«Сөйлеудегі сөздердің пайдалану орындылығын меңгеру деңгейлерін анықтауға арналған тест-фрейм; Нұсқау: Құрметті әріптес, төмендегі айтылған пікірлермен келісесіз бе? Келіспесеңіз «-», сенімсіз болсаңыз «*» немесе келіссеңіз «+»таңбасын қойыңыз. Және неліктен келіспейтіндігіңізді түсіндіріп көріңіз.
Көптен бері таныс адамыңыз сізді көшеде көрсе де соңғы уақытта танымайтын адам секілді өтіп кететін әдет шығарды. Себебін түсіндірген жоқ, тіптен телефонға да жауап қайтармайды. Басқа бір таныстарыңыздан оның сізбен қарым-қатынас жасағысы келмейтіні туралы айтқанын естіп, әбден ыза болып: «Менің жасаған жақсылығымды білмесе өзі білсін, мен де онымен араласқым келіп тұрғаны шамалы» деп себебін білместен ренжіп шыға келесіз..
Сіз бала кезіңізден бір қалада тұрып келесіз, бәрі таныс, үйреншікті. Бірақ өмірде бәрі болады емес пе?! Сіз АҚШ-қа тұрғылықты жер ауыстырып, кетуге мәжбүр болдыңыз. Сіздің ойыңызша, кейбір таныстарыңыз, туыстарыңыз қимай қоштасып жатыр, ал көпшілігі сізден құтылғандарына қуанып жатқан секілді көрінеді. Қоштасу сөзін айтып жатып, қонақтарға «Менен құтылғандарыңа қуанып тұрған шығарсыңдар...» деп айтып қаласыз...
Белгілі мекемеге жұмысқа тұрмақшы болып, түйіндеме тастап едіңіз, сізді әңгімелесуге шақырады. Мекеме бастығының қабылдауына кіріп едіңіз, ол өзіңізден 10-15 жас кіші көрінеді. Сізге бұл ұнамайды. Дегенмен, жұмысқа тұруыңыз қажет. Мекеме бастығы қойылатын талап, шарттармен таныстыра отырып, сізді жұмысқа ала алмайтындығын айтады. Сіз уақытыңызды босқа алғанын айтып, ренжіп, сонымен бірге: «әлі жассың, егер кәсіби шеберлігің, тәжірибең көп болса, мен сияқты маманнан айрылмас едің...» деп айғайлап, есікті тарс жауып кетіп қаласыз...
«Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі» деген мәтел тура мен туралы айтылған.
«Төбет орынсыз үрсе, күшік бұзылады» - мен және менің балаларыма қатысты айтылған сөз.
Жауап нәтижелерін өңдеу
«+» - 1 ұпай
«*» - 0,5 ұпай
«-» - 0 ұпай беріледі.
5 ұпай – сөзді орынды пайдалану қабілетіңіз жоғары;
3-4 ұпайға дейін – орташа;
0-2 ұпайға дейін – төмен.