,  күлкінің  әр  түрлілігін  немесе  достыққа,  күлкіге, 
адамгершілікке қатысты адамдардың көптігін білдіреді.
Көптік  мағына  аналитикалық жолмен  берілгенде  (сан  есім- 
дер, көп, көптеген, талай, біраз сияқты көптік үгымды білдіре- 
тін  сөздер,  қайталама  қос  сөздер  зат  атауына  анықтауыш 
болып,  ол  заттың  көптігін  білдіргенде),  зат  атауына  көбінесе 
көптік  жалғау  жалғанбайды:  көп  адам  (адамдар  емес),  жүз 
елу  кітап  (кітаптар  емес),  талай  заман  (замандар  емес),  мая- 
мая  шөп  (шөптер  емес),  тау-тау  астық  (астықтар  емес),  т.б. 
Кейде  ондай  анықтауышы  бар  зат  есімдер  көптік  жалғауын
үстеп  қолданылса,  ондаи  жағдаида  көптік  жалғауын  үстеп
қолданылса,  ондаи  жағдаида  көптік  жалғау  көптік  мағынадан 
гөрі  басқа  мәнде,  стильдік  сипатта  қолданылады:  түрлі-түрлі 
бастар бар, көп  күндер өтті, т.б.
Көптік  мән  бір  кездегі  екілік  үғымның  көрсеткіші  болған 
-ыз, -із, -з және  1-жақ жіктік жалғау түлғасы 
-қ, -к 
қосымшасы 
арқылы  да  беріледі.  Көне  түркі  тілінде  көптік  үғымның  -т,  -д 
қосымшасы арқылы берілуі қазақ тілінде жоқ, тек ондай түлға 
көптік мәннен айрылып қалған күйде кейбір сөздің қүрамында 
кездесуі мүмкін: алпауыт, т.б.
Сүрақ. Көптік жалғаудың сөз байланыстырушылық сипаты 
қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет