Мектептегі әлеуметтік педагогтің ахуалы Әлеуметтік педагог – мектеп қызметкерлері мектепте оқушылардың әлеуметтік және мамандық алуда өзін-өзі дамуына жағдай жасайды, педагогтар мен ата-аналардың негізгі гуманизмдік қағидаларға қарай іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Сондықтан тарихи және мәдени салт-дәстүрдің жалғасын табуға көмектесетін мектеп қызметкері.
Мектептегі әлеуметтік педагогтің негізгі нысаны баланың құқығын қорғау, баланың дамуына жағдай жасау, жанұямен мектептің арасындағы байланыс пен әріптестік қатынастың жүргізіп отыру.
Әлеуметтік педагог мектеп әкімшілігімен, мұғаліммен, педагог-психологпен, салауаттанушымен, медбикемен, тәрбиешілерімен, оқушылармен олардың ата-аналарымен өзара байланысқа түседі.
Әлеуметтік педагог өз қызметінде бағытталған мақсаты бойынша мемлекеттік басқарушы органдармен, қоғамдық ұжымдармен, 16 жасқа дейінгі, яғни оқушыларға қызығушылық білдіретін ұйымдармен байланыс құрады; білім беру бөлімінде педагогикалық кеңестерге қатысады, жергілікті билік өкілдерімен және жанұямен балаларды әлуметтік қорғау қызметтік орындармен байланыс жүргізеді.
Әлеуметтік педагогті жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару «Қазақстан Респуликасының еңбек кодексінде» негізделеді.
Әлеуметтік педагогқа білім беру ұйымдары басшылық жүргізеді.
Әлеуметтік педагогті сыннан өткізу арнайы сыннан өткізетін коммисия құрылып заң бойынша қаралады.
Әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті білім беру ұйымдарының жарлықтары мен ахуалын байланысты қарастырады.
Әлеуметтік педагогтің іс-әрекетіндегі сауалдарды ұйымдастыру Әлеуметтік педагог педагогикалық ұжымда тең деңгейде мүше бола алады. Білім мекемелерінде педагогикалық кеңестер мен әдістемелік жиналыстарға қатысады.
Әлеуметтік педагогтың жеке кабинеті болуы керек. Ол кеңсе заттармен сейфтердегі жеке іс-қағаздарды сақтайды, техникалық заттармен және жалақы шығындарына тәсілдермен қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік педагог іс әрекеті әлеуметтік педагогтың жұмыс уақыты уақытылы болуы тиіс, мектепте өзге клиенттерге де уақытылы және ыңғайлы болуы қажет.
Білім мекемелерінде әлеуметтік педагогтың жұмыс уақытын басшылық белгілейді. Графикте уақыт бегіленеді, сыртта жүріп басқа мекемелермен байланысқан уақыты есептеледі.
Әлеуметтік педагогтың еңбекақысы, демалысы білім беру мекемелерінде заң бойынша шешіледі.