БҰҰ халықаралық балалардың құқықтары туралы конвенция 1989 жылы 20 қарашада қабылданды. Заң ІІІ бөлімнен, 54 баптан тұрады. Кіріспеде БҰҰ-ның негізгі принциптері және адам құқығына байланысты кейбір фактілер мен декларациялардың негізгі қағидалары атап өтіледі. Онда балалар өздерінің табиғи нәзіктігіне байланысты ерекше қамқорлық пен қорғауды қажет ететіндігі, әсіресе басты қамқорлық пен жауапкершілік отбасы иелеріне жүктелетіндігі расталады. Сондай-ақ, онда баланы туылғанға дейін және туылғаннан кейін құқықтық және басқалай қорғау қажеттігі, оның туған халқының мәдени құндылықтарын құрметтеу маңыздылығы және бала құқығын қорғау жолында халықаралық ынтымақтастықтың ролі мақұлданады.
Мектептегі әлеуметтік педагогтар осы конвенцияның негізгі баптарына сүйене отырып, өз қызметтерін атқарады. Мысалы, білуге тиісті 2-бап – Дискриминацияны, яғни зорлық-зомбылықты болдырмау; 3-бап – Баланың құқығын анағұрлым толық қамтамасыз ету; 9-бап – Ата-анадан ажырау; 12-бап – Баланың көзқарасы; 13-бап – Пікір айту еркіндігі; 14-бап - Ой, ар-намыс және дін бостандығы; 16-бап – Жеке өмір сүру құқығын сақтау; 19-бап – Асыра пайданушылық пен жаны ашымаушылықтын сақтау, 20 бап – Отбасынан айырылған баланы қорғау; 21-бап – Асырап алу; 22-бап – Босқын балалар; 23- бап – Мүгедек балалар; 25-бап – Қамқорлыққа алу жағдайындағы тұрақты тексеру; 26-бап - Әлеуметтік қамтамасыз ету; 27-бап - Өмір деңгейі; 28-бап – Білім алу; 31-бап – Демалыс, бос уақыт және мәдени өмір; 37-бап – Азаптау және бас бостандығынан айыру; 40-бап – Кәмелетке толмаған заңбұзушылықтарға қатысты сот үкімін қолдау.
ҚР Баланың құқықтары туралы Заңы 2002 жылдың 8 тамызында қабылданған, заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту, әлемдік өркениеттің жалпы адамзаттық тән құндылықтары негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру принциптерінің басымдылығына сүйеніп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген негізгі құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындатын қатынастарды реттейді.
Осы Заң аясында мектепте әлеуметтік педагогтар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, патронаттық тәрбиедегі балаларды және мүгедек балалардың құқықтарын қорғаушы болып табылады.Заңда көрсетілген негізгі талаптар мен құқықтар, міндеттер бойынша өз жұмысын басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.
Әлеуметтік педагогтар білуі тиіс: 1-бап - Осы Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар; 4-бап – Балалардың тең құқықтылығы; 8-бап – Баланың денсаулық сақтауға құқығы; 10-бап – Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы; 12-бап – Баланың қажетті тұрмыс деңгейіне құқығы; 13-бап – Баланың мүліктік құқықтары; 14-бап - Баланың тұрғын үйге құқығы; 15-бап – Баланың білім алуға құығы; 17-бап – Баланың мемлекеттік көмекке құқығы; 19-бап – Баланың демалуға және бос уақытын пйдалануға құқығы;
4-тарау. Бала және отбасы: 22-бап – Баланың отбасындағы құқықтары; 24-бап – ата анасының баланы тәрбиелеу, күтіп-бағу және асырау жөніндегі міндеті, 25-бап – Баланың ата-анасымен бірге тұруға құқығы.
5-тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары: 27-бап – Қорғаншылық, қамқоршылық және патронат; 28-бап – Бала асырап алу; 29-бап – Баланы тәрбиелейтін, емдейтін және сол сияқты өзге де мекемелерде күтіп-бағу мен тәрбиелеу; 30-бап – Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын ұйымдар.
6-тарау. Мүгедек баланың құқықтары: 31-бап - Мүгедек баланың толымды өмірге құқықтары, 32-бап – Мүгедек баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер; 33-бап – Мүгедек балаларға мемлекеттік көмек. 8-тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау.