Нұсқау:Сіздерге 12 сұрақ беріліп отыр. Көп ойланбастан, жылдам «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар берулеріңізді сұранамын. Жауаптарыңыз шынайы болады деп сенемін.
Екінші бар адамның сөзін тез аяқтап, сізге де сөйлеуге мүмкіндік бергенін асыға күтетін кездеріңіз көп болады ма?
Мәселенің анық-қанығына жетпестен шешім қабылдаған сәттеріңіз жиі болып тұрады ма?
«Сіз көбіне өзіңізге ұнайтын ақпараттарды ғана тыңдайсыз» деген қағидамен келісесіз бе?
Әңгіме айтушыны тыңдауда эмоциялық жағдайыңыз кедергі келтірмей ме?
Серіктесіңіз өз ой-пікірін айтып отырғанда сіз көп алаңдайсыз ба?
Әңгіме барысында мағыналы тұсына қарағанда, болмашы ұсақ-түйектерді есіңізде ұстап қалатын сәттеріңіз болады ма?
Өз көзқарасыңыз, ұстанымдарыңыз басқа адамды тыңдауға кедергі келтірмей ме?
Егер серіктесіңізді түсіну қиынға соқса, оны тыңдауды тоқтатасыз ба?
Сөйлешіге деген негативті позиция жиі бола ма?
Сөйлеушінің сөзін жиі бөлесіз бе?
Әңгіме барысында сөйлешінің көзіне тіке қараудан қашасыз ба?
Әңгіме айтушыны кенеттен тоқтатып, өз ойыңыз бен шешіміңізді айтқыңыз келетін сәттеріңіз болады ма?
Нәтижесін өңдеу: Қатысушылар өздерінің «жоқ» деген жауаптарын есептеулері қажет.
10-12 ұпай. Сіз серіктесіңізді жақсы тыңдай білесіз. Өз эмоцияңыз
оның сөзін ұнатпасаңыз да аяғына дейін, ұғып тыңдауға кедергі жасамайды. Сондықтан көп адамдар сізбен қарым-қатынас жасағанды ұнатады.
8-10 ұпай. Көп жағдайда серіктесіңізді тыңдай білуге тырысасыз. Ұнамаған жағдайдың өзінде оның сөзін аяғына дейін тыңдай аласыз. Егер серіктесіңізден жалығып кетсеңіз дипломатиялық түрде онымен қарым-қатынасты тоқтатуға мүмкіндігіңіз бар. Кей жағдайда оның сөзін бөліп жіберіп, өз ойыңызды айтып үлгересіз.
8 ұпайдан төмен. Өкінішке орай, қарым-қатынасқа түсуде сіз басқа адамдарды тыңдай білу өнеріне машықтанбағансыз. Сіз олардың сөзін көп бөлесіз, сөздің аяғына дейін тыңдауға шыдамдылығыңыз жетпейді. Оның айтқан сөзі ұнамаса, мүлде тыңдамай қоя саласыз.