И Қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010


§ 6. ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАНЫҢ БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата15.03.2017
өлшемі10,59 Mb.
#9984
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§ 6. ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАНЫҢ БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ
МЕН ЖОЛДАРЫ
Сұрақ.  Ең  алдымен  грамматикалық  мағынаның  берілу 
тәсілдері  деғен  ұғым  мен  жолдары  деген  ұғым  бір  ме,  бөлек- 
бөлекпе?
Жауап.  Грамматикалық  мағынаның  берілу  тәсілдері  деген 
ұғым  белгілі  бір  мағына  типтерінің  (түрлерінің)  не  арқылы 
және қалай берілуінің тілдік қабат негізіндегі жиынтығы, тобы 
болып табылады да, ол өз ішінде жекелеген түрлерден тұрады. 
Міне  грамматикалық  мағынаның  белгілі  бір  берілу  тәсілінің 
бірнеше түрлері болуы мүмкін.  Сол түрлер ол тәсілдің немесе 
мағына берілудің жолдары деп аталады.
Грамматикалық  мағынаны  білдірудің  ең  бірінші  тәсілі 
-семантикалық тәсіл.  Ол -  сөздің лексикалық мағынасының 
абстракцияланып,  жалпылануы  арқылы  іске  асады.  Сөйтіп, 
жалпы  грамматикалық  мағына  пайда  болады.  Екінші  -   син- 
тетикалық  тәсіл.  Грамматикалық  мағынаның  синтетикалық 
тәсіл арқылы берілуінің тіл білімінде бірнеше жолы бар.  Олар:
28

қосымша  қосылу  жолы,  яғни  грамматикалық  тұлғалардың 
(формалардың)  үстелуі  арқылы  грамматикалық  мағынаның 
берілуі, префикс қосылу жолы, яғни сөзге префикс (приставка) 
қосылу арқылы ғрамматикалық мағынаның берілуі; ішкі флек- 
сия жолы, яғни сөздің ішкі кейбір дыбыстарының өзгеруі, алма- 
суы, қосылуы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; екпін 
арқылы, яғни екпіннің өзгеруімен грамматикалық магынаның 
берілуі,  супплетивті  жол,  яғни  грамматикалық  мағынаның 
жеке-жеке  сөздер  арқылы  берілуі.  Үшінші  -   аналитикалық 
тәсіл.  Аналитикалық  тәсілдің  бірнеше  түрі,  жолы  бар.  Олар: 
негізгі  сөздердің  тіркесуі  арқылы  грамматикалық  магынаның 
берілуі (мысалы, алтын сағат, темір күрек, ағаш үй, шәкірт бала 
сияқты тіркестерде  алғашқы  зат  атаулары  алтын,  темір,  ағаш,
шәкірт екінші зат атауын оілдіретш создермен тіркесу арқылы 
заттық мағынада емес, қатыстық;  сындық мәнде қолданылған) 
негізгі  сөз  бен  көмекші  сөздің  (комекші  етістік,  шылау,  т.б.) 
тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің 
қосарлануы  арқылы  грамматикалық  мағынаның  берілуі,
создердің  орын  тәртіоі  арқылы  грамматикалық  мағынаның 
берілуі,  дауыс  ырғағы,  интонация  арқылы  грамматикалық 
мағынаның берілуі. Сондай-ақ аралас тәсілдер де болуы мүмкін
яғни грамматикалық  мағынаның  оерілуінде  оір  емес,  оірнеше 
тәсілдің элементі болуы мүмкін.
Сұрақ.  Грамматикалық  мағынаны  берудің  осы  көрсетілген 
тәсілдері мен жолдары барлық тілдерге де тән бе? Бүл жағынан 
қазақ тілінің ерекшелігі бар ма?
Жауап. Грамматикалық мағынаны білдірудің бүл көрсетілген 
тәсілдері мен жолдары бір тілде толық кездесе бермеуі мүмкін. 
Бір тілде олардың кейбіреулері ғана қолданылуы мүмкін. Қазақ
тшінде оұл тәсілдердің кездесетіндері мыналар:
1. 
Семантикалық  тәсіл.  Лексикалық  мағынаның  жал- 
пыланып,  абстракңиялануы  арқылы  жалпы  грамматикалық 
мағынаның  пайда  болуы.  Мысалы,  белгілі  бір  топ  сөздердің
29

жалпы  зат атауын  немесе  заттың  сынын я  санын,  немесе  жал- 
пы қимыл, іс-әрекетті  білдіру,  сөйтіп,  белгілі  бір топтарға (сөз 
таптарына) жіктелуі.
2. 
С интетикалы қ  тәсілдің  қазақ  тілінде  ең  жиі  кездесе- 
тіні  — қосымша  арқылы  грамматикалық  мағынаның  берілуі. 
Әсіресе  форма  тудыратын  қосымшалар  арқылы  неше  ал- 
уан грамматикалық магына беріледі:  көптік, тәуелдік,  жақтық 
мағыналар,  жіктік  жалғау  арқылы  жақтық,  жекешелік- 
көпшілік  мағыналар,  септік  жалғаулары  арқылы  қимыл,  іс- 
әрекеттің  иесі,  меншіктілік,  тура  және  жанама  объектілік, 
мезгілдік,  мекендік-бағыттық,  қүралдық-амалдық  сияқты 
мағыналар, шырай  жүрнақтары арқылы бір тектес сынның са-
лыстырмалы  я  күшеитпелі  сипаты,  етіс  жүрнақтары  арқылы 
қимыл,  іс-әрекеттің субъекті мен объекті арасындағы әр түрлі 
қатынастарды  білдіру,  болымсыз  етістік  жүрнағы  арқылы  сол 
қимылдың  болмауы,  шақ  жүрнақтары  арқылы  сөйлеп  түрған 
сәтпен  байланысты  қимылдың  болып  кеткенін,  я  болып 
жатқанын,  я  әлі  болмағанын  (шақтық  мағыналарды)  білдіруі, 
рай түлғалары арқылы қимылдың болу-болмау шартын, тілек- 
ниетін,  біреуге  бүйыруын,  т.  б.  білдіруін  көрсетуге  болады. 
Ал  қазақ  тілінде  грамматикалық  мағынаны  префикс  арқылы 
білдіру  жолы  жоқ.  Мысалы,  орыс  тілінде  при-шел  (келді), 
у-чил  (оқытты,  үйретті),  за-шел  (келіп  кетті),  про-читал  (оқып 
шықты),  пере-шел  (өтіп  кетті),  т.  б.  сөздердегі  при,  у,  за,  про, 
пере  приставкалары  белгілі  грамматикалық  мағына  тудырып 
түр.  Қазақ тіліндегі  бірді-екілі  сөздің қүрамындағы  бей  (би) -  
бейшара,  беймаза,  бейуақ,  на  -   наразы,  т.  б.  префикс  емес, 
олар  кірме  түбірдің  қүрамына  еніп  кетеді.  Сондай-ақ  ішкі 
флексия  жолы  да  қазақ  тілінде  жоқ.  Мысалы,  араб  тілінде 
сөздің  қүрамындағы  ішкі  дыбыстардың  өзгеруі  арқылы  жаңа 
грамматикалық  мағына  туады:  катаба  -жазу,  жазды  етістігі 
болса,  китаабун  -   кітап  та,  кутбун  -   кітаптар  деген  көптік 
мәнді  білдіреді.  Ішкі  флексияның  элементтері  орыс  тілінде
30

де  кездесіп  отырады:  собирать  (жинау) -  собрать  (жинап  алу), 
бегать  (жүгіру) -  бежать  (жүгіріп  кету),  т.  б.  сияқты  етістіктің 
видтік  мағыналары,  сөздің  қүрамындағы  дыбыс  өзгерістері
флексия)
Қазақ
болымсыз етістік пен етістік түбірден зат есім тудыратын -ма, 
-ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшалары арқылы жасалған сөздердегі 
екпіннің  әр  түрлілігі  (мысалы  кеспе  — кеспе,  мінбе  -   мінбе, 
көрме — көрме, қоспа — қоспа, т.  б.) екпіннің сөз мағынасын ай- 
ыру сипаты бола  алмайды.  Орыс тілінде  екпін сөз мағынасын 
(лексикалық) айырумен бірге (мысалы, замок -  қорған, замок -  
қүлып,  кілт,  мука  — азап,  мука  — үн,  т.  б.)  грамматикалық 
мағына тудыруға да негіз болады: окна - терезенің (жекеше ілік 
септік),  окна -  терезелер  (көпше  атау  септік),  руки  -   қолдың, 
руки -  қолдар, воды -  судың, воды -  сулар, т. б. Сондай-ақ қазақ 
тілінде грамматикалық мағынаны  берудің супплетпвті жолы 
да  жоқ.  Мысалы,  орыс  тілінде  адам  деген  үгым  человек  сөзі 
арқылы берілсе, оның көпше түрі бүтіндей басқа сөзбен (люди -  
адамдар)  беріледі.  Сондай-ақ  хорошо  -   жақсы  және  лучше  -  
өте  жақсы,  сказал  -   айтты,  говорил  -   айтты  параллельдері 
де  супплетивті  жол  арқылы  грамматикалық мағына  білдіруге
жатады.
3. 
Қазақ  тілінде  аналитикалық  тәсілдің  барлық  түрлері 
дерлік  кездесіп  отырады.  Негізгі  сөздердің  тіркесуі  арқылы 
грамматикалық  мағынаның  берілуі  дегенде,  әдетте  ол 
сөздердің  сол  түлғаларында  бір-бірімен  тіркесуі  арқылы  жеке 
түрғандағысынан  озгеше,  жаңа  грамматикалық  мағынаны 
білдіруін айтамыз. Бүл — әсіресе түбір түлғадағы зат есімдердің 
бір-бірімен  тіркесіп  қолданылуынан  анық көрінеді.  Әдетте зат 
есім заттың атын білдіру мағынасымен байланысты колданыл- 
са,  енді  бір зат есім екінші  зат есіммен түбір түлғада тіркессе, 
зат атауын білдіруге жат мағынада, қатыстық-сындық мағынада
Мысалы, Мықшима
31

байпақ  тоңдырмас  ызғар  өтіп  (Абай).  Тоқпағы  мықты  бол- 
са,  киіз  қазық жерге  кірер  (Мақал).  Бір-бір  киіз үй  әкелгенде, 
бәрінен  Итбайдың  үйі  үнамды  боп  шыққан  (С.  Мүқанов).  Бүл 
сөйлемдердегі  былгары,  киіз  сөздері  заттық  магынада  емес, 
етіктің, байпақтың, қазықтың, үйдің, қатыстық-сындық сипаты 
мәнінде  ягни  осы  соңгы  заттардың  неден  жасалганын  білдіру 
мәнінде  қолданылған.  Зат  атауын  білдіретін  сөздердің бүндай 
әдеттен  тыс  ерекше грамматикалық  мағыналары  ол сөздердің 
заттық  мағынаны  білдіретін  екінші  сөзбен  тікелей  тіркесінен 
пайда  болған.  Сол  сияқты  қол  сағат,  қалта  сағат,  қабырга 
сағат,  алтын  сағат,  жібек орамал, тас үй, тас жол, кигіз үй, 
кірпіш  үй,  ағаш  үй,  оқушы  бала,  т.  б.  тәрізді  тіркестердің 
бірінші зат есім сыңары  зат есімге тән  емес қатыстық-сындық 
мәнді білдіріп, қандай? деген сүраққа жауап береді.
Негізгі  (толық мағыналы)  сөз  бен  көмекші  сөздің  тіркесуі 
арқылы  да  грамматикалық  магынаның  берілуі  қазақ  тілінен 
үлкен орын алады. Негізгі сөздерге септеулік шылаулар тіркесу 
арқылы  мақсат,  себеп,  арнау,  мекендік,  мезгілдік,  саралау, 
үқсату,  жәрдемдік,  комектік,  молшерлік  сияқты  магыналар 
үстеледі.  Мысалы,  Мен  жазбаймын  өлеңді  ермек  үшін,  Жоқ- 
барды,  ертегіні  термек  үшін  деген  сөйлемдегі  үшін  шылауы
031  тіркескен  ермек,  термек  сөздеріне  мақсат  мәнін  үстеген. 
Ал  демеулік  шылаулар  озі  тіркескен  сөзге  я  түгел  сөйлемге 
әртүрлі  күшейткіш,  сүрау,  болжам,  шектілік  тәрізді  мән 
үстейді.  Ашаршылық  жоқ  па?  Ақ  жағы  қалай?  Сауыны  тәуір 
ер  бар  ма?  Осының  бәрін  қадағалап  сүрайды  (М.  Әуезов).  -  
Шүғаның  белгісін  сіз  білмейтін  шығарсыз-ау!  -  деді  (Б.  Май- 
лин).  Сондай-ақ  көмекші  етістіктердің  өздері  қатысты  негізгі 
сөздерге  (етістікке  не  есім  сөздерге)  үстейтін  грамматикалық 
мағыналары  сан  алуан.  Мысалы,  тек  қана  оқып  сөзіне 
тіркескен мына комекші етістіктердің үстейтін грамматикалық 
магыналары қаншама:  оқып отырды, оқып жүрді, оқып түрды,
32

оқып  болды,  оқып  шықты,  оқып  қалды,  оқып  қойды,  оқып 
көрді, т. б.
Сөздердің 
қосарлануы 
арқылы 
жалпылық, 
көптік, 
сөздердің  қайталануы  арқылы  көптік,  дүркінділік,  сындық 
мәндегі сөздерде үстеме буын  арқылы күшейткіш мағыналар 
үстеу де  грамматикалық  мағына  білдірудің  белгілі  бір  жолда- 
ры болып табылады.  Мысалы, аяқ -  табақ, үлкен -  кіші, кәрі -  
жас дегендер жаңа туынды (сөз) болумен қатар жалпылық мән 
сияқты грамматикалық мағына да білдіріп түр, ал қора-қора қой, 
тау-тау  астық,  көре-көре,  сөйлей-сөйлей  дегендегі  қайталама 
қос  сөздер  көптік,  дүркінділік  үғымды  білдіреді,  қып-қызыл,
жап-жақсы,  үп-үлкен  дегендегі  үстеме  буындар  (қап,  жап,  үп) 
күшейткіш мәнді білдіреді.
Сөйлемдегі  сөздердің  орын  тәртібі  әр  тілде  әр  түрлі 
қызмет  атқарады.  Қазақ  тілінде  ол  (сөздердің  орын  тәртібі)  - 
грамматикалық мағына білдірудің негізгі бір жолы болып табы- 
лады.  Сондықтан да сөйлемде сөздердің (сөйлем мүшелерінің) 
белгілі  түрақты  орын  тәртібі  бар.  Ол  орын  тәртібінің  өзгеруі 
белгілі  бір  мән  үстелумен  байланысты  болады.  Мысалы, 
Тарт  қолыңды  Вьетнамнан!  (Әдеттегі  орын  тәртібі  -  Вьет- 
намнан  қолынды  тарт)  деген  сөйлем  үлкен  бір  жігермен  ай- 
тылады  да,  орын  тәртібінің  өзгеруі  (инверсия)  белгілі  бір 
стильдік  жүк  котеріп  түр.  Создердің  орын  тәртібінің  өзгеруі 
олардың  грамматикалық  мағыналары  мен  сөздер  арасындағы 
синтаксистік  қатынастардың  мүлдем  өзгеріп  кетуіне  де  се- 
беп  болады.  Мысалы,  қалта  сағат  (сағаттың  қалтаға  салып 
жүретін  бір  түрі),  көз  әйнек  (көзілдірік  яғни  көзге  салатын 
әйнек), біз өкше (үшкір биік өкше), мосы ағаш (мосы жасайтын 
ағаш)  тәрізді  тіркестер  бір  түрлі  мәнде  қолданылса,  олардың 
орнын  ауыстырып  жүмсағанда,  басқа  мағынада  және  басқа 
синтаксистік  қатынаста  айтылады:  сағат  қалта  (сағат  салуға 
арналып тігілген қалта), әйнек көз (шыныдан салынған жасан- 
ды коз), екше біз (жуан біз яғни ағаш шегені өкшеге қағу үшін
33

пайдаланылатын  ең  жуан  біз),  ағаш  мосы  (ағаштан  жасалған 
мосының  түрі,  темір  мосы  да  болуы  мүмкін),  т.  б.  Қалай
үғындыратынын білмей:
-  Жүрек, -  деді тракторист. 

*
-   Жүрек?  Мүның  да  жүрегі  бола  ма?  (Ғ.  Мүстафин).  Бүл
мысалдағы  екінші  жүрек  ерекше  сүрау  интонациясымен 
айтылған.  Сондықтан  да  ол  -   жалғыз  жүрек  сөзінің  өзі-ақ
сүраулы сөйлем болып түр.
Немесе:  Бүл  -   бала  берген  кітап.  Бүл  бала  кітапты  әкеп
берді деген  екі  сөйлемдегі  бүл сөзі  екі түрлі дауыс ырғағымен
(интонациямен)  айтылған,  сондықтан  да  екі  түрлі  мағынада
қолданылған:  бірінші  бүл  субстантивтеніп  3-жақ  субъ-
ект  мағынасында,  екінші  бүл  атрибутивтік-анықтауыштық 
қатынаста жүмсалған.
§ 7. ГРАММАТИКАЛЫҚ ФОРМА
Грамматикалық мағына әр түрлі  тәсілдер  арқылы  оеріледі. 
Грамматикалық  мағынаны  білдіретін  синтетикалық  төсілдің 
бір  типі  -   грамматикалық  формалар.  Яғни  грамматикалық 
мағынаның  белгілі  бір  түрі,  атап  айтқанда,  категориялық 
грамматикалық  мағына  грамматикалық  формалар  арқылы 
беріледі.  Сойтіп,  грамматикалық  форма  белгілі  топтағы 
сөздердің  қосымшалар,  грамматикалық  түлғалар  (жалғау, 
жүрнақ)  арқылы  белгілі  жүйелі  парадигма  бойынша түрленуі 
болып табылады да,  сол  арқылы  әр түлғаға сай  категориялық
грамматикалық мағына беріледі.
Сұрақ. Оқулықтарда грамматикалық форманы анықтағанда
грамматикалық 
мағынаны 
білдірудің 
сыртқы 
жағы, 
грамматикалық  тәсілі  деп,  грамматикалық  мағынаны  түр-
түрге бөлмейді ғой?
Жауап.  Рас, осы уақытқа дейін грамматикалық мағына мен
грамматикалық форма деген ұғымдарды әрдайым бір нәрсенің 
ішкі  жағы,  мазмүны  мен  сыртқы  жағы,  тұлғасы  немесе  сол
34

мазмұнның іске асу, көріну тәсілі деп анықтап келдік. “Қандай 
грамматикалық мағына болса да, оның өзіне тән грамматикалық 
формасы  болады,  керісінше  қандай  бір  грамматикалық  форма 
болса  да,  оның  өзіне  тән  грамматикалық  мағынасы  болады. 
Грамматикалық мағынасы жоқ грамматикалық форма болмай- 
ды, грамматикалық формасы жоқ грамматикалық мағына бол- 
майды” (Ы. А.-ҚҚТ, 18), “Ті лдегі мағына мен форма, соның ішінде 
грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір-бірімен 
тыгыз байланыста болады. Белгілі бір грамматикалық формасы 
болған жағдайда гана грамматикалық мағына жайында сөз ете 
аламыз.  Керісінше  белгілі  бір  форманың грамматикалық фор-
ма ретінде танылуы үшін, оның міндетті түрде грамматикалық 
мағынаны білдіруі қажет” (А.-ГТН,  16) -  деген пікірлер осыған 
дәлел.  Бүл екі ұғымды осындай балама мәнде, бір нәрсенің екі 
жағы ғана (біреуі ішкі мазмүны, екіншісі сыртқы түрі) деп түсіну 
тіпті де дұрыс емес, өйткені олар (грамматикалық мағына мен 
грамматикалық форма) әр уақытта бір-бірімен балама, сай бола 
бермейді.  Лексикалық  мағынаның  абстракцияланып  жалпы- 
лануы арқылы  пайда  болатын  жалпы грамматикалық мағына, 
сондай-ақ  аналитикалық  тәсіл  арқылы  берілетін  қатыстық 
грамматикалық  мағына  ешбір  грамматикалық  формасыз-ақ 
берілетінін  жоғарыдан  байқадық.  Мысалы,  тау,  тас,  үй,  көл 
және бала, қыз, әке  сияқты сөздердегі жалпы заттық мағына, 
алғашқы  топтағы  сөздерде  жансыз  (нелік)  заттар,  соңғы 
топтағы  сөздерде  адамға  байланысты  (киімдік)  заттар  мағы- 
насы грамматикалық мағыналар екендігінде ешбір күмән жоқ. 
Бірақ  бүлардың  ешқайсысы  да  ешбір  грамматикалық  форма 
арқылы берілмеген.  Сондай-ақ аналитикалық тәсілдің түрлері 
болып табылатын негізгі сөздердің бір-бірімен тіркесуі, негізгі 
сөз  бен  көмекші  сөздің тіркесі  арқылы,  сөздердің  қосарлануы, 
сөйлемдегі  сөздердің  орын  тәртібі  мен  дауыс  ырғағы  (инто- 
нация),  т.  б.  арқылы  грамматикалық  (дүрысында  қатыстық 
грамматикалық)  мағынаны  білдіруде  ешбір  форма  жоқ.
35

Сондықтан  да  грамматикалық  форма  арқылы  грамматикалық 
магынаның  берілуі  дегенде  әңгіме  жалпы  грамматикалық 
магына  атаулы  емес, грамматикалық мағынаның бір түрі  бо- 
лып табылатын категориялық грамматикалық мағына жай-
ында гана болу керек.
Қазақ  тілінде  грамматикалық  форма  дегенге  белгілі  бір
грамматикалық  топтагы  создердің  (сөз  табының)  түрлену, 
озгеру  жүйесі  болып  табылатын,  парадигмалық  сипаттағы 
түлғалары, форма тудырушы қосымшалары (форма тудыратын 
жүрнақтар  мен  жалғаулар) жатады.  өйткені олар  (сөз табының 
парадигмалық  сипаттағы  түлғалары),  ең  алдымен,  белгілі 
бір  грамматикалық  (категориялық  грамматикалық)  мағына 
білдірумен  байланысты,  екіншіден,  грамматикалық  мағына 
біреу  ғана  емес,  түрлену  жүйесіне  байланысты  әрі  тектес, 
бір  ыңғайлас,  әрі  өз  ішінде  бір-біріне  қарама-қайшы  мәндегі
грамматикалық мағыналардың бірлігінен түрады.
Сөйтіп, қазақ тілінде грамматикалық формаларға жалғаулар 
(көптік,  тәуелдік,  септік,  жіктік)  және  форма  тудыратын 
жүрнақтар  (сын  есімнің  шырай  түлғалары,  етіс,  күшейтпелі 
етістік,  болымсыз  етістік,  түйық  етістік,  рай,  шақ,  есімше,
косемше түлғалары) жатады.
Грамматикалық  форма,  бір  жағынан,  создің  сөйлеу 
проңесінде  түрлену  жүйесінің  түлғалық  көрінісі  болып  есеп- 
телсе,  екінші  жағынан,  белгілі  мәндегі  грамматикалық 
мағынаны  білдірудің  жолы  болып табылады.  Яғни  белгілі  бір 
грамматикалық (категориялық грамматикалық) мағына белгілі 
бір  грамматикалық  формалар  жүйесі  я  оның  бір  түрі  арқылы 
беріліп  отырады.  Мысалы,  тәуелдік  мағына  (оңаша  түрі)
1-жақта -ым, -ім,  -м,  2-жақта анайы -ың,  -ің, -ң, сыпайы -ыңыз,
Міне осьгадай  мәндегі түлга грамматикалық форма деп  аталады.
36

§ 8. ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНА МЕН 
ГРАММАТИКАЛЫҚ ФОРМАНЫҢ СӘЙКЕСТІГІЖӘНЕ
НОЛЬДІК ФОРМА
Тілімізде  белгілі  бір  грамматикалық  (категориялық 
грамматикалық)  мағына  белгілі  бір  грамматикалық  форма —
 
түлға арқылы берілетіні белгілі. Яғни грамматикалық мағына 
мен грамматикалық форма (түлға) бір-бірімен тығыз байланы-
сты.
Сұрақ.  Грамматикалық  мағынаның  грамматикалық  фор- 
мамен  сәйкестігі  дегенде  әңгіме  грамматикалық  мағына 
атаулының  бәрі  туралы  бола  ма,  әлде  оның  бір түрі  жайында
бола ма?
Жауап.  Грамматикалық  мағына  мен  грамматикалық 
форманың  сәйкестігі  сөз  болғанда,  әдетте  категориялық 
грамматикалық  мағына  негізге  алынады,  өйткені  жоғарыда 
көрсетілгендей,  грамматикалық  мағынаның  осы  түрі  ғана  ар-
найы грамматикалық форма арқылы беріледі.
Әрине,  грамматикалық  мағына  мен  грамматикалық  форма 
бір-біріне  сай  келеді  дегенде,  сөздің  құрамында  ол  екеуінің 
саны  да  әрдайым  бірдей  болады  деген  қорытынды  тумайды. 
Кейде  бір  тұлғаның  өзі  бірнеше  грамматикалық  мағынаны 
және  керісінше  бірнеше  грамматикалық  форма  бір  мағынаны 
білдіріп  те  түрады.  Мысалы,  кітабым  стол  үстінде  жатыр 
дегендегі кітабым сөзі кітап деген түбір мен -ым деген тәуелдік
жалғауынан түрады.
Ал  осы  -ым  деген  бір  тұлға  үш  мағынаны  білдіреді:
1) тәуелдік  мағына,  яғни  кітап  деген  зат  екінші  затқа  тәуелді,
соның  меншігі  екенін  білдіреді,  бүл  — негізгі  мағынасы.  Бүл
жағынан қарағанда кітабың, кітабы, кітабымыз, кітабыңыз, т. б.
сөздер қүрамындағы -ың, -ы, -ымыз, -ыңыз деген түлғалардың
бір-бірінен  мағынасы  жағынан  ешбір  айырмасы  жоқ,  бәрі  де
тәуелділік, екінші затқа меншіктілік мағынаны білдіреді. Міне,
37

осыдан  бір  грамматикалық  мағына,  бірнеше  грамматикалық 
түлға арқылы  берілетіні  анық көрінеді.  Бірақ -ым  қосымшасы 
тек  тәуелділік  мағынаны  білдіріп  қоймайды,  сонымен  бірге
2)  жақтық  мағынаны  да  білдіреді.  Яғни  зат  (кітап)  қай  жаққа 
тәуелді  екенін  көрсетіп  түр.  Ол  -   айтушы  жақ.  (тілімізде  үш 
жақ бар екені белгілі:  айтушы жақ, тыңдаушы жақ және бөгде 
жақ немесе  бірінші,  екінші,  үшінші жақ).  Әрбір жақтың өзі де 
бірнешеге  бөлінеді:  көпше,  жекеше  және  II  тыңдаушы  жақ  -  
анайы,  сыпайы.  Міне,  сондықтан  3)  -ым  түлғасы  бірінші,  ай- 
тушы жақты білдірумен бірге сол затқа (кітапқа) ие бір-ақ адам
(жекеше), мен екендігін көрсетіп түр.
Сөйтіп,  сөз  таптарының  әрбір  грамматикалық  форма  -  
түлғасы  сөзге  арнайы  форма  тудырушы  косымша  (жүрнақ, 
жалғау)  қосылу  арқылы  грамматикалық  (категориялық 
грамматикалық)  мағынаны  білдіреді.  Ол  грамматикалық 
мағына  сөйлеу  процесінде,  контекст  ішінде  айқындалады. 
Сондьщтан  да  грамматикалық  мағына  мен  грамматикалық
форма сәйкес болады дейміз.
Сүрақ.  Грамматикалық  мағынасыз  грамматикалық  фор-
ма  болмайды  және  грамматикалық  формасыз  грамматикалық
мағына берілмейді дегенді қалай түсінеміз?
Жауап. 
Грамматикалық 
мағына 
білдірмейтін 
грам- 
матикалық  форма  болмайды  және  грамматикалық  форма- 
сыз  грамматикалық  мағына  да  болмайды  дегенді  бүлардың 
жаңағы  қасиетінің  негізінде  ғана  тек  шартты  түрде  айта- 
мыз.  Өйткені  кейбір  жағдайларда  қазіргі  тілімізде  ешбір  ар- 
найы  грамматикалық  түлғасыз-ақ  белгілі  бір  грамматикалық 
мағына  беріліп  түрады.  Сондай-ақ  кейде  сөз  қүрамында 
белгілі  бір  грамматикалық  форма  болғанмен,  ол  өз  бетінше 
грамматикалық  мағына  білдіре  алмай,  факультативті  түрде
формасыз
форма
М ыса л ы
38

менімен  қайтатын тәрізді сөйлемдердегі әрбір сөзге, олардың 
түлғаларына және сол түлға білдіріп түрған мағыналарға назар 
аударайықшы. Морфологиялық жағынан бүл сөздерді мынадай 
белшектерге бөлуге болады:  он (ол, л дыбысына біткен жіктеу, 
сілтеу есімдіктері септелгенде, л не түсіп қалады, не н дыбысы- 
на айналып кетеді), үй, сөйле,  ауыл, мен,  қайт дегендер сөздің 
түбірі, -мен, -де, -а көмектес, жатыс, барыс септік жалғаулары, 
-с  ортақ  етіс,  -тын,  -тін  есімше  жүрнақтары.  Үйінде,  аулына 
сөздеріндегі  -і,  -ы  тәуелдік  жалғауы  (3-жақ),  одан  кейінгі   
түлғасы  қазіргі  грамматикаларымызда  септік  жалғауларының 
қүрамында қаралып жүр: -нде -  жатыс септік, -на -  барыс септік 
болып, шындығында -н 
 септік жалғауының көрсеткіші емес, 
түркологияда бүл тәуелдік жалғаудың 3-жағының қалдық фор- 
масы деген пікір бар, яғни тәуелдік жалғауы 3-жақта қазіргідей 
-ы, -і, -сы, -сі болмай, -сын, -сін болған да, кейін соңғы -н түсіп 
қалған.  Бүл  арасы  тіл  білімінде  әлі  шешілген  жоқ.  Қайткен 
күнде  де  3-жақ  тәуелдік  түлғада  түрған  сөзге  барыс,  жатыс 
септік  жалғаулары  жалғанғанда,  бүлардың  арасында  пайда 
болатын -н  септік жалғау қүрамында қаралғанмен,  белгілі  бір 
грамматикалық  категорияның  көне  көрсеткіші  болған.  Бертін 
келе өзі білдіретін грамматикалық мағынадан айырылып қалған 
да,  сөз  қүрамында  факультативтік  элемент  ретінде  сақталып 
қалған.  Бүл  -н  түлғасы  тек  септік жалғауларының ғана  алды- 
нан емес, тәуелдік жалғаудың 3-жағынан кейін жалғанған -ша, 
-ше, -дай, -дей жүрнақтарының алдынан да -нша, -нше, -ндай, 
-ндей болып шыға келді: біреудің кез-і-нше, айту-ы-нша, бала-
сы-ндай, үн-і-ндей, т. б.
Сөйлемдегі онымен,  менімен деген  сөздердің қүрамында да 
түбір (ол-он, мен) мен көмектес септік жалғаудың (мен) арасында 
қазір ешбір грамматикалық мағына білдірмейтін -ы, -і-түлғасы 
жүмсалады.  Тарихи  түрғыдан  қарасақ,  бүл  түлға  (дүрысы  -ы, 
-і  емес,  -ны, -ні  болу керек) -  ілік септік  жалғауының қалдық 
көрсеткіші.  Өйткені  кемектес  септік  жалғауы  -мен, -бен, -нен
39

және  осы түлғалас  жалғаулық  шылау  да)  бірлен  (білен,  илян)
септеулік  шылаудан  қалыптасқаны  күмән  тудырмайды  және 
бүл  шылау  (білән)  көне  кезде  өзі  қатысты  негізгі  сөздің  ілік 
септік түлғасымен байланысқан. Бүны әр дәуірге жататын көне 
жазбалар тілінің материалдары дәлелдейді. Сонда менімен де- 
ген  сөз  түлғасының  қалыптасуы  былай  болған:  менің  бірлән
-  менің білән -  мені(н) менен -  меніменен -  менімен. Ал енді 
қазір  кезде  менімен  деген  сөздегі  -(н)і(-ы)  түлғасы  ілік  септік 
мағынасынан  айрылып  қалған,  басы  артық  реликт  форма
ретінде ғана сөз қүрамында жүмсалады.
Ілік  септік түлғасының үстіне  басқа септік жалғауларының 
үстеліп  қолданылуы  — тілдің  дамуындағы  әр  кезеңінде  бо- 
лып  отырған  қүбылыс.  Мысалы,  үйғыр  тілінде  1-жақ  жіктеу 
есімдігіне  барыс  септік  жалғауы  ілік  септік  формасына  да 
жалғанып  менинге  болып  жүмсалады,  ілік  септік  формасына
“Қүтадғу білікте” (XI ғасыр) жатыс, шығыс септік жалғаулары 
да жалғанған:  сәннң -  дин, аның -  да, сениң -  дә, т.  б.  Бүның 
өзі септік жалғауларының қалыптасу кезеңі мен жолы әр түрлі
екенін көрсетеді.
Сондай-ақ 
сөйлесетін, 
қайтатын 
деген 
сөздердің
қүрамындағы  -а,  -е  көсемше  тұлғалары  да  өз  мағыналарынан 
айрылып  қалып,  бүл  жерде  көсемше  көрсеткіші  бола  алмай 
түр.  Тарихи  жагынан  келгенде,  есімшенің -тын, -тін  жүрнағы 
түрған  көмекші  етістіктен  қалыптасқаны  белгілі.  Сөйлесетін, 
қайтатын  деген  сөздер  былай  қалыптасқан:  сөйлесе  тұрған
-   сөйлесе  тұғын  -   сөйлесетін,  қайта  тұрган  -   қайта 
тұгын  -   қайтатын.  Көсемше  жүрнағы  -а,  -е  алғашқы  негізгі 
етістіктің  құрамында  өзінің  грамматикалық  мағынасында 
жұмсалып,  көмекші  етістікпен  (тұрған)  тіркесіп,  күрделі 
етістік қүраған, кейін көмекші етістік түлғасын өзгертіп, бірте- 
бірте  ықшамдалып,  жүрнаққа  айналып  кеткен  кезде,  көсемше 
жүрнагы  мағынасынан  айрылып  қалған,  бірақ  түсіп  қалмай, 
реликт  түлға  ретінде  сақталып  қалып  қойған.  Сондықтан  да
40

қазіргі  кезде  оқулықтарда  -а,  -е,  -й  көсемше  тұлғасы  -тын, 
-тін  есімше  жүрнағынан  бөліп  алынып  қаралмай,  түтас  түлға 
ретінде беріледі.
Сөйтіп, тілімізде қазіргі кезде ешбір грамматикалық мағына 
білдіре  алмайтын  қалдық  формалар  да  бар  екен.  Осындай 
қасиетінің  арқасында  (грамматикалық  мағынадан  айрылып 
қалуының нәтижесінде) әдетте оларды жеке бөліп алмай, басқа 
формалардың қүрамында қараймыз.
Сүрақ.  Грамматикалық  мағынасыз  грамматикалық  фор- 
ма  болмайды  десек  те,  ондай  қүбылыс  тілдің грамматикалық 
қүрылысынан кездесіп отырады дейміз бе?
Жауап.  Грамматикалық  мағына  білдірмейтін  грамматика- 
лық форма  болмайды десек,  оны диалектикалық мәнде түсіну 
керек. Тілдің грамматикалық қүрылысында кездесіп отыратын 
ондай түлғалар, біріншіден, бір кезде грамматикалық мағынаны 
білдірген.  Ал  кейін,  екіншіден,  ол  білдірген  грамматикалық 
мағына  жоғалып  кеткенде,  ол  форма  сөз  қүрамында  факуль- 
татив  түлға  ретінде  сақталып  қалған  (мысалы,  есімдіктің 
көмектес  септігінде  ілік  септігінің  қалдығы  -ы,  -і,  дүрысында 
-ны, -ні) немесе басқа түлғаньщ қүрамына еніп кеткен (мысалы, 
3-жақ  тәуелдік  жалғауынан  кейін  барыс,  жатыс  септіктерінің 
қүрамындағы -н: -на, -не, -нда, -нде, т. б.)
Сүрақ. Г рамматикалық формасыз да ғрамматикалық мағына 
беріле ме?
Жауап. 
Кейбір 
жағдайларда 
ешбір 
грамматикалық 
түлғасыз-ақ  белгілі  бір  грамматикалық  мағына  беріліп 
түрады.  Ол  грамматикалық  мағына  сөз  түбірі  білдіретін 
грамматикалық  мағынадан  бөлек  болады.  Яғни  әңгіме 
категориялық грамматикалық  мағына  жайында.  Міне,  сондай 
арнайы қосымша көрсеткіші болмай, түлғасы көрінбей түрып- 
ақ  белгілі  грамматикалық  (категориялық  грамматикалық) 
мағына  білдіруді  нольдік  түлға  (форма)  деп  атауға  болады, 
өйткені  арнайы  көрсеткіш,  формалық  түлғасы  болмағанмен,
41

онда  түбір  білдіретін  мәннен  бөлек  арнайы  грамматикалық 
мағына болады. Осы айтылғандар түсініктірек болу үшін мына 
сөйлемге назар аударып, талдап көрейікші. Жартасқа бардым, 
Күнде  айғай  салдым.  Одан  да  шықты  жаңғырық  (Абай). 
Тыңда,  дала,  Жамбылды  (Жамбыл).  Мысалдағы  етістік 
баяндауыштың әрқайсысы бірнеше морфема бөлшектен түрып, 
сөздің  әрбір  түлғасы  ойға  лайық  жеке-жеке  грамматикалық 
мағына  білдіріп  түр:  бар-ды-м,  (айғай)  сал-ды-м,  шық-ты, 
тың-да.  Осындағы  түбір  түлғалар  қимылды  білдіріп,  одан 
кейінгі  -ды,  -ты  морфемалары  сол  қимылдың  айтып  түрған 
сәтке  байланысты  болу мезгілін,  шақтық мағынаны,  яғни осы 
қимылдың  айтып  түрған  кезден  бүрын  болғандығын  білдіріп 
түр.  Алғашқы  екі  сөздегі  -м   түлғасы  қимылдың  иесін,  яғни 
сол қимылды орындаушы кім (субъект) екенін және қимыл иесі 
кез  келген  біреу  емес,  бірінші  яғни  айтушы  жақтың  өзі  (мен) 
екенін  көрсетіп  түр.  Ал  үшінші  сөзде  ондай  грамматикалық 
түлға жоқ,  бірақ соған  қарап  бүл  сөз  қимыл  иесін  (субъектіні) 
білдірмейді  екен  деп  ойлауға  болмайды.  Осы  сөздің  фор- 
масы  арқылы  қимылды  (шығуды)  іске  асырушы  субъектіні 
біле  аламыз,  ол  субъект  үшінші,  бөгде  жақ,  ол  (жаңғырық). 
Сонда  қимыл  иесін  мегзеп,  үшінші  жақты  білдіріп  түрған 
қандай  форма?  Сөздің  соңғы  формасы  -ты  ондай  мағынаны 
білдіре  алмайды,  оның мағынасы -  тек өткен  шақтық мағына. 
Міне,  осы  сөздің  қүрамында  формальдық түрде  арнайы  түлға 
болмағанмен, ерекше грамматикалық мағына, жақтық мағына 
бар.  Ол  мағына  контекс  арқылы,  айқын  сезіледі.  Осындағы 
3-жақтық магына нольдік түлга арқылы берілген. Сондай-ақ 
тыңда  сөзі  жалпы  іс-әрекетті  және  кимылдың  сабақты  мәнін 
білдірумен бірге (бүл мағыналар түбір арқылы яғни лексикалық 
мағынаның  абстракңияланып,  жалпылануы  арқылы  беріліп 
түр)  бүйрықтық  мағынаны  және  ол  2-жаққа  қаратылып, 
онымен  бірге  анайылық  және  жекешелік  мағыналарды 
білдіріп түр. Бүл соңғы грамматикалық мағыналар, біріншіден,
42

категориялық  грамматикалық  мағыналар  болып  табылады, 
екіншіден, тұлгасы бар арнайы грамматикалық форма арқылы 
берілмеген. Соған қарамастан мұнда грамматикалық форма бар, 
ол  -  тұлгасыз  форма,  ягни  сол  жүйедегі  басқа  парадигмалық 
түрлену  көрінісінде  бүл  мағынаға  қарама-қайшы,  оппозиция 
болатын,  бірақ  бір  грамматикалық  категорияның  (түрлену 
жүйесінің)  шеңберінде  бірлікте түратын  форма бар:  2-жақ  сы- 
пайы түрі  -ңыз  (тыңда-ңыз),  2-жақ көпше түрі -ңдар  (тыңдаң- 
дар),  т.  б.  Сондай-ақ  бірінші  мысалдағы  шықты  сөзіндегі 
3-жақтық мағына жіктік жалғаудың түлғасыз формасы (нольдік 
форма) арқылы берілген. Оны да осы сөйлемдегі  1 -жақ жекеше 
мағынада  қолданылған  бардым,  (айғай)  салдым  сөздеріндегі 
-м формасымен салыстыру арқылы тануға болады.
Тілімізде осындай арнайы белгілі грамматикалық мағынасы 
бар,  бірақ  арнайы  көрсеткішсіз  түлғада  жүмсалатын  (кейде 
сөйлемде түсіп  қалатын)  ерекше  форма  3-жақ  жіктік жалғауы 
ғана емес, басқа да грамматикалық түрлену жүйесінен кездеседі. 
Мына  мысалға  назар  аударайық,  Мәскеу  бардым,  не  көрдім 
(Жамбыл).  Кел,  балалар,  оқылық  (Алтынсарин).  Ғылым  тап- 
пай мақтанба (Абай). Интернатта оқып жүр талай қазақ бала- 
сы (Абай). Иығымда сіздің шаш, Айқайласып тайталас (Абай). 
Осы  сөйлемдердегі  бөлініп  көрсетілген  сөздердің  формасы 
мен грамматикалық мағыналарына көз жіберейік:  Мәскеу осы 
сөйлемде  ешбір  грамматикалық формасыз  қолданылған,  бірақ 
соған  қарамастан  қимылдың  (барудың)  бағытын  білдіріп,  ба- 
рыс септіктің мағынасын беріп тұр: Мәскеуге бардым. Ғылым 
сөзі  ешбір  көрсеткішсіз  тура  объект  болып,  табыс  септік 
мағынасын  білдіріп  тұр:  ғылымды  таппай.  Кел,  мақтанба 
етістіктері негізгі түбір  күйінде және  өздік етіс пен  болымсыз 
түлғада, 2-жаққа қаратылып, бүйрықты мағынада қолданылған, 
бірақ соңғы мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық фор- 
ма  жоқ.  Қазақ  сөзі  иелік,  меншіктілік  мағынада  жүмсалган, 
бірақ  оны  білдіретін  ілік  септік  жалғауы  жоқ.  Шаш  сөзі
43

керісінше  тәуелділік  мағынаны  білдіріп  тұр  сіздің  шашыңыз. 
Ол  мағынаны  білдіреген  тәуелді  жалғауы  түсіп  қалған.  Міне, 
осы  көрсетілген  сөздерді;  бәрі  де  берілген  сөйлемдерде  ешбір 
түлғасыз-ақ (нольдік  формада)  белгілі  грамматикалық мағына 
білдіреді,  ол  грамматикалық  мағына  сөздің  түбірі  білдіретін 
мағынадан  бөлек.  Сондай-ақ  бүл  қүбылыс  қазақ  тілінде  анда- 
санда ғана кездесетін кездейсоқ жайт емес. Әйтпесе бұл жайын- 
да сөз қозғаудың қажеті де болмас еді...
Сүрақ.  Нольдік  форма да грамматикалық  форма  болып  са- 
нала ма?
Жауап.  Нольдік  түлға  өзінше  грамматикалық  форма  бола 
алатынын  тіл  зерттеуші  ғалымдар  атап  көрсеткен  болатын. 
Бірақ  нольдік  түлғаға  нелер  жатады  деген  мәселеге  келгенде, 
ғалымдардың пікірі бір жерден шықпайды.  Мысалы,  академик 
И.  И.  Мещаников  “Бір  топтағы  сөздердің  нольдік  түлғалары 
морфологиялық  көрсеткіштері  түлғаланған  түріне  қарама- 
қайшы оларды жеке бөліп қарауға критерий бола алады”, -  дейді 
(М-22). Сондай-ақ О.П. Суник те атауыш сөздердің негізгі түбір 
күйінде  формасыз  түлғалардың  бәрін  нольдік  грамматикалық 
форма  дейді,  -   “Мысалы,  іс  сөзі  іс  деген  түбір  зат  есім  мен 
бүл  жерде  жекешелікті  білдіретін  нольдік  форма  тудырушы 
қосымшадан түрады. Сөздің бүндай структуралық типі барлық 
алтай тілдерінде ғана емес, индоевропа тілдерінде де бар:  орыс 
тіліндегі стул, қол сөздері түбір мен еркек тектің (мужской род) 
атау септік нольдік формасында түр” (МСС, 66, 77).
Ал В. Г. Жирмунский де, Б. А. Серебренников те атау септік 
формасын  нольдік  формаға  жатқызуға  болмайтынын,  бүлай 
анықтау шындыққа үйлеспейтінін айтады. В. Г. Жирмунскийдің 
көрсетуінше,  орыс  тіліндегі  нольдік  формаға  бірінші  (первое 
склонение)  септеудің  көпше  түріндегі  ілік  септік  түлғасын 
жатқызуға  болады,  өйткені,  мысалы,  роз  түлғасын  розы,  ро- 
зам,  т.  б.  сияқты  түлғалармен  қатар  қойып  қарауға  болады 
(МСС,  19,  20,  220).  Нольдік форманы осылай тануды И.  Е.  Ма-
44

манов  та  қолдайды.  Түркологиялық  әдебиеттерде  ілік,  табыс, 
т.  б  септік  мағыналарында,  бірақ  ешбір  формасыз  жүмсалып 
түрған  сөздерді  атау  септік терминінен  басқа  негіз  (основной) 
септік  немесе  белгісіз  (неопределенный)  септік  деп  атау  тіпті 
де кездейсоқ емес. И. Е. Маманов қазақ тілінде нольдік формаға 
ілік,  табыс,  барыс  септік  түлғаларының  түсіріліп  айтылуы 
мен бүйрық райдың екінші жақ жекеше түрін ғана жатқызады
(М.-ҚҚТ ЛТ, 74-79).
Міне  осы  ыңғайда  нольдік  форма  мен  грамматикалық 
форманың  ара  қатынасын  ашып  алған  жөн.  Рас,  қазақ тілінде
де,  оасқа да түркі тілдерінде де негізгі  сөз таптарына жататын
сөздер ешоір қосымша көрсеткіштерсіз-ақ негізгі түоір күиінде 
түрьга  белгілі  лексикалық  мағынаны  білдіреді,  міне  соның 
нәтижесінде ол сөз жалпы грамматикалық мағынаға да ие  бо- 
лады.  Өйткені  сөздің  жалпы  грамматикалық  мағынасы  оның 
лексикалық  мағынасы  негізінде,  атап  айтқанда,  лексикалық 
мағьгааның жалпылануы арқылы туындайтыны талассыз нәрсе. 
Соның арқасында сөздер белгілі ортақ қасиеттері арқылы топ- 
талады.  Мысалы,  үй,  бала,  тас,  қала,  ойыншық,  т.  б.  сөздер 
лексикалық  мағынасы  жағынан  бір-біріне  ешбір  жақындығы 
жоқ:  әрқайсысы  жеке-жеке  заттың  атауы.  Сол  лексикалық 
мағынасы  негізінде  қалыптасқан  грамматикалық  мағынасы 
жағынан қарасақ, бүл сөздерде ортақ белгі бар:  ол - зат атауын 
білдіру. Сондықтан да бүл сөздер грамматикалық түрғыдан бір 
топ - зат есім қүрайды. Сондай-ақ қызыл, үлкен, биік, жақсы, 
т.  б.  сөздер  заттың  сын-сапасын  білдіруі,  он,  екеу,  жүз  елу,  т. 
б.  сөздер  заттың  санын  білдіруі,  кел,  жүр  ойна,  жүгір,  т.  б. 
сөздер  қимылды  білдіру  жағынан  жеке-жеке  грамматикалық 
топ (сөз таптары) қүрайды. Сондықтан да кейбір еңбектерде ай- 
тылып  жүрген “түбір сөздерде лексикалық мағына болады да, 
грамматикалық мағына болмайды” деген қағида шындыққа жа- 
наспайды. Бірақ түбір сөзде грамматикалық мағынаның болуы 
оны нольдік формада түр деуге негіз болмайды, өйткені түбірдің
45

тұлғасына тән  ерекше  қызметі,  синтаксистік  қарым-қатынасы 
бола  бермейді  және  ол  сөйлеу  кезінде  туатын  форма  емес. 
Ы.  Е.  Мамановтың  өте  дұрыс  көрсетуіндей,  “грамматикалық 
формалар  -   сөйлеу  негізінде  сөйлемде  ғана  қолданылатын 
сөйлеу  (речь)  бүтіндері”.  Оның  білдіретін  грамматикалық 
мағынасы  да  сөйлеу  кезінде  айқындалады.  Демек,  нольдік 
форма  болу  үшін  ол  сөз  сөйлемде  белгілі  бір  түрақты  қызмет 
атқарып,  басқа  бір  сөзбен  қарым-қатынасқа  түсуі,  түбір 
білдіретін  грамматикалық  мағынадан  басқа  грамматикалық 
мағына  білдіріп  түруы  керек.  Мысалы,  Одан  да  шықты 
жаңғырық.  Кел,  балалар,  оқылық деген  сөйлемдерде  ш ы қты , 
кел  деген  сөздер  қимылды  білдіріп  тұр.  Бұндай  мағына  кез 
келген  негізгі  етістікте  бола  береді,  яғни  қимылды  білдіру 
осы  екі  етістіктің  шық,  кел  деген  түбірлеріне  тән.  Сонымен 
бірге осы мысалдағы ш ы қты , кел деген сөздерде осы топтагы 
(етістік)  басқа  сөздерден  ажыратылатын  грамматикалық 
мағына бар:  ол -  бірінші сөзде өткен шақтық (-ты қосымшасы) 
және  3-жақ  жіктік,  екінші  сөзде  2-жақ  жекеше,  анайы, 
бүйрықтық  мағына.  Демек,  етістік  түбір  мен  нольдік  форма 
(2-жақ  бұйрық),  етістіктің  бір  формасы  (шақтық)  мен  басқа 
нольдік форма (3-жақ жіктік) бір емес. Кел, дегенмен сен мұнда 
кел деген (яғни жеке түрғандағы етістік түбір мен сол түбірдің 
бұйрық  рай  формасында  сөйлемде  қолданылуы)  бірдей  емес. 
Біз  әдетте  сыртқы  тұлғасында  айырма  болмаған  соң,  бір  деп 
үйреніп кеткенбіз. Біріншісі (жеке түбір күйінде тұрғандағы кел) 
қимылды білдіреді, екіншіде (сен мұнда кел деген сөйлемде) сол 
мағынаның үстіне тыңдаушы жаққа қаратылып бұйыра айтылу 
мағынасы үстелген.  Етістік түбірдің осындай ерекшелігі қазақ 
тілі  оқулықтарында  болсын,  тіпті етістікті  зерттеуге  арналған 
монографиялық  еңбектерде  болсын  дұрыс  көрсетілмей  жүр. 
Соның салдарынан  бір  қараганда онша  оғаштығы жоқ сияқты 
көрінетін қате ережелер осы уақытқа дейін көрсетілмей қеледі. 
Мысалы,  мектепте  де,  жоғары  оқу  орындарында  да:  етістік
46

түбірі бүйрық райдың 2-жақ жекеше түрі деп үйретеміз.  Соған 
қалыптасқан оқушы бүл екеуін бір деп түсінеді де, одан басқаны 
үқпайды.  Ал  шындығында  бүл  екеуі  бір  емес.  Мысалы,  сен 
сөйлеме, алдырыңыз, мақтанба дегендер бүйрық рай форма- 
сы  емес  пе?  Етістік  түбірлері  сөйле,  ал,  мақта  екені  белгілі. 
Сонда  етістіктің  болымсыз  және  етіс  түлғаларын  да  бүйрық 
райдың  2-жақ  көрсеткіші  демекпіз  бе?  Дүрысында,  “етістік 
түбірі бүйрық райдың 2-жақ жекеше түрімен сәйкес келеді” -  
деу керек.
2-жақ бүйрық рай мағынасы қазіргі тілімізде нольдік форма 
болғанмен, бір кезде оның да өзіне тән грамматикалық түлғасы 
болғанын салыстырма-тарихи фактілер көрсетеді. Қазіргі кейбір 
түркі тілдерінде (өзбек, үйгыр, т. б.) оның көрсеткіші  бар:  - иң. 
Қазақстанның оңтүстік-батыс аудандарында, Қарақалпақстанда 
түратын қазақтар тілінде 2-жақ бүйрық райдың -ғын, -гін, не- 
месе -ғыл, -гіл қосымшасы болуы (бар-барғын) кездейсоқ емес. 
Сондай-ақ бүйрық райдың басқа жақтарында (I.  -айын, -ейін, 
-йін, -йын, II. сыпайы -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз, III. -сын, -сін) ар- 
наулы грамматикалық көрсеткіштердің болуы бір кезде тілімізде 
бүйрық  райдың  2-жақ  жекеше  түрінің  жалғауы  болғанын 
дәлелдей түседі.  Бүйрық райдың 2-жақ көпше түрінің түлғасы 
-ыңдар, -іңдер, -ңдар, ңдер. Демек, көптік,  мағынаны  білдіріп 
түрған  -дар,  -дер  жалғауы  да,  -ың,  -ің,  -ң  -  бүйрық  райдың 
2-жақ көрсеткіші,  өткен жіктік жалғаудың 2-жағында жекеше- 
ден  бөлек көпше түрінің  ерекше грамматикалық түлғасы  бол- 
майды,  ол  мағына  көптік  жалғауы  қосылуы  арқылы  беріледі: 
оқушысың -  оқушысыңдар, келдің -  келдіңдер, т. б.
Осы тәріздес жіктік жалғаудың үшінші  жағында да бір кез- 
де  арнаулы  грамматикалық  көрсеткіш  болганын  айқындауға 
болады.  Жіктік  жалғаудың  1,  2-жақтарында  және  көсемше 
(-а,-е,-й,-ып,-іп,-п)  формасьгаан  кейін  3-жақтың  өзінде  де 
(-ды, -ді, -ты, -ті:  ол түр  етістігінен қалыптасқаны өлдеқашан
47

дәлелденген)  жалғаудың  жұмсалуы  бір  кезде  3-жақта  жіктік 
жалғау болғанын, ол кейін түсіп қалғанын көрсетеді.
Демек,  жалғамалы  (агглютинативті)  тілдердегі  нольдік 
түлға  сөйлеу  процесінде  сөздің  формалық  көрсеткіші  түсіп 
қалып,  ол  түлға  білдіретін  грамматикалық  мағына  сақталып 
қалуынан туған  немесе  сөздердің  грамматикалық  байланысы- 
нан  қалыптасқан.  Сөйлеу  процесінде  сөз  алгашқы  формалық
көрсеткішіне  лаиық  қызметте  жүмсалғанда,  грамматикалық 
мағына  формасыз  түрған  яғни  түбір  күйінде  қолданылған 
сөз  (бүйрық  райдың  2-жағы)  не  басқа  мағыналы  сөз  формасы 
(3-жақ жіктік жалғау формасы) арқылы беріледі.
Кейбір грамматикалық түлғалар бірде нольдік форма ретінде 
ешбір морфология лық көрсеткішсіз, бірде нольдік форма бол май, 
арнайы  морфологиялық  көрсеткіштері  сөзге  қосылып,  жарыса 
қолданыла  береді.  Оған  ілік,  барыс,  табыс,  шығыс  септіктері 
мен  тәуелдік  жалғауын  жатқызуға  болады.  Әрине,  бүлардың 
нольдік  түлғада  қолданылу  мүмкіндігі  мен  шеңбері  бірдей, 
біркелкі  емес.  Барыс,  шығыс  септіктерінің  нольдік  түлғалары 
өте сирек кездеседі: қала (га) барды, ол бел(ден)  асты. Кейбір 
түрақты тіркес қүрамында бүл септіктердің нольдік түлғалары 
кездеседі,  бірақ  онда  грамматикалық  мағына  сақтала  да  бер- 
меген,  сондықтан  әуелгі  түлғасын  салыстырмалы-тарихи 
фактілер негізінде ғана айқындауға болады: бой(ға) жету, ер(ге) 
жету, ірбіт(ке) шабу, т.  б.  ілік пен табыс септік формаларының 
түсіп  қалуы  жйі  кездеседі  және  бүлардың  өзіндік  ерекшелігі 
де  жоқ  емес.  Әрине,  бүл  септік  формаларының  түсіп  қалу-
қалмаи қолданылуының арасында аиырмашылық та жоқ емес. 
Ол  мәселе  грамматикамызда  біршама  толық  баяндалған.  Тек 
мына  бір  жайтқа  ғана  назар  аудара  кетуді  мақүл  көрдік.  Ол -  
ілік  септік  түлғасы.  Ілік  септік  түлғасы  өзі  жалғанған  сөзді 
тәуелдік  жалғаулы  сөзбен  қайшы  байланыстырып  түрады, 
басқаша  айтқанда,  ілік  септікті  сөз  бен  тәуелдік  жалғаулы 
сөздің  грамматикалық  байланысы,  мейлі  ілік  септік  жалғауы
48

тұрсын, мейлі түсіп қалсын, берік болады. Ілік септік жалғауы 
түсіп  қалғанда,  ол екі  сөздің мағыналық,  синтаксистік қарым- 
катынасында  өзгеріс  пайда  болады  -   ол  тіркес  түрақталып, 
номинациялық  қасиетке  бейімделеді.  Соның  арқасында  бүл 
жеке синтаксистік үлгі болып қалыптасып отыр. Мысалы, Арал 
теңізі, Абай көшесі, космос кеңістігі, почта қатынасы тәрізді 
тізбектер Аралдың теңізі, Абайдың көшесі, космостың кеңістігі, 
почтаның қатынасы деген түлғада ешбір қолданылмайды.
Тәуелдік  жалғауының  түсіп  қалуы  қазіргі  кезде  ілік  септік 
жалғаулы сөздің қандай сөз екеніне тікелей байланысты. Яғни 
ілік  септікті  сөз  біздің,  сіздің,  өзіміздің  деген  жіктеу,  сілтеу
есімдіп  оолса  ғана,  екінші  создегі  тәуелдік  жалғау  түсіп 
қолданылуы мүмкін: біздің ауыл, сіздің үй, өзіміздің жігіттер.
ырақ тәуелдік жалғауының түсіп қолданылуы кеиін ғана паида 
болған  құбылыс  емес.  Әр  кезеңдерге жататын  жазба нұсқалар 
тіліне көз жіберсек, ерте кезде тек бірінші (көпше),  екінші (сы- 
пайы)  жақ  тәуелдік  жалғауы  емес,  бірінші  (жекеше),  үшінші 
жақ көрсеткіші де түсіріліп қолданыла берген. Ақын-жыраулар 
шығармалары мен қазақ эпостарының тілінде Қобыландының 
Тайбурыл, Базарбайдың Төлеген тәрізді, сондай-ақ «Құтадғу 
білік»  (Юсуп  Баласағүн)  пен  «Дивану луғат -  ит турк»  (Мах- 
муд Қашғари) атты XI ғасыр жазба ескерткіштер тілінде мениң 
тилек, мениң йурек, кимиң тозар сияқты конструкциялардың
кездесуі пікірімізді долелдей түседі.
Нольдік тұлға сырт қарағанда түбір түлғамен сәйкес келген- 
мен,  соз түбірінің барлығы  жеке-жеке  грамматикалық нольдік 
форма бола алмайды, ол тек грамматикалық форма жасау ға негіз 
болады. Грамматикалық нольдік форма бол у үшін ол түл ға түбір 
күйіндегіден  өзгеше  грамматикалық  магына  білдіріп,  белгілі 
бір топтағы түрлену жүйесінің бір түрі болып саналып, сөйлеу 
процесінде белгілі бір түрақты өзіне тән қызмет атқаруға тиісті. 
Сондықтан да кейбір грамматикаларымызда «зат есімнің жеке- 
ше  түрі»,  «сын  есімнің  жай  шырай  түрі»,  «негізгі  етіс»  деген
49

жеке грамматикалық түлға ретінде беріліп жүрген атаулардың 
өзі дүрыс  емес деген Ы.  Е.  Мамановтың түжырымы өте  орын-
өзіне  тән  грамматикалық  (нольдік)  формасы  бар  бір  түрі  бола 
алмайды.  Грамматикалық  формалар -  сөйлеу  кезінде  сөздерді 
дәнекерлеп,  оларға  әр  түрлі  грамматикалық  мән-мағына 
үстеп,  бір-бірімен қатынасын көрсетіп түратын,  сөйлемде ғана 
қолданылатын  сөйлеу  (речь)  элементтері.  Сондықтан  нольдік 
түлғаның мағыналық, қолданылу, атқаратын қызметі жағынан
алғанда белгілі шеңбері болады.
Осы  түрғыдан  келсек,  атау  септіктің  табиғаты  бүлардан
бүтіндей  ерекше.  Атау  септіктің  арнайы  грамматикалық
көрсеткіші  болмағанмен,  түбір  түлғалы  сөзбен  екеуі  бір
емес. 
Олардың 
айырмашылығы 
сөйлемдегі 
қолданылу
ерекшеліктерінен, атқаратын қызметінен  айқын көрінеді.  Атау
септік  түлғасы  басқа  септік  формаларын  жасауға  негіз  болып
түрмайды, атау септік -  басқа септіктермен терезесі тең септік
түлғасы,  бүл  түлғалы  сөздің  сөйлемде  өзіне  тән  білдіретін
мағынасы  мен  атқаратын  қызметі  болады:  ол  —  қимылдың
грамматикалықсубъектісі, бастауышы болу, заттық-атауыпггық
мағына  білдіру,  баяндауыш  формасымен  өзінің  мағынасы
арқылы  белгілі  жақта  қиысып  түру.  Ғрамматикалық  мағына
білдірудің  бірден-бір  тәсілі  тек  қосымшалар  жалғану  ғана
емес  екені  тағы  белгілі.  Мына  сөйлемдерге  назар  аударайық.
Бала  кітап  оқып  отыр.  Үйге бала жігіт кіріп  келді.  Әцгіме
бала  жөнінде  болып  кетті.  Бүл  кешегі  көрген  бала.  Осы
берілген 4 сөйлемдегі бала сөздері грамматикаларымызда атау
септік,  түлғасы  деп  беріліп  жүр.  Бүл  дүрыс  емес.  Тек  бірінші 
сөйлемдегі бала сөзі атау септік түлғада түр, өзі 3-жақтағы сөз 
болған  соң,  баяндауышпен  сол  жақта  қиысып  қолданылған. 
Ал  2-сөйлемдегі  бала  атау  септікте  емес,  түбір  түлғада  келіп, 
анықтауыш қызметінде жүмсалған. 3-сөйлемде ілік септік түсіп 
қалып, жөнінде шылауымен тіркесіп, толықтауыш қызметінде
50

I
I
қолданылған,  соңғы  сөйлемде  бала  -  үшінші  жақ  жіктік 
жалғаудың  нольдік  формасында  түрып,  баяндауыш  қызметін 
атқарып түр.  Атау септіктің ерекше қызметі зат есімнен  басқа 
сөз таптарының осы түлғада жүмсалуынан да анық байқалады. 
Септік  жалғауы  басқа  сөз  таптарына  жалғанғанда,  оларды 
субстантивтендіріп,  заттандырып  жібереді.  Осы  қасиет  атау
Жақсы
түиені  де
көрмес  дегенде  жақсы,  көрмес  сөздері  атау  септік  түлғада 
түрып,  бастауыш  қызметінде  жүмсалғандықтан,  бүл  жерде 
сын  есім,  есімшеден  гөрі  зат  есім  мәнінде  қолданылған.  Міне 
сондықтан  да  грамматикаларда  көрсетіліп  жүрген:  «кейбір 
септеулік шылаулар атау септікті сөзбен тіркеседі» деген пікір 
дәлелденбей, жеңіл-желпі айта салынған дүрыс емес. Олардың 
кейбірі бір кезде басқа септік формасында түрған: үшін, жайын- 
да, жөнінде, т. б. көне кезде ілік септікті сөзбен тіркескен. Оны, 
біріншіден, соңғы екі сөз қүрамында тәуелдік жалғаудың 3-жақ 
көрсеткішінің сақталуы (жай-ы-нда, жөні-нде), екіншіден, көне 
жазбаларда,  ауыз  әдебиет  нүсқаларында  үшін  шылауының 
есімдіктермен  тіркескенде,  ілік  септікпен  байланысып  түруы 
дәлелдей  түседі:  оның  үшін,  менің  үшін,  сенің  үшін,  т.  б.  Ал 
арқылы, туралы, сайын, т. б. септеуліктері де белгілі формамен 
тіркескен болу керек, қазір оларды айқындау қиын. Сондықтан 
олар тіркескен сөздің түлғасьш атау септік демей, сөз түбірі де- 
ген дүрыс болады.
Демек,  атау  септіктің  өз  алдына  дербес  грамматикалық
түлғасы  болмаса  да,  оның  білдіретін  түбір  түлғадан  басқа
грамматикалық  мағынасы  мен  атқаратын  қызметі  бар.
Сондықтан оны да (атау септікті) нольдік түлғаның шеңберінде 
қарау керек.
ік  форма  -   парадигмалық  түрлену  жүйесінің 
бір  түрі  болып  табылатын,  сондықтан  сол  түрлену  жүйесінің 
синтаксистік сөз байланыстырушы қызметін толық атқаратын 
форма,  бірақ  осы  мәндер  мен  қызметті  тікелей  көрсететін  ар-
51

найы  формасы  жоқ  түлға  және  осы  қасиеттері  арқылы  бір 
грамматикалық категорияның басқа да формасы бар түрлеріне 
қарама-қайшы,  әрі  онымен  бірлікте  болып,  бір бүтін қүрайды. 
Белгілі бір белгілер жүйесінде бірдей белгінің болмауынын өзі 
белгі  болып есептеледі.  Мысалы,  3  шар алып,  оның біреуіне —
 
белгісін,  екіншісіне  X  белгісін  салып,  үшіншісіне  ешбір  белгі 
салмасақ,  сол  шарларды  ажыратуда  белгінің  болмауының  өзі
белгі болып табылады.
Нольдік  форма  парадигмалық  сипаты  бар  грамматикалық
түрлену жүйесінде, түлғалары, сөз байланыстырушы сипаттағы
таза  грамматикалық  категория  шеңберінде  гана  болады.
Нольдік  форманың  ерекшеліктері  де,  басқа үқсас  түлғалардан
айырым  белгісі  де  сол  жүйенің  аясында,  сол  парадигмалық
жүйенің  басқа  түрлерімен,  бір  жағынан,  қарама-қайшьшықта,
екінші  жағынан,  бірлікте  түруы  арқылы  айқындалады.  Бүл  —
бір ерекшелігі. Екіншіден, нольдік форма сөз байланыстырушы
түлғалар  (жалғаулар)  жүйесінде  ғана  болып,  өмір  сүре  алады,
өйткені  нольдік  форманың шын  мәнінде ғрамматикалық  фор-
ма ретінде  тілде  өмір  сүруі  тек  бір  грамматикалық  магынаны
білдірумен ғана емес, сонымен бірге ол түлғаның синтаксистік
қызметімен, сөздерді байланыстыруынан айқындалып көрінеді.
Грамматикалық магынаның формасыз берілуі, оның бар болуы
оның байланыс қызметінен көрініп отырады, яғни нольдік фор-
маны  сақтайтын  бірден-бір  тілдік  фактілер  -   оның  сөз  байла-
ныстырушы қасиеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет