И Қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010


§ 5.С Е П Т ІК  К А ТЕГО РИ Я С Ы



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата15.03.2017
өлшемі10,59 Mb.
#9984
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§ 5.С Е П Т ІК  К А ТЕГО РИ Я С Ы
мөлшер категориясында жекелік-жекеше және көпше, тәуелдік 
категориясында  үш  түрлі  жақ:  бірінші  айтушы  жақ,  екінші 
тыңдаушы  жақ,  үшінші  бөгде  жақ  және  жекеше-көпше  неме- 
се оңаша-ортақ мәндер) бір ортақ категориялық мағынаны біл- 
дірсе, септік жалғауы (категориясы) ондай ортақ категориялық 
мағынаны  білдіре  алмайды.  Септік  жалғау  түрлерінің  ба- 
сын  біріктіріп,  зат  есімнің  түрлену  парадигмасының  бір 
категориялық  түрі  етіп  отырған  —  септік  жалғауларының 
мағыналық ортақтығынан гөрі қызметтік (сөз бен сөзді байла- 
ныстыру сипаты),  магьшалық-қызметтік (тек зат есім сөздерге 
жалгануы немесе басқа сөз табына жалғанса, оны заттандырып 
түруы) қызметі. Сондықтан да септік жалғауды (категориясын) 
анықтағанда,  көбіне  оны  (септік  қосымшаларын)  «сөйлемдегі 
сөздерді  бір-бірімен 
жалғастырып,  селбестіріп 
түратын»
87

(Ы. А. -  ҚҚҚТ, 58) тұлға және «сөздердің жалғауларды қабылдау 
өзгерту жүйесін сөздердің септелуі деп немесе септеу деп атай- 
ды»  (Ы.  А.  -  ҚҚТ,  58)  немесе  «септелу  деп  сөздердің  сөйлем 
ішінде  өзге  сөздермен 
дәнекерлесу  үщін 
септік  жалғауын 
қабылдап,  грамматикалық  түрғыдан 
өзгеріске  түсуін  айта- 
ды» 
(ҚТГ,  56)  деп  те  анықтайды.  Бүл  анықтамаларға  байсал-
ды  түрде  зер  салсақ,  септік  жалгауының өзіне  гана  тән  үлкен 
бір  ерекшелігі  оның  (септік  жалғауының)  сөйлемде  «сөздерді 
біайланыстыруында» 
немесе 
«сөздерді 
грамматикалық 
тұрғыдан өзгеріске түсіріп түруында» екен. Ал жалғаудың басқа 
түрлері,  мысалы, тәуелдік,  жіктік жалғаулары  сөздерді  байла- 
ныстыруда,  «грамматикалық  түрғыдан  түрлендіріп,  өзгеріске 
түсіре»  алмай  ма  екей?  Бүл  бүл  ма?  Мынадай  анықтаманы 
түсіну  одан да  қиынырақ  секілді:  «Сонымен:  септік дегеніміз 
жалғау мен грамматикалық мағыналардың бірлігінен түратын
және  оір  есім  сөздщ  екінші  есімге  немесе  етістікке  қатысьга 
білдіретін  грамматикалық  категория»  (А.  -   ТБН,  435).  Дәл 
осьгадай  анықтаманы  тәуелдік,  жіктік  жалғауларға  да  әбден 
беруге  болатын еді.  Сондықтан да септік жалғауларына (кате- 
гориясына) зат пен оның іс-әрекеті (қимылы), я зат пен заттың 
(сынның)  арасындағы  субъектілік,  объектілік,  меншіктілік  -  
қатыстық,  мекендік -  мезгілдік,  көлемдік,  амалдық қүралдық, 
себеп — мақсаттық сияқты  қатынастарды  білдіріп,  заттық  мән 
үстеп  түратын  түрлену  тұлғасы  деген  анықтама  беруге  бола- 
ды. Септік жалғау жүйесінің басқа жалғаулардан күрделілігі де 
осында.
Сұрақ. 
Септік  жалғаулардың  түлғалық  түрлерінде  біріз- 
ділік бар ма?
Жауап. 
Қазақ  тіліндегі  (түркі  тілдеріндегі)  жалғаулар 
жүйесінің  түлғалық  түрлерінде  белгілі  дәрежеде  бірізділік, 
сәйкестік  болғанмен,  оның  өрісі,  шеңбері  көбіне  шартты  бо- 
лып келеді.  Мысалы, тәуелдік жалғауынын жекеше түлғалары 
1-жақта 
-ым, -ім, -м, 
2-жақта анайы 
-ың, -ің, -ң, 
сыпайы 
-ыңыз, 
-іңіз,  -цыз,  -ңіз 
болса,  3-жақта 
-сы,‘  -сі,  -ы,  -і 
екені  белгілі.
88

Тұлғалық  жағынан  3-жақ жалғауы  ерекше.  Ал көпше түрінде 
1-жақ  (-мыз,  -міз,  -ымыз,  -іміз)  пен  2-жақ  (-лар...  ың,  -лер...  ің, 
-лар...  ыңыз,  -лер...іңіз)  түлғалары  бөлек-бөлек.  Осы  тәріздес 
үқсастық  пен  ерекшеліктер  (айырмашылық)  септік  жалғау 
түлғаларынан  да  көрінеді.  Оның  себебі  неде?  Себебі  әр  түрлі 
болуы мүмкін. Ең алдымен, әрбір түрінің қалыптасу жолы мен 
тәсілі  әр  түрлі  болуы  мүмкін.  Мысалы,  тәуелдік  жалғаудың 
1,  2-жақ  түлғалары  жіктік  жалғаулары  арқылы  есімдіктеріне 
сайса,  3-жақ  жалғауьгаың  жағдайы  бөлек.  Екіншіден,  ол 
түлғалардың қалыптасып, тұрақталу мерзімі, кезеңі де бірдей, 
бір болмауы мүмкін (шығыс, әсіресе, көмектес септіктердің кеш 
қалыптасуы оған дәлел). Үшіншіден,  әр септіктің мағыналық,
стильдік  ерекшеліктері  мен  қолданылу  жиілігі  де  олардың 
түлғалық түрі мен өзгерісіне әсер етсе керек.
Септік
түрлері
Сүрақтары
Сөздердің септелуі
1.
Атау
кім? не?
әке, қол, үй, күн, қыз, хат
2.
Ілік
кімнің? ненің?
әке-нің,  қол-дың, үй-дің, 
күн-нің, қыз-дың, хат-тың
3.
Барыс
кімге? неге? 
қайда?
әке-ге, қол-ға, үй-ге, күн-ге, 
қыз-ға, хат-қа
4.
Табыс
кімді? нені?
әке-ні, қол-ды, үй-ді, күн-ді, 
қыз-ды, хат-ты
5.
Жатыс
кімде? неде?
кайда?
әке-де, қол-да, үй-де, күн-де, 
қыз-да, хат-та
6.
Шығыс
кімнен? неден? 
қайдан?
әке-ден,  қол-дан, үй-ден, 
күн-нен, қыз-дан, хат-тан
7.
Көмектес
кіммен?немен?
қалай?
әке-мен, қол-мен, үй-мен, 
күн-мен, қыз-бен, хат-пен
Қазақ тілінде септіктің жеті түрі бар. Септік жалғау түрлері 
мен  олардың  түлғалық  ерекшеліктері  таблицадан  айқын 
көрінеді. 


У,И-; щн басқа
дауыстыларға 
біткен сөз
У, И және 
ауыз жолды 
сонор 
р, 
л,
 у, 
й-ға біткен сөз
мен
мен
Мүрын жолды 
м, н,ң 
сонорына 
біткен сөз
ның
нің
нан
мен
нен
¥яң 
ж, 
з
дыбыстарына
біткен сөз
Қатаң және 
б, В, г, д, 
үяңдарына 
біткен сөз
Септік  жалғауларының  түлгалық  түрлері  сөзге  үндестік
заңы негізінде мынадаи тәртшпен жалғанады.
өздің 
соңғы 
дыбысына 
қарай
Қазақ  тілінде  септелу  жүйесінен  мынадай  ерекшеліктер 
байқалады.
1. 
Септік  жалғау  тұлғалары  үндестік  заңы  негізінде 
жалғанады: а) сөздің соңғы буьгаы жуан болса, оған жуан буын- 
ды жалғау жалғанады да, соңғы жіңішке болса, оған жіңішке бу- 
ынды жалғау жалғанады; ә) сөздің соңғы дыбысының дауысты 
немесе үнді, үяң, қатаңның бірі болып келуіне қарай қосымша 
дыбыс үндестігі (ілгерінді ықпал) негізінде жалғанады.
90

2.  Оқулықтарда дауысты дыбыс делініп  жүрген у,  и  дыбы- 
стары қосар дыбыс немесе дифтонг екені белгілі:  у, ұу немесе 
у-үу,  и-ый  немесе  и-ій,  бүлардың  соңғы  дыбысы  кәдімгі  да- 
уыссыз  (үнді)  у  немесе  й  больга  табылады,  сондықтан  да 
қосымша  бүндай  дыбысқа  біткен  сөздерге  дауысты  дыбысқа 
біткен  сөздерге  сияқты  емес,  ауыз  жолды  сонор  дыбыстарға 
(р, л, у, й) біткен сөздерге тәрізді жалғанады:  ілік және табыс 
септік жалғауларьга салыстырыңыз.
3.Қазақ тілінде  сөз  соңында  з  және ж дыбыстарынан  басқа 
үяң  кездеспейді,  яғни  сөз  б,  в,  г,  д  сияқты  үяң  дыбыстарға 
аяқталмайды, ал кірме (негізінен, орыс тілінен енген) сөздердің 
соңындағы  бұл  үяң  дыбыстар  айтылуда  қатаңданып,  п,  ф,  к, 
т болып естіледі де,  қосымшаның қатаң дыбыстан басталатын 
варианты жалғанады.
4. Септік жалғауларының сөзге жалғану ерекшеліктері қазақ 
тілінде үнді (сонор) деп жүрген дауыссыздардың өзі үн қатысы 
жағынан сипаты бірдей емес екенін көрсетеді:  ілік және жатыс 
септік жалғаулары мүрын жолды үнді дыбысқа біткен сөзге  н 
дыбысынан басталатын, ауыз жолды үнді дыбысқа біткен сөзге 
д дыбысынан басталатын қосымша жалғанады.
5. Атау септіктің арнайы қосымшасы жоқ.  Бірақ атау септік 
түлғасы - түбір түлғамен бір емес және оқулықтарда көрсетіліп 
жүргендей,  басқа  септік  тұлгаларьша  негіз  болатын  да  түлға 
емес,  өз  алдына  жеке  нольдік түлға.  Ол жайында төменде  ар- 
найы сөз болады.
6. Басқа 6 септік қосымшаларының түлғаланылуымен сөзғе 
қосылуы  жағынан  кейбір  септік  түрлерінің  бір-бірімен  үқсас, 
сәйкес  жақтары  және  бір-бірінен  айырмашылықтары  айқын 
көрі н е д і:
а)ілік,табыс,шығыссептікжалғауларыныңдыбысүндестіғіне
байланысты варианттары н, д, т дыбыстарынан басталады, бүл 
жағьгаан осы септік түлғалары бір-бірімен сәйкес келеді;  бірақ 
сөздің соңғы дыбысына бітуіне байланысты ол қосымшалардың
91

жалғануында ерекшеліктер,  сәйкес  келмейтін  жайттар да  бар. 
Мысалы, дауысты дыбысқа біткен сөзге ілік және табыс септік 
жалғаулары 
н 
дыбысынан 
(-ның, -нің 
және 
-ны, -ні: 
ба-ла-ның 
әке-нің және бала-ны, әке-ні) басталса, шығыс септік жалғауы 
д  дыбысынан  (-дан,  -ден:  бала-дан,  әке-ден)  басталады,  ал 
мұрын жолды сонор  м, 
н,  ң 
дыбыстарына біткен  сөздерге  ілік 
және  шығыс  септік  жалғаулары  я  дыбысынан 
(-ның,-нің: 
аң- 
ның, түн-нің және -нан, 
-нен: 
аң-нан, түн-нен) басталса, табыс 
септік жалғауы д дыбысынан (-ды, -ді:  аң-ды, түн-ді)  бастала- 
ды. Бүл ерекшелік осы септік жалғауларының шығу, қалыптасу 
кезеңдерімен, ерекшеліктерімен байланысты болса керек; бірақ 
бүл  топшылау  түркологияда  айтылып  жүрген  —
ны,  -ні 
та- 
быс  септік  түлғасы 
-ның,  -нің 
деген  ілік  септіс  жалгауынан 
қалыптасты деген пікірді жоққа шығармайды;
ә) жатыс септік жалғауы, жуан-жіңішкелікті есептемеғенде, 
екі-ақ вариантты, 
н 
дыбысынан басталатын түлғасы жоқ, оның 
орнына д дыбысынан (-да, -де; бала-да, түн-де) басталатын түлға 
жұмсалады; 

 
г - 
.
б) 
барыс  пен  көмектес  септік  жалғауларының  тұлі алары 
мүлде  өзгеше.  Бүл  -  осы  септіктердің  әрқайсысьгаың  қалып- 
тасуы  мерзімдік  жағынан  да,  мағыналық  жағынан  да,  қандай 
сөзден  немесе  түлғадан  және  қалай  қалыптасуы  жағынан  да 
басқаша  болғанын  көрсетеді.  Мысалы,  көмектес  септігі  басқа 
түркі  тілдерінің  көпшілігінде  жоқ,  тек  қазақ  тілінде  гана  бар 
және  ол  басқа  септік түрлерінен  әлдеқайда  кеш  қалыптасқан: 
қазақтың жазба тілінде, жазба нүсқалар тілінде XIX ғасырдың 
аяғы мен XX ғасырдың басына дейін ол септік (ғрамматикалық 
түлға)  ретінде  емес,  септеулік  шылау  ретінде 
білән,  бірлән, 
мінэн, 
кейін 
мәнән 
сияқты  түрде қолданылып  отырған.  Одан 
барып 
менен 
арқылы 
-мен,  -бен,  -пен 
түрінде  қалыптасқан. 
Қазақ  тіліндегі  көмектес  септік  жалгауы  сырт  түрі  жағынан 
мен,  бен,  пен 
деген  жалғаулық  шылаумен  үқсас,  бірақ  одан
92

қалыгітаспаған, септеулік шылаудан туған, ал септеулік шылау 
мен я.алғаулық (мен: менен — білән) төркіндес.
Комектес септік жалғауы, біріншіден, сингармонизмге, буын 
үндестік заңына бағынбайды, өзі жалғанатын сөздің соңғы бу 
ын ы жуан не жіңішкелігіне қарамай, әр уақытта жіңішке түрде 
жшіғанады, екіншіден, дыбыс үндестігі толық сақталады, бірақ 
дауысты немесе үнді дыбысқа біткен сөздерге м дыбысынан ба- 
сталатын  варианты  (-мен),  үяң 
ж, 
з  дыбысына біткен  сөздерге 
б 
дыбысынан басталатьга варианты (-бен), қатаң және 
б, в, 
г, д 
дыбыстарына  біткен  сөздерге 
п 
дыбысынан  басталатын  вари- 
анты (-пен) жалғанады. Сөйтіп, көмектес септік жалғауы үш-ақ
түрде кездеседі.
в)  керісінше,  барыс  септік  жалғауы,  біріншіден,  сингармо-
низм  (буын үндестігі) заңы  бойынша я  жуан түрде,  я  жіщшке 
түрде,  екіншіден,  дыбыс  үндестігі  бойынша  дауыеты,  үнді 
және  үяң 
ж,  з 
дыбыстарына  біткен  сөздерге  ғ  не  г  дыбыста- 
рынан  басталатын  варианты  (-ға,  -ге:  бала-ға,  үй-ге,  жаз- 
ға); 
қатаң 
және 
б,  в,  г, 
д дыбыстарына біткен  сөздерге 
қ 
не 
к 
дыбыстарынан  басталатын  варианты  (қа,  -ке:  от-қа,  түс-ке) 
жалганады.  Тәуелдеулі  сөздің  септелуінде  де  барыс  септік 
жалғауының  елеулі  ерекшеліктері  бар  екені  көрінеді:  бірініш 
және екінші жақ анайы жекеше тәуелдік түлғасынан кеиін Оа- 
рыс  септік  жалғауы  жуан  буыннан  соң 
-а 
(балам-а,  балаң-а), 
жіңішке  буыннан  соң 
-е 
(үйім-е,т  үйің-е)  болып  жалғанса 
3-жақ тәуелдік  түлғасынан  кейін  жуан  буыннан  соң 
-не 
(үш- 
не) болып жалғанады. Әрине, 3-жақ тәуелдік түлғасынан кеиін 
жалғанатын 
-на, -не 
жалғауының алғашқы 
-н 
бөлшегі тарихи 
түрғыдан барыс септігінің қосымшасы емес, басқа бір түлғаның 
қалдығы.  Оның  3-жақ тәуелдік түлғасынан  кенін  жалғанатын
жатыс септік жалғауынан да көреміз:  -нда, -нде түрінде толық 
жатыс  септік  жалғауы  болып  жүрген  бүл  түлғаның  алғашқы 
-н 
бөлшегі де жатыс септік жалғауы емес. Бүл дыбыс (н) 3-жақ 
тәуелдік  жалғауынан  кейін  жалғанған  -дай,  -дей  және 
ша.

-ше  сияқты  жұрнақтардың  да  алдынан  шыға  келеді:  баласы- 
дай емес, баласы-н-дай, сөзі-дей емес, сөзі-н-дей, (ел) адамы-ша 
емес, (ел) адамы-н-ша, (сол) күйі-ше емес, (сол) күйі-н-ше, т. б.;
г) 
септік түрлерінің  біразы  (атау,  ілік, табыс)  адамға байла- 
нысты  кім?  адамнан  басқа  затқа  байланысты  не?  деген  ғана 
екі  сүрақтың  септік  жалғаулары  арқылы  тұлғалаған  түрімен 
шектелсе, біразы (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) оның үстіне 
үшінші  түрлі  сүраққа да (қайда?  қашан?  қайдан? қалай?) жау- 
ап береді. Бүл -  осы септік түрлерінің таза грамматикалық не- 
месе сонымен қоса көлемдік мән білдірумен байланысты болса 
керек, сондықтан септік жалғауларының грамматикалық және 
көлемдік түрлері мен олай бөлудің мәні төменде арнайы сөз бо-
лады; 


,Ч;  |  ,  ^ 
.
ғ) тәуелдеулі сөздің тұлғалық жагынан септелу ерекшеліктері 
табыс  септігіне  де  қатысты:  үшінші  жақ  тәуелдік  түлға- 
сынан  кейін  табыс  септігі  -н  түрінде  ғана  жалғанады. 
Тәуелдеулі сөзге септік жалғауларының жалғанудағы түлғалық 
ерекшеліктері мына таблиңадан анық көрінеді:
Жақ
түрлері
Септік
түрлері
Іл
ік
Б
а
р
ы
с
Т
а
б
ы
с
Ж
а
т
ы
с
Ш
ы
ғы
с
К
ө
м
е
к
т
е
с
м1
сч
#
*1
, анайы
-ның,

-да,
-нан,


-мен
-НІҢ

-ді
-де
-НЕН
2-ж., сыпайы
-ның,

-ға
-да,
-дан,
-бен
-нің
-ге
-ді
-де
-ден
3-жақ
-ның,
-(н)е

-(н)да
-нан,
-нің
-(н)а
-(н)де
-нон
-мен
94

§ 6. СЕПТІҚ ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ МАҒЫНАЛАРЫ МЕН
ҚЫЗМЕТТЕРІ
Қазіргі  қазақ тілінің грамматикалық  құрылысында  7  түрлі 
септік жалгау  бар.  Бұл  септік жалғаулардың  әр  түрі  өзіне тән 
грамматикалық  тұлғалар  арқылы  белгілі  грамматикалық 
мағына білдіріп, сөйлемде тиісті қызмет (бір жағынан, белгілі 
грамматикалық  топтағы  сөздерді  байланыстырып,  екінші 
жағынан, ол сөздер белгілі синтаксистік қатынаста жұмсалуы 
арқасында  белгілі  сөйлем  мүшесінің  де  қызметін)  атқарады. 
Септік жалғау түрлері осындай үш түрлі сипаты (грамматика- 
лық тұлға -  грамматикалық мағына —
 грамматикалық қызмет) 
арқылы, бір жағынан, жеке-жеке грамматикалық тұлға ретінде 
танылады,  екінші  жағынан,  бүлардың  жиынтығы  парадигма-
лық жүйе ретінде септік категориясын қүрайды.
Сұрақ.  Жеті  септіктің  ішінде  атау  септігінің  ерекшелігі
бар  ғой.  Әсіресе,  атау  септігінің  арнайы  грамматикалық
түлғасының  (формасының)  болмай,  басқа  септік  түрлерін
жасауға негіз  ғана болуы  осы  басқа  септік  түрлерімен  теңдеп
қарауға болмайтындығын көрсетпей ме?
Жауап. Түркологияда да, қазақ тіл білімінде де көп уақытқа
дейін  септік парадигмасында (түрлену жүйесінде) атау септігі
дәл осылай басқа септіктерге негіз болатын түлға делініп келді.
Әрине, атау септігінің түлғасы мен грамматикалық мағынасы,
қызметі  жайындағы  талдау  пікір  -   көзқарастар  түркология
мен  қазақ  тіл  білімінде  бірдей,  біркелкі  емес.  Атау  септігінің
табиғатын дүрыс  және жан-жақты түсіну үшін қысқаша болса
да сол пікір —
 көзқарастарға тоқтала кстейік.
XIX  ғасырдың  орта  кезінен  бері  жарық  көре  бастаған
ғрамматикалардан  бастап  күні  бүгінге  дейін  жүргізіліп  кел- 
ген  түркологиялық  зерттеу  еңбектерінде  зат  есімнің  септік 
жүйесіндегі  бірінші  септік түрі  «арнайы түлғалық  көрсеткіші 
жоқ,  басқа  септік  түрлеріне  негіз  болатын  түлға»,  сонымен
95
\
I

бірге «бір ғана мәнде емес, кейде басқа септік түрлерінің, мыса- 
лы, ілік пен табыс, қызметінде де қолданылатын ерекшеліктері 
болғандықтан»  атау  (именительный)  септік  деп  атаудан 
гөрі  негізгі  (основной)  немесе  белгісіз  (неопределенныи),  я 
абсолютті, 
кейде 
қосымшасыз 
(безафиксальный) я 
түбір 
(ко- 
ренной), немесе 
аморфты, 
т. б. септік деп аталады (ИСГТЯ, 57, 
Д.-СТЯ,  154).  Ал,  қазақ тіл  білімінде  атау  септігі  басқа  септік
түрлерінің  (мысалы,  ілік,  табыс)  қызметінде  жүмсала  алады 
деген  пікірдің қате  екендігі  баса көрсетіледі.  Яғни  атау  септік 
түлғасы мен ілік, табыс септік түлғаларының түсіп қалып, жа- 
сырын  түрып  (мысалы,  колхоз  (дың)  малы,  кітап  (ты)  оқыды; 
тәрізді  қолданылуы  сырт  қарағанда  үқсас  көрінгенмен,  бір 
емес,  екеуі  екі  басқа  грамматикалық  форма,  әрқайсысының 
өзінс тән  бөлек-бөлек грз.ммЕтикз.лық м&ғынйсы,  синтэ.ксистік
қыметі  бзр  екені  тзлдзнып  көрсетіледі  (СК.Я,  160).  ІІІынын- 
да 
да қазақ тілінде  белгілі  бір  қолданыстарда сөз  бірде  кейбір 
грамматикалық  тұлғалардың  ашық  түрінде,  яғни,  міндетті; 
түрде  қосымшасы  жалғанып  жүмсалса,  енді  бірде  жасырын, 
қосымшасыз түрде,  яғни қосымшасы түсіп қалып жүмсалады. 
Мысалы,  ілік  пен  табыс  септік  түлғаларының  осындай 
қолданылу  ерекшеліктері  жиі  кездесіп  отырады,  және  одан 
олардың  негізгі  грамматикалық  мағыналары  өзгермейді  деі 
Абай 
өлеңін жаттап алдық -  
Абайдың 
бүгін жазған өлеңін жат- 
тап  алдық -  екеуінде  де  Абай  және  Абайдың  граммати калық
меншіктілік-қатыстық  мағынаны  білдіріп  түр.  Мен 
кітап 
оқыдым -  
Кітапты 
мен оқыдым дегенде де кітап және кітапты 
сөздері  тура  объектілік  мағынаны  білдіріп  түр.  Әрине,  бүдан 
бүл  түлғалардың  ашық  я  жасырын  қолданыстары  абсолютті 
тепе-тең,  арасында  ешбір  айырмашылық жоқ екен деген  үғым 
тумауға тиіс.  Жалғыз  бүл  ғана  емес  септік түлғаларыньщ жа- 
сырын, тасаланып қалатын басқа да кездері бар. Мысалы, кейде 
бірыңғай  мүшелердеғі  кейбір  грамматикалық түлгалар  бірың- 
гай  мүшелердің  әрқайсысына  емес,  тек  соңғысына  ғана
96

жалғанады:  Ол -  Бөкенші руынан 
Сүйіндік, Сүгірдің 
көштері 
(М.  Әуезов).  Байлар  қазір 
тақырға,  шөлғе,  тау 
мен  тасқа 
қамалған  шақ  (Ғ.  Мүстафин).  Абай  жүрегі  де 
сыр 
мен 
жырға 
толы  (М.  Әуезов). 
Ащы 
мен 
түщыны 
татқан  білер, 
алыс 
пен 
жақынды 
жортқан  білер  (Мақал).  Осы  сөйлемдердегі 
Сүйіндік сөзі де Сүгірдің сияқты ілік септігінде (мағынасы мен 
қызметінде),  сыр  сөзі  де  жырға  сияқты,  тау  сөзі  де  тақырға, 
шөлге, тасқа сияқты барыс септігінде, ащы сөзі түщыны сияқты, 
алыс сөзі жақында сияқты табыс септігінде қолданылған. Бірақ 
атау  септігінің  арнайы  грамматикалық  формасының  болма- 
уы  мағыналық,  қолданыс-қызметтік,  парадигмалық  сипатта- 
рын  анықтап,  айқын  сипаттап  беруге,  екінші  жағынан,  септік 
жүйесінен  оның  алатын  орнын  дәл  айқындап  беруге  кедергі 
болған. Сондықтан да атау септігінің жалпы септіктер жүйесінен 
алатын  орны,  басқа септік түрлерімен қарым-қатынасы дүрыс 
айқындалмай,  шатасып  кеткен.  «Сырт  алып  қарағанда,  септік 
жалғауы қатарында аталып отырғаны болмаса,  атау септігінің 
арнаулы жалғауы жоқ. Дүрысында атау септік деп отырғанымыз 
— сөздің 
септік  жалғауын  қабылдамай  тұрғандағы  күйі. 
Оны  атау  септік  деп  септік  жалгауының  басына  қою,  сөзғе 
септік  жалғауларының  грамматикалық  табиғатын .тану  үшін 
аса қажет,  өйткені 
барлық  септік жалғауларына  негіз  бола-
тын сөз — осы атау күйінде тұратын сөз» (ҚТГ, 57).
«Атау  септік  формасы,  бір  жағынан,  басқа  септіктердің
формалары  мен  мағыналарын  салыстырып  ажырату  үшін 
қабылданған 
негізгі форма 
болса, екінші жағынан, ол тек бел- 
гілі затты атау үшін ғана емес, онан әлдеқайда кең ғрамматика- 
лық  қызмет  атқаратындықтан,  арнайы  талдайтын 
негізгі
форма 
ретінде  қаралады.  Осыған  орай  ол  неғізгі  септік  деп 
аталады» 
(Ы.  А.  -   ҚҚТ,  62). 
Сөйтіп,  қазақ  тіл  білімінде 
атау 
септік тұлғасы 
септік жүйесінде  басқа септік түрлерімен тең 
деңгейде емес, оларға немесе басқа септік түлғаларын үстеуде
неғіз  болатын түлға,  демек,  зат есімнің түбір  (негізгі  және ту-
97

мнпы түбір) түлғасы деген үғыммен барабар екенін байқаимыз. 
Ол -  атау септік түлғасының қолданылу аясын  анықтаудан да 
көрінеді:  атау септіктегі сөз бастауыш қызметінен басқа) баян- 
дауыш  қызметінде  (ол — 
мүғалім), 
2)  анықтауыш  қызметінде 
изафет  конструкциясында 
(қол 
сағат  сатып  алдым);  3)  үшін, 
арқылы,  туралы,  сияқты,  жөнінде,  жайында,  бойы,  бойынша 
сияқты  септеулік  шылаулармен  тіркесіп  қолданылады  (СКЯ,
160; Ы. А. -  ҚҚТ, 63, Қ.- ГУЯ, 93-95, 297-307, т. б:).
Ең алдымен, атау септігі басқа септік түрлерімен білдіретін 
грамматикалық 
мағынасы, 
сипаты, 
атқаратын 
қызметі 
жағынан теңдес,  сыбайлас,  ыңғайлас  болмай, тек  басқа  септік 
түрлеріне  «негіз  болатын»  ғана  болса,  онда  атау  септігінің 
септіктер  жүйесіне  оның  бір  түрі  ретінде  ене  алмайтынын 
естен шығармаған жөн. Яғни белгілі бір парадигмалық түрлену 
жүйесіне негіз  болатын түлға  ол жүйенің бір түрі  ретінде  сол 
жүйенің  шеңберінде  қаралмайды.  Мысалы,  тәуелдік  катего- 
риясына  (түрлену  жүйесіне)  негіз  болатын  зат  есімнің  негізгі 
я туынды түлғасы (мысалы, бала-м, бала-ң;  бала-ңыз, ба-ла-сы 
немесе білім-ім, білім-ің, білім-іңіз, білім-і дегендерге негіз бо- 
лып түрған 
бала 
және 
білім 
түлғалары) сол түрлену жүйесінің 
бір түрі болып  енбейді.  Жіктелуде де,  етістіктің шақ, рай т.  б. 
грамматикалық  категорияларында да осылай.  Екіншіден,  атау 
септік  түлғасьга  «басқа  септіктерге  негіз  болатын  түлға»  деп 
онда  атау  септік  үғымы  зат  есімнің  түбір  (негізгі  және  туын- 
ды  түбір)  түлғасы  деген  үғыммен  барабар  болып,  тек  септік 
түрлеріне ғана емес, сонымен бірге зат есімнің басқа да түрлену 
жүйелеріне  (тәуелдену,  көптелу,  жіктелу)  негіз  болатын  түлға 
болатынын  да  естен  шығармау  керек.  Онда  ол  (атау  септік) 
септік жүйесі шеңберінен сырт қалуға тиісті.
Рас,  атау  септігінің  басқа  септік  түрлері  сияқты  арнайы 
грамматикалық  көрсеткіші  (формалары)  жоқ.  Сондықтан 
атау  септік,  түлғасы  сырттай  зат  есімнің  түбір  түлғасымен 
сәйкес,  үқсас  келеді.  Бірақ,  бүл  екеуі  бір  емес.  Атау  септігінің
98

өзіне  тән  арнайы  грамматикалық  формасы  болмағанмен,  зат 
есімнің  түбір  түлгасынан  өзгеше  болып  келетін,  басқа  септік 
түрлері  білдіретіндей  арнайы  грамматикалық  мағынасы  бар 
және  сол  арқылы  формасыз  атау  септік  түлғасы  басқа  септік 
түлғалары сияқты семантикалық мән мен синтаксистік қызмет 
атқарады, яғни сөз бен сөзді байланыстыруға қатысып түрады. 
Міне,  осы  қасиеттері  арқылы  атау  септігі  қазақ тілінің септік 
жүйесінде  септіктің  басқа  түрлерімен  тең  дәрежедегі  түлға 
және парадигмалық түрленудің бір көрсеткіші  болып табыла- 
ды  да,  жоғарыда  қазақ  тілі  грамматикалары  көрсетіп,  танып 
жүрген  атау  түлғасындағы  сөздің  баяндауыш,  анықтауыш 
болу  қызметтері,  кейбір  септеулік шылаулардың тіркесуі  атау 
септіктегі  сөз  емес,  одан  бүтіндей  бөлек  зат  есімнің  түбір 
түлғасы  больш  табылады.  Айталық,  баяндауыш  қызметін 
атқарып түрған зат есім еш уақытта атау септігінде түрмайды, 
ол  жіктеліп  (3-жақта  арнайы  көрсеткіші  болмаса  да,  нольдік 
формада  түрып)  жүмсалады.  Жіктелген  зат  есім  заттық, 
субстантивтік  мәннен  гөрі  номиналдық  мәнді  білдіруге  яғни 
субъектінің кім екенін білдіруге  айналады, сөйтіп, зат есімнің 
жалпы  түрлену  жүйесінің,  соның  ішінде  септік  жүйесінің 
мәніне қайшы келеді. Тағы бір ескеретін ж айт- есім баяндауыш 
тек зат есімнен  ғана болып  қоймайды.  Сондай-ақ сын есім де, 
сан есім де зат есім сияқты есім баяндау ыш қызметін атқарады. 
Ол кезде сын есім де, сан есім де зат есім сияқты  1, 2-жақтарда 
жіктік  жалғауын  қабылдап,  ал  3-жақта  жіктік  жалғауынсыз 
нольдік түлғада бастауышпен  қиыса байланысады:  мен үлкен- 
мін, сендер жақсы-сыңдар, ол -  білімді -  0 ,  біз бесеу-міз, сен 
екінші-сің, олар -  үшеу -  0 , т.  б. Міне, осындай жіктеліп келіп 
(3-жақта  арнайы  формасыз  да)  баяндауыш  қызметін  атқарып 
түрған  сын  есім,  сан  есімдерді де  атау  септік  түлғасында түр
деп  дәлелдейміз  бе?  Бүлардың  атау  септік  түлғасымен  ешбір 
байланысы жоқ екені өзінен-өзі белгілі.
99

Зат есімнің түрлену жүйелері, әсіресе, септік жүиесі мен оның 
түлғалары  заттық  мағынаны  білдіретін  сөздерге  (зат  есімге) 
жалғанып, заттық мағынаға тән әр түрлі грамматика лық мағына 
үстейді,  ал  басқа  сөз  таптарына жалғанса,  оған  субстантивтік 
(заттық)  мән үстеп,  сөйлемде зат есімнің қызметін  атқартады: 
Білімдіден 
шыққан  сөз 
талаптыға 
болсын  кез  (Абай). 
Көргеннің 
көзі  жаман, 
айтқанның 
сөзі  жаман  (Мақал).  Бүл 
сөйлемдердегі 
білімді, талапты 
сын есімдері, 
көрген, айтқан 
есімшелері -ден, 
-га, -нің, -ның 
деген шығыс, барыс, ілік септік 
жалғаулары арқылы адам деген заттық мағынада қолданылған. 
Міне, осындай субстантивтік және  субстантивтендіру (заттан- 
дыру)  қасиеті  атау  септігіне де тән:  Бітер  істің  басына 
жақсы 
келер қасына (Мақал).  Малқарға тақау отырған төрт бүрышты 
қара 
-   Жәнібек  (Ғ.  Мүстафин). 
Шешінген 
судан  тайынбас 
(Мақа л). Принңип үшін 
к үресу 
- арыз қу у емес (3. Шашкин). Бүл 
сөйлемдердегі 
жақсы, қара 
сын есімдері, 
шешінген 
есімшесі, 
күресу түйық етістігі атау септік түлғасында жүмсалғандықтан, 
біріншіден, сөйлемнің бастауыш қызметін атқарып түр, сөйтіп, 
бастауыш  баяндауышпен  (келер, Жәнібек,  тайынбас,  арыз  қуу 
емес) жіктік жалғаудың 3 -жақ нольдік формасы арқылы қиыса 
байланысқан,  екіншіден,  ол  сын  есім,  етістіктерге  (есімше, 
түйық  етістік)  заттық  мән  үстеп,  оларды  субстантивтендіріп 
түр, олар адам мағынасын білдіріп түр: жақсы адам, қара адам, 
шешінген  адам,  ал  күресу -   өз  бетімен  қимыл  атауы.  Әрине, 
бүл сөздер тек осы сияқты қолданыста ғана субтсантивтенген.
Анықтауыштық  қатынаста  және  септеулік  шылаулармен 
(үшін, арқылы, жөнінде, жайында, туралы, бойы, т.  б.) тіркесіп
қолданылған  зат  есімдер  де  атау  септік  түлғасынан  өзгеше. 
Бүл түлға негізінен зат есімнің түбір түлғасы болып табылады. 
Түркі  тілдеріндегі  түбір  -   сөздің  жеке  түрғанындағы  мәнді, 
мағыналы  бөлшегі  болғандықтан,  сөйлемде  сол  күйінде  өз 
бетімен жеке қолданыла алады. Міне, зат есім түбір (негізгі және 
туынды  түбір)  күйінде  қолданылғанда  осындай  қатынастарда
100

(анықтауыштық)  және  шылаулармен  тіркесте  соған  сәйкес 
белгілі  синтаксистік  қызметте  жұмсалады.  Ол  зат  есімдерді
сыртқы түріне ғана қарап атау септік тұлғасымен шатастыруға 
болмайды.
Сейтіп,  атау  септігі  сырт  тұлғасы  жағынан  да  зат  есімнің 
тұбір  тұлгасымен  ұқсас,  арнайы  грамматикалық  көрсеткіші 
жоқ  болып  келсе  де,  басқа  септік  тұрлерімен  бірдей  арнайы 
грамматикалық мағынасы бар (субстанттық-заттық мағына, ол 
әсіресе, басқа сөз таптарын сөйлемде заттандыру мәнінен айқын 
көрінеді),  басқа  септік  тұлғаларындай  сөз  байланыстырғыш 
қызметі бар (субъектілік-предикаттық қатынаста жақ жағынан 
қиысып, сөйлемнің баяндауыштық қызметіндегі сөзбен байла- 
нысып тұрады), олармен тепе-тең, бірақ нольдік формалы (яғни 
арнайы  жалғауы  жоқ)  септік  жүйесінің  бір  тұрі  болып  табы- 
лады.  Яғни  атау  септігі  тек  арнайы  формасы  ғана  жоқ,  басқа 
грамматикалық  сипаттары  септіктің  басқа  түрлерімен  сайма- 
сай  келетін  парадигмалық  жұйенің  бір  тұлғалық  түрі  болып 
саналады.
Сондықтан  сырттай  бір-біріне  ұқсас  болса  да  зат  есімнің 
түбір  тұлғасы  мен  атау  септік  тұлғасы  бір  емес,  бөлек-бөлек 
грамматикалық  тұлғалар,  зат  есімнің  түбір  тұлғасы  септік 
тұлғаларьшың  түрленуіне  негіз  болатын,  соның  ішінде  атау 
септігіне де негіз болатын түлға болса, атау септігі -  септелудің 
парадигмалық жүйесіндегі бір түрлену тұлғасы.
Сұрақ. 
Сонда ілік, барыс, т.  б. септік жалғаулар атау септік
түлғасының үстіне емес,  зат  есімнің түоір  түлғасына жалғана 
ма?
Жауап. 
Дәл  солай.  Барлық  септік  түлғаларына,  соның 
ішінде  атау  септігінде  негіз  болатын  тұлға  -   зат  есімнің 
түбірі.  Сондықтан  атау  септігі  -   нольдік  түлға  болады,  яғни 
түбірдің үстіне  нольдік  форма  (0)  жалғасады да,  басқа  септік 
тұлғаларымен тең болып есептеледі.
101

Ілік септігінің білдіретін басты мағьшасы -  грамматикалық 
меншіктілікті, 
иелікті, 
меншіктілік-қатыстықты 
көрсету.
Әрине, ілік септігі білдіретін меншіктілік мағына иелік-тәндік, 
таза меншіктілік (баланың кітабы, Оспанның ішігі, оқушының 
дәптері,  әкемнің үйі),  әр түрлі органикалық, табиғи  байланыс 
(мүнайдың  қалдығы,  майдың  тортасы,  еттің  көбігі,  шайдың 
шамасы), әр түрлі туыстық жақындықтар, адамдар арасьшдағы 
қарым-қатынастар (баланың ағасы, агамның жолдасы, әкемнің 
нағашысы,  әйелдің  баласы),  бүтіннің  бөлшегі,  бір  заттың 
бөлігі  (кітаптың  беті,  үйдің  терезесі,  үйдің  едені,  адамның 
қолы,  таудың  басы,  ағаштың  жапырағы),  заттар  арасындағы 
әр  түрлі,  әр  ыңғайдағы  тәуелділік  қарым-қатынас  (судың 
сылдыры,  сөздің  түйіні,  ойдың  қорытындысы,  аттың  сыны, 
аңның  ізі),  заттың  әр  түрлі  қасиеті,  сапалық  тәндігі  (аттың 
жүйрігі,  қыздың  сүлуы,  адамның  кербезі,  ақынның  шешені, 
адамның  үқыптылыгы,  баланың  үлкені),  заттың  сандық, 
реттік  мәні,  қатысы  (баланың  біріншісі,  ауылдың  жарты- 
сы,  келгендердің  екеуі,  конақтардың  оны),  заттың  белгілі  бір 
қасиетінің  артықшылыгьша,  ерекшелігіне  қатысы  (жігіттің 
жігіті,  шешеннің  шешені,  сүлудың  сүлуы,  сараңның  сараңы), 
т.  б.  сияқты  мәндерді  білдіріп,  ілік  септікті  сөз  тәуелдік 
жалғаулы  сөзбен  анықтауыштық  қатынаста  матаса  байланы- 
сып қолданылады. Демек, ілік септік түлғасының бір ерекшелігі 
сол  -   ол  өзі  жалғанған  сөзді  әрі  тәуелдік  жалғаулы  сөзге 
бағындыра  байланыстырады,  әрі  басыңқы  сөздің  тәуелдік 
жалғауында түруын талап етіп түрады, әрі ілік септіктегі сөздің 
семантикасы  (жақтық мағынасы)  арқылы тәуелдік жалғаудың 
сол жаққа қатысты болуына қарай үш жақты байланыс арқылы 
жасалған сөз тіркесі -  матасу пайда болады (И. -  НОК).
Ілік  септік  жалғауы  кейде түсіріліп  те  (жасырын түрып  та) 
айтылады:  колхоз  малы,  ақын  өлеңдері,  қала  жастары,  кітап 
беті, адам баласы, жер шары, жыл басы,. т. б. Онда бүл тіркестер 
(екі  сөз  арасындағы  қатынас)  меншіктіліктен  гөрі  қатыстық,
102

жалпы  атаулық,  абстрактілік  иелік  мағына  білдіреді:  колхоз 
малы десек, мал меншік емес, колхозға қатысты екенін (орысша 
колхозный скот сияқты), колхоздың малы десек, мал белгілі бір 
колхоздың меншігі екенін (скот колхоза сияқты), ақын өлеңдері 
де;сек, ақынға қатысты (әрине,  ақын шығарған) өлеңдер екешн 
(иоэтические  стихи  немесе  вообще  стихи  поэта  сияқты),  ал


ақынның өлеңдері десек,  белгілі  бір  нақты  ақынның өлеңдері 
екенін (стихи поэта), қала жастары десек, жалпы қалада тұратын 
жастар екенін (городская молодежь сияқты), ал қаланың жаста- 
ры  десек,  белгілі  немесе  нақты  қаланың  жастары  екенін  (мо- 
лодежь  города  сияқты),  т.  б.  түсінеміз.  Бұдан  бірден  көрінетін 
ерекшелік  — ілік  септік  жалғауынсыз  байланысқан  тіркестер 
нақты  меншіктілік  мағынадан  гөрі  қатыстық,  абстрактілік, 
атауыштық  мөнді  басымырақ  білдіреді  де,  көбіне  түрақты, 
терминдік, атауыштық сипатқа ие болып қалыптасады. Қазіргі 
қазақ тілінде атауыштық мәндегі түрақты тіркестер мен күрделі 
терминдердің көбі і лік септік жалғауынсыз қолданы лған үлгі лер 
болып табьшады: тап күресі, космос кеңістігі, Абай көшесі, Ал- 
маты к.аласы, күкірт қышқылы, жер шары, күн сәулесі, тап тар- 
тысы, товар айналымы, т.б. Қазақ тілінде зат есім мен көмекші 
есім  ілік  септігі  (көбіне-көп  ілік  септігінің түсіп  қалған  түрі) 
мс.ін тәуелдік жалғау арқылы байланысады. ауыл-дың маңы, үй 
іглі,  стол үсті,  аспан  асты,  үйдің жаны, т.  б.(Түркологияда зат 
есімнің  ілік  септік  түлғасы  мен  төуелдік  жалғаулы  сөздердің 
байланысынан  түратын  тіркесті  (колхоз-дың мал-ы,  т.  б.)  иза- 
фет ІП, ілік септік түлғасынсыз конструкңияны  (колхоз малы) 
изафет П деп атайды. Ал изафет I -  ешбір жалғаусыз (ілік және 
тәуелдік  түлғаларынсыз)  анықтауыштық  қатынастағы  екі  зат
есімнің тіркесі: қол сағат, тас жол, жібек орамал, ағаш үй, т. б.
Барыс  септіғінің  басты  грамматикалық  магынасы  —
  жа-
нама  объекті  мен  қимыл,  іс-әрекеттің  кімге,  неге,  қайда
бағытталғанын көрсету, атап айтқанда, қимылдың, іс-әрекеттің
барып тірелер жерін, аяқталар шеғін (қалаға жетті, үйге келді),
103

кімге,  неге  бағытталганын  (кісіге  берді,  қонаққа  ұсынды), 
қимылдың  мақсатын,  не  үшін  істелгенін  (көруге  кетті,  оқуға 
келді),  қимылдың мөлшер,  мезгілдік  шегін  (екі  метрге  созыл- 
ды, жазға жетті), сынның неге қатысын (малға бай, сөзге сараң), 
т.  б.  сияқты мәндерді білдіру.  Барыс септікті сөз дейін, шейін, 
қарай,  таман, тарта сияқты септеулік шылаулармен  тіркесіп, 
сандық, мезгілдік, мекендік шекті білдіреді:  ауылға дейін еріп 
барды, бірінші қарға дейін күзеуде отырды, үркер ауып барады 
айга таман..., ол ауылға қарай жөнелді.
Барыс  септік  жалғауы  кейде  (сирек)  түсіріліп  те  қолданы- 
лады: Мәскеу(-ге) бардым, не көрдім? Туысқан-туған ел көрдім 
(Жамбыл).  Сондай-ақ кетті етістігімен тіркесіп айтылған жер- 
су, мекен аттарындагы барыс септік жалғауы да кейде түсіріліп 
айтылады: Алматыға кетті -  Алматы кетті. Қазіргі тіліміздегі ер 
жету, бой жету тұрақты тіркестері тарихи жағынан ерге жету, 
бойга жету түрлерінен, алдыңғы сөз барыс септікті тұлғадагы 
үлгіден  қалыптасқан.  Қазақтың  әр  кездегі  жазба  нұсқалары 
тілінде  ерге  жету,  бойға  жету  түрінде  ғана  қолданылуы, 
сондай-ақ жету етістігінің әдетте барыс септік тұлгадағы сөзді 
меңгеретіні:  кәмелетке  жету,  мұратына  жету,  арманына  жету, 
жасына  жету  (жасына  жетпей  қартайып...),  түбіне  жету,  т.  б. 
пікірімізді толық дәлелдейді.
Сөздердің  семантикасына  байланысты  әр  түрлі  түлға- 
қүрамдагы  барыс  септігіндегі  біраз  сөз  адвербиалданып, 
үстеуге айналып кеткен:  алга, артқа, кешке, бас-басына, алды- 
артына,  бірге,  жатқа,  жоққа,  күн  үзаққа, күніне, текке,  қолды-
қолына, өз алдына, т. б.
Табыс  септігінің  білдіретін  грамматикалық  магынасы  -  
қимыл, іс-әрекеттің тура багытын білдіріп, тура объектісі болу. 
Сондықтан  да табыс  септігіндегі  сөз  сабақты  етістікке  (мейлі 
ол  жалаң,  мейлі  күрделі  етістік  болсын)  меңгеріліп  отырады 
да, толықтауыштық қатынаста ашық та, жасырын түрып (түсіп 
қалып)  та  жұмсалады.  Өзі  тіркесіп  тұрган  етістіктің  алдында
104

жалпы абстракты мағынада келгенде, табыс септік кейде түсіп 
қалады: 
кітап оқыдым 
(яғни әйтеуір бір кітап оқыдым), 
жеміс 
сатып  алдым 
(жалпы  жеміс  сатып  алу), 
маған  ойыншық 
әперді 
(әйтеуір бір ойьгашық әперді), т. б.). Ал табыс септіктегі 
сөз  айқындылық,  белгілілік  мәнде  айтылса,  оған  ой  екпіні 
түссе, оның өзін айқындап, саралап түратын анықтауышы бол- 
са, немесе табыс септіктегі сөз бен оны меңгеріп түрған етістік 
арасына  басқа  бір  сөз  түссе,  табыс  септік  жалғауы  түспей 
қолданылады: 
кітапты  мен  оқыдым 
немесе 
кешегі  кітап- 
ты  түгел  оқыдым,  бүл  жемісті  сатып  алдым 
немесе 
жеміс- 
ті  кеше  сатып  алдым,  маған  осы  ойыншық-ты  әперді, 
т.  б. 
Бүларды табыс септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды.
Табыс  септігі  атау,  ілік  септіктері  сияқты  шылаулармен 
тіркеспейді. Табыс септігіндегі сөз сөйлемде тура толықтауыш
қызметін атқарады.
Жатыс  септігінің 
білдіретін  басты  мағьгаасы  -   істің,
қимылдың  болу  орнын,  мекенін,  мезгілін,  көлемін,  түрағын
білдіру.  Жатыс  септігінің  мағынасы  мезгіл,  мекенге  байланы-
сты болғандықтан да, соған қатысты жатыс септік  жалғаудың
үстіне  кейде  функңиялық  сипаттағы 
-ғы,  -гі 
қосымшасы  да
үстеліп  қолданыла  береді: 
ауыл-да-ғы  үй,  кісі-де-гі  дүние,
а. 
Жатыс септігінде
қолданылған  сөз  әдетте  мезгіл,  мекен  пысықтауыш  және  жа- 
нама  толықтауыш  қызметін  атқарадьі.  Сонымен  бірге  жатыс 
септігінде  зат  есім  жіктеліп  келіп  баяндауыш  қызметін  де 
атқарады: 
Мен қазір үй-де-мін; қызым үй-де, қылыгы түз-де; 
бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы да жатыс септік түлғасында 
есімшеден  немесе 
кезде,  уақытта 
сияқты  сөздерден  де  бола 
береді:  мен 
келген-де, 
ол үйде  екен.  Жатыс  септікті  сөздердің 
ішінде де адвербиалданып, үстеуге айналып кеткендері аз емес: 
кейде,  жазда,  іңірде,  осында,  ақыр  аяғында,  аңдаусызда,  атам 
заманда, оқта-текте, лезде, қаға берісте, қапыда, іңірде, т. б.
105

Жатыс  септік  жалғауы  жуан-жіңішке  түрін  есептемеген- 
де  екі-ақ  вариантта  -да,  -де  және  -та,  -те  түрінде  кездеседі. 
Қазақ  тілі  оқулыгында  сонымен  бірге  3-жақ  тәуелдік  жалғау 
түлғасынан кейін жатыс  септігінің -нда, -нде түрі де беріледі. 
Шынында  -да,  -де  қосымшасының  алдындағы  -н  түрінің  та-
рихи жағынан жатыс септігіне қатысы жоқ, ол -даи, -деи және 
-ша,  -ше,  -сыз,  -сіз  жүрнақтарының да алдынан  шыға  келеді: 
баласы-н-ша, ба-ласы-н-сыз т. б.
Тарихи  түрғыдан  қарасақ,  жатыс  -   көне  септіктердің 
бірі.  Ерте  кезде  көне  түркі  жазбаларының  тілінде  жатыс 
септігінің  магынасы  мен  қызметі,  қолданылу  аясы  қазіргімен 
салыстырғанда  әлдеқайда  кең  болған  да,  ол  тек  қимылдың 
орнын,  мезгілін  ғана  емес,  сонымен  бірге  жалпы  багытын, 
жалпы  көлемдік  мәнді  де  білдіріп,  қазіргі  барыс  және  шығыс 
септіктерінің орнына да жүмсала берген.  Қазіргі қаза:қ тілінде 
барыс септік те, жатыс септік те мекендік мәнде бір ғана түлғалы. 
қайда?  деген  сүраққа жауап  беруі,  сондай-ақ  осымда,  мұнда, 
сонда сияқты сөздердің әрі қимылдың мекенін білдіріп, жатыс 
септігінің көрсеткіші болуы (осында болды, мүғіда жүр, сонда 
түр, т.б.), әрі бағытын білдіріп, барыс септігінін, керсеткіші бо- 
луы (осында келді -  үйге келді, мүнда келмейді. -  үйге кел.мейді, 
сонда  кетті  -   үйге  кетті,  т.  б.)  көне  кездегі  қолда.ныстың 
қалдығы  болу  керек.  Жатыс  септік  түлғ?*сы  септеут,ііктермен 
тіркеспейді.
Ш ыгыс  септігініц  басты  мағынасы  -   қимыл,  іс-әрекеттің 
неден,  қайдан  шыққанын,  басталғаны н  білдіру,  сөйтіп,  барыс 
септігінің мағынасына қарама-қайшь,г болып келеді. Сондай-ақ 
шығыс септігі қимылдың қандай об ьект төңіпегінде болғанын 
(бетінен  сүйді,  басынан  сипады),  себебін  (айғайдан  шошып 
кетті),  не  арқылы  неден  өткенін  Гаяқтан  аттады, таудан  асты), 
салалық,  сындық  сипаттағы  создердің  салыстырма мәнін  (бе- 
тегеден  биік,  адамнан  ақылды),  істің,  заттың тегін  (атадан  ал- 
тау,  анадан  төртеу),  кейбі^  елшем,  мөлшер,  мезгіл  мәнін  (бес
106

жасынан  қасына  ерді,  былтырғы  жаздан  қасынан  қалмайды), 
жанама объект (досынан түңілді, жақсыдан шарапат), бөліктің 
бірлік,  түтастығын  (топтан  бөлініп,  жүбынан  жазбай)  сияқты 
да  мағыналарды  білдіреді.  Шығыс  септікті  сөз  сөйлемде 
пысықтауьпн  (ауылдан  келді,  жаздан  бері  жүмыс  істеп  жүр), 
толықтауыш  (жақсыдан  көмек  күт,  менен  сүра)  қызметінен 
басқа жіктеліп  келіп баяндауыш (біз ауыл-дан-быз, олар  қала- 
дан)  немесе  бағыныңқы  сөйлемнің  баяндауышы  қызметін 
атқарады: ол 
барғаннан 
соң, жол түзелді. Шығыс септікті сөзге 
соң, кейін, бері 
сияқгы септеуліктер тіркеседі. Шығыс септікті 
кейбір сөздер адвербиалданып, үстеуге айналып кеткен: алдан, 
аяқ  астынан,  баяғыдан,  келтесінен,  кенеттен.  Шығыс  септік 
жалғауы  өте  сирек  жағдайда  түсіп  қолданылады: 
Тескен 
тау
(-дан) өт, бел(-ден) ас-ты, 
т. 
б.
Көмектес  септігі 
-  қазақ тіліндегі септік жүйесінің өзіндік 
бір  ерекшелігі,  ойткені  басқа  түркі  тілдерінде  бүл  септік 
түрі  жоқ.  Жоғарыда  көрсетілгендей,  көмектес  септігінің 
қосымшасы  да  түлғалық  жағынан  ерекше:  буьга  үндестігі 
заңына  бағынбайды,  тарихи  жағынан  бірлән-білән-мынан- 
менен септеулік шылауынан қалыптасқан.  Негізгі мағынасы -  
істің, қимылдың немен, қандай қүралмен (қүралдық) істелгенін 
(балтамен шабу, таяқпен түсіру), қимылға ортақтық,  қатысқан 
затты  (жолдасымен  хат жазысып түрады),  қимылдың  амалын, 
қалай  істелуін  (бар  зейінімен  тыңдау,  еңбегімен  күн  көру),  іс- 
әрекеттің,  қимылдың  мақсатын  (бір  оймен  келді),  қимылдың 
мекенін, мезгілін (жолмен жүрді,  күнімен отырды), қимылдың 
себебін  (сөйлеумен  естімей  қалды),  т.  б.  білдіру.  Сондай-ақ 
қарсылықты  мағынаны  білдіріп,  бағыныңқы  сөйлемнің  баян- 
дауышы да  болады: 
мен  бар-ған-мен, 
ол  келмейді.  Көмектес 
септік жалғауын оған үқсас, омонимдес жалғаулық шылаудан 
(мен, бен, пен) ажырата білу керек: байланысты сөздер мен, бен, 
пен 
түлғасынсыз айтылмаса, ол — көмектес септік жалғауы, он- 
сыз  айтыла  алса  немесе 
мен,  бен,  пен 
дегеннің  орнына 
және,
107

да,  де,  та,  те  дегеннің  бірімен  алмастыруға  болса,  онда  ол  -  
жалғаулық  шылау:  Қасым  мен  бірге  келдік  (бұл  жерде  мен 
дегенді алып тастауға я өзгертуге болмайды) және Қасым мен 
баласы  келді дегенді  Қасым  және  баласы  (немесе  Қасым  да, 
баласы да) келді деп өзгертіп айтуға болады.
Көмектес  септік  жалгауы  есімдіктерге  тікелей  жалғанбай, 
о  баста  ілік  септік  түлгасының  үстіне  жалғанған  болу  керек, 
қазіргі кезде  соның қалдығы сақталған:  менімен -  меніңмен -  
мениң билән, бүнымен -  бүныңмен -  буның билән, т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет