И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет64/149
Дата01.04.2022
өлшемі10,59 Mb.
#29557
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   149
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

А. 
-   ҚҚТ. 
20), 
немесе  «тілдегі  лингвистикалық  единица- 
лардың  яки  оның  бір  тобының  грамматикалық  амал-тәсілдер 
арқылы  берілетін  жалпы  сипаттарының  бірі» 
(А. 
-   СЛТ, 
191), 
немесе  морфологиялық  категория  деп  ортақ  грамматикалық 
сипаттағы  мағынаны  білдіретін  сөз  формаларының  жүйесі» 
(М. ~ МКСРЯ, 
27), 
не «бірыңғай мағыналы грамматикалық фор- 
малар  қатарының  бір-біріне  қарама-қайшы  жүйесі  түсініледі»
(Б. 
-   ТМҚ, 
10-11), 
тәрізді  аныктаулан  гвамматикя 
пнк  «ятргп.
морфология
таптары
62


ұғымдар,  екінші  жағынан  жекелеген  сөз  таптарының түрлену 
жүйесіне  байланысты  тұлғалық  топтары  (айталық,  зат  есімде 
көптік,  септік,  тәуелдік,  сын  есімде  шырай,  етістікте  етіс, 
салт -  сабақты,  болымсыз  етістік,  рай,  шақ,  жақ,  т.  б.  катего- 
риялар),  үшінші  жағынан,  төменде  көрсетілетіндей,  олардың 
жеке-жеке түрлері (айталық, жіктік я тәуелдіктің I я II жағы не- 
месе  «I  я  II  жақ  категориясы»,  ілік  септік  категориясы,  өткен 
шақ  категориясы,  ашық  рай  категориясы  тәрізді)  еніп  кетуі 
сөзсіз. Грамматикальщ категориялардың өрісі біркелкі болмай- 
ды.  Кейбір  категориялар  тым  жалпы,  әрі  өрісті,  әрі  қарымды 
болса,  кейбір  категориялардың  өрісі  тайыз,  қарымы  аз,  тіпті 
жалқы  да  бола  береді.  Мысалы,  тым  жалпы  категория  деп 
сөз  таптары  категориясын,  қосымшалар  категориясын  алсақ, 
олардың  әрқайсысын  іштей  саралап,  әлденеше  ірілі-ұсақты 
жалқы  қатегорияларга  бөлуге  болады.  Айталық  сөз  таптары
категориясын  жалпы  ерекшеліктеріне  қараи  есімдер  катего- 
риясы,  етістіктер  категориясы,  көмекші  сөздер  категориясы 
деп  топтасақ,  одан  әрі  есімдер  категориясын  зат  есім  катего- 
риясы,  сын  есім,  сан  есім  категориясы  деген  сияқты  жіктерге 
бөлумен  тынбай,  олардың  әрқайсысын  тағы  да  әрі  қарай  са- 
ралап  отырамыз.  Мысалы,  есімдіктер  категориясын  жіктеу 
есімдігі,  сілтеу,  сұрау,  топтау,  белгісіздік,  болымсыздық  деп, 
одан  әрі  бір  ғана  жіктеу  есімдіктерін  тағы  да дараландырып, 
жақ категориясын анықтаймыз. Сол сияқты қосымшалар кате- 
гориясын  әуелі жалғау категориясы және жүрнақ қатегориясы
деп  жіктеп,  одан  әрі  жалғауларды  жоғарыдағыдаи  көптік 
жалғау,  тәуелдік  жалғау,  септік  жалғау,  жіктік  жалғау  кате- 
гориялары  деп  бөлеміз.  Жұрнақтарды  әуелі  сөз  тудыратын 
және  сөз  түрлендіретін  категорияларға,  одан  әрі  іпггей  жеке 
сөз  таптарына  тели  бөліп,  олардың  өзара  жіктері  мен  сыр  - 
сипаттарын  ашамыз»  (Ы.  А.  -   ҚҚТ,  22-23).  Осы  үзінділерден
көрінетіндей, грамматикалық категория деген үғымды ғылыми 
түрғыда  түсінуде  әлі  бірізділік,  нақтылық  пен  айқындылық
63


байқалмайды. 
Грамматикалық 
категория, 
ең 
алдымен, 
грамматикалық  магынамен  және  грамматикалық  формамен 
тікелей  байланысты.  Грамматикалық  мағына  грамматикалық 
форма  болмаған  жерде  грамматикалық  категорияның  болуы 
мүмкін емес.  Екіншіден, грамматикалық категорияның болуы 
грамматикалық  магына  мен  грамматикалық  форманың  өзара 
бірлігімен, түтастығымен, сәйкестігімен, ягни олар арасындагы 
диалектикалық  сәйкестікпен,  ондагы  жүйелілікпен  байланы- 
сты.  Яғни кез  келген  грамматикалық мағына немесе қайсыбір 
грамматикалық  форма  грамматикалық  категория  қүрай 
бермейді. Белгілі бір грамматикалық мағыналар бірлігі белгілі 
бір грамматикалық топ қүрайтын сөздерге тән болып, солардың 
парадигмалық  түрлену  жүйесі  болу  арқылы  грамматикалық 
категория  қүрайды.  Үшіншіден,  грамматикалық категория  си- 
патына  жету  үшін  грамматикалық  мағыналар  жиынтығы,  бір 
жағынан өзара бір тектес, бірыйгай сипаттагы, екінші жағынан, 
бір-біріне  қарама-қайшы  мәндегі  мағыналар  болу керек.  Яғни 
грамматикалық категория -  өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы 
қасиетте  бола  алатын  бірнеше  (кем  дегенде  екі  түрлі)  тектес, 
мәндес  грамматикалық  мағынаның  жиынтығы,  бірлігі.  Сол 
бірлік  пен  өз  ішіндегі  қарама-қайшылық  арқылы  және  соның 
әрқайсысын білдіретін әр түрлі тәсілдер арқылы немесе соған 
тән  арнайы  грамматикалық  формалар  жүйесі  я түрлену  пара- 
дигмасы  арқылы  грамматикалық  категорияның  мәні,  сипаты, 
шегі байқалып, айқындалады.
Сүрақ.  Бір  ғана  грамматикалық  мағына  мен  оның  сыртқы 
көрінісі болып табылатын грамматикалық формасының бірлігі 
грамматикалық категория болып саналмай ма?
Жауап. Бір ғана грамматикалық мағына мен оны білдіретін 
грамматикалық форма грамматикалық категория қүрай алмай- 
ды.  Мысалы,  септік  категориясы,  тәуелдік  категориясы,  жақ 
категориясы деген грамматикалық категориялар бар да, ілік не- 
месе барыс, т. б. септік категориясы, бірінші (немесе екінші) жақ
64


тәуелдік категориясы, осы (немесе өткен) шақ категориясы де- 
гендер жоқ, ілік (немесе) барыс септіктің, бірінші (немесе екінші) 
жақ тәуелдіктің,  осы (немесе  өткен)  шақтың  әрқайсысына тән 
грамматикалық мағынасы (грамматикалық меншіктілік немесе 
жанама  объектілік-бағыттылық,  1-2-  жақ  тәуелдік  қимылдың 
сөйлеп  түрған  сәтте  болып  жатқанын  немесе  өтіп  кеткенін), 
оны  білдіретін  грамматикалық  формасы,  түлғасы  бар  болса 
да,  бүлар  жеке-жеке  грамматикалық  категория  бола  алмайды. 
Сондай-ақ қазақ тіліндегі көптік категориясы негізінен заттың 
көптік  үғымымен  байланысты  да,  морфологиялық  жағынан 
көптік  жалғау  арқылы  беріледі.  Бірақ  көптік  категориясы  сөз 
болғанда ол тек көптік жалғаумен ғана шектелмеу керек. Көптік 
мағына  грамматикалық  түрғыдан  жекелік  мағынаға  қарама- 
қайшы  мағына ретінде заттың сандық үғымының шеңберінде 
өмір сүреді.  Сондықтан бүл категория көптеген тілдерде қазақ 
тіліндегідей  көптік  категориясы  деп  емес,  еан  катеғориясы 
(мысалы, орыс тілінде категория числа, қазіргі қырғыз тілінде 
сан категориясы) деп аталады.
Сөйтіп,  грамматикалық  категорияның  негізінде  грам- 
матикалық  мағыналар  жиынтығы,  олардың  ғрамматикалық 
формалар  жүйесі  сияқты  арнайы  грамматикалық  тәсілдер 
арқы лы бері л у і жатады.
Сүрақ.  Бүл  баяндаудан  байқалатыны -  грамматикалық  ка- 
тегория  үғымы  негізінен  алғанда  кез  келген  грамматикалық 
мағынамен  емес,  оның  категориялық  грамматикалық  мағына 
түрімен  байланысты.  Ал  ғрамматикалық  мағына деген  үғым- 
ның жалпы грамматикалық мағына, қатыстық грамматикалық 
мағына  деп  аталатын  түрлері  грамматикалық  категорияға 
қатысты емес пе?
Жауап. 
Грамматикалық 
мағынаны 
жалаң 
түрде 
грамматикалық  мағынамен  қатысты ғана қарау,  сол шеңберде 
ғана  анықтау,  жоғарыда  көрсетілгендей,  дүрыс  болмай- 
ды.  Грамматикалық  категория  әрі  өзара  тектес,  мәндес,
65


ыңғайлас,  әрі  бір-біріне  қайшы  мәндегі  бірнеше  (кем  деген- 
де  екі  түрлі)  грамматикалық  магынадан  немесе  мағыналар 
жиынтығынан  түрып,  ол  грамматикалық  магыналар  белгілі 
парадигмалық түлғалар жүйелері арқылы беріледі. Сол арқылы 
грамматикалық  категория  белгілі  грамматикалық  топтағы 
сөздердің  (сөз  таптарының)  түрлену  жүйесі  болып,  сөз  табы 
ретінде  ерекшеленеді,  әрі  сол  сөз  табының  грамматикалық
белгісі болып табылады.
Лексикалық  мағынаның  жалпылануы  арқылы  пайда  бола-
тын грамматикалық (жалпы грамматикалық) магыналар жүйесі 
(кем дегенде  екі түрлі  мәндес,  тектес грамматикалық  мағына) 
ешбір  грамматикалық  түлғасыз  семантикалық  тәсіл  арқылы 
ғана берілетін болса, онда грамматикалық категория жасай ал- 
майды,  өйткені грамматикалық категория тек грамматикалық 
мағыналар  жиынтығы  ғана  емес  сол  тектес,  мәндес  әрі  бір- 
біріне қарама-қайшы грамматикалық мағыналарды білдіретін, 
парадигмалық  сипаттағы  грамматикалық  түлгалар  жүйесі 
болып  табылады.  Сондықтан,  мысалы,  зат  есімнің жалпы  зат 
атауын білдіруін былай қойғанда мүнда тіпті бір-біріне қарама- 
қайшы және тектес, мөндес мағыналық та қасиет жоқ, яғни бір 
ғана  жалпы  грамматикалық  мағына,  (қайшы)  оппозиңиялық 
және  тектес  мәнді  жалпы  және  жалпы  есім,  деректі  және 
дерексіз  зат  есім,  кімдік  (адамға  байланысты)  және  нелік 
(адамнан  басқа зат атауларына байланысты)  зат есім,  сапалық 
және қатыстық сын есім, т.  б.  сол сөз табының (зат есім я  сын 
есімнің)  ғрамматикалық  категориялары  бола  алмайды,  ол 
грамматикалық мағыналардың  морфологиялық корсеткіштері 
жоқ.  Ал  грамматикалық  мағыналар  семантикалық  тәсіл 
(лексикалық  мағынаның  жалпылануы)  арқылы  берілсе  де, 
олардың  (тектес  грамматикалық  мағыналардың)  бір-бірінен 
айырмашылығы  (қарама-қайшылығы)  кейде  грамматикалық 
формалар арқылы берілетін болса, сөз жоқ бүл мағыналар мен 
формалар  жиынтығы  грамматикалық  категория  жасай  алады.
66


Мысалы, етістіктің салттылық-сабақтылық мағынасы түбірдің 
семантикасы  арқылы  көрінеді,  яғни  кез  келген  етістік  түбір 
ешбір  грамматикалық  формасыз-ақ  я  салттылық  мағынаны 
я  сабақтылық  мағынаны  білдіреді.  Салттылық-сабақтылық 
мән  етістік  түбірдің  семантикалық  сипаты,  қасиеті  болып 
табылатындықтан да, кейбір зерттеушілер бүл қасиетті етістік 
сөз  табындағы  омонимия  мен  полисемияньщ  шегін  ажырата- 
тын критерий ретінде де үсынады  («Етістіктердің салт немесе 
сабақты  болуына қарай  әрқайсысын  өз  алдына  жеке  сөз,  дер- 
бес  лексикалық  единиңа деп  қарау  керек»  -  X.  -   ЕЛГС,  210). 
Соған қарамастан етістіктің салттылық-сабақтылық мәні тура 
объектіні  талап  ету-етпеуіне  қарай  грамматикалық  формаға 
байланысты, өйткені тура объект табыс септік формасы (ашық 
я  жасырын  түрінде)  арқылы  беріледі.  Сөйтіп,  етістік түбірдің 
таза  семантикалық  тәсіл  арқылы  байқалатын  салттылық- 
сабақтылық  мағынасы  екінші  жағынан  табыс  септік  форма- 
сы  арқылы  берілетін  тура  объектімен  тікелей  байланысты  я 
байланысты  емес  болуы  арқасында грамматикалық категория 
қасиетіне ие болып отыр.
Орыс  тілінде  зат  есім  семантикалық  жағынан  деректі- 
дерексіз (конкретное -  отвлеченное имя), жалпы-жалқы (нари- 
цательное — собственное имя) сияқты түрлерімен  бірге жанды 
және  жансыз  заттар  (одушевленные  и  неодушевленные  пред- 
меты)  болып  бөлінетіні  белгілі.  Қазақ  тілінде  де  зат  есімнің
осындаи  түрлері  орыс  тшіндеп  зат  есімнщ,  соңғы  түріне 
семантикалық сипаты  жағынан  қазақ  тіліндегі  кімдік (адамға 
байланысты)  және  иелік  (адамнан  басқа  зат  атауларына  бай- 
ланысты)  зат  атаулары  біршама  сәйкес  келеді,  бірақ  бірдей 
емес.  Орыс тіліндегі  зат атауының жанды-жансыз түрлері,  бір 
жағынан, қазақ тіліндегі кімдік-нелік зат атаулары сияқты таза 
семантикалық тәсіл арқылы ажыратылып  айқындалса,  екінші 
жағынан,  белғілі  бір  сәтте  грамматикалық  формаға  қатысы 
байқалып отырады. Мысалы, жанды зат атаулары септелгенде,
67


табыс (винительный) септік түлғасы ілік (родительный) сепик 
түлғасымен  сәйкес  келеді  де,  жансыз  зат  атаулары  септелген- 
де,  табыс  (винительный)  септік  формасы  атау  (именительный) 
септік  формасымен  сәйкес  келеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет