Дж.Таусендтің „мәдени-құндылық бағдарын“ анықтау тесті
Тест сұрақтары:
Қандай да шешім қабылдау кезінде менің мәдениетімнің өкілдері негізгі фактор ретінде ... санайды:
құнды тарихты;
қазіргі заманға сай болуды;
жарқын болашақты;
Менің мәдени бауырластарым өздерін ... есептейді:
табиғат күштерінің құрбандары ретінде;
табиғатпен үйлесімде өмір сүреді деп;
көптеген табиғат күштерін басқара аламыз деп;
Біздің ұлт өкілдерін басқарусыз қалдырса, онда олар ...
жағымсыз әрекеттер жасауы мүмкін;
жағымды да, жағымсыз да әрекеттер жасауы мүмкін;
тек жағымды әрекеттер жасауы мүмкін;
Менің ұлтымның дәстүрі бойынша, өзара қарым-қатынасқа түсуде басты ... деп ойлаймын.
шыққан тегі мен мұрагерлік;
үлкен, тату отбасы;
тұлғаның жеке даралығы мен өзіндік қасиеттері;
Менің ұлтымның өкілдерінің ойынша:
өмір сүріп жатқанымыздың өзі жеткілікті;
өмірдің маңызды мақсаты тұлғаның дамуы мен өсуі;
ең ғажап мақсат – тәжірибелік әрекет пен биік шыңдарға жету.
Тестің кілті
Сұрақ №
ДМ
ҚМ
ДДМ
1
a
b
c
2
a
b
c
3
a
b
c
4
a
b
c
5
a
b
c
Тест нәтижесін өңдеу: Тест нәтижесін өңдеуде респондент жауаптарының мәдениет типтеріне қарай орташа пайыздық көрсеткішін шығару қажет. Алынған нәтиже бойынша топ мүшелерінің қай мәдениет типіне жатқызу керектігін анықтауға болады.
Тест интерпретациясы: Бірінші тип – дәстүрлі мәдениет (ДМ) – адамдардың тарихқа, мәдени-тарихи мұраларға, салт-дәстүрге, ұлттық мәдениетке деген жоғары қызығушылық деңгейімен сипатталады. Мәдениеттің осы типіне жататын адамдар табиғатттың тылсым күштеріне, құбылыстарына өызығады, дегенмен оларды шешуге ұмтылыстары жоқ деп айтуға болады. Отбасын, діни наным-сенімдерін жоғары қояды. Мұндай мәдениет типінде адамдардың ішкі жан дүниесінің бостандығына жол берілмейді, өйткені адамдар теріс қылыққа бармау үшін, оғат қылық жасамауы үшін өз қоғамдастарының қатаң бақылауында болуы тиіс деп санайды. Шешімді қауым болып табады, ал шешімнің нәтижесі аға ұрпаққа байланысты болады.
Екінші тип – қазіргі мәдениет (ҚМ) – заман ағымына қарай өзгеріске ұшырауға бейім. Табиғатпен үйлесімде өмір сүруге, табиғат заңдылықтарын сақтауға тырысады. Бұл мәдениет типінде басты фактор – адам және оның құқтары, тұлға ретінде дамуы, өмірлік орнын табуы. Адамдар арасындағы өзара қатынастар әлеуметтік жүйедегі ролі мен статусына байланысты қалыптасады. Достық қатынастар өте баяу дамығанымен, уақыт өткен сайын терең мағынаға ие болады. Мұндай қоғамда адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін адамгершілік, этикалық нормалар мен ережелер арқылы реттеп отырады. Тұлғааралық қатынаста өздерін ұстай біледі, ролдік және әлеуметтік қашықтық сақтауға тырысады. Қандай да жеке шешімдерді қабылдау барысында топтардың, отбасының, еңбек ұжымы мүшелерінің қызығушылығы, жоспары, қажеттіліктері, келісімдері ескеріледі. Өз жұмыс нәтижесіне материалдық емес, моралдық марапат (атақ-даңқ, мойындау, табысқа жету) алуға тырысады.
Үшінші тип – динамикалық дамушы мәдениет (ДДМ) – адамдардың болашаққа көзқарастарын, нәтижеге жылдам жетуді көрсетеді. Өз жоспарларын қысқа және тез шешімге жетуге болатындай етіп жоспарлауға тырысады. Бұл типтегі адамдар үшін «уақыт, ол - ақша». Табиғатқа «жұмбақ», тылсым дүние ретінде қарамайды, керісінше табиғат адамға бағынуы қажет деп есептейді. Еркіндікті жоғары қояды, тәуелсіздікті, жеке даралықты, дербестікті маңызды деп түсінеді. Жұмыс нәтижесін материалдық тұрғыда бғалау қажет деп есептейді. Көбіне өзін саналы түрде табысқа жету жолында, материалдық құндылықтардың жолында құрбандыққа шалуға дайын.