ІІІ БӨЛІМ Әлеуметтік педагогтің өз жұмысын ұйымдастырудағы іс-қағаздары Әлеуметтік педагог – жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік мектептерде, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда, үйлестіру мектептерінде қызмет көрсетеді. Өз жұмысын ұйымдастыруда әлеуметтік педагог ұжымда позитивті микроклиматтың қалыптасуына, тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіруге басымдық бере отырып, әр респонденттің қабілеттілігін жүзеге асыруына, тұлғалық қызығушылығын қорғауына, бос уақытын ұйымдастыруына, әлеуметтік пайдалы әрекетке жұмылуына ықпал етеді, оқушылар мен мұғалімдердің арнайы мәселелерін зерттейді, оларды шешу шараларын қарастырады. Әлеуметтік педагог оқушылардың отбасымен үздіксіз байланыста болады. Ол балаларды ата-аналардың қатігездігінен, менмендігінен, баланы басынуы сияқты проблемаларға ерекше назар аударады, балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді;
Әлеуметтік көмекке зәру отбасыларына материалдық көмек көрсету (отбасы типтеріне орай қаражаттық, патронат, әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктер, тұрмыстық көмек көрсетулер), әлеуметтік қамқорлықты ұйымдастыру (адамдармен жұмыс жасау, қызметкерлерді таңдау, озық тәжірибелерді анықтау мен тарату), адамдарға әсер ету арқылы іс-құжаттар номенклатурасын түзеді.
Әлеуметтік педагогтің іс-құжаттар номенклатурасы Әлеуметтік педагогтің іс-қағаздары және нормативтік құқықтық актілер.
Әлеуметтік педагогтің жеке қолдану папкасы (лауазымдық міндеттері).
Әлеуметтік педагогтің жылдық жоспары, жылдық есебі және әлеуметтік зерттеу жұмыстары.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды есепке алу журналы.
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың картотекасы.
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың жеке іс-қағаздары
Сыныптың әлеуметтік паспорты (куәлігі)
Әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар тізімі (жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балалары, мүгедек балалар және оралман оқушылар тізімі)
Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету.
Қиын балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар.
Оқушылардың жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастыру.
Әлеуметтік зерттеу жұмыстары (сауалнамалар, тест , семинар-тренингтар тағы басқа)