Пайдаланушы көзқарасынан есептеуіш машина әртүрлі міндеттерді шешу кезінде күрделі және көпретті операцияларды орындайтын «қара жәшік» ретінде ұсынылады. Бұл «қара жәшік» қалай құрастырылғаны туралы толық мағлұматты, ақпаратты ұсыну, түрлендіру және қайта өңдеу процесін талдау кезінде алуға болады. Ол үшін бірнеше маңызды жағдайларды белгілеу керек.
1. Ең алдымен кез келген есептеуіш машина (ЕМ) автоматты түрде жұмыс істейді. Бұл жағдайда ЕМ автомат ретінде 20 суретте көрсетілген құрылымдық схема түрінде сипатталуы мүмкін.
Сурет 20. Автоматтың жалпыланған блок - схемасы Бұл құрылымдық схеманың элементтері әмбебап міндеттегі электронды есептеуіш машинаға қатысты келесі түрмен анықталуы мүмкін (сурет 21). Автоматқа орындаушы элементтер негізінде мыналар енгізіледі: