І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік


«Вербалсыз коммуникациялық сигналдарды түсінесіз бе?»



бет103/105
Дата20.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#102674
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105
Байланысты:
1050 CNx (4)

«Вербалсыз коммуникациялық сигналдарды түсінесіз бе?»
этностық қарым-қатынасқа вербалсыз коммуникациялық сигналдардың тигізетін әсерін анықтауға арналған тест-фрейм

Нұсқау: Құрметті әріптес, төмендегі айтылған пікірлермен келісесіз бе? Келіспесеңіз «-» немесе келіссеңіз «+» таңбасын қойыңыз. Және неліктен келіспейтіндігіңізді түсіндіріп көріңіз.





  1. Сіздің түрік көршіңіз бар. Бірде олар келін түсіріп, ұлдарын үйлендіреді. Күнде таңертең жұмысқа бара жатып, келіннің есік алдын сыпырып жүргенін көресіз, бірақ ол сізге қарап амандаспағанына ренжіп, «ой, ұятсыз, тәрбие көрмеген» деп айтып та салдыңыз. Көршіңіз мұны естіп, сізге мән-жайды түсіндіреді, сөйтсе түрік халқының салты бойынша, жаңа түскен келін белгілі бір уақытқа дейін «тілі кесілген» болып есептеліп, ешкімге бетіне қарап сөйлемеуі керек екен. Осы ситуацияда өзіңіздің іс-әрекетіңізді дұрыс деп санайсыз ба?

  2. Сіздің үйіңіздің жанына сыған ұлтты көршілер келіп қоныстанды. Әдетте, көпшілік оларды «ұрлыққа жақын» деп жақтырмай жатқанын еститінсіз, бірақ көзбен көрген жоқсыз. Күндердің бірінде немереңіздің ойыншығы жоғалып кетеді де, көршіңіз алды деген ой келіп, олардың үйіне барып, айтпағанды айтасыз. Үйге келсеңіз немереңіз ойыншығын тауып алыпты, қайдан алдың деген сұраққа: «шоланда жатыр екен, сол жерден алдым» деп жауап қайтарады. Осы ситуацияда өзіңіздің іс-әрекетіңізді дұрыс деп санайсыз ба?

  3. Әр халықтың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір стереотиптерге бөліп жатамыз. Мысалы: ағылшындарды – консервативті халық; француздарды – жеңілқой; немістерді – пысық, еңбекқор; өзбектер – қу; орыстар – тәкаппар; қазақтар – еліктегіш, тойшыл; шешендер – қызу қанды және т.с.с. айтылған пікірлермен келісесіз бе?

Жауап нәтижелерін өңдеу:


Әр жағдаятқа келіссеңіз 2 ұпай, келіспесеңіз 0 ұпай беріп, жалпы қорытындыны есептеңіз.


3-6 ұпай - әр ұлт өкілдерінің өзіндік спецификасына байланысты вербалсыз сигналдарын жақсы тани білесіз және коммуникативтік құзыреттілігіңіз жоғары деңгейде дамыған.


0-2 ұпай – конфликтіге бейімсіз. Өзге ұлт өкілдеріне сенімсіздікпен қарайсыз. Вербалсыз сигналдарды мүлде түсінуге де тырыспайтындығыңыз көрініп тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет