ф
Сөйлемде сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік
қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге әр түрлі
грамматикалық мағына үстеп, сөз бен сөзді байланыстыру-
да үлкен орын алатын зат есімнің парадигмалық түрлену
жүйесінің бірі — септік жүйесі. Әдетте септік жалғау кейде
тікелей өзі, кейде басқа түлғалармен қабаттасып (мысалы, жіктік
жалғаумен, тәуелдік жалғаумен қоса), зат пен қимыл, я зат пен
(сын) арасындағы субъектілік (субъектілік—предикаттық), тура
және жанама объектілік, меншіктілік-қатынастық, мекендік-
мезгілдік, көлемдік, амалдық-қүралдық сияқты қатынастарды
бі л діреді.
Сұрақ. Жоғарыдағы айтылған көптік (немесе сан-мөлшер),
тәуелдік жалғауларына (категорияларына) берілгендей, септік
жалғаудың (категорияның) мәнін ашатындай түжырымды бір
анықтама беруге болмай ма?
Жауап. Көптік (сан-мөлшер), тәуелдік жалғауларының
(категорияларының) әрқайсысы өз ішінде бір-біріне қайшы
мәндес мағьшалардың жиынтығынан түратын (мысалы, сан-
Достарыңызбен бөлісу: