§ 3. С Ө ЗД ІҢ Л Е К С И К А Л Ы Қ М А Е Ы Н А С Ы
Сөйтіп, айналадағы заттар мен қүбылыстардың біздің са-
намызда бейнеленуінің нәтижесінде пайда болатын үғымы
сөздің білдіретін ішкі мазмүны яғни мағынасы болып табыла-
ды. Сөздің осындай әуелдегі (о бастағы) негізгі тура мағынасы
14
лексикал ы қ мағына деп аталады. Сөздің лексикалық мағынасы
Щ
ол сөздің жеке тұрғандағы қалпынан да, яғни сөйлем ішінде
емес, бөлек тұрғаньгада да, көрініп отырады. Өйткені сөздің бұл
(лексикалық) мағынасы талай рет қолданылудың нөтижесінде
санамызда әоден қалыптасқан, ол сол тілдің сөздік құрамына
еніп, семантикалық шеңбері анықталған. Сондықтан да ешбір
контекссіз-ақ ол (сөз) сөздіктерде (мысалы, тұсіндірме сөздік,
екі тілді сөздік, т. б.) реестр сөз ретінде жеке беріліп, мағынасы
көрсетіледі. Сондықтан да тілдегі кейбір сөздердің мағыналары
кейде бір-бірімен жақын болуы мүмкін, бірақ толық бірдей бола
алмайды, тілдегі әрбір сөздің өзінше бөлек-бөлек лексикалық
мағьшасы болады. Әрине, сөздің лексикалық мағынасы сол сөз
білдіретін зат, құбылыстың белгілі бір қасиетіне я қасиеттеріне
негізделіп, ол сөз аталғанда, санамызда сол қасиеттер
мағынаның басты көрсеткіштері, мәндері ретінде көрінеді.
Сұрақ. Сонда лексикалық мағьша сөздердің нақты тура
мағынасы ғана ма? Бір сөзде бір ғана лексикалық мағына
бола ма?
Жауап. Сөздің лексикалық мағынасына, ең алдымен оның
нақты тура мағынасы жатады. Айталық, көл, құс, тау, үй,
көк, биік, үш, бес, келу, жүру сияқты сөздердің лексикалық
яғни нақты мағынасы: табиғи су қоймасы, үстін қауырсын
жапқан үшып жүретін жануар (мақүлық), жердің әр түрлі та-
стар арқылы биік болып қалыптасуы, адамның түратьга баспа-
насы, бір заттың нақты түсі (көк), бір заттың жоғарыға қарай
сьгадық сипаты, заттардың нақты сандары (үш, бес), сөйлеушіге
қарай беттеу қимылы, нақты қозғалу қимылы немесе бір
жаққа аттану қимылы. Сонымен бірге бір сөз осындай нақты
тура мағынамен бірге басқа да мағыналарды білдіріп, ауыс,
келтірінді мағыналарда да жүмсала береді. Мысалы, айыру
етістігі, ең алдымен, дыр еткізіп жырту және қақ жару, екіге
бөлу мағыналарын білдіреді. Бүл — етістіктің тура мағыналары.
Сонымен бірге айыру етістігі бөліп шығару (қаймақтан майды
15
айыру), ажырату (ешкімді айырып болмайды), жер жырту, тілу
(жерді тайыз айырады), адамдар әсіресе туыстар, көңілі жақын
адамдардың қарым-қатынасы үзілуі, ажырауы (досынан айы-
ру, ағайынынан айырды), арашалау, қүтқару (бишара шалды
үрылардан айырып алды), бөлектеу, алалау, бірдей көрмеу (олар-
ды бізден неге айырасыз?) танып, білу, анықтау (түнде айыра
алмадым), т. б. Бір сөздің басында, міне, қаншама мағына бар?
Енді айыру етістігінің ауыс мағынасы - үнем қылу, күн көру.
Осы заттардың майымен, үн, шайын айырсын, - деді Абай (М.
Әуезов). Сондай-ақ айып сөзінің мағынасына көз жіберейік:
ескі әдет-ғүрып заңын бүзғаны үшін тағылатын кінә, жаза,
жауапкершілік, штраф, ал оның ауыс мағынасы - мін, кемшілік:
Жалғыз-ақ тал бойыңда бір айыбың: Даусың жоқ, не себепті
сыбырлайсың (Н. Ахметбеков), т. б. (ҚТТС, 1, 117-118, 114-115).
“Абай жолы” романынан алынған мына бір үзіндіге де назар
аударайық. “Ол Абайды көре отырып, Қүнанбайдың өзге жас
балаларын да еске алды.
- Осы, ана Ысқақ бір жошын. Бір түрлі пысық та сергек неме
- деді.
.
- Ол әлгі Күңкенің қолындағы ма? - деп сүрап алып, Бөжей:
- Рас, қүлдырап түр! - деді.
- Я, рас-ау, соның оты бар! - деп, Байсал да қостады. Мүның
бәрі - қиялап айтқан Қүнанбайдың қошаметі. Үндемей түйіліп,
сүп-сүр боп отырған Қүнанбай ол сөздерге көп шіміркенген
жоқ. Қайта теріс көргендей мойын бүрып, Абайга қарап:
- Одан да не күтсеңдер де, осы жаман қарадан күтсеңдерші
- деді (М. Әуезов).
Осындағы жаман сөзі тіпті де жаман емес. Жаман қара деп
отырғаны - Абай. Оған іщтей риза болып, Абайдың келешегінен
зор үміт күтіп, солай деп отыр. Бүл - сөздің контекстік
келтірінді магынасы, өйткені бүл мағына тек осы контексте,
осы қолданыста ғана осылай түсініледі.
16
Сөйтіп, сөз бір я бірнеше лексикалық мағынаны білдіреді
екен. Және сол негізгі лексикалық мағынаның негізінде бел-
гілі стильдік мәндегі әр түрлі экспрессивтік, келтірінді мағы-
наларды да білдіре алады. Бірақ сөз сөйлемде қолданылғанда,
ол қаншама полисемиялы (көп мағыналы) болғанмен, оның
бір ғана мәнінде жүмсалып, бір ғана мағынасын білдіріп
түрады. Сондықтан да сөзде бір ғана лексикалық мағына бола-
ды дейміз. Демек, сөз жалпы бірнеше мағынаны, көп мағынаны
білдіре алғанымен, сөйлемде соның бір ғана мағынасында
қолданылады, басқа мағыналары ол жерде ескерілмейді.
Бүған керісінше сөздің бір ғана қолданысының өзінде бірнеше
грамматикалық мағына болуы мүмкін.
§ 4. ГРАММАТИКАЛЫҚ ¥ҒЫМДАР
Грамматиканың басты объектісі тілдің грамматикалық
қүрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктерін анықтауда
(сол арқылы ғана сөздің грамматикалық сипаты ашылмақ)
оған (тілдің грамматикалық қүрылысына) тән басты-
басты грамматикалы қ үғымдарды ажыратып, олардың
ерекшеліктерін, сипатын айқындап алу қажет. Өйткені
тілдің грамматикалық қүрылысы сала-сала жүйелерден
қүралады да, олардың түтастығы сол жүйелерге тән белгілі
заңдылықтардың негізінде болып отырады. Ол жүйені
аиқындап, заңдылықтарын ашу үшін, ондағы грамматикалық
әр түрлі амал-тәсілдерді, сөздердің белгілі бір ортақ қасиеттері
арқылы топ-топқа бөлінуін, олардың мағыналары мен сөйлеу
процесіндегі қызметтерін білу қажет. Демек, сөздің сөйлеу
процесіндегі басқа сөздермен әр түрлі қатынастарының
негізінде пайда болатын ішкі мәндері, оның көрінісі болатыны
сыртқы түр-түлғасы, солардың барлығы негізінде сөйлемдегі,
т. б. тілдің грамматикалық қүрылысымен байланысты болса,
оның өзіндік ерекшеліктері тағы да сездің грамматикалық
сипатымен анықталады. Сөйтіп ең басты грамматикалық
Іакадвмик С.БвйсвмбаеыІ
1?
ұғымдарға грамматикалық мағына оның оерілу тәсілінің
бір түрі грамматикалық форма және осы екеуінің жүйелі
жиынтығы қүрайтын грамматикалық категория дегендер
енеді. Бүл үшеуі бір-бірімен диалектикалық бірлікте болып,
тілдің грамматикалық қүрылысын қүрайды да, қалған жекеле-
ген грамматикалық единиңалар мен қүбылыстар, жүйелер осы
үғымдардан туындайды.
§ 5. ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНА ЖӘНЕ ОНЫҢ Т ҮРЛЕРІ
Тілдегі әрбір сөздің (белгілі үғымды білдіре алатын
мәнді сөздің) нақты лексикалық мағынасымен бірге жал-
пы грамматикалық мағынасы да болады. Сөздің лексикалық
мағынасы - нақты, үғымдық мағына яғни бір сөзден екінші сөзді
айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса грамматикалық
мағына - сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі
тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа
сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда
болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше бедгілі бір
грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылвГбіріктіретін
жалпы мағыналары болып табылады.
/X
.
Сұрақ.
Грамматика лық
мағына
боздің
лексикалық
мағынасымен тікелей байланысты бола ма?
Жауап. Грамматикалық мағыналардың өзі біркелкі емес.
Тікелей лексикалық мағынадан туатын да, сөздің түрлену жүйесі
негізінде тұлғалануынан да пайда болатын грамматикалық
мағыналар бар. Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен
жер қойнына кірер денең (Абай) деген сөйлемді талдап
көрейік. Сөйлемде қолданылған әрбір он соз бір-бір лексикалық
мағынаны және бірнешеден грамматикалық мағынаны білдіріп
тұр: 1. туғанда, лексикалық мағынасы - нақты туу қимылы;
грамматикалық мағыналары - 1) жалпы қимылды білдіру;
2) салттылық мән; 3) өткен шақтық мән; 4) бір қимылдың
(ашудың) мезгілін білдіру; 2. дүние, лексикалық мағынасы -
18
әлем мағынасындағы дерексіз зат; грамматикалық мағына-
лары: 1) жалпы абстракт зат атау ы; 2) қатыстық-меншіктілік мән.
3. есігін, лексикалық магынасы — үйдің бір бөлігі болып та-
былатьга (есік) нақты заттың ауыспалы магынада қолданылуы;
грамматикалық магыналары: 1) жалпы зат атауы болуы,
2) екінші бір затқа (дүние) тәуелді соның бөлшегі болу, 3) ол
тәуелділік 3-жаққа қатысты, 4) тура объектіні білдіру; 4. аша-
ды, лексикалық магынасы — ауыс мағынадағы ашу қимылы;
грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіруі,
2) ол қимылдың сабақты болуы 3) ауыспалы осы шақ мәнін
білдіру, 4) 3-жақтағы субъектінің қимылы; 5. өлең, лексикалық
мағынасы - накты өлең деген зат атауы; грамматикалық
мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) ашу қимылының
грамматикалық субъектісі болуы; 6. өлеңмен, лексикалық
мағынасы — нақты өлең деген зат атауы; грамматикалық
мағыналары: 1) жалпы зат атауы, 2) кіру қимылының амалын
білдіру; 7. жер, лексикалық мағынасы —
нақты жер деген зат;
грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы,
2) қатыстық-меншіктілік мән; 8. қойнына, лексикалық
мағынасы — нақты қойын деген зат; грамматикалық
мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) екінші бір затқа
(жер) тәуелді болуы, 3) тәуелділік 3-жақта'болуы, 4) қимылдың
(кірер) бағытын білдіруі; 9. кірер, лексикалық мағынасы
— нақты кіру деген қимыл; грамматикалық мағыналары:
1) жалпы қимылды білдіруі, 2) ол қимыл салтты, 3) келер
шақ мәні, 4) 3-жақ субъект арқылы ол қимылдың іске асуы;
10. денең, лексикалық мағынасы - дене деген зат;
грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы,
2) тәуелділік мағына, 3) 2-жақ, жекеше, анайы, 4) кіру
қимылының грамматикалық субъектісі.
Осы шағын талдаудан көрінетіндей, сөйлемдегі әрбір мәнді
сөз бір лексикалық мағына және бір я бірнеше грамматикалық
мағынаны білдіреді. Және грамматикалық мағыналар біркелкі
19
емес, олардың берілу тәсілдері де әр түрлі. Осы сөздерді кейбір
ортақ грамматикалық мағыналарына қарап топтауға да бола-
ды. Мысалы, жалпы затты зат атауын білдіруіне қарай дүние,
есігін, өлең, өлеңмен, жер, қойнына, денең создерін бір топ
етіп, жалпы қимылды білдіруіне қарай туғанда, ашады, кірер
сөздерін бір топ етіп, салттылық сипаты жағынан туғанда,
кірер сөздерін бір топ етіп, 3-жақ субъектінің қимылын білдіруі
жағынан ашады, кірер сөздерін бір топ етіп, тәуелділік мәніне
қарай есігін, қойнына, денең сөздерін бір топ етіп, т. б. топтауға
болар еді. Сөйтіп, жалпы мағына, грамматикалық мағынаның
бірыңғайластығы,
ортақтығы жағынан сөздерді
белгілі
топтарға жіктеуге болады. Сонымен бірге ол грамматикалық
мағыналардың түрлері де, берілу жолдары да біркелкі емес.
Мысалы, туған.
Щ
әрекетті білдіруі мен салттылық (туғанда, кірер) я сабақтылық
(ашады) мағыналары нақты қимылдың абстракцияланып, жал-
пылануы арқылы пайда болған. Сондай-ақ дүние, есігін, өлең,
өлеңмен, жер, қойнына, денең сөздерінің жалпы зат атауын
білдіруі нақты заттардың абстракцияланып, жалпылануы
арқылы пайда болып отыр. Демек, бүл тәрізді грамматикалық
мағыналар
сөздердің
лексикалық
мағыналарының
аб-
стракциялануы, жалпылануы арқылы беріледі. Сойтіп, бүл
-грамматикалық мағына білдірудің семантикалық тәсілі
(жолы) екен.
Сүрақ. Нақты заттың аты немесе нақты қимыл болса; ол
лексикалық мағына да, жалпы заттың аты немесе жалпы қимыл
болса, ол грамматикалық мағына бола ма?
Жауап
үние, есік, жер сөздерінщ
әрқайсысы - жеке-жеке үғымды білдіретін заттың аты, туғанда,
ашады, кірер -нақты қимыл үғымын білдіретін сөздер, сондай-
ақ төрт, жеті - нақты санды білдіретін сөздер, ақ, көк, сары -
заттың нақты түсін білдіретін сындар, т. б. Атап айтқанда,
дүние - өмір, тіршілік (ҚТТС, III, 204), есік - ауыс. өмірге, іс
20
пен еңбекке алғаш аттап, қадам басып кіру, араласу (ҚТТС, III,
453), жер — жер планетасының үстіңгі қабаты, сыртқы қыртысы
қүры лық (ҚТТС, 14,90) дегендердің осы көрсетілген лексикал ық
мағыналарында ешбір ортақтық, жақындық жоқ, эрқайсысы —
бөлек-бөлек заттардың атауы; туғанда - ана қүрсағынан
шығу, дүниеге келу (ҚТТС, IX, 254), ашады - ауыс, жабық
түрған нәрсенің есігін, бетін шалқайту, аңқайту (ҚТТС, I, 507),
кірер - ену, келу (ҚТТС, V, 411) дегендердің осы көрсетілген
лексикалық мағыналарында ортақтық, үқсастық жоқ, бір-
бірінен осы мағыналары арқылы ажыратылады; төрт — үштен
кейінгі есептік сан (ҚТТС, IX, 243), жеті - алтыдан кейінгі сан
(ҚТТС, IV, 113) дегендердің де лексикалық мағыналары бөлек-
бөлек; ақ - қардың, сүттің, бордың түсіндей (қараға қарама-
(ҚТТС
(ҚТТС
V, 118), сары, піскен егіннің немесе апельсиннің түріндей түс
(ҚТТС, VIII, 187) дегендердің де лексикалық мағыналары бөлек-
бөлек, өйткені бүлар әр түрлі түсті білдіреді. Сонымен бірге
бүл нақты (лексикалық) мағыналары жалпылануы да мүмкін.
Атап айтқанда, дүние, есік, жер жалпы зат атауларын білдіреді,
туғанда, ашады, кірер жалпы қимылды, іс-әрекетті білдіреді,
төрт, жеті - жалпы бір санды білдіреді, ақ, көк, сары - жалпы
түсті білдіреді ягни сапалық сынның белгілері. Міне бүл соңғы
көрсетілгендер - нақты лексикалық мағыналардың жал-
пылануы арқылы пайда болған жалпы грамматикалық
магыналар яғни бүлар белгілі бір сөздің гана мағыналық си-
паты емес, белгілі бір топтағы (айталық, заттың атын білдіру
немесе қимыл іс-әрекетті білдіру, т. б.) сөздердің ортақ жалпы
мағынасы. Осы жалпы мағыналарының ортақтығы арқылы
сөздер топтасып, белгілі бір грамматикалық топ қүрайды:
дүние, есік, жер - заттың атын білдіретін сөздер - зат есім,
туғаида, ашады, кірер - кимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер -
етістік, төрт, жеті - заттьщ санын білдіретін сөздер - сан есім,
ақ, көк, сары (жақсы, үлкен, биік) заттың сынын білдіретін
21
сөздер - сын есім, т. б. Сөйтіп, сөз лексикалық мағынасы
арқылы басқа сөзден дараланып, жекеленіп, бөлініп отыр-
са, жалпы грамматикалық мағынасы арқылы керісінше басқа
сөздермен ортақ сипат алып, жақындап, жалпы грамматикалық
топ қүрауға бейімделеді.
Сүрақ. Сөзде жалпы заттың атын, немесе жалпы қимылды,
немесе жалпы сынды, т. б. білдіретін бір ғана жалпы
грамматикалық мағына бола ма?
Жауап. Сөзде лексикалық мағынаның жалпылануы негізінде
пайда болатын жалпы грамматикалық мағына (жалпы заттың
аты, жалпы қимыл т. б.) басқа да жалпы грамматикалық
мағыналарды білдіруге негіз болады. Яғни, мысалы, жалпы
заттың атау ы болу мағынасымен бірге ол жалпы грамматикалық
мағына жекелеген (жалпы) заттың атауы болуы мүмкін немесе
алуан түрлі заттың жалпы ортақ атауы болуы мүмкін (жалпы
есім); деректі немесе дерексіз зат атауы болуы мүмкін; адамға
байланысты (кімдік) немесе адамнан басқа затқа байланысты
атау болуы мүмкін, т б. Сондай-ақ заттың сынын білдіретін
сөздер сапалық сынға немесе қатыстық сынға байланысты
болуы мүмкін, қимылды білдіретін сөздер салттық неме-
се сабақтылық сипатпен қатысты болуы мүмкін немесе
қимылдың неше түрлі семантикалық сипаты болуы мүмкін
(қалып, қозғалыс, амал - әрекет, ойлау қабілетіне байланысты,
көңіл күйіне байланысты, т. б.). Бүлардың барлығы да сөздің
жалпы семантикасынан туындайтын жалпы грамматикалық
мағыналары. Сөйтіп, сөзде жалпы грамматикалық мағьгаа
біреу ғана емес, бірнешеде болуы мүмкін.
Сұрақ. Оқулықтарда грамматикалық мағына деп лексика-
лық мағынаны айқындай, саралай түсетін немесе грамматика-
лық түлғалар арқылы және басқа сөздермен қарым-қатынасқа
түсу арқылы пайда болатын (туатын) жалпы мағына деп
көрсетіледі. Бүл дүрыс ереже ме және оны қалай түсінеміз?
