§ 7. СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРДЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ
КӨЛЕМДІК СЕПТІКТЕРГЕ БӨЛУДІҢ МӘНІ
Сұрақ. Түркологияда септік жүйесін грамматикалық және
көлемдік септіктер деп бөлу тәжірибесі бар. Ол неге сүйенеді
және оның ғылыми негізі қандай?
Жау ап. Қазіргі қазақ тіліндегі септік жа лғау жүйесі жоғарыда
керсетілгендей, негізінен алғанда, бір жағынан, басқа да қазіргі
түркі тілдеріндеп, екінші жағынан көне түркі тіліндегі септік
жалғау жүйесімен бірсыдырғы сәйкес келетіндігі көрінеді.
Атап айтқанда қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде атау, ілік,
барыс, табыс, жатыс, шығыс септік жалғауларының сыртқы
түлға лары да, оі лдіретін мағына лары мен қызметтері де негізінен
үқсас болып келеді. (ИСГТЯ, 45-50). Бүның озі тіліміздегі септік
жалғау жүйесі өте ерте кезде қалыптасып, оның сөз түрлендіру,
парадигмалық сипаты, тұлғалық түрлері әрқайсысының
мағыналық шеңбері, сөйлемде атқаратын қызметі мен сөздер
арасындағы ғрамматикалық қарым-қатынастары түрақталып,
кейін жекелеген түркі тілдерінде үлкен өзгеріске түспей
енгендігін байқатады. Осы түрғыдан қарағанда қазақ тілінің
өзіндік үлкен бір ерекшелігі көмектес септігі болып табыла-
ды, өйткені басқа түркі тілдерінде көмектес септік жалғаудың
мағынасы көбіне септеулік шылау арқылы беріледі. Қазақ
тіліндеғі көмектес септік тұлғасы (мен, -бен, -пен) да септеулік
108
шылаудан қалыптасқан:
бірлән, білән - бінән, мінән, бынан,
.
|
"
мынан - менен, бенен, пенен - мен, бен, пен.
Сыртқы тұлғасы жағынан бұл
мен, бен, пен
деген жалғаулық
шылауға ұқсас болғанмен, одан жасалмаған. Бәлкім, жалғаулық
шылау мең септеулік шылау төркіндес болып, бір сөзден та-
рап, бөлек-бөлек қалыптасып, дамуы мүмкін. Сөйтіп, көмектес
септік жалғауы кейін ғана қалыптасып, септік жалғау жүйесіне
өте кеш енді. Оның бүл ерекшелігін көмектес септік жалғауының
сырт түлғасы да аңғартады: біріншіден, сингармонизм заңына
бағынбайды, жалғаулардың жуан буынды варианты жоқ,
екіншіден, дыбыс үндестігіне қарай вариантталуы да ерекше,
басқа септік жалғаулар тұлғасы
н,
д,
т
(барыста г, қ, шыгыста
тек д,
т)
дыбыстарынан басталатын қосымшалар болса, көмектес
септік жалғауы ол жүйеден мүлде бөлек,
м, б, п
дыбыстарынан
басталатын вариантты қосымшалар. Көмектес септіктің осын-
дай ерекшеліктері жіктеу, сілтеу есімдіктерінің септелуінен де
көрінеді; көмектес септік жалғауы тікелей түбірге жалғанбайды:
мен - ме-ні-мен
(менмен емес),
сен - се-ні-мен
(сенмен емес),
ол - о-ны-мен
(олмен емес),
бұл - бұ-ны-мен
(бұлмен емес), т. б.
Бұл жердегі түбір мен көмектес септік жалғауының арасындағы
-ны, -ні
тұлғасы ілік септік жалғауының қалдығы екені белгілі:
Менімен - менің мен - менің білән,
т. б. Бұның өзі септеулік
шылау, кейін одан қалыптасқан көмектес септік жалғауы сөздің
түбіріне ғана емес, ілік септік тұлғасына жалғанған болу керек
деғен тұжырым тудырады.
Септік жалғаулардың басқа да ерекшеліктерін аңғару үшін
олардың мына схемасына назар аударайық.
Бүның үстіне есімдіктердің септелуін қоссақ, мына
ерекшеліктерді байқауға болады: 1) ілік, табыс, жатыс, шығыс
септік түлғаларының сөзге жалғануында бірсыдырғы үқсастық
бар; 2) ол үқсастық ілік пен табыс септік, жатыс пен шығыс
септік түлғаларының өз ішінде дыбыстық сәйкестігі жағьшан
тіпті жақындай түседі:
-ның,
және
-ны, -нің
және
-ні, -дың
109
және -ды, -дің және -ді, -ты ң және -ты, гтің және -ті, сондай-ақ
-дан және -да, -ден және -де,-тан және -та, -тен және -те, бірақ
-нан, -нен тұлгаларының сыңары жоқ. Бұл үқсастық олардың
ншғу төркіні жақын, қалыптасуы сәйкес екенін көрсетеді;
ның
НІҢ
4. Табыс
5. Жатыс
6. Шығыс
7. Көмектес
1
о
я
#
2
ю
ҺН
0)
№
X «
яГ 3
&
94
2 03
н
кім? не? 1-
1-
1-
кімнің?
ның, 1 -ның,
-ДЫҢ, 1 -ТЫҢ,
ненің?
Інің
І-нің
-дің
І-тің
кімге?
-ға,
-ға,
-ға,
-қа,
нгге?
І-ге
|-ге
-ге
-ке
қайда?
кімді?
1 -ны,
| “ДЫ,
\ш т
1 -ты,
нені?
І-ні
-ДІ
-ді
І-ті
кімді?
-Да,
-да,
-да,
|-та,
нагі?
-де
І-де
-де
|-те
кімнен?
І-дан,
І-нан,
-дан,
1 -тан,
неден?
І-ден
І-нш
-ден
1 -тен
КІМНЕН?
1 -мен
1 -мен
-мен,
| -пен
нвмен?
1 т
-бен
калай?
3) сонымен бірге барыс жөне көмектес септік тұлғалары бүтін-
деи ерекше екені, түлғасы жағынан оларға үқсайтын, сәйкес
келетін басқа септік түрі жоқ екені көрінеді. Рас, үқсас септік
түлгаларының өз ішінде айырмашылық та байқалады. Ілік
септік пен табыс септік түлғалары сәйкес келіп, жалғауі.тары 6
вариант болғанмен, кейбір сөзге жалғанғанда дыбыс үндестігіне
варианттары сай келе бермейді. Мысалы
дыбыстарына біткен сөздерге ілік септіктің -ның, -нің жалғауы
жалғанса, табыс септіктің
-ды, -ді (-ны, -ні
емес) варианты
жалғанады да, бұл жерде
н
және д дыбыстарынан бастала-
тын жалғау варианттары сәйкес келмейді. Немесе тәуелдік
жалғауының I және П жағынан кейін ілік септіктің
-ның, -нің,
ал табыс септіктің
-ды, -ді
жалғаулары, тәуелдік жалғаудың
Ш жағынан кейін ілік септіктің
-ның, -нің,
табыс септіктің
-н
тұлғалары жалғанады. Жатыс пен шығыс септіктерде де
бұндай ерекшелік айқын аңғарылады. Бұның өзі септік жалғау
жұйесі көне түркі тілінің өзінде түрақталып қалыптасқан
грамматикалық категория болса да, шығу тегі жағынан үқсас,
төркіні бір септік түлғаларының қалыптасу кезі мен орнығып
қолданылу шеңбері, қызметі мен мағыналық аясы, даму жолда-
ры біркелкі емес екенін көрсетеді.
Келесі бір үлкен ерекшелік сөздің барыс, жатыс, шығыс
және көмектес септіктерде негізгі заттық мәндегі сүрақтарын
(кім? не? дегендердің сол септік түлғаларда түруынан, яғни
кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен?) басқа
қайда?
(барыс, жатыс),
қайдан?
(шығыс),
қалай?
(көмектес)
деғен сүрақтардың қатар жүмсалуымен байланысты. Соған
сәйкес бүл септік түрлері екі жақты мәнғе ие болып, екі түрлі
мағынада жүмсалады. Соның нәтижесінде олар екі түрлі
синтаксистік қатынаста колданылып, екі түрлі қызмет те
атқарады. Атап айтқанда, барыс, жатыс, шығыс, көмектес
септік түрлері, бір жағынан, заттық мағынаға байланысты
жанама объектіні білдіреді де, соның негізінде септік жалғау
жүйесінің бір түрі ретінде зат есімнің бір грамматикалық
түлғалық көрсеткіші болып саналады. Міне осы мәнінде бүл
септіктер заттық мәнге ие болып, кейде басқа сөз таптарына
жалғанса да, оны субстантивтендіріп, зат есімге айналдырып
түрады. Мысалы,
талаптыға
нүр жауар,
жақсыдан
шара-
пат,
жаманнан
кесапат,
жақсыда
жаттық болмас,
жақсымен
жанассаң, жетерсің мүратқа,
жаманмен
жанассаң, қаларсың
үятқа деген сөйлемдерде барыс
(~ға),
шыгыс
(-дан, -нан),
жа-
111
тыс (-да), көмектес (-мен) септік жалғаулары өзі жалғанған
сөзге жанама объектілік мағына үстеп, бүл сөйлемдерде сын
есімдерді заттандырып, адам мағынасын беріп түр. Сөйтіп,
көптік, тәуелдік жалғаулары сияқты зат есімнің грамматикалық
түлғалық көрсеткіші болып жүмсалған. Бірақ бүл септік
түлғалары әр уақыт осындай мәнде қолдана бермейді. Жа-
нама объектілік мағынасы мен өзі жалғанып түрған сөзге
тек заттық мән үстеп түруы олардың басты, негізгі қолдану
аясы бола да бермейді. Керісінше жанама объектілік, заттық
мағынадан гөрі бағыттық, мекендік, мезгілдік, амалдық, жал-
пы көлемдік мағынаны білдіріп, заттық мағынаны адвербиал-
дандырып, үстеуге айналдырып жіберу - барыс, жатыс, шығыс,
көмектес септік түлғаларының негізгі қолданылу аясы болып
табылады. Тіпті бүл септік түлғалары кейде консервациялану
нәтижесінде үстеу де тудырып кетеді. Қайткен күнде де бүл
септіктердің соңгы мәнде жүмсалуы тілімізде жиі кездеседі.
Соған сәйкес сөйлемде бүл септік түлғасында жүмсалған сөз
екі түрлі қызмет атқарады: жанама объект мағынасын білдіріп,
заттық мәнде қолданылғанда, толықтауыш қызметін атқарса,
бағыттық мекендік, мезгілдік, амалдық магынаны білдіріп,
адвербиалдық мәнде жүмсалғанда, пысықтауыш қызметін
атқарады. Бүл сияқты екі мәнді білдіріп, қос қызмет атқару
қасиеті атау, ілік, табыс септіктердің колданылуында жоқ. Атау,
ілік, табыс септіктердің жалғаулары әрдайым субстанттық
меншіктілік және тура объектілік мағынаны білдіріп, тек
заттық мәнде жүмсалып, атау септікте түрған сөз бастауыш,
ілік септікте түрған сөз анықтауыш, табыс септікте түрған сөз
толықтауыш қызметін атқарады да, олардың бүл қызметтері
айқындалып, сараланып түрады. Сөйтіп, бүл үш септік
әрдайым заттық мәнмен тіқелей байланысты қолданылып,
тек зат есімнің грамматикалық түлгалық көрсеткіші болып
түрады. Міне, септік түрлерінің осындай екі жақты мағыналық
және қызметтік ерекшеліктеріне қарап, түркологияда септік
112
жалғауларды екі топқа бөліп, атау, ілік, табысты грамматикалық
септік, барыс, жатыс, шығысты (және кемектесті) көлемдік
септіктер деп жіктеу дәстүрі бар (Д. - СТЯ, 153). Э. В. Севортян
түркі тілдеріндегі септік жалғауларын грамматикалық септік
(негізгі, ілік, барыс-бағыттық, табыс) және көлемдік септік
(барыс-бағыттық, жатыс, шығыс) тобына бөлу, бір жағынан,
шартты болып, олай бөлуден бас тартуға да болатынын айта
келіп, ол екі топтағы септік жалғау түрлері кейде сәйкес келе
берсе де, мысалы, барыс-бағыттық (дательно-направительный)
септік әрі грамматикалық әрі көлемдік септік қатарында бірдей
жүрсе де, сондай-ақ басқа септік түрлерінде де мүндай қасиет
байқалып отырса да, әсіресе негізгі (основной) септік сөйлеу
тілде барлық септік түлғаларының орнына жүре берсе де,
септік категориясын бүндай екі топқа грамматикалық және
көлемдік септік деп бөлудің ғылыми негізі бар екенін көрсетеді
(ИСГТЯ, 45). Айта кету керек, ғалым негізгі септік деген үғымға
атау септіктен басқа, жоғарыда көрсетілгендей, зат есімнің түбір
түлғасын да, басқа септік түлғаларының түсіп қалып, жасырын
түрған қолданыстарының бәрін де енгізген. Бірақ олардың бәрін
бір септік түлғасының шеңберіне зорлап сыйғызуға болмай-
ды. Атау септігі арнайы грамматикалық түлғалық көрсеткіші
болмаса да, өзіндік мәні мен мағынасына, сөилемде атқаратын
қызметіне байланысты зат есімнің түбір түлғасынан да, басқа
септік жалғаулардың тасаланып, түсіп қалған түлғасынан да
өзгеше, басқа септік түрлерімен тепе-тең грамматикалық түлға,
септіктің бір түрі жоғарыда аитылып талданды.
Сұрақ.
Қазақ тіл білімінде септік түрлерін грамматикалық
және көлемдік деп бөлу мәселесі қалай?
Жауап.
Қазақ тілінің грамматикаларында септік категория-
сын бүлайша екі топқа бөліп қарастыру тәжірибесі жоқ, тек
түркологияда грамматикалық және көлемдік септік түрлеріне
бөлінетіндігі көрсетіледі (ҚТЗ, 57), кейде олай жіктеудің өзі
113
шартты, сондықтан олай бөлуден тиімді қорытынды шығаруға
болмайды деп атап айтылады (Ы. - ҚТ, 79).
Э.
В. Севортян септік жүйесіндегі бүл түрлердің көрсетілген
ерекшеліктерімен бірге көне түркі, көне үйғыр, көне және
жаңа өзбек, жаңа үйғыр тілдерінде көлемдік септік түлғалары
есімдікте грамматикалық септік түлғаларының үстіне жалғанып
отыратьгадығын көрсете келіп, былай деді: «Грамматические
падежи для енисейско-орхонских, древнеуйгурского, старо- и
новоузбекского и весьма последовательно для новоуйгурского
являются первичными, а пространственные - вторичными»
(ИСГТЯ, 50).
Сөйтіп, білдіретін мән-мағынасына, атқаратын қызметіне
қарай атау, ілік, табыс септік жалғаулары әрдайым заттық
мәнде, бір ғана қызметте жүмсалып зат есімнің таза
грамматикалық түлгалық көрсеткіші болып, грамматикалық
септік деген атқа ие болса, барыс, жатыс, шығыс және қазақ
тіліндегі көмектес септіктер екі түрлі мәнде: әрі заттық, әрі
адвербиалдық мәнде, екі түрлі қызмет атқарып, бірде зат есімнің
грамматикалық көрсеткіші (зат есімге жалғанып, сөз бен сөзді
байланыстыру қызметі мен басқа сөз таптарына жалғанып, —
оларды субстантивтендіріп, зат есімге айналдыруы) болумен
бірге өзі жалғанған сөзге бағыттық, мекендік, мезгілдік мән
үстеп, сол контексте адвербиалданып, үстеуге айналдыруы
арқасында көлемдік септік деп саналады. Бүлай бөліну септік
жалғаулардың шығу, даму тарихымен де байланысты екен.
Сұрақ. Септік түрлерін грамматикалық және көлемдік деп
бөлуге негіз болатын, кейбір түркологтар атап көрсеткендей,
семантикалық (мағыналық) және қызметтік ерекшеліктерден
басқа да грамматикалық өзгеше сипаттар бар ма?
Жауап. Септік категориясын грамматикалық және көлемдік
деп екі топқа бөлуге негіз болатын сипаты олардың білдіретін
мағынасы, атқаратын қызметі, шығу, даму тарихымен оірге
септік түлғаларының сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөз
114
тіркесінің тнпін құрау мәнінің ерекшелігінен де көрінеді. Атап
айтқанда, грамматикалық септіктің (атау, ілік, табыс) тұлғалары
өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзге бағындырып, бағыныңқы
сөзді басыңқымен байланыстырып қана қоймайды, ол екінші
сөздің де белгілі грамматикалық тұлғада я категориялық
тұлғада болуын талап етіп, екінші жағынан, басыңқы сөзді
бағыныңқымен байланысқа тұсіріп тұрады. Ал бұндай қасиет
көлемдік септік тұлғаларында байқалмайды. Мысалы, қазіргі
қазақ тілінде барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің
тұл ғалары (жалғаулары) өзі жалғанған сөзді екінші сөзбен (көбіне
етістікпен, кейде есіммен де, мысалы, малға бай, үйден үлкен,
үйде бала, түзде дана, қүрбымен әзіл, т. б.) оның семантикасы-
на сәйкес сабақтаса байланыстырады, бірақ өзі сөз тіркесінің
басыңқы компонентінің грамматикалық түлғасына не семанти-
касына әсер етпейді, оның формалық сипатына бейтарап бола-
ды, яғни бұл септік формасында түрған сөз тіркесінің екінші
сөзіне (яғни басыңқы сыңарына) оның қандай түлғада түруына
қарамай-ақ меңғеріле береді де, ол сөздердің арасындағы бір
жақты ғана байланыстың көрсеткіші болады. Мысалы,
Арманға
толы кеудемен кепті
талай ыстық жүректі жар. Сан
кеуде-
де ашылмай,
айтылмай кетті ащы зар. Бірақ
бәрінен ауыр,
бәрінен ащы, бәрінен улы
қайғы не?..
Қамшысына таянып,
тымағын
басынан алмай
бір тізерлеп отыр (М. Әуезов) деген
сөи лемдердегі оарыс, жатыс, шыгыс, көмектес септік жал ғаулары
арқылы байланысқан
арманға толы, кеудемен кепті, кеуде-
де ашылмай
(айтылмай кетті),
бәрінен ауыр, бәрінен ащы,
бәрінен улы, қамшысына таянып, басынан алмай
төрізді сөз
тіркестерінің табиғатына зер салайықшы. Бүлардың басыңқы
компоненттері бірде есім (толы, ауыр, ащы, улы) сөз болса, бірде
етістік (кепті, ашылмай, айтылмай кетті, таянып, алмай) болып,
олардың грамматикалық семантикасы да, грамматикалық түр-
түлғасы да, басқа сөзбен байланысқа түсу сапасы жағынан да
меңғерілген сөз бен оның грамматикалық түлғасынан төуелсіз
115
екенін байқаймыз. Сондықтан бұл сөз тіркестерін арманға
толы боп, кеудеден кетірді (кетсе), бәрінен ауырлау (ауырырақ),
ащырақ, ауыр болған, қамшысына таянтқызып, басынан
алынбай (алдырмай), т. б. етіп басыңқы сыңарын түрлендіріп
қолдана беруге болар еді. Мүндай еркінділік грамматикалық
септіктер арқылы байланысқан сез тіркесінде болмайды,
керісінше, онда басыңқы сөздің грамматикалық түлғасы я се-
мантикасы багыныңқы сөздің формасына сәйкес, тіркес бай-
ланысына қатысты болып түрады. Мысалы, Оразбайга
осыны
ғана
жеткізу, білгізу
шарт...
Шешесінің
соңгы сөзі
Абайдың
құлагына
әлі естіліп тұрған секілді (М. Әуезов). Бірінші
сөйлемдегі осыны жеткізу (осыны білгізу) тіркесін байланы-
стырып түрған - табыс септік жалгауы -ны. Бүл форма өзі
жалғанған
осы
сөзін
жеткізу
(білгізу) етістігімен байланысты-
рып қана тұрган жоқ, сонымеи бірге өзі сабақтаса байланысқан
бүл етістіктің
салт емес, сабақты етістік
болуын талап етіп
түр. Сондықтан да
жет
салт етістігі бүл жерде
-кіз
өзгелік етіс
жүрнағы арқылы сабақты етістікке айналған. Егер бүл етістік
салт етістік мәнінде жүмсалса, табыс септік түлғасы да қажет
болмай, ол басқа түлғада (атау я ілік) түрар еді. Оразбайға осы
(осының) ғана жетті не жету (жетуі), білу (білуі) шарт. Осы
сияқты алдыңғы сөйлемдегі
тымағын басынан алмай
деген
тіркесті, басыңқы сөзін өзгертсек, тек
тымағы басынан алын-
бай
деп қана қүруға болады, ал табыс септік түлғасын сақтап,
тіркесті ты мағы н басынан алынбай деп қүруға болмайды.
Мүнда да басыңқы сөздің түлғасын ырықсыз етіс қосымшасы
_ын арқылы сабақты етістікті салт етістікке айналдырғанда,
табыс септік түлғасы соған сәйкес басқа түлғаға өзгеріп кетсе,
сол тіркестегі шығыс септік түлгасындағы сөз (басынан) ондай
өзгеріске түспей, басыңқы сыңардың грамматикалық түлгасына
бейтарап екенін байқаймыз: тымагы-н басы-нан алмай, бірақ
тымағы басы-нан ал-ын-баи. Бүның өзі табыс септік жалғауы
арқылы байланысқан сөз тіркесінің типі меңгеру деп аталса да,
116
ол меңгерудщ ерекше түрі екенін көрсетеді. Сондықтан меңге-
рудің бүл түрі (табыс септік жалғауы арқылы байланысқан түрі)
тек етістікті және аралас (басыңқы компонент есім мен көмекші
етістік) сөз тіркесінде (меңгеруде) болып, есімді сөз тіркесінде
жасалмаиды, өиткені есім сөзде саоақтылық сипат оолмаиды.
Ал, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары арқылы
байланысқан сөз тіркестері (меңгеру) есімді де, етістікті де сөз
тіркестерінің түрлерінде бірдей кездесіп отырады.
Екінші сөйлемдегі
шешесінің сөзі, Абайдың қүлағына
де-
ген тіркестерде алдыңғы, бағыныңқы, компонент ілік септігінде
түрып, екінші компонентке бағынып түрса да бағыныңқы ком-
понент те сол бағындырып түрған сөздің өзін белгілі формада,
атап айтқанда, тәуелдік жалғауында түруын талап етеді. Онсыз
қолданылмайды. Кейде тәуелдік жалғауы түсіп қалса да (мыса-
лы, біздің үй, сіздің ауыл, өзіміздің жігіттер, Қобыландының
Тайбурыл, Базарбайдың Төлеген, т. б.), оның грамматикалық
мән-мағынасы сақталып, қызметі өзгермейді, ол түлғаның бар
(нольдік форма) екені сезіліп түрады. Осы ерекшелікті байқаған
Ф. Г. Исхаков былай дейді: ілік септікте қолданылған зат есім
сөйлемде екінші зат есімді анықтап түрады да, онымен екі түрлі
грамматикалық сабақтастық (бағыныңқы) байланысқа түседі
(меңгеру әрі қиысу): сол тіркестің компоненттері болып табыла-
тын екі зат есімді де морфологиялық түлғаларымен түрлендіру
арқылы екі жақты байланыс пайда болады. Анықтауыш
қызметіндегі зат есім өзі анықтап түрған зат есімге меңгеріліп
түрғандықтан да ілік септігінде жүмсалады да, анықталушы
сөз онымен бір жақта қиысып, грамматикалық бағыныңқы
байланыстың бір түрі болып табылатын тәуелдік жалғаудың
3-жақ қосымшасын қабылдайды (институттың библиотека-
сы, библиотеканың кітабы). Сөйтіп, бүл жерде анықтауыш пен
анықталушы сөздің арасында өзара екі жақты бағыныңқы бай-
ланысты байқаймыз: бірінші компонент септік түлғасы арқылы
екінші компонентке меңгеріліп түрса, екінші компонент
117
алғашқы компонентпен бір жақта қиысып тұрады. Осындай екі
зат есімнің бір-біріне өзара бағына байланысып тіркескен түрі
«түрік изафеті» делінеді (ИСГТЯ, 102). Сөйтіп, ілік септік пен
тәуелдік жалғау арқылы тіркескен сөздердің арасындағы бай-
ланыс түрі өте күрделі. Бүл байланыс жалғыз меңгеру не қиысу
шеңберіне сыймайды, ол үш жақты байланыс арқылы іске
асады. Әрине, оны әрі меңгеру, әрі қиысу деп беру қисынсыз.
Бірак түркологияда бүл синтаксистік байланыс бірде меңгеру
(Р-
(Д. - ГБЯ, 205; К. - ГТЯ, 379)
деп те аталып келді. Бүл тіпті де дұрыс емес екенін дәлелдеп
жатудың қажеті жоқ, өйткені, жоғарыда көрсетілгендей, бірінші
сөздегі ілік септік түлғасымен қатар екінші сөздегі тәуелдік
жалғаудың болуы да тек осы конструкңиядағы байланысқа
қатысты. Бүл - қазақ тіл білімінде матасу деп анықталған
(Б. Қ. - ҚҚТ). Меңгеру, қиысу және матасу бір-бірінен
байланыстың мәні мен мағынасы, саны мен сапасы жағынан
ерекшеленеді: меңгеру - грамматикалық түлғаның қатысы
жағынан бір жақты байланыс, қиысу - екі жақты, ал матасу —
үш жақты байланыс.
Меңгеруде белгілі септік жалғауы арқылы бағыныңқы сөз
басыңқымен байланысады. Кейде ол түлға (септік жалғау)
басыңқы сөздің семантикасымен де (мысалы, табыс септік
түлғасы) қарым-қатынаста түрады. Қиысуда екі сөз бір-біріне
бағынбай, тең дәрежеде келіп, екі жақты байланысқа түседі:
бірінші сөз атау септікте түрып, екінші сыңары атау септікте
тұрған сөздің қаи жақта тұруына қараи сол жақтағы жіктік
жалғауда жұмсалады да, сол жіктік жалғаудың жақ түріндегі
түлғасына қарай сәйкестеніп бірінші сөз де семантикасы
арқылы белгілі жақта түрады (мен - 1-жақ, сен - 2-жақ, ол неме-
се кез келген зат есім - 3-жақ). Бірақ бүл байланыс субъектілік -
предикаттық қатынаста жүмсалғандықтан, сөз тіркесі болмай,
сөйлем болады. Матасуда тіркестің бірінші компоненті, бір
жағынан, өзінің грамматикалық түлғасы (ілік септік жалғауы)
118
арқылы екінші сөздің грамматикалық түлғасымен (тәуелдік
жалғауымен) байланысқа түсіп (бүл — қиысуда мүлдем жоқ),
екінші жағынан, өзінің семантикасы негізіндегі грамматикалық
мағынасы (жақтық мәні) арқылы екінші сөздегі грамматикалық
түлғамен (тәуелдік жалғаудың жаққа байланысты түрленуі)
байланысады. Бүл байланыс қиысудағы жақтық байланы-
спен үқсас, бірақ мүнда компоненттер арасында субъектілік
-предикаттық қатынас жоқ, тек атрибуттық қатынастың бір түрі
бар. Үшінші жағынан, екінші компоненттегі тәуелдік жалғауы
өзі бағындырып түрған сөздің ілік септік жалғау түлғасында
түруын талап етеді. Бүл жерде грамматикалық форма ретінде
тәуелдік жалғаудың кем дегенде үш түрлі мағына білдіріп, үш
түрлі форманың: тәуелділік, жақтық және жекешелік-көптік
(оңашалық - ортақтық) мағыналардың көрсеткіші ретінде
жүмсалатынын байқаймыз (И. - НОК, 42).
Міне, осы жақтарынан қарағанда, септік жалғау жүйесінде
грамматикалық септіктер мен көлемдік септіктердің бір-бірінен
олардың мағыналық, қызметтік жағынан да, тарихи қалыптасуы
түрғысынан да, сөз байланыстырушылық қасиеті жағынан да
айырмашылықтары айқын байқалады да, соның нәтижесінде
септік жалғауларды осылай бөлуге негіз болады. Оның үстіне
көлемдік септіктердің қос функциялы қызметтік мәні, бір
жағынан, жанама объектілік мағынаны білдіргенде ғана нақты
зат есімнің түрлену жүйесіне тән болып, тіпті грамматикалық
септіктерше басқа сөз таптарын заттандыру қасиетіне ие бол-
са, екінші жағынан, багыттық, мекендік, мезгілдік, амалдық
мағынада жүмсалғанда, яғни таза көлемдік мағынада
колданылғанда, керісінше зат есімдік қасиеттен, мәннен аиры-
лып, сөзді адвербиалдандырып жіберуі оларды грамматикалық
септіктермен бір парадигмалық жүйе шеңберінде қалдырып,
қазіргі грамматикаларымызда беріліп жүргендей зат есімнің бір
грамматикалық категориясы аясында қарастыруға сыимаиды.
Тілдің даму барысында көлемдік септік түлғаларының консер-
119
вациялануы арқылы кейбір үстеулердщ жасалып, қалыптасуы
көлемдік септіктердің осындай қасиетінің жемісі болып табыла-
ды. Сондықтан көлемдік септіктерді зат есімнің септік жалғау
категориясындағы екінші бір парадигмалық жүйелі түрі деп
қараған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |