І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік



бет15/105
Дата20.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#102674
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   105
Байланысты:
1050 CNx (4)

16-тарау. Патронат

  • 119-бап. Патронат

  • 1. Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның iшiнде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрiздi басқа да мекемелердегi кәмелетке толмаған балаларға белгiленедi. 
    2. Баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрушi адам (патронат тәрбиешi) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындау негiзi болып табылады. 
    3. Патронат туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 

    Бала асырап алу
    Баланың алудағы уақыттағы тәрбиесін анықтау формасы бала асырап алу болып табылады. Неке және отбасы заңы бойынша баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның, тұлғаның) арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді.
    Балаларды асырап алу туралы істерді сот қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуымен қарайды.
    Сот бала асырап алу ісін жүргізу барысында міндетті түрде қорғаншы және қамқоршы органдарынан баланың тұрғылықты жерінен:

    • бала асырап алушының өмір жағдайының тексерілгендігін куәландыратын акт;

    • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі мен акттың көшірмесі;

    • бала асырап алушының ҚР-сы денсаулық сақтау министрлігінің арнайы құрылған комиссиясының медициналық, эксперттік денсаулығы мен ақыл-ойының дұрыстығы жөніндегі медициналық қорытынды;

    • баланың асырап алуға келісімі, егер ол бала 10 жасқа толған болған жағдайда;

    • ата-анасының баланың асырап алуға рұқсаты, егер ол заң бойынша талап етілсе.

    Орталықтандырылған балалар тіркеуін, яғни ата-аналарының асырауынсыз қалған балалардың тізімін (аймақтық, аудандық, облыстық) қорғаншы және қамқоршы органдарымен бірлесіп ҚР атқарушы және Білім Министрлігінің бірлесуімен жасалынады.
    Қорғаншы және қамқоршы органдар баланың тұрғылықты жерінен тіркеу анықтамасын, керекті қолданылатын құжаттарды баланы келесі отбасыға тәрбиелеуге беру үшін дайындау шарт.
    Сот баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің көшірмесін шешім шығарған орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органдарға жіберуге міндетті.
    Бала асырап алу азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркеуі үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.
    Іс-құжаттарды тіркеумен аударуда әлеуметтік педагогтар араласады, себебі тек әлеуметтік педагог қана ереже бойынша бала мен тек сол ғана байланыс жасайды. Егер бала бір айдың көлемінде тапсырылған отбасыға берілмесе, онда қорғаншы мен қамқоршы органдар барлық құжаттарды қайта тіркеуге өткізеді.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   105




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет