Әлеуметтік педагогтің функциялары Мектепте әлеуметтік педагогтың жұмысы өте ауқымды. Оның клиенттері оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер болады. Өз мақсатында мынадай функцияларды атқарады.
1. Аналитикалық диагностикалық: - әлеуметтік диагноз жеке тұлғалық мүмкіндіктерді және әлеуметтік тұрмыстық өмір қызметін үйренеді;
- жасөспірімдер мен баланың девиантты мінез-құлқының себептерін қарастырады, сәтсіз отбасылардың әлеуметтік себебін анықтайды.
2. Жобалау: - бала тәрбиесіне және тұлғаның дамуына әлеуметтік педагогикалық оқиға процесіне бағдарлау және жобалау;
- тұлғаның өз-өзі дамыту және өз-өзін тәрбиелеу процесіндегі болашағын анықтау;
- өзінің әлеуметтік-педагогикалық жұмысын уақытылы және кезекті етіп жоспарлау.
3. Ұйымдастырушы – қатынастық: - мектеп оқушыларына әлеуметтік тәрбие беру процесінде мүмкіндіктерді пайдалану, тек жергілікті еңбек және демалыстың мектеп қызметкерлері қатар, мөлтек аудан тұрғындарымен әлеуметтік тәрбие процесін жүргізу;
- жеке және ресми қарым-қатынасты ұстау;
- әлеумет пен оқушылар арасындағы оң және теріс іс-әрекеттерінен хабардар болу;
- жасөспірімдермен балалар арасындағы демократиялы, жүйелі өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, сонымен бірге жеке тұлғалық және олардың үлкендермен әрекеттеріне көмектесу.
4. Коррекциялы : - балалар мен жас өспірімге жанұя жағынан және әлеуметтік орта жағынан әсер ететін тәрбиенің барлық түрінде түзету жұмысын жүргізіп отыру.
Әлеуметтік педагогтің мәртебесі - әлеуметтік педагог арнайы білімі бар маман, оның еңбек ақысы мен разряд деңгейі, еңбек демалысы мектеп қызметкерлерімен теңгерілген:
- әлеуметтік педагогтың қызметін арнайы мамандық дайындық курстарынан өткен педагогтар атқара алады;
- әлеуметтік педагог 300 адамға қызмет көрсете алады (есебіне балаларды, ересектерде кіреді);
- мектептің әлеуметтік педагогі аптасына 36 сағат жұмыс істейді;
- әлеуметтік педагогтің күнделікті қызметін ұйымдастыруда әр түрлі жастағы балалармен, ересек адамдармен істелген практикалық жұмыстар да есепке алынады.
Жауапкершілігі Әлеуметтік педагог мектеп директорының алдында тәртіптік жауапкершілікке тартылады: