2. Мақал жарысы: Оқушы берілген тақырыпқа сай 10 мақал жазу керек. Әр дұрыс мақал үшін – 0,5 ұпай, жалпы 5 ұпай беріледі.
Мақалдың бас жағы беріледі, оқушы мақалдарды аяқтау керек. Жалпы мақал саны – 5. Әр дұрыс мақал үшін – 1 ұпай, жалпы 5 ұпай беріледі.
3. Ертегі жарысы: Қазақ халқының ертегілері бойынша 5 сұрақ келеді. Әр дұрыс жауап үшін – 1 ұпай, жалпы 5 ұпай беріледі.
4. Жаңылтпаш жарысы: Оқушылар сыныпқа рет-ретімен бір-бірден кіреді. Жаңылтпаштар интерактивті тақтада көрсетіледі. Әр жаңылтпашты оқып, дайындалу үшін оқушыға 1 минут уақыт беріледі. Оқушы қалауына қарай дауыстап немесе іштей айтып дайындала алады. Уақыт аяқталған соң тақтадағы жаңылтпаш жасырылып, оқушы жаңылтпашты жатқа айту керек. Жатқа айту үшін 1 ғана мүмкіндік беріледі. Осылайша әр оқушыдан екі жаңылтпаш сұралады. Бірінші оқушы екі жаңылтпашты айтып болған соң, сыныпқа келесі оқушы кіреді. Бәріне бірдей жаңылтпаш берілетіндіктен, барлық оқушы жаңылтпаштарды толық айтып болмайынша, сыныптан шығуға рұқсат етілмейді.
Әр жаңылтпашқа – 2 ұпай, жалпы 4 ұпай беріледі.
* Қазақ тобы мен өзге ұлт тобының тапсырмалары әр түрлі болады.