Жалпы ұпай саны +9 –дан -9 –ға дейін болуы мүмкін.
Басқа адамның вербалсіз әрекетіне деген сензитивтілік пен сезімталдық көрсеткіштері – 2, 4, 7, 11, 14, 18, 20 сұрақтар.
Жалпы ұпай саны 28 –ден 7 –ге дейін болуы мүмкін.
Қарым-қатынас жағдайына байланысты өз вербалсіз әрекетін басқара алу көрсеткіштері – 3, 6, 9, 10, 13, 16, 19 сұрақтар.
Жалпы ұпай саны 23 –тен 2-ге дейін болуы мүмкін.
Әр берілген параметрлер бойынша респиенттің жеке-жеке нәтижелері есептеліп, 5, 8, 12, 19 сұрақтардың ұпайлары өз параметрлерінің жалпы көрсеткіштерінен алынып тасталынады.
Әдістеме нәтижесі әр респиентті үш тұрғыдан және перцептивті-коммуникативтік даму деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Соңғы жағдайда жалпы ұпай саны 0 –ден 60 –қа дейін болуы мүмкін. Сонымен қатар, зерттелушінің вербалсіз коммуникациясы құрылымының сапалық талдауын жасауға болады.
Нұсқау: Сізбен қарым-қатынасқа түскен адамның іс-әрекетіне сәйкес әр сұраққа жауап бланкіндегі берілген 4 нұсқасының біреуін таңдаңыз.
Әдістеме сұрақтары:
Сіздің ойыңызша, ол өз сөзінің мазмұнын тілдік емес құралдармен (жест, мимика, қимыл-қозғалыс және т.б.) жақсы толықтыра ала ма?
Сіздің эмоцияңызды бет-әлпетіңізге қарап, түсіне ала ма?
Басқа адамдарға деген қатынасын және сезімдерін жеткізу үшін тиісті дауыс ырғағын қолдана ала ма?
Сіздің ойыңызша, ол көзқарастан барлық жағдайды (ұнатуды, көңіл білдіруді, қобалжуды және т.с.с.) түсіне ала ма?
Өз сезімін білдіру кезінде вербалсіз коммуникация құралдарын көп пайдаланады деген ой сізде туындамайды ма?
Ол өзінің жағымсыз эмоциясын меңгере ала ма?
Қалай ойлайсыз ол сіздің дауысыңыздың өзгергенін дер кезінде байқайды ма?
Әңгіме барысында оның сөзі мен вербалсыз коммуникация құралдарының арасында байланыс болмайтын кездер жиі бола ма?
Сіздің ойыңызша, ол басқа адамдарға деген көңілін көзқарасы арқылы ғана білдіре ала ма?
Сіз қалай ойлайсыз, қақтығыс сәттерінде ол өз мимикасын меңгере ала ма?
Оның мимикасын үйлесімді, мәнерлі деп айта аласыз ба?
Сіздің ойыңызша, оның бойында жағымсыз мимикалары бар ма?
Басқалардың қысымын баса алатын, өзіне икемдей алатын жұмсақ интонацияларды пайдалана ала ма?
Сіздің қимыл-қозғалысыңыздың, жүріс-тұрысыңыздың өзгеруіне қарай, ол сіздің көңіл-көйіңіздің, өзіңізді сезіну жағдайыңыздың өзгергенін түсіне ала ма?
Өз жағымсыз көңіл-күйін вербалсыз коммуникация құралдары арқылы жеткізе ала ма?
Өзгелерге деген сыйластық қатынасын өз мимикасы арқылы түсінікті жеткізе ала ма?
Өте мәнерлі болуға тырысқанымен, оның айналасындағы адамдарға деген шынайы қарым-қатынасын оңай түсіне алуға бола ма?
Сіз кейде арнайы жасанды қылық көрсетіп отырсаңыз да, сіздің шынайы қатынасыңызды түсіне ала ма?
Таныс емес ортаға түскенде өзін ыңғайсыз сезінетін сәттері жиі байқалады ма?
Ол сіздің қарым-қатынасқа түсуге ниетіңіздің болмай тұрғанын түсінуге бейімділігі бар ма?