И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет9/149
Дата01.04.2022
өлшемі10,59 Mb.
#29557
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   149
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

грамматикалық мағына.
§ 3. С Ө ЗД ІҢ  Л Е К С И К А Л Ы Қ  М А Е Ы Н А С Ы
Сөйтіп,  айналадағы  заттар  мен  қүбылыстардың  біздің  са- 
намызда  бейнеленуінің  нәтижесінде  пайда  болатын  үғымы 
сөздің білдіретін ішкі мазмүны яғни мағынасы  болып табыла- 
ды.  Сөздің осындай әуелдегі (о бастағы) негізгі тура мағынасы
14


лексикал ы қ мағына деп аталады. Сөздің лексикалық мағынасы
Щ
ол  сөздің  жеке  тұрғандағы  қалпынан  да,  яғни  сөйлем  ішінде 
емес, бөлек тұрғаньгада да, көрініп отырады. Өйткені сөздің бұл 
(лексикалық)  мағынасы талай рет қолданылудың нөтижесінде
санамызда әоден  қалыптасқан,  ол  сол тілдің  сөздік  құрамына 
еніп,  семантикалық шеңбері  анықталған.  Сондықтан да ешбір 
контекссіз-ақ  ол  (сөз)  сөздіктерде  (мысалы,  тұсіндірме  сөздік, 
екі тілді сөздік, т. б.) реестр сөз ретінде жеке беріліп, мағынасы 
көрсетіледі. Сондықтан да тілдегі кейбір сөздердің мағыналары 
кейде бір-бірімен жақын болуы мүмкін, бірақ толық бірдей бола 
алмайды,  тілдегі  әрбір  сөздің  өзінше  бөлек-бөлек лексикалық 
мағьшасы болады. Әрине, сөздің лексикалық мағынасы сол сөз 
білдіретін зат, құбылыстың белгілі бір қасиетіне я қасиеттеріне 
негізделіп,  ол  сөз  аталғанда,  санамызда  сол  қасиеттер 
мағынаның басты көрсеткіштері, мәндері ретінде көрінеді.
Сұрақ.  Сонда  лексикалық  мағьша  сөздердің  нақты  тура 
мағынасы  ғана  ма?  Бір  сөзде  бір  ғана  лексикалық  мағына 
бола ма?
Жауап.  Сөздің  лексикалық  мағынасына,  ең  алдымен  оның 
нақты  тура  мағынасы  жатады.  Айталық,  көл,  құс,  тау,  үй, 
көк,  биік,  үш,  бес,  келу,  жүру  сияқты  сөздердің  лексикалық 
яғни  нақты  мағынасы:  табиғи  су  қоймасы,  үстін  қауырсын 
жапқан  үшып  жүретін  жануар  (мақүлық),  жердің  әр  түрлі  та- 
стар арқылы биік болып қалыптасуы, адамның түратьга баспа- 
насы,  бір  заттың  нақты түсі  (көк),  бір  заттың  жоғарыға  қарай 
сьгадық сипаты, заттардың нақты сандары (үш, бес), сөйлеушіге 
қарай  беттеу  қимылы,  нақты  қозғалу  қимылы  немесе  бір 
жаққа  аттану  қимылы.  Сонымен  бірге  бір  сөз  осындай  нақты 
тура  мағынамен  бірге  басқа  да  мағыналарды  білдіріп,  ауыс, 
келтірінді  мағыналарда  да  жүмсала  береді.  Мысалы,  айыру 
етістігі,  ең  алдымен,  дыр  еткізіп  жырту  және  қақ  жару,  екіге 
бөлу мағыналарын білдіреді. Бүл — етістіктің тура мағыналары. 
Сонымен бірге айыру етістігі  бөліп шығару (қаймақтан майды
15


айыру), ажырату (ешкімді айырып болмайды), жер жырту, тілу 
(жерді тайыз айырады), адамдар әсіресе туыстар, көңілі жақын 
адамдардың  қарым-қатынасы  үзілуі,  ажырауы  (досынан  айы- 
ру,  ағайынынан  айырды),  арашалау,  қүтқару  (бишара  шалды 
үрылардан айырып алды), бөлектеу, алалау, бірдей көрмеу (олар- 
ды  бізден  неге  айырасыз?)  танып,  білу,  анықтау  (түнде  айыра 
алмадым), т.  б.  Бір сөздің басында,  міне,  қаншама мағына бар? 
Енді  айыру етістігінің ауыс  мағынасы -  үнем қылу,  күн  көру. 
Осы заттардың майымен, үн, шайын айырсын, -  деді Абай (М. 
Әуезов).  Сондай-ақ  айып  сөзінің  мағынасына  көз  жіберейік: 
ескі  әдет-ғүрып  заңын  бүзғаны  үшін  тағылатын  кінә,  жаза, 
жауапкершілік, штраф, ал оның ауыс мағынасы - мін, кемшілік: 
Жалғыз-ақ  тал  бойыңда  бір  айыбың:  Даусың  жоқ,  не  себепті 
сыбырлайсың (Н.  Ахметбеков), т.  б.  (ҚТТС,  1,  117-118,  114-115). 
“Абай  жолы”  романынан  алынған  мына  бір  үзіндіге  де  назар 
аударайық.  “Ол  Абайды  көре  отырып,  Қүнанбайдың  өзге  жас 
балаларын да еске алды.
-  Осы, ана Ысқақ бір жошын. Бір түрлі пысық та сергек неме
-  деді. 
.
-  Ол әлгі Күңкенің қолындағы ма? -  деп сүрап алып, Бөжей:
-  Рас, қүлдырап түр! -  деді.
-  Я, рас-ау, соның оты бар! -  деп, Байсал да қостады. Мүның 
бәрі -  қиялап айтқан Қүнанбайдың қошаметі. Үндемей түйіліп, 
сүп-сүр  боп  отырған  Қүнанбай  ол  сөздерге  көп  шіміркенген 
жоқ. Қайта теріс көргендей мойын бүрып, Абайга қарап:
-  Одан да не  күтсеңдер де,  осы жаман қарадан күтсеңдерші
-  деді (М. Әуезов).
Осындағы жаман  сөзі тіпті де жаман  емес.  Жаман қара деп 
отырғаны -  Абай. Оған іщтей риза болып, Абайдың келешегінен 
зор  үміт  күтіп,  солай  деп  отыр.  Бүл  -   сөздің  контекстік 
келтірінді  магынасы,  өйткені  бүл  мағына  тек  осы  контексте,
осы қолданыста ғана осылай түсініледі.
16


Сөйтіп,  сөз  бір  я  бірнеше  лексикалық  мағынаны  білдіреді 
екен.  Және  сол  негізгі  лексикалық  мағынаның  негізінде  бел-
гілі стильдік мәндегі әр түрлі экспрессивтік, келтірінді мағы- 
наларды да білдіре алады. Бірақ сөз сөйлемде қолданылғанда, 
ол  қаншама  полисемиялы  (көп  мағыналы)  болғанмен,  оның 
бір  ғана  мәнінде  жүмсалып,  бір  ғана  мағынасын  білдіріп 
түрады. Сондықтан да сөзде бір ғана лексикалық мағына бола- 
ды дейміз. Демек, сөз жалпы бірнеше мағынаны, көп мағынаны 
білдіре  алғанымен,  сөйлемде  соның  бір  ғана  мағынасында 
қолданылады,  басқа  мағыналары  ол  жерде  ескерілмейді. 
Бүған керісінше сөздің бір ғана қолданысының өзінде бірнеше 
грамматикалық мағына болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет