І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік


Коммуникативтік іскерлікті бағалау тесті



бет99/105
Дата20.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#102674
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   105
Коммуникативтік іскерлікті бағалау тесті

1 нұсқасы


Нұсқау: өз көңіліңіз толмайтын және кез-келген адаммен қарым-қатынасқа түскен жағдайда ашуландыратын жағдайлардың тұсына белгі қойып шығыңыз.


Нәтижесін өңдеу: белгі қойылған жағдайлардың пайыздық көрсеткішін шығару қажет.


Тест классификаторы


70 – 100 % - коомуникативтілік іскерлігі төмен. Өзгелерді тыңдауға және өзіңізді ұстай білуді үйрену қажет.


40 – 69 % - қандай да кемшіліктер кездеседі. Айтылған сындарды найзаның ұшымен қабылдайды. Жақсы әңгімелесуші болу үшін әлі де біраз іскерліктерді меңгеру қажет. Асығыс шешім қабылдауға бейім.
10 – 39 % - жақсы әңгімелесуші болғанмен, кейде өзгелерді тыңдауға шыдамы жетпейді. Ойды аяғына дейін, толық тыңдауға дағдылану қажет.
0 – 9 % - өте жақсы серіктес бола алады. Өзгелерді тыңдай біледі. Мұндай адамдардың қарым-қатынас стиліне өзгелер үнемі қызығушылықпен қарайды.

Жағдаяттар нұсқалары

Сіздің көңіліңіз толмайтын жағдаяттар

1. Айтатын ойымды айтуға қарым-қатынасқа түсуші серігім мүмкіндік бермейді




2. Әңгіменің ортасынан бөліп жібере береді.




3. Әңгімелесу барысында серігім көзіме тіке қарап отырмаса, ол мені тыңдамай отыр деген сенімсіздік болады




4. Көңілім толмайтын адаммен әңгіме айту мен үшін уақытты босқа кетіру




5. Менің сөзіме қарағанда, ол үшін қарындаш пен қағаз маңыздырақ сияқты




6. Әңгімелесуші адам мүлде күлмесе, менде мазасыздық күйі пайда болады




7. Сұрақтар мен сындарын айтып үнемі зейінімді бөле береді




8. Мен не айтсам да, ол менің әсерімді су сепкендей басып тастайды




9. Маған үнемі қарсы пікір айтып отырады




10. Менің сөзімнің мағынасын өзгертіп, үнемі өзінің ойын айтып отырады




11. Менің сұрақтарыма қарсы сұрақ қойып отырады




12. Естімеген адам сияқты бір сұрағанын қайталап сұрай береді




13. Сөздің аяғына дейін тыңдамастан бөліп тастап, бірақ соңында өзі келіседі




14. Әңгіме барысында мені тыңдамай басқа іс-әрекет жасап отырса, ол бар зейінімен тыңдап отырғанына сене алмаймын




15. Мен үшін шешім шығарып үлгереді




16. Менің сөзімнің арасына сөз қыстырып үлгереді




17. Кірпігін қақпастан, үнемі менен көзін алмастан қарап отырады




18. Мені бағалап отырғанын сезсем, ол мені қатты мазалайды




19. Менің ұсынған жаңа ойыма, ол да дәл солай ойлағанын айтса ашуым келеді




20. Әңгіме барысында жестті көп пайдаланғаны (басын изей беруі, мақұлдай беруі, шамадан тыс таңдану) мені мазалайды




21. Мен шындық әңгіме айтып отырған жағдайда, үнемі қалжыңға айналдырып жібереді




22. Әңгіме айтып отырып, үнемі сағатына қарай береді




23. Қызмет бөлмесіне мен кірген кезде, бар жұмысын тастап, маған қарайды




24. Серіктесім мен оған кедергі жасап отырған секілді үнемі сыңай танытады




25. Өз ойымен менің де келісуімді талап етеді






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет