I. «Бейнелеушілер» байқауы



бет2/7
Дата16.04.2023
өлшемі46,37 Kb.
#83287
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жарқын болашақ нұсқаулық

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

20 ұпай

Бейнелеушілер” байқауының облыстық кезеңіне арналған шығармалар тізімі:




Қазақ тобы 
1. «Ер Төстік» ертегісі
2. «Алпамыс батыр» жыры
3. Қорқыт Ата «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр»
4. Д.Бабатайұлы «Еспенбет» поэмасы
5. А.Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы
6. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы
7. М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
8. Б.Майлин «Шұғаның белгісі» повесі
9. Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі
10. О.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі 
Өзге ұлт тобы
1. «Керқұла атты Кендебай» ертегісі
2. «Күн астындағы Күнекей қыз» ертегісі
3. «Аяз би» ертегісі
4. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры 
5. Ы. Алтынсарин. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі
6. Ы. Алтынсарин. «Атымтай жомарт» әңгімесі
7. А.Байтұрсынұылы. "Егіннің бастары" мысалы
8. Т. Сұлтанбеков. «Ғажайып планета» әңгімесі
9. М. Әуезов. «Көксерек» әңгімесі
10. Б. Соқпақбаев. «Менің атым – Қожа» повесі

IІ. «ЖАС ҚАЛАМГЕР» БАЙҚАУЫ 
1. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалау жарысы.
2. Мақсаты – жасөспірімдерді отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру.
3. Шарттары: 
- Оқушыларға 2 түрлі тапсырма беріледі, соның біреуін таңдап, әңгіме жазады. Мысалы:
a) Белгілі бір әңгімені/оқиғаны аяқтап жазу;
ә) Суреттерге қарап әңгіме құрастыру;

Жазба жұмысы

- Тақырыпқа сай болуы керек;
- Оқушы өз ойын әңгіме форматында жазады. Жазба жұмысының құрылымдық жағы, мазмұны, шығармашылдығы, сауаттылығы бағаланады;
- Жазбаша жұмысқа берілетін уақыт – 120 минут.
- Жазба жұмысының тақырыптары: қазақ тілі (әдебиеті, тарихы, мәдениеті), әдептілік қағидалары, әлеуметтік, экологиялық мәселелер және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет