Байланысты: isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda
Сүрақ. Сөзде жалпы заттың атын, немесе жалпы қимылды,
немесе жалпы сынды, т. б. білдіретін бір ғана жалпы
грамматикалық мағына бола ма?
Жауап. Сөзде лексикалық мағынаның жалпылануы негізінде
пайда болатын жалпы грамматикалық мағына (жалпы заттың
аты, жалпы қимыл т. б.) басқа да жалпы грамматикалық
мағыналарды білдіруге негіз болады. Яғни, мысалы, жалпы
заттың атау ы болу мағынасымен бірге ол жалпы грамматикалық
мағына жекелеген (жалпы) заттың атауы болуы мүмкін немесе
алуан түрлі заттың жалпы ортақ атауы болуы мүмкін (жалпы
есім); деректі немесе дерексіз зат атауы болуы мүмкін; адамға
байланысты (кімдік) немесе адамнан басқа затқа байланысты
атау болуы мүмкін, т б. Сондай-ақ заттың сынын білдіретін
сөздер сапалық сынға немесе қатыстық сынға байланысты
болуы мүмкін, қимылды білдіретін сөздер салттық неме-
се сабақтылық сипатпен қатысты болуы мүмкін немесе
қимылдың неше түрлі семантикалық сипаты болуы мүмкін
(қалып, қозғалыс, амал - әрекет, ойлау қабілетіне байланысты,
көңіл күйіне байланысты, т. б.). Бүлардың барлығы да сөздің
жалпы семантикасынан туындайтын жалпы грамматикалық
мағыналары. Сөйтіп, сөзде жалпы грамматикалық мағьгаа
біреу ғана емес, бірнешеде болуы мүмкін.