22
Жауап. Рас, оқулықтарда грамматикалық мағына көбіне со-
лай анықталады. “Сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен
жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай
түсетін я сөйлемдегі басқа создермен қарым-қатынасқа түсу
нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына
дейміз. Грамматикалық мағына сөздің түрленуі арқылы да
сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынастары арқылы да ай-
тылады” (Ы. А.-ҚҚТ, 14). Ең алдымен грамматикалық мағына -
лексикалық мағынамен жарыса отырып, сол лексикалық
мағынаны айқындай, саралай түсетін мағына емес, сөздің сол
лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы туатын жалпы
мағынасы.(Лексикалық мағынаға қарағанда грамматикалық
мағына одан кейін пайда болады. Атап айтқанда, грамматикалық
мағына алдымен лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы
пайда болып, содан кейін сөйлеу процесінде сөздің жүмсалу
мақсатына қарай оған әр түрлі түлғалардың қосылуы арқылы
немесе сөйлемде басқа сөздермен әр қилы қарым-қатынасқа
түсуі арқылы үстеледі, демек, осының нәтижесінде екінші
қатардағы мағына болып табылады. Сондай-ақ лексикалық
мағынаның мәні дара болса, сөйтіп, сөздерді бір-бірінен са-
ралап, бөлуге негіз болса, грамматикалық мағына жалпы бо-
лады, жеке сөздерге (формаға) ғана емес, солардың белгілі
топтарына тән оолатындықтан, сөздерді грамматикалық си-
паты жағынан, жоғарыда көрсетілгендей, топтауға негіз бола-
ды. Оның үстіне сөз бір ғана лексикалық мағынаны білдірсе,
грамматикалық мағына сөйлемдегі сөзде әдетте бірнешеу бо-
лады. Екіншіден, грамматикалық мағына, дүрыс көрсетіліп
жүргендей, сөйлеу процесінде сөздің әр түрлі грамматикалық
түлғалар арқылы түрленуінен де туады, көрінеді. Үшіншіден,
грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздердің басқа
сөздермен әр қилы қарым-қатынасынан да пайда болады.
Бүлардың барлығы да грамматикалық мағына деп танылғанмен,
олардың әрқайсысының мәні, сипаты, грамматикалық ка-
23
тегория үғымына қатысы, сөздің белгілі топтарға бөлініп,
олардың грамматикалық сипатын айқындаудағы ролі бірдей
емес. Сондықтан да грамматикалық мағына атаулыны жасалу
тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне
қарай жалпы грамматикалық магыиа, категориялық
грамматикалық магына және қатыстық грамматикалық
мағына деп үш түрге бөлуге болады.
Сұрақ. Жалпы тіл білімінде, сондай-ақ түркологияда
грамматикалық мағынаны бұндай бөлу тәжірибесі бар ма?
Грамматикалық мағьгааны осындай үш түрге бөлудің қандай
теориялық және практикалық негіздері бар?
Жауап. Жалпы тіл білімінде грамматикалық мағынаны
дәл осындай үш түрге бөлу тәжірибесі жоқ. Қазіргі қырғыз
тілінде грамматикалық мағынаның типтері ретінде оны екіге
бөліп қарау тәжірибесі бар: бірі - жалпы категориялық
мағына және екіншісі - жеке грамматикалық магына.
Жалпы категориялық мағынаға, мысалы, зат есімнің заттық,
сын есімнің сындық, етістіктің қимыл-әрекеттік мағыналары
яғни сөздің әр түрлі формада түрленіп өзгеруінен емес, түбір
білдіретін және сөздің барлық грамматикалық формаларын-
да бола беретін мағыналары жатады да, жеке грамматикалық
мағынаға сөздің түрленіп түлғалануы арқылы пайда бола-
тын мағыналары жатады, сондықтан бір сөзде бір жалпы
грамматикалық мағына және бірнеше жеке грамматикалық
мағына болады (Д. К. - АКТ, 7-8).
Грамматикалық мағына жоғарыда көрсетілгендей, ең ал-
дымен, сөилеу процесінде лексикалық мағынадан туын-
дайды, ягни лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы,
сөздік үғымның жахгпылық-абстрактылық сипатқа ие болуы
арқылы грамматикалық мағына пайда болады. Жалпы, сөйлеу
процесінен (сөйлемнен яғни контекстен) тыс грамматикалық
мағына болмайды. Үй, тас, жасыл немесе кел, т. б. дегендердің
заттық және иелік, жалпылық немесе сындық, түсті білдіру
24
немесе қимылдық, т. б. грамматикалық мағыналары сөйлеу
процесінде әбден қалыптасқан, сондықтан ондай тиесілі мағына
сөйлемсіз-ақ ойымызда тұрақталып қалган. Одан әрмен сол
сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен қарым-қатынасқа
түсуі арқылы да, тұрлі грамматикалық формалар үстелуі
арқылы да, дауыс ыргағы, орын тәртібі, ішкі флексия, т. б.
арқылы да грамматикалық мағына үстеледі.
Грамматикалық мағынаның түрлері оның берілу жолда-
рына байланысты және соған сай олардың (грамматикалық
мағыналардың) грамматикалық немесе лексика-грамматикалық
(семантикалық), қызметтік (функциялық), т. б. сипаттары
айқындалады.
Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда бо-
латын грамматикалық мағынаны жалпы грамматикалық
мағына деп бөлуге болады. Жалпы грамматикалық магына
грамматикалық формасыз-ақ ішкі семантиканың абстракция-
лануы, жалпылана түсуі арқылы қалыптасады да, сол арқылы
сөздердің семантикалық жақындығы, ортақтығы пайда бо-
лып, грамматикалық топтар құралады. Жалпы грамматикалық
мағынаның әрі қарай шектеле, ұсақтай түсуі нәтижесінде үлкен
грамматикалық (шынында лексика-грамматикалық) топтары-
нан өз ішінде кіші топтар да бөлініп шыгып отырады. Мысалы,
үй, бала, Алматы немесе жақсы, көк, тасты, құмсыз немесе
кел, тұр, ойла, т. б. сөздердің лексикалық мағыналарының жал-
пылануы нәтижесінде жалпы заттық немесе жалпы сындық не-
месе жалпы қимыл, іс-әрекеттік сияқты жалпы грамматикалық
мағына туған. Ал солардың әрқайсысының өзінде тағы да
кішірек жалпы грамматикалық мағына байқалып, кішірек топ-
тарды көрсетуге болады. Жалпы заттық мағынадағы сөздерді
адамға байланысты (кімдік) заттар (бала, кісі, жолдас, т. б.),
адамнан басқа затқа байланысты (нелік) заттар (үй, тас, ағаш,
т. б.), жалпылық немесе жалқылық ерекшелігіне байланысты
(Алматы, Қүлагер, Ертіс, т. б.), сондай-ақ деректі-дерексіз, т. б.
25
топтарға бөлуге болады. Жалпы сындық мағынадағы сөздерді
сапалық сын-белгі (жақсы, жаман, үлкен, биік, т. б.), түске
байланысты сын (көк, қызыл, ақы, т. б.), қатыстық сын (та-
сты, қүмсыз, аудандық, т. б.) деп, жалпы қимылды білдіретін
сөздерді қимылдық мәнді (кел, кет, шап, т. б.), қалыпты білдіру
(түр, отыр, жатыр, т. б.), абстракты іс-әрекет (ойла, қиялда),
т. б. толып жатқан мәнді білдіруіне қарай топтарға бөлуге бо-
лар еді.
Сөйтіп, жалпы грамматикалық магына сөз таптарының
семантнкалық сипаты болып табылады. Сөздерді таптас-
тырудың семантикалық деп аталатын принципі сөздердің
осы жалпы грамматикалық мағынасына негізделеді.
Грамматикалық мағына арнайы грамматикалық формалар
арқылы да беріледі. Грамматикалық форма деген үғымға, ең ал-
дымен, сөзге (түбірге) үстелетін қосымшалар, сондай-ақ префик-
стер мен жүиелі түрдегі ішкі флексия, супплетивтік тәсіл жата-
ды. Ал қазақ тілінде префикстік те, флексиялық та, су пплетивтік
те тәсіл жоқ. Бірлі-жарым кірме сөздің қүрамындағы бей, би
(бишара, беймаза), на (наразм) сияқтылардың жеке басында
ешбір грамматикалық, семантикалық сипат жоқ, олар тілімізде
сөз қүрамынан болінбей, түтасып кеткен.
Қазақ тілінде грамматикалық форма арқылы берілетін
мағынаны категориялық грамматикалық мағына деп атау
қажет. Жалпы грамматикалық мағына лексикалық мағынаның
жалпылануы арқылы оерілш, сөздщ сыртқы түлғасына, түріне
қатысты болмай, демек, түрлену жүйесіне қатысты болмай,
таза грамматикалық семантика ретінде болса, категориялық
грамматикалық мағына, ең алдымен, белгілі грамматикалық
формалар арқылы беріледі де, екіншіден, сол арқылы белгілі
грамматикалық топтағы сөздердің (сөз таптарының) түрлену
жүйесі болып табылады, үшіншіден, соның нәтижесінде
сол топтағы сөздердің грамматикалық немесе лексика-
граммагикалық категориясын қүрауға негіз болады. Мыса-
26
I
I
I
I
і
лы, шақтық мағына белгілі шақ түлғалары (есімше, көсемше
немесе қалып етістіктері, т. б.) арқылы беріліп, етістіктің шақ
категориясын жасауға негіз болады. Сойтіп, категориялық
грамматикалық мағына белгілі грамматикалық сөздер тобының
түрлену жүиесін, парадигмалық сипатын, соның нәтижесінде
ол топтардың грамматикалық, лексика-грамматикалық катего-
риялар шеңберін, мәнін айқындайды.
Грамматикалық мағына сөйлеу процесінде создің басқа
сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші
сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация, т. б.
аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы да беріле береді.
Оны қатыстық грамматикалық мағына деп атау қажет.
Түсінікті болу үшін бірнеше мысалды талдап көрелік. Тал-
дан таяқ жас бала таянбайды, Бала бүркіт түлкіден аянбайды
дегендегі екі бала сөзін салыстырып көрейік. Бірінші бала зат
атауы (адам), атау септігі арқылы субстанттық, иелік (таянбау
қимылының иесі), 3-жақ мағыналарын білдіріп түрса, екінші
бала заттық мағынада емес, сындық-қатыстық мағынаны
білдіріп түр. Бүл грамматикалық (сындық-қатыстық) мағына
бала сөзінің бүркіт сөзімен тікелей тіркесуінен пайда болып,
соның арқасында адъективтену процесіне ие болған. Менде
ақыл түра ма? (Шәкәрім) дегенде сүраулық мағына ма шыла-
уы арқылы беріліп түр. Бұл - кітапты көп оқиды және Бүл кітап
дүкенде сатылып жатыр деген сөйлемдегі бұл сөздерінің ин-
тонациясына назар аударсақ та жеткілікті. Әрине, бірінші бүл
дегеннің атау септік түлғасында түрғаны - бөлек әңгіме. Неме-
се мына диалогта үйде сөзінің мағынасына назар аударайық:
, - Қайда болдың?
Үйде.
Қай
I
- Басқа грамматикалық мағыналарды ескермегеннің өзінде
1
екінші үйде дегенде сүрау мағынасы тек интонация арқылы
берілген.
27
Сөйтіп,
қатыстық грамматикалық
мағына
сөздердің
сөйлемде атқаратын қызметтерімен байланысты және көбіне
контекстік болып келеді де, сөздерді таптастыруда сөздердің
синтаксистік қызметі принципіне негіз болады. Сонымен
бірге грамматикалық мағынаның бұл үш түрі, бір жағынан,
грамматикалық мағынаның грамматикалық форма деген
үғыммен байланыстылыгын және грамматикалық категория
деген үгымның мәнін, шеңберін айқындауға негіз болатынын
(категориялық магына) көрсетсе, екінші жағынан, кейде тек ол
морфология саласымен шектеліп қоймай, синтаксиске де еніп
кететінін (қатыстық грамматикалық мағына) көрсетіп, мор-
фология мен синтаксистің арасын жымдастыра түсуге себін
тигізеді. Үшінші жағынан, жалпы грамматикалық мағына же-
келеген сөз топтарыньщ семантикалық сипатын айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |