Темперамент типінің диагнозы
Ерекше көңіл аударарлығы – темпераменттің төртінші қасиеті «реактивтілік пен белсенділіктің қатынасы» бойынша декодирлі ұпайлар енгізу. Сіздегі «жоғары емес белсенділік» (екінші қасиет) пен «жоғары емес реактивтіліктің» (үшінші қасиет) үйлесім табуы – ерекше жағдай. Бұл «реактивтілік пен белсенділіктіңқатынасы» 4-ші қасиет бойынша жианлған ұпайларды жоққа шығару деген сөз. Оның орнына «жоғары емес белсенділік» бойынша жиналған декодирлі ұпай саны мен «жоғары емес реактивтілік» бойынша жиналған ұпайларды қосып шыққан нәтижені 2-ге бөліп, оның қорытындысын вертикаль тұрған темпераменттің меланхолик типін горизонталь жатқан «реактивтілік пен белсенділіктің» 4-ші қасиетіне енгізу керек. Мысалы, «жоғары емес белсенділік» 1 декодир ұпайға тең, ал, «жоғары емес реактивтілік» 2 ұпай. 1+2= 3; 3:2=1,5 ұпай; бұл «реактивтіліктің белсенділікке қатынасы»- 4-ші қасиет бойынша жиналғандекодир ұпайлары. Оларды «жоғары емес деңгейлер» 2-ші кестеге енгізу қажет. Барлық өзге жағдайларда «жоғары емес», тек белсенділік қана немесе «жоғары емесреактивтілік», я болмаса белсенділік те, реактивтілік те «жоғары». Әдетте кесеге декодирлі ұпайлар ғана жазылады: сангвиникалық және флегматикалық типтерге вертикаль бойынша бірдей «тепе тең», ал, «реактивтілік белсенділіктен жоғары» холерикалық типке вертикаль жазылады.
4. Сонымен 2-ші кестеге темпераменттің барлық қасиеттері бойынша декодир ұпайлар тұр. Енді әр темперамент типінің «вертикальді ұпайлар саны» графасын толтыру қалды. Мұндағы ең көп ұпайлар саны – сіздің темпераментіңіздің айқын көрсеткіші. Темпераменттің таза, айқын көрсетілген типі өмірде аса сирек кездеседі. Сондықтан да диагнозда мынадай анықтамаларды да қолдана беріңіз: Темпераменттің флегматикалық типіне жақын.
Психологтың кеңесі
1.Темперамент – адамның әлеуметтік құндылығын анықтамайтынын есте сақтаңыз. Себебі, адамның дүниетанымы, парасат-пайымы, көзқарасы, қызығушылығы, дамдарға деген қарым-қатынасы, еңбегі, т.б. оған байланысты емес. Темпераменттің қасиеттері- табиғи қасиет болғандықтан, оған да табиғи құбылыс ретінде қараған жөн. Мысалы, жауынды күн, аптап ыстық, қыс пен көктем. «Табиғаттың жаман ауа-райы болмайды»,-дегендей, табиғат берген «жақсы» немесе «жаман» темперамент блмайды. Белгілі бір қызмет саласына, мамандыққа жағымды, қажет темперамент типі болуы мүмкін де, ал, келесі қызмет түрінде керісінше. Мен сөзге арнайы салмақ салып айтатын болсам, халық арасында кең тараған мынадай пікір бар: Темпераменттің «ең жақсысы»- сангвиниг, «анда-мында»-холерик, «тәуірі»-флегматик, ал, «мүгедегі»-меланхолиг. Статистика бойынша, адамдардың 30 пайызы темпераменттің меланхолигтік типіне жатады. Сонда, әрбір үшінші адам «мүгедек» пе? Алайда, табиғаттың «мүгедектерді» жарамсыз етіп, өмірге құштар, күшті адамдарға кеңдік беретінін ұмытпаған жөн. Бұл тұрғыда темпераменттің кез келген типі - өмірге құштар әрі күшті. Гоголь, Чайковский, Жуковский, Декарт, Дарвин, Шопен, Лядов, Шостаковичтердің барлығы- бірдей «мүгедек» меланхрликтер! Кутузов, Бородин, Гончаров, Танеев, Крылов...- флегматиктер, Пушкин, Гете, Бетховин, Суворов...- холериктер, Герцен, Штраус, Моцарт...-сангвиниктер.
Осыдан маңызды қорытынды шығарайық: өз темпераментіңіздің қасиетін(әсіресе, типін!) жоюға ұмтылмауымыз керек. Бұлай жалғаса берсе, адам өз өзінен түңіліп кетуі мүмкін. Сондықтан, адам темперамент типінің өзіндік қасиеттерін есепке ала отырып, оның күшті жақтарын толық қолданып, ал, әлсіз тұстарын күшке айналдыру әлдеқайда маңыздырақ.
2. Жоғарыда айтылғандардың бәрі іскер адамның қызмет саласы яғни, қымбатты оқырман, сізге де тікелей қатысы бар. Өйткені бұл сан қырлы сала. Менеджмен арқылы өзіңіздің ірі кәсіпорныңызды басқарудан бастап, кез келген темперамент типімен кез келген адам басқара алатын шағын бөлімге дейін. Алайда бұл кез келген қызмет саласында ісіңіз алға басады дегенді білдірмесе керек. Бұлай ойлау- өзіңізге өзіңіз саналы түрде ор қазумен пара пар. Ал, егер өзіңіздің тек күшті жақтарыңызды ғана қолданып, әлсіз тұстарыңызды күшке айналдыру үшін не істеп, қалай ойлау қажет? Ол үшін мына үш ережені қолданып көріңіз.
Бірінші ереже: мүмкіндігінше өз темпераментіңіздің типін дәл анықтаңыз. Өзіңізді өзіңіз алдамаңыз!
Екінші ереже: тек сіздің темпераментіңіздің типін талап ететін іспен шұғылданыңыз. Бұл жерде темпераментіңіздің әлсіз жақтары – сәтті істі ғана қамтамасыз ететін болады.
Үшінші ереже: бір істі бастаған кезде тұрақты әрі үнемі өзіндік «қолтаңбаңызды» іздеп, оны шыңдаңыз, темперамент ерекшеліктеріне байланысты іскер қарым-қатынастың кәсіби стилін қалыптастырыңыз.
Ешуақытта да ешкімнің көшірмесіндей болмаңыз! Өз «қолтаңбаңыз» қалыптассын!
Достарыңызбен бөлісу: |