§ 3. САН-МӨЛШЕР (КӨПТІК) КАТЕГОРИЯСЫ
Қазақ тіл білімінде сан-молшер үғымы және категориясы
көбіне-көп көптік үғыммен, көптік жалғау түлғасымен байла-
нысты қаралып келді. Қазақ тілінің грамматикаларьгада сан-
мөлшер категориясы деген терминнің болмай, грамматикалық
түлға ретінде көптік жалғау, коптік жалғау категориясы не-
месе коптік категориясы деген терминдердің қолданылуы
осының дәлелі болса керек. «Тілімізде көптік категориясы
да, көптік жалгау категориясы да бар. Ал, осы екеуі бір де
емес және бірдей де категориялар емес. Коптік категориясы де-
ген үғым тым жалпы үғым да, көптік жалғау категориясы онан
гөрі әлдейқайда жалқы үгым. Мысалы, көптік категориясы
тілімізде үш түрлі жолмен беріледі, лексикалық тәсіл арқылы
да, морфологиялық, синтаксистік тәсіл арқылы да айтылады
(Ы. А, - ҚҚТ 40). Әрмен қарай «көптік жалғау категориясы» де-
ген үғымға не кіреді деген ашық айтылмайды, сірә, ол термин
және үғым көптік жалғау дегенмен барабар болу керек. Мүнда
біріншіден,категория(әрине,грамматикалықкатегориямәнінде)
деген термин, жогарыда арнаулы тақырыпта көрсетілгендей,
белгілі бір түрақты грамматикалық қүбылыстың аты ретінде
белгілі бір тәртіпті принциппен қолданылмаған. Екіншіден,
«көптік жалғау категориясы» деген термин «грамматикалық
формалар жүйесі арқылы берілетін тектес, ыңғайлас әрі өз
ішінде бір-біріне қарама-қайшы болып келетін ғрамматикалық
мағыналардың жиынтығы» деп анықталатын грамматикалық
категория үғымын тіпті жоққа шығарады.
75
Көптік үғым мен оған қарама-қайшы жекелік я даралық
ұғымның болуы - жалпы зат атаулыға тән қасиет. Міне, осы
көптік
және
жекелік
үғымдардың
грамматикалық
мағыналарының) ара қатынасынан және сол үғымның белгілі
морфологиялық түлғалар арқылы (жекеліктің арнайы түлғасы
болмай, көптік үғым көптік жалғау арқылы) берілуінен
сан-мөлшер категориясы туады. Сан-мөлшер категориясын
(кейбір еңбектерде көптік категориясы деп аталып жүр) тек
көптік жалғау шеңберінде қарастырсақ, одан көптік жалғау
үғымының сыр-сипаттары, қызметі, стильдік ерекшеліктері,
т. б. айқындалғанмен, грамматикалық категориялық си-
паты ашылмай қалар еді, тек жекелік (даралық) үғыммен
сәйкесті, қатысты қарағанда ғана, оның категориялық сипа-
ты айқындалады. Сондықтан да әңгіме көптік жалғау немесе
коптік үғым жайында ғана болса да, ол жерде грамматикалық
түрғыдан оған қарама-қайшы мәндегі жекелік (даралық)
үғым есте болатындығын үмытпаған жөн. Рас сан-мөлшер
категориясының түрі ретіндегі зат атауына байланысты
жекелік және көптік үғымның шартты мәндері де жоқ емес.
Мысалы, жеке-даралап санауға келмейтін
су, жел, ұн, боран,
қар
сияқты атаулары,
жақсылық, жолдастық, білім, ақыл,
ой
тәрізді дерексіз зат атаулары,
қазақ, орыс, қырғыз, керей,
найман
тәрізді халық, ел, ру аттары, т. б. толып жатқан әр алу-
ан әлеуметтік үғымдардың, қоғамдық қүбылыстардың аттары
сыртқы түлғасы, грамматикалық формасы жағынан жекелік
(дара лық) үғымның көрсеткіші деп таны лғанмен, мән-мағынасы
жағынан олардың әрқайсысы сол бір ғана заттың атауы деуге
болмайды. Ал осы сөздерге көптік жалғау ын жалғасақ ол жалғау
неғізінен сол үғымдағы заттардың көптігін емес, олардың
әр түрлілігін білдіреді немесе басқа стильдік мән үстейтінін
байқаймыз. Керісінше кейде даралық мөндегі, жалқы атауға да
көптік жалғауы жалғануы мүмкін. Мысалы,
Құдайларыңды
ұмытқан екенсіңдер. Есік алдында
Әбдірахмандар
әлі тұр
екен тәрізді сөйлемдерде құдайлар, Әбдірахмандар сөздеріндеғі
76
көптік жалғау сол заттардың (қүдай, Әбдірахман) көптігін
білдіріп түрған жоқ, бірінші сөйлемде қаратылып айтылған
адамдардың көп (біреу ғана емес) екендігін, екінші сөйлемде
Әбдірахман жалғыз емес, қасында тағы басқа адамдар бар
екендігін білдіреді. Сондықтан да сан-мөлшер категориясына
байланысты жекелік және көптік мән туралы, әсіресе олардың
грамматикалық сипаты туралы мәселе болғанда мағыналық
жағынан осындай шарттылықтарды ескермей болмайды.
Сүрақ.
Көптік үғымды білдірудің тәсілдері қандай?
Жауап.
Көптік
үғымның
бірден-бір
грамматикалық
көрсеткіші - көптік жалғау. Ал жекелік үғымның оған қарама-
қайшы грамматикалық арнайы формасы болмайды. Бірақ
көптік үғым тек көптік жалғау арқылы ғана беріліп қоймайды.
Жоғарыда көрсеткеніміздей, бір тектес заттардың жалпыла-
ма атауында, абстракт үғымдағы сөздерде де, жеке-даралап
санауға келмейтін немесе дерексіз зат атаулары сияқты сөздерде
коптік, жалпылық мән болады. Мысалы,
үй, ағаш,
сәуле,
ой,
қарсылық
дегендер - бір ғана жеке заттың атауы емес, бір тек-
тес заттардың бәрін қамтитын жалпылама атау. Солай бола
түрса да, бүл сөздердің семантикасынан тікелей көптік үғым
туа ма? Бүларды «көптік үғымды осылайша сөздің тікелей өз
лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп
аталады»
(Ы.
А. — ҚҚТ,
41),
немесе «Көптік мағына тудырудың
лексикалық тәсілі деп отырғанымыз -зат есімнің жекеше, көпше
болып бөлінуінің белгілі бір жалғаудың қызметіне байланысты
болмай, сөздің өз ішкі лексикалық мағынасына (дүрысында жал-
пы грамматикалық мағынасына, ойткені лексикалық мағына
жекелік-көптік мән жағынан бейтарап -
И.
С) байланысты бо-
лып келуі» (ҚТГ, 53) сияқты қорытынды жасауға, ол сияқты
сөздерді көптік үғымды білдіретін сөздер деп бірден-бір тануға
толық негіз бар ма? Шындығында бүл сияқты сөздер көптік
мәнде ғана қолданылып, жекелік мағынаға қарама-қайшы
болса ғана, яғни үй деген үйлер үғымында ғана, сәуле деген
сәулелер үғымында ғана, т. б. түсінікте ғана, көптік үғымның
77
(мағынаның) толық мәнде лексикалық тәсіл арқылы берілуі бо-
лып танылар еді, дұрысында бұл сөздер көптік мағынадан гөрі
жалпылық, дерексіз абстрактылық мәнді білдіреді.
Көптік ұғым аналитикалық тәсілмен де беріледі. Сан есімдер,
сандық мәні бар сөздер, қайталама қос сөздер, т. б. зат атауының
алдынан келіп, оны анықтап тұрса, ол зат біреу емес, бірнешеу
(көп) екенін тұсінеміз. Әдетте ондайда зат атауын білдіретін сөз
көптік жалғауынсыз қолданылды: талаи жыл өтті, коп адам жи-
налды, жүздеген тонна жүк жіберілді, мыңдаған машина жүк
тасып жүр, мая-мая шөп үйген, тау-тау астық үйіліп жатыр,
т. б. Көптік жалғаудың бірден-бір грамматикалық көрсеткіші
-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. Бұлар - бөлек-бөлек жалғаулар
емес, өзі жалғанатын сөздің соңғы дыбысы мен буынына бай-
ланысты түрленетін бір жалғаудың варианттары. Дауысты
дыбысқа немесе р, й, у үнді (сонар) дауыссыздардың біріне
біткен сөздерге жуан буыннан кейін -лар, жіңішке буыннан
кейін -лер, қалған үнді дауыссыздардың
(л, м, н, ң)
және з,
ж
үяң дыбыстың біріне біткен сөздерге жуан буыннан кейін -дар,
жіңішке буыннан кейін -лер, қатаң дыбыстар мен
б, в,
г, д үяң
дауыссыздарының (қазақ тілінде бүндай дыбыстарға сөздер
аяқталмайды, ал кірме сөздердің осындай соңғы дыбыстары
айтылуда қатаңданып, олар
п, ф, к, т
болып өзгеріліп айтыла-
ды) біріне біткен сөздерге жуан буыннан кейін -тар, жіңішке
буыннан кейін -тер жалғанады. Осының өзінен дауыссыздар-
ды үн қатысына қарай үнді деп бөліп берілетін дыбыстардың
сипаты біркелкі емес екенін көруге болады. Бүндай ерекшелік
септік жалғауларының жалғануынан да байқалып отырады.
Сұрақ. Көптік жалғау таза көптік мағынадан басқа мәнде
жұмсала ала ма?
Жауап. Көптік жалғаудың негізгі грамматикалық мағы-
насы - заттың көптігін білдіру: ауыл-дар, үй-лер, кі-тап-тар,
адам-дар, бала-лар, т. б. Осы негізгі мағыналарымен бірге
көптік жалғау басқа да мағыналық реңктерді, мәндерді білдіруі
78
мүмкін: 1) сан есімге, үстеуге жалғанып, сол сөз білдіретін
үғымның жалпы мөлшерін, болжамын білдіреді: жасы қырық-
тарда, ертеңдер барып қалар (бүл жерде қырық та, ертең де көп
емес; 2) абстаркты зат есімдерге жалғанып, оның көптігін емес,
әр түрлілігін немесе салмақ, мөлшер, көлем өлшемін білдіреді:
ой-лар, сәуле-лер, су-лар, ойын-дар, күлкі-лер, т.б. ; 3) даралық
мәндегі зат атауларына, жалқы есімдерге жалғанғанда, олардың
өзінің көптігін емес, көпке ортақ екені және онымен бірге топтау
үғымын (және басқалар деген сияқты) білдіреді: әке-лер, шеше-
лер, Абай-лар қасындағылар), т.б.; 4) заттың өзінің көптігін емес,
көпке ортақтықты да білдіреді: астарыңды ішіңдер дегенде
астьщ көптігі емес, оны ішетін адамның көптігін білдіреді. Сол
сияқты
тарыңды тезірек бітіріңдер, т.б. Осьгадай әр жақты мағьгаада,
мағыналық реңкте жүмсалатындықтан, көптік жалғау әр түрлі
стильдік қызмет те атқарады. Көптік жалғау кейде зат есімнен
басқа сөз таптарына (мысалы, сын есім, сан есім, етістіктің
есімше түрі, т.б.) жалғанса, оларға заттық мағына үстеп,
субстантивтендіріп түрады. Көптік жалғаудың бүл қасиеті
әрқашан дүрыс түсініле бермейді. «Көптік жалғауының бүл
жердегі қызметі (яғни басқа сөз таптарына жалғанып, оны зат-
тандыру - И.С.) жүрнақ қызметімен пара-пар дерлік» - деу (ҚГТ,
52-53) жалпы жалғаудың табиғатына терең үңілмегендіктен
туып отыр. Біріншіден, басқа сөз таптарын заттандыру қасиеті
тек көптік жалғауда емес, септік, тәуелдік жалғауда да жиі
кездесіп отырады: еріншектің ертең таусылмас, Білімдіден
шыққа сөз, талаптыға болсын кез (Абай), т.б. Екіншіден, көптік,
тәуелдік және септік жалғауларының бүндай қасиеті, басқа сөз
таптарьгаа жасалғанда, оларды заттандырып жіберу қасиеті, бүл
түлғалардың зат есімге тән түрлену жүйесі екендігін, зат есімнің
таза грамматикалық категориясы екендігін дәлелдейді.
Қазақ тілінде, көптік мағына болса да, көптік жалғаудың
жалғанбайтын да орындары бар. Көптік жалғау бірыңғай
79
мүшелердің кеиде соңғы сөзіне ғана жалғанады: қалам,
қағаздарыңды алыңдар. Жекеше, көпше мағынаға талғаусыз
қарайтын абстракт, дерексіз зат атауларына да көптік жалғау
жалғанбайды. Егер ондай сөздерге көптік жалғау жалғанса,
онда көптік жалғау сол сөз білдіретін заттың көптігін емес,
басқа стильдік мән үстейді: айталық, заттың әр түрлілігін неме-
се соған қатысты екінші бір басқа заттардың көптігін білдіреді:
достық-тары, күлкі-лері, адамгершілік-тері, т.б. Бүл жерде көптік
жалғау достықтың, күлкінің, адамгершіліктің көптігін емес,
достықтың, күлкінің әр түрлілігін немесе достыққа, күлкіге,
адамгершілікке қатысты адамдардың көптігін білдіреді.
Көптік мағына аналитикалық жолмен берілгенде (сан есім-
дер, көп, көптеген, талай, біраз сияқты көптік үгымды білдіре-
тін сөздер, қайталама қос сөздер зат атауына анықтауыш
болып, ол заттың көптігін білдіргенде), зат атауына көбінесе
көптік жалғау жалғанбайды: көп адам (адамдар емес), жүз
елу кітап (кітаптар емес), талай заман (замандар емес), мая-
мая шөп (шөптер емес), тау-тау астық (астықтар емес), т.б.
Кейде ондай анықтауышы бар зат есімдер көптік жалғауын
үстеп қолданылса, ондаи жағдаида көптік жалғауын үстеп
қолданылса, ондаи жағдаида көптік жалғау көптік мағынадан
гөрі басқа мәнде, стильдік сипатта қолданылады: түрлі-түрлі
бастар бар, көп күндер өтті, т.б.
Көптік мән бір кездегі екілік үғымның көрсеткіші болған
-ыз, -із, -з және 1-жақ жіктік жалғау түлғасы
-қ, -к
қосымшасы
арқылы да беріледі. Көне түркі тілінде көптік үғымның -т, -д
қосымшасы арқылы берілуі қазақ тілінде жоқ, тек ондай түлға
көптік мәннен айрылып қалған күйде кейбір сөздің қүрамында
кездесуі мүмкін: алпауыт, т.б.
Сүрақ. Көптік жалғаудың сөз байланыстырушылық сипаты
қандай?
Жауап.
Көптік жалғау қазақ тілінде жалғау деп аталғанмен,
тікелей көптік мағынаны білдіргенде, басқа жалғаулар
80
сияқты қосымшаның жалғау деп аталатын түріне тән сөз
байланыстырушылық қызмет атқара алмайды. Көптік жалғау
бүл жағынан, сөз байланыстырушылық сипатының болмауы
жағынан, қосымшаның жалғау түрінен ғөрі форма тудыратын
жүрнақтар қатарына өте жақын. Мысалы: Гүл билеп жайқалып,
Бүлбүлдар
сайраған (Шәкәрім) дегендегі
бүлбүлдар
сөзін-
дегі
-дар
көптік жалғау ешбір сөздерді байланыстырып түрған
жоқ, тек бүлбүлдың көп екенін білдіріп түр. Осы сөйлемді Гүл
билеп жайқалып,
бүлбүл
сайраған деп қайта қүрсақ, сөйлемдегі
сөздердіңбір-бірімен байланысына, сөй лем білдіретін ойгаешбір
нүқсан келмейді:
бүлбүлдар
сайраган және
бүлбүл
сайраған де-
геннен сөйлемдегі сөздердің байланысы бүзылмайды, ойткені -
дар қосымшасының бүл жерде сөздер байланысына ешбір
қатысы жоқ. Сен
заттарыңды
тастап кет дегендегі
заттарыңды
(затыңды десек, бір гана атауды білдіреді) сөзі де дәл осын-
дай -тар көптік жалгауы: осы сөйлемдегі не
сен,
не
тастап кет,
не түсіп қалған
өзінің
сөздерінің ешқайсымен
зат
сөзін байла-
ныстырып түрған жоқ, тек заттың көп екенін ғана білдіреді.
Сүрақ- Қазақ тілінде көптік жалғау ешқашан сөз бен сөзді
байланыстырмай ма?
Жауап. Қазақ тілінде көптік жалгау 2-жақта жіктік
жалгаумен қабаттасып келгенде гана сөз байланыстыруға
қатысады: сен-дер бала-сың-дар (келді-ңдер, барған-сыңдар),
сіз-дер ағасыздар (барып-сыздар), сен-дердің баргы-ларың
келмейді, сіздердің көргі-леріңіз келеді, т. б. Бүл сияқты жіктелу
сен баласың-дар (келді-ңдер, барған-сыңдар) немесе сендер
бала-сың (келді-ң, бар-ған-сың), сіз аға-сыздар (барып-сыздар)
немесе сіз-дер аға-сыз (барып-сыз), т. б. болып қолданылмайды.
Бүнда алдыңғы сөз (жіктеу есімдігі) көптік түлғада түрса,
екінші жіктелген сөз (есім я етістік) де көптік формада ғана
колданылады. Сондай-ақ бірінші жақта көптік түлғадағы
жіктік жалғаулар
-қ, -к
және
-мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз
1-жақтағы көптік мағына білдіретін жіктеу есімдігімен, яғни
81
біз сөзімен әрі жақтық, әрі көптік мәнде қиысып жұмсалады.
Осы мысалдардан көрінетіндей, көптік жалғау қазақ тілінде
заттың көптігін білдіргенде (зат есімге жалғанғанда), сол затқа
көптік мән үстейді де, сөз байланыстыру қызметін атқармайды.
Көптік жалғаудың сөз байланыстырғыштық қызметі бірінші
және екінші жақта предикаттық қатынасқа түскен сөздерде
ғана байқалады. Бүл жағынан келгенде көптік жалғау тәуелдік,
септік, жіктік жалғаулармен бір қатарда түра алмайды, жалғау
болып аталуы шартты деп үғу керек.
§ 4. ТӘУЕЛДІК КАТЕГОРИЯСЫ
Бір заттың екінші бір затқа меншікті, тәуелді, қатысты бо-
луы - тілдегі ақиқат қүбылыс. Бүндай заттар арасындағы
меншіктілік-тәуелділік қатынас қандай тілде болса да бар.
Бірақ ондай үғымдардың грамматикалық мәні мен сипаты,
берілу амал-тәсілдері барлық тілдерде бірдей, біркелкі бола
бермейді. Қазақ тілінде бүл мән (грамматикалық тәуелділік
үғым) тәуелдік жалғау арқылы (ілік септік пен тәуелдік
жалғаулы сөздің тіркесінен немесе кейде ілік септікті сөз
болмай, жалғыз тәуелдік жалғаулы сөзден, өйткені тәуелдік
жалғаулы сөз сол жалғау арқылы әрі тәуелдік және жақтық
мағынаны білдіріп, әрі өзіне қатысты ілік септікті сөзді меңзеп
түрады) және меншіктелуші зат атауы мен буын үндестіліне
бағынбайтын
-нікі, -дікі, -тікі
қосымшалы сөздің тіркесі
арқылы беріледі. Осы арқылы яғни жақ түрлеріне байланысты
(қайшы грамматикалық мағыналар) тәуелді лік (тектес бір мәнді)
грамматикалық мағыналар жиынтығы парадигмалық жүйе бо-
лып табылатын белгілі грамматикалық формалар (әр жаққа бай-
ланысты бөлек-бөлек қосымшаның - грамматикалық түлғаның
болуы) негізінде берілуі арқылы қазақ тілінде
тәуелдік катего-
риясы
грамматикалық категория болып қалыптасқан.
Тәуелдік мағына белгілі жаққа және иеленуші ілік септіктегі
сөздің жекеше я көпше түлғасына қарай оңашалық неме-
82
се ортақтық мәнге байланысты тәуелденуші сөздің жекеше я
көпше тұлғаларында сөздің соңғы дыбысы дауысты — дауыс-
сыз, ал буыны жуан - жіңішкелігіне қарай мынадай тұлғалар
арқылы беріледі:
I
жақ:
-ым, -ім, -м
және
-ымыз, -іміз, -мыз, -міз
II
жақ: анайы
-ың, -ің, -ң
және
(-лар, -дар, -тар) ың,
(-лер, -дер, -тер) ің
сыпайы
-ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз
және
(-лар, -дар, -тар) ыңыз,
(-лер, -дер, -тер) ңіз,
ІП
жақ:
-ы, -і, -сы, -сі
және
(-лар, -дар, -тар) ы,
(-лер, -дер; -тер) і.
Тәуелдеудің оңаша және ортақ тәуелдеу түрі тәуелденетін
заттың (заттардың) бір я бірнеше затқа (адамға) тән екенін
білдірумен байланысты. Оңаша тәуелдеуде бір я бірнеше зат бір
ғана затқа (адамға) тәуелді болып келеді, яғни ие болатын зат
(адам) біреу болады, сондықтан ол (ілік септіктегі сөз) тек жеке-
ше түлғада түрады да, иеленетін (тәуелденетін) зат біреу неме-
се бірнешеу болуы мүмкін, сондықтан ол (тәуелдік жалғауын-
дағы соз) жекеше де, көпше де түлғада түра береді.
Оңаша тәуелдеудің үлгісі
Жекеше
Көпше
менің
сшің
сіздің
оның
бала-м, үй-ім
бала-ң, үй-ің
бала-ңыз, үй-іңіз
бала-сы, үй-і
бала-лар-ым, үй-лер-ім
бала-лар-ың, үй-лер-ің
бала-лар-ыңыз, үй-лер-іңіз
бала-лары-ы, үй-лер-і
Ортақ тәуелдеуде керісінше бір я бірнеше зат біреу емес,
бірнеше (көп) затқа (адамға) төуелді болып келеді, яғни ие
болатын зат (адам) көп болады, сондықтан ол (ілік септіктегі
сөз) тек көптік түлғада түрады да, иеленетін (төуелденетін) зат
біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін, сондықтан ол (тәуелдік
83
жалғауындағы сөз) жекеше де, көпше де түлғада түра береді.
Сөйтіп, көп (бірнеше) затқа (адамға) ортақ болып отырады.
О ртақ тәуелдеудің үлгісі
Жекеше
1
Көпше
1
біздің
I бала-мыз, үй-іміз
I бала-лар-ымыз, үи-лвр-іміз I
сендердің бала-лар-ың, үй-лер-ің
бала-лар-ың, үй-лер-ің
сіздердің
бала-лар-ыңыз, үй-лер-
бала-лар-ыңыз, үй-лер-іңіз I
олардың 1 бала-(лар)-ы, үй-(лер)-і | бала-лар-ы, үй-лер-і_______|
Бүнда жақтық қатынас тәуелдік жалғау формасы арқылы
беріліп, ол алгашқы, ілік септігіндегі сөздің семантикасы-
мен байланысады. Соның нәтижесінде тәуелділік, иелік,
меншіктілік мағына, қатынас ілік септігіндегі сөз айтылмай-
ақ, тәуелдік жалгаулы сөздің өзі-ақ қолданылуынан да көрініп
түрады: кітабымды алдым дегенде, кітаптың сөйлеуші 1-жаққа
қатысты яғни менің кітабым екені, кітабы стол үстінде жатыр
дегенде ІІІ-жаққа қатысты оның кітабы екені белгілі.
Қазіргі қазақ тілінде ілік септігіндегі сөз біздің, сіз^ің,
өзіміздің деген есімдіктер болғанда, кейде екінші се.здегі
тәуелдік жалғауы түсіп те қолданылады: біздің үй, сіздің
ауыл, өзіміздің жігіттер. Әрине, бүлардың біздің үйімі з, сіздің
аулыңыз, өзіміздің жігіттеріміз деген н үсқалары да қол данылып
отырады. Тәуелдік жалғаудың 3-жағында түсіп қалу ы тек ауыз
әдебиеті нүсқаларында, жырларда, жыраулар шығаі >ма ларында
кездесіп қалады: Базарбайдың Төлеген (Төле, ген-і емес),
Қобыландының Тайбурыл (Тайбурыл-ы емес). 3-жақ тәуелдік
жалғау түлгасының түсіп қалып қолданылуы орта ғасырлық
жазба нүсқалар тілінде де (мысалы, М. Қашғаридың сөздігінде,
Ю. Баласағүнның «Қүтадгу білік» дастакында) кимнің иш,
кимниң тавар түрінде кездесіп отырады.
Тәуелдік жалғаулы сөз әдетте ілік септігіидегі сөзбен ма-
таса байланысып қолданылады, өйткені тәуелдік жалғауы, бір
84
жағынан, өзінен бүрынғы еөздің ілік септік түлғасында (кейде
жасырын түрде) түруын талап етсе, екінші жағынан, тәуелдік
жалғауы және жақтьщ ерекшелігі негізінде ілік септікті сөздің
семантикасымен бір жақты байланысып түрады, ал ілік септігі
өзі жалғанған сөзді анықталушыға бағындыра байланысты-
рып, оның (анықталушы сөздің) тәуелдік жалғауында түрады.
Кейбір сөздердің қүрамында тәуелдік жалғау өз мәнінен
айрылып қалғандығын көреміз. Сыйлау, еркелету, кішірейту
мәнінде қолданылатын, не сондай қосымшалардың қүрамында
кездесетін кейбір түлғалар тарихи жағынан тәуелдік жалғау
болған деген пікір бар: көке-м, жарығ-ым, Қож-еке-ң, Байж-
еке-й, апа-сы-ау, әке-сі-ау, т. б. Бірақ бүлар қазір тәуелдік
жалғау деп түсінілмейді. Сондай-ақ «өзінің әуелгі қызметі
мен
мағынасынан
бірте-бірте
алыстай-алыстай
келіп,
бастапқы жақтық мағынасынан да, оның көрсеткіші (фор-
масы) болу қабілетінен де біржолата айрылып, тек солардың
қалдық-сілімтігі ретінде ғана сақталып, көнеленген формалар
есебінде жүмсалып жүрген кейбір сөздер мен тіркестер де осы
қағидаға айғақ бола алады. Мысалы,
осы күні, сол күні, осы
жолы, сол жолы, бүл жолы, бір күні, ертеңгі күні, кешегі
күні, күні кеше, күні бүгін, күні ертең, күндердің бір күні,
күндіз-түні
деген сияқты қалыптасқан күрделі сөздерді (оның
бер жағында, бүлардьщ бәрі де үстеу сөз табына ауысқан),
сондай-ақ дара қалпында да және күрделі қалыптарында
да тәуелдіктің үшінші жағында көнеленіп қалған
қай-сы,
қайсы-сы, бәрі, бәрі-сі, бәр-бә-рісі, ең азы, ең көбі
сияқты
сөздерді алсақ, олардың қай-қайсысында болса да тәуелдік
жалғаудың бастапқы мағынасынан да, қызметінен де жүрдай
болып айырылған, сөздердің болінбейтін болшегі сияқтанып
кеткен үшінші жағының қосымшасын кореміз» (Ы. А. - ҚҚТ,
55-56) - деген пікірге қайшы пікір де жоқ емес. Бүл қосымша
әдеттегі тәуелдік жалғауы беретін тәуелділік-меншіктілік
мағынаны білдірмеуі және оның үстіне ілік септік жалғаулы
85
сөзбен де байланысып тұрмаитыны, мағынасы жағынан жатыс
септік тұлғасымен синонимдес болып, мезгілдік мәнді білдіруі
негізінде тәуелдік жалғау көрсеткіші емес, үстеу тудыратын
қосымша деп көрсетіледі де,
әрі, әдеиі, арнаиы, ұнемі, ұдаиы,
кері, тағы
деген тәрізді сөздердің соңындағы және көне түркі
тіліндегі көсемше үстеулерін тудыратын иіті, аты, тегі, т. б. сөз
қүрамындағы
-ы, -і
түлғаларымен төркіндес деп анықталады
(И. - ҚӘТД, 123-130).
я-
Меншіктілік мағынаны бі лдіретін -нікі, -дікі, -тікі қосымшасы
қазақ тілінде сингармонизм заңына бағынбайды, жуан дауысты
варианттары жоқ. Тарихи түрғыдан бүл қосымша
(-ның), -нің,
(-дың), -дің, (-тың), -тің
деген ілік септігі мен
-кі
жүрнағьгаан
қалыптасқаны көрсетіліп жүр. Соңғы -кі қосымшасының мәні
қатыстық мағынаға байланысты болса керек. Түркологияда осы
қосымшалы сөздерді сын есімнщ қатарына жатқызу тәжіриоесі
де бар (Қ. - ГУЯ, 173). Бүл түлғалы сөз өзі меншіктелетін сөзден
кейін түрып, өзі соның грамматикалық предикаты қызметін
атқарып, демек, меншіктелетін сез оның грамматикалық
субъектісі болып, атрибуттық қатьщаста емес, субъектілік-
предикаттық қатынаста қиысады, сөйтіп, осы шақтық мәнде
жүмсалады. Әңгіме өткен шақ я келер шақ жайында болса,
оған сол шақты оілдіретін тұлғада көмекші етістік тіркеседі:
кітап менікі (еді, болған, болар).
Көбінесе бұлай байланысып
қолданылған сөздер арасына сөз салмай жүмсалады, яғни басқа
сөздермен көп байланысқа түсе бермейді, тек кейде олармен
мезгілдік, мекендік мағынаны білдіретін сөздер байланысқа
түсуі мүмкін:
кітап үйде сенікі болғанмен, класта біздікі;
үстемдік кеше сенікі болса, бүгін үстемдік жарлынікі,
т. б.
Егер бүл қосымшалы сөз сөйлемде басқа да түлғада
қолданылып, предикат қызметінен ауысса, меншіктілікпен
оірге тәуелділікті де оілдіріп, екі сөздщ де орнына жүреді:
Әсеттікіне келдік — Әсеттің үйіне келдік.
86
ф
Сөйлемде сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік
қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге әр түрлі
грамматикалық мағына үстеп, сөз бен сөзді байланыстыру-
да үлкен орын алатын зат есімнің парадигмалық түрлену
жүйесінің бірі — септік жүйесі. Әдетте септік жалғау кейде
тікелей өзі, кейде басқа түлғалармен қабаттасып (мысалы, жіктік
жалғаумен, тәуелдік жалғаумен қоса), зат пен қимыл, я зат пен
(сын) арасындағы субъектілік (субъектілік—предикаттық), тура
және жанама объектілік, меншіктілік-қатынастық, мекендік-
мезгілдік, көлемдік, амалдық-қүралдық сияқты қатынастарды
бі л діреді.
Сұрақ. Жоғарыдағы айтылған көптік (немесе сан-мөлшер),
тәуелдік жалғауларына (категорияларына) берілгендей, септік
жалғаудың (категорияның) мәнін ашатындай түжырымды бір
анықтама беруге болмай ма?
Жауап. Көптік (сан-мөлшер), тәуелдік жалғауларының
(категорияларының) әрқайсысы өз ішінде бір-біріне қайшы
мәндес мағьшалардың жиынтығынан түратын (мысалы, сан-
Достарыңызбен бөлісу: |