түсуі арқылы да, тұрлі грамматикалық формалар үстелуі арқылы да, дауыс ыргағы, орын тәртібі, ішкі флексия, т. б.
арқылы да грамматикалық мағына үстеледі.
Грамматикалық мағынаның түрлері оның берілу жолда-
рына байланысты және соған сай олардың (грамматикалық
мағыналардың) грамматикалық немесе лексика-грамматикалық
(семантикалық), қызметтік (функциялық), т. б. сипаттары
айқындалады.
Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда бо-
латын грамматикалық мағынаны жалпы грамматикалық
мағына деп бөлуге болады. Жалпы грамматикалық магына грамматикалық формасыз-ақ ішкі семантиканың абстракция-
лануы, жалпылана түсуі арқылы қалыптасады да, сол арқылы
сөздердің семантикалық жақындығы, ортақтығы пайда бо-
лып, грамматикалық топтар құралады. Жалпы грамматикалық
мағынаның әрі қарай шектеле, ұсақтай түсуі нәтижесінде үлкен
грамматикалық (шынында лексика-грамматикалық) топтары-
нан өз ішінде кіші топтар да бөлініп шыгып отырады. Мысалы,