§ 5. ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНА ЖӘНЕ ОНЫҢ Т ҮРЛЕРІ Тілдегі әрбір сөздің (белгілі үғымды білдіре алатын
мәнді сөздің) нақты лексикалық мағынасымен бірге жал-
пы грамматикалық мағынасы да болады. Сөздің лексикалық
мағынасы - нақты, үғымдық мағына яғни бір сөзден екінші сөзді
айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса грамматикалық
мағына - сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі
тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа
сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда
болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше бедгілі бір
грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылвГбіріктіретін
жалпы мағыналары болып табылады.
/X . Сұрақ. Грамматика лық
мағына
боздің
лексикалық
мағынасымен тікелей байланысты бола ма?
Жауап. Грамматикалық мағыналардың өзі біркелкі емес.
Тікелей лексикалық мағынадан туатын да, сөздің түрлену жүйесі
негізінде тұлғалануынан да пайда болатын грамматикалық
мағыналар бар. Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен