Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері


ЭЕМ - программалық басқарылатын цифрлы автомат



бет33/44
Дата17.04.2022
өлшемі1,94 Mb.
#31253
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44
Байланысты:
Ы., Байм саева А. Б. Информатиканы теориялы негіздері

5.2 ЭЕМ - программалық басқарылатын цифрлы автомат


Бұл жағдай екі іргелі ойды негіздейді. Біріншісі, ЭЕМ – цифрлық және дискретті ақпаратты қайта өңдеу мен түрлендіру автоматы. Ол ЭЕМ кірісінде берілетін барлық ақпарат таңдалған санау жүйесіндегі цифрлар немесе сандар жиынына түрлендірілуі керек екенін білдіреді. Өйткені, өңдеушілер үшін санау жүйені таңдау ең жауапты міндеттерінің бірі болып табылады. Екіншісі, ЭЕМ арнайы программамен басқарылады, ол не ЭЕМ-ға енгізілуі, не оның жадысында сақталыну мүмкін. ЭЕМ – жадысының ең маңызды функцияларын атап шығайық.

Жад (есте сақтайтын құрылғы) - ақпаратты сақтауға және қолданбалы программаларды жүктемелеуге арналған аймақ. Машина жадында есепті шешу программасы бар, ол арқылы барлық машина жұмысының басқарылуы іске асырылады.

Жадты сипаттайтын негізгі параметрлері - жад сыйымдылығы мен жадқа қатынау уақыты.



Жад сыйымдылығы - компьютердің сақтауыш құрылғысында бір мезгілде сақталынатын мәліметтердің ең жоғарғы көлемі. Олар биттермен, байттармен, машиналық сөздермен, символдармен өлшенеді.

Жадқа қатынау уақыты - жадқа ақпаратты енгізудің басы және аяғы арасындағы уақыт аралығы. Ол жадқа сөзді жазуға және орын іздеуге уақыттың шығының сипаттайды. Есте сақтайтын құрылғыларды құру үшін физикалық элемент ретінде электрондық схемалар, магниттік ленталар және дискілерлі, оптикалық есте сақтау элементтері және т.б. қолданады.

Цифрлық ақпараттың негізгі түрлендірушісі арифметикалық-логикалық құрылғы.



Арифметикалық - логикалық құрылығы (АЛҚ) -арифметикалық және логикалық операцияларды орындауға арналған процессор құрамындағы құрылғы. Ол қарапайым операцияларды орындау уақытымен сипатталады: орташа тез әрекеттестігімен, яғни уақыт бірлігінде орындалатын арифметикалық немесе логикалық әрекеттер санымен; орындайтын қарапайым әрекеттер жиынымен. АЛҚ-ның негізгі сипаттамасы барлық әрекеттер орындалатын санау жүйелері болып табылады.

Қазіргі есептеуіш құрылғыларда негізгі орындаушы элементі ретінде АЛҚ, жад пен басқару блогы бар процессор немесе микропроцессор болады.

Микропроцессорда маңызды рөлді мәліметтер шинасы және адресті шиналар атқарады.

Микропроцессор негізінде құрылған есептеуіш машиналар микро ЭЕМ – лар деп аталады және жадтың екі түрімен айрықшаланады: RAM (Random-Access-Memory) - еркін тандауы бар жады және ROM (Read-Only-Memory)-интегралды хемадағы тұрақты жад. Тұрақты жадқа нақты функцияны атқаратын алгоритмдік тілден дайын трансляторды немесе дайын программа пакетін салуға болады. Бұл ROM түріндегі кеңейту модулдерін дайындау жолымен микро ЭЕМ – ның мүмкіншілігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Кіріс және шығыс арналардың, сонымен қатар ЭЕМ - ның ішкі құрылғылармен өзара әрекеттесу әдістері мен құралдарының бар болуы машинаға ақпаратты енгізуден бастап оларды шығаруға дейін барлық кешеннің жұмыс жылдамдығын көтеруге мүмкіндік туғызады. Мұндай түрдегі принципті іске асыру үшін әр түрлі функцияны орындайтын бірнеше ЭЕМ болу керек. Мұның барлығы ЭЕМ - ның құрлымының күрделенуін дәлелдейді және оларға есептеуіш жүйелер терминін қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